«Бекітемін»: Ырғыз №2 орта мектебінің директоры: Е. Т. Бәлкембаев



бет4/6
Дата17.06.2018
өлшемі112,12 Kb.
#42555
1   2   3   4   5   6

5 - оқушы:

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным.
О туған жер, тамашасың, көркемсің.
Жүргізуші:Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.

6 - оқушы:

Туған жер - алтын бесік, асыл - анам,
Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.
Мендағы ұлың едім, өзің тектес,
Алысқа несібесі шашыраған.
7 - оқушы:

Табиғат қызығам сан суретіңе,
Бас ием сенің алып құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы күллі әлемге нұр таратып.
Жүргізуші: Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер. Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалар өте көп. «Жері байдың елі бай» деп тегін айтылмаған.

8 - оқушы:

«Қазына қара жерде» дейді қазақ,
Күн көрген осы жерден біраз алып.
Жер - анадан үзіліп кете алмаған,
Кемеңгер небір дана, небір алып.
9 - оқушы:

Кен айтады ел мен жұртың өлшемін,
Кенде жатыр күн қуат пен мол сенім.
Кенің барма, жоқ болса жарлысың,
Кенің болса келешегің зор сенің.
Жүргізуші: Табиғаттың басты байлығы – жер. Қазақстан 272 млн гектар жерді алып жатыр, соның 222 млн гектары ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың дана сөзі бекер айтылмаған.
10 - оқушы:

Топырақтан өмір иісі шығады,
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесімен беретін
Жақсылық та топырақтан шығады.

11 - оқушы:

Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

1-2 сынып оқушыларының орындауында «Туған ел»
Бейнебаян тамашалау. «Ырғыз жері»

Би. «Туған жер»

Мұғалім: Оқушылар енді туған жер туралы мақал-мәтел білеміз бе?
1. Әркімнің өз жері м-Мысыр шаҺары.
2. Ел іші алтын бесік
3. Жері байдың елі бай
4. Елің – панаң, жерің - анаң
5. Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас
6. Өз елің - алтын бесігің
7. Бақа көлінде патша.

Балық сынада патша.

Жігіт елінде патша.
8. Туған жердің түтіні де тәтті.
9. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне
10. Туған елдей ел болмас
Туған жердей жер болмас.

Қорытынды. Өтебай Тұрманжанов

1оқушы: Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.



Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

2оқушы:Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.



Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

3оқушы: Ер еңбегі шалқып, тасқан,

Ел еркіндей бақыт тапқан.



Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Хор: «Атамекен».Оқушылар шара соңында «Туған жер, тал бесігім» атты тақырыпқа шығарма , туған жердің суретін бейнелеумен аяқтады.

Күні:13.06.2015ж
Тақырыбы: «Күлдір-бүлдір»күлкі күні
Мақсаты:а)Балаларға көңілді,көтеріңкі көңіл –күй сыйлау

б)Ойын шартын түсініп ойнауға тәрбиелеу.

в)Ептілікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекеілігі:Түрлі-түсті шарлармен,көңілді смайликтермен безендірілген.
Ұйымдастыру барысы:

Кіріспе бөлім

Балалар әуенмен жарты шеңбер жасай отырады.

Жүргізуші:Балалар бүгін мен алдар көсе атамыздан хат алдым. Ол өзімен ойын тапсырмаларын ала келеді екен.Біздер соған дайын болуымыз керек.Әнекей Алдар көсе атамыз келе жатыр.

Алдар көсе келеді:Қайырлы күн,балалар!Менің хатымды алдыңдарма?

Балалар хормен:-Я.

Алдар көсе:-Ендеше мен сендермеғн цирк ойынын ойнағым келіп тұр.Менің сиқырлы қапшығымда сиқырлы шарлар бар.Қане ойынымызды бастайық.

Ойын: «Кім епті»

Мазмұны:Ортаға 1-2 бала шығып кішкентай шарларды Алдар көсенің шляпасына лақтыру керек.ойын көрермендермен де ойналады.

Алдар көсе:Балалар ойын қызық болу үшін кім керек?

Балалар хормен:С-А-Й-Қ-Ы-М-А-З-А-Қ

Негізгі бөлім:

Сайықмазақ кіреді:-Күлмейтінді күлдірген,

Жүрген жерін бүлдірген.

Көп ойнап,көп күлген,

Сайықмазақ мен боламын.

Мен сендерге күлкі сыйлағым келеді.

Ойын: «Менің бейнем»

Мазмұны:Қолымыздағы смайликьерге қарап көрсетілген бейнені өз бет әлпетімізбен көрсетуіміз керек.


Би: «Сайықмазақпен би»
Қорытынды

Күлкіні іздеме,ол өзіңде,

Күлкіні бағала өзің де.

Жаныңа шипа ем беретін,

Күлкі ғой бағалы өмірде.

Таңдарыңызды күлкімен атырып,кештеріңізді күлкімен батырып,Езулеріңізден күлкі тиылмасын-деп сіздермен қоштасамыз балалар.



Күні:15.06.2015ж

Тақырыбы: «Қош бол ,Күншуақ»

Мақсаты: Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру.

Кіріспе сөз:

Оқушылар міне бүгін мектеп жанынан ашылған «Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің бірінші ауысымына аяқталуына санаулы ғана сағаттар қалды. Осы бірінші ауысымда 5- 9 сынып оқушылары әр өткен іс-шараларға белсене қатысып, биіктерден көріне білді.

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен-деп келесі сөз кезегін оқушыларымызға береміз.

1 оқушы:Аспан тұрса күлімдеп,    
Айын биік орнатып.
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт.
Балаларға сол бақыт-        
Болса Отаны аман-сау.
Басын бұлтқа бойлатып,
Тұрса биік Алатау.      

Би: Мы маленькие дети      

 2 оқушы:Күлкіні іздеме,ол өзіңде,

Күлкіні бағала өзің де.

Жаныңа шипа ем беретін,

Күлкі ғой бағалы өмірде.

Ән: Қошақаным Орындайтындар оқушылар

3 оқушы:Айтшы, білсең егерде,        

Апа, бақыт деген не?


Бақыт- деген шырағым,            
Мына әсем тұрағың.
Ну ормандар,гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны,
Бақыт-дәні даланың,
Алақаны ананың.
Ботам деуі әженің,
Тыныштығы әлемнің!
Қайда бақыт мекені,        
Қалай оған жетеді?
Адал еңбек етесің!            
Сонда ғана жетесің!
Көрінбейтін көзіңе,    
Сонда оның өзі не?
Бақыт деген, сөзім шын-                
Айналайын, өзіңсің!

Жастар биі: орындайтындар 5-6 сынып оқушылары

Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған!


Сен – күнсің!
Көтерілген күліп қырдан .
Сен – көлсің! Сен – орман!
Сен – бұлақсың!
Адамды сұлулық құнықтырған!

Ән: Ақ мамам

Марапаттау:Келесі сөз кезегін лагерь басшысы: Қонақбаева Артықгүл Көбекқызына беріледі.

Қорытындылау: «Әрқашан күн сөнбесін» бұрышқа тілек жазу

Мұғалім: Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық

  «Бекітемін»:



Ырғыз орыс ОМ директоры:

Е.Т.Бәлкембаев._______________
 2014-2015 оқу жылында «Күншуақ» жазғы демалыс лагерінде өткізілетін

іс-шаралар жоспары ІІ маусым


Күндері

Уақыты

Іс-шара жоспары

Жұмыс түрлері

Жауапты

Бейсенбі 18.06

«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты



08.30-12.00

1.Қабылдау

2.Бой жазу жаттығулар

3.Балаларды  лагерьге қабылдау. ІІ  ауысымның  ашылуы.

4. Оқушыларды  лагерьге   топтың  атымен,  әнімен, ұранымен, таныстыру.

5. Күн тәртібі. Әңгіме


Салтанатты жиын

Топтың атын таныстыру.

Әңгімелеу


Қонақбаева А.К

Канапина Б.Б

Тулебаева М.Ж


Жұма 19.06

«Айналайын.абайла!»



08.30-12.00

1.Қабылдау

2 Психологиялық жаттығулар.

3. «Айналайын, абайла

4.Таза ауада  ойындар  өткізу.



Тренингтер

Жол және  оның элементтері, жодда  жүру тәртіптері, ескерту  белгілері.



Қонақбаева А.К

Канапина Б.Б

Тулебаева М.Ж


Сенбі 20.06

Тазалықты сүйеміз



08.30-12.00

1.Қабылдау

2.Бой жазу жаттығулар

3.  «Тазалықты  сүйеміз»  4. Бейнетаспадан  мультфильмдер  көру.

5. Ертегілер  оқу.


Жаттығулар

Әңгімелеу

Интербелсенді тақта тамашалау

Мәнерлеп оқу



Қонақбаева А.К

Канапина Б.Б

Тулебаева М.Ж

Ортымова Ж



Дүйсенбі 22.06

Қазақ хандығының ұлы адамдары



08.30-12.00

1.Қабылдау

2.Бой жазу жаттығулар

3.Тренинг «Жұмыр қылыш»

4. Интеллектуалдық ойын



Жаттығулар

Тренинг


Интеллектуалдық ойындар

Қонақбаева А.К

Канапина Б.Б

Тулебаева М.Ж


Сейсенбі 23.06

Ақ күмбезді Астанам



08.30-12.00

1.Қабылдау

2.Бой жазу жаттығулар

3.«Ақ  күмбезді Астанам»  суретшілер  сайысы

4.  Медбикемен  кездесу. «Жұқпалы   аурулар» әңгіме

5.Ұлттық ойындар (жарыс)


Жаттығулар

Суреттеу


Әңгімелеу

Жарыстар


Қонақбаева А.К

Канапина Б.Б

Тулебаева М.Ж

Ортымова Ж



Сәрсенбі 24.06

Құстар –біздің досымыз



08.30-12.00

1.Қабылдау

2.Бой жазу жаттығулар

3.«Құстар–біздің досымыз»  тақырыбында  сурет  салу.

4. «Жайлау қандай тамаша»  атты тақырыпта  өлеңдер сайысы.

5.Наубайханаға  саяхат.

6.Еңбекшілер  дисанты



сурет  салу.

Өлеңдер сайысы

саяхат


Қонақбаева А.К

Канапина Б.Б

Тулебаева М.Ж


Бейсенбі 25.06

Сенің –туып өскен жерің



08.30-12.00

1.Қабылдау

2.Бой жазу жаттығулар

3.«Сенің  туып өскен  жерің»

4.Мектеп ауласындағы  гүлдерге  күтім жасау.



өлеңдерді  мәнерлеп  оқиды.

топсеруен




Қонақбаева А.К

Канапина Б.Б

Тулебаева М.Ж


Жұма 26.06

Қожанасыр қоржыны



08.30-12.00

1.Қабылдау

2.Бой жазу жаттығулар

3.Топтарда Қоханасыр әңгімелерін оқу.

4.«Күлдір-бүлдір »суреттерін бейнелеу.



Жаттығулар

Әңгімелер оқу

Суреттер бейнелеу


Қонақбаева А.К

Канапина Б.Б

Тулебаева М.Ж


Сенбі 27.06

Табиғат бұрышындағы тіршілік



08.30-12.00

1.Қабылдау

2.Бой жазу жаттығулар

3.Табиғат  бұрышындағы  тіршілік

4.Сөзжұмбақ, ребус, 

5.«Ән  шырқайық  бәріміз».


Жаттығулар

Ермексаздан кірпі  жасау.

логикалық  жаттығуларды  шешу.

Көңілді  әндер сайысы.



Қонақбаева А.К

Канапина Б.Б

Тулебаева М.Ж


Дүйсенбі 29.06

Сұрақтар мен жауаптар



08.30-12.00

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3.Тест.

4. Логикалық  ойындар.



5. Қмиылды  ойындар

Гимнастика.

Сұрақтарға ауызша жауап беру

Есептер шығару.

Секіртпемен тебу.



Қонақбаева А.К

Канапина Б.Б

Тулебаева М.Ж


Сейсенбі 30.06

Ертегілер еліне саяхат



08.30-12.00

1.Қабылдау

2.Бой жазу жаттығулар

3.Ертегілер  еліне  саяхат

4 «Тұмауды алдын-алу» 

5. Көңілді  ойындар  ойнату.


Жаттығулар

Көріністер көрсету

Әңгімелеу

ойындар


Қонақбаева А.К

Канапина Б.Б

Тулебаева М.Ж

Ортымова Ж



Сәрсенбі 01.07.

Кітаптар қонаққа шақырады.



08.30-12.00

1.Қабылдау

2.Бой жазу жаттығулары

3 Кітапханашымен  кездесу. «Кітап  -адамның досы»  ертеңгілігі.

4 Достық туралы. «Екі  дос»  әңгіме

5 Спорттық  ойындар.


Жаттығулар

Кітапханаға саяхат

Әңгімелеу

Спорттық ойындар



Қонақбаева А.К

Канапина Б.Б

Тулебаева М.Ж


Бейсенбі 02.07

Мен-чемпион көңілді жарыс



08.30-12.00

1.Қабылдау

2.Бой жазу жаттығулар

3.Спорттық жарыстар


Жаттығулар

Ойындар


Қонақбаева А.К

Канапина Б.Б

Тулебаева М.Ж


Жұма 03.07

«Лаула,достық оты» жабылу салтанаты.



08.30-12.00

1.Қабылдау

2. «Әрқашан күн сөнбесін!» тілек бұрышын жасақтау.

3. «Лаула,достық оты»атты мерекелік іс-шарасы.


Жаттығулар

Салтанатты жиын

Марапаттау


Қонақбаева А.К

Канапина Б.Б

Тулебаева М.Ж


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: К.А.Айтмағанбетова

Аға тәлімгер:                                                                                       Ә.Н.Картанов

«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің басшысы:                       А.К.Қонақбаева

 


«Күншуақ» лагерінің ІІ ауысымының ашылу салтанаты

Мақсаты: 1.Оқушылардың бос уақытын қызықты әсерлі ұыймдастыру.
2. өнегелі дарынды, қабілетті тұлғаны тәрбиелеу
3. тапқырлықтарын, белсенділіктерін дамыту
Көрнектілігі: шарлар, жалаушылар, гулдер.
Қазақстан Республикасының рәміздері
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1.Топ сап түзеп, тік тұр

2.Топ басшылары рапорт беруге дайындалсын

3.ҚР Мемлекеттік Туы жиынға енгізілген 

4.ҚР Мемлекеттік әнұран орындалады




Жүргізуші:Уа, халайық бүгін Ырғыз орыс орта мектепте «Күншуақ » лагерінің салтанатты ашылуы өтеді. Жыл бойы біліммен тәрбиені меңгерген, озық ойлы өрендеріміз енді жаз бойы демалып, шынығып, қызықты да мерекелі күндерін осы лагерде жалғастырмақшы .
Жүргізуші:Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным, сен үшін,
Бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар,күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол,өсе бер,
Құтты болсын мерекең!
Құрметті ұстаздар және оқушылар !
Бүгінгі мектеп жанынан ашылып отырған «Күншуақ » жазғы демалыс лагеріне қош келдіңіздер!
Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Бәлкембаев Ерік Тарғынұлына беріледі.
Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға апалар
Көрсін папа,мамамызда
Ырза болсын балалар
Хор: «Күншуақ» ұраны
Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді 
------------------------------------------------------------------------------------------------- әні. 
Қабыл алыңыздар!
Би билейік қосылып,
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрт
Балалар деп үлгілі
«Орыс биі». 
Әдеби-монтаж
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл
Жан иірімі біле білсең би деген
Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген
Қазағымның би өнерін паш етіп
Алдымызда аруымыз билеген
«Өзбек» биі. Орындайтын: ------------------------------------------------------------
Жүргізуші:Құшағымыз қызыл гүл
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің
« Атамекен » әні. Орындайтын: -------------------------------------------------------------------
Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып
Ән: «-----------------------------------». Орындайтын:-----------------------------------------------
Ертегіден қойылым.
 -----------------------------------------------------------------------------------
Талайлардың шырқалады жыр әні,
Талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн туған жер аспанында,
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,- дей отырып кезекті әнге береміз.
Хор: «---------------------------------------------»
Жүргізуші

Әнші болғым келеді бұлбұлдайын
Әміредей болуды армандаймын
Қанатымды қондырып ұшқан кезде
Арманыма жақындап қалғандаймын.
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде
«Қара жорға» биі.
Өнерлі жастарды қошеметпен қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін мақтандырып.
«Ақ мамам»әні. Орындайтын: ---------------------------------------------
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқы, тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Би «------------------------------------------------------------------»
Жүргізуші: Орман , тау қызығын
Бірге жырласын
Сәбидің арманың
Әлем тындасын
Лагерь біздің көңілді
Жырлаймыз шаттық өмірді
Ән: Лагерь жыры

Ертеңгілігімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айтмағанбетова Кенжегүл Амангелдинаға беріледі.


ҚР Мемлекеттік Туы жиыннан шығаарылсын.
ҚР Мемелекеттік Әнұраны орындалады.
Осымен бүгінгі жиынымызды жабық деп жариялаймыз!

(Балаларға тәттілер тарату.)

Күні: 19.06.

Тақырыбы:Айналайын, абайла!

Мақсаты: оқушыларға жол жүру ережесін, тәртібін сақтай білуді үйрету, жол белгілері, оларды оқу, тану дағдыларын қалыптастырып дамыту.

Көрнекілігі: көше ретінде (бағдаршам, жол жолағы) безендірілген орын, жол белгілерінің суреттері, нақыл сөздер.



Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.

Кіріспе: Біздің еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жолда жүру ережесі - заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға. - Енді жолда жүру ережелеріне байланысты не білеміз есімізге түсірейік.(Тақтамен жұмыс жүргізіледі)

ІІ. Жол белгілермсен таныстыру.

(Оқушылар тақпақтарын айтады)

ІІІ. Суреттермен жұмыс

Қала үлкен, адамдар да, көлік те көп. Жүрісті реттеп тұратын не?


  • Бағдаршам

  • Дұрыс

  • Көше тәртібін реттеуші кім?

  • Сақшы

  • Жарайсыңдар!

1 - оқушы. Жолдан тек жаяу адамдарға арналған "ақ жолақ" арқылы өту керек.

2 - оқушы. Транспорттың артына жабысу қауіпті

3 - оқушы. бағдаршамның жасыл көзі жанған кезде өту керек.

Жұмбақ шешу:

1. Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім

(жол)

2. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,



Бақырайғын үш көзі бар бірақ та.

(бағдаршам)

Кеудесінде жаны жоқ,

Тамырында қаны жоқ,

Май жейді,

Су ішеді.

(машина)


Каталог: uploads -> doc -> 0389
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0389 -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
0389 -> Сабақ Тақырыбы : Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу мен азайтуға есептер шығару
0389 -> Негізгі ұғымдар. Білімділік: Оқушыларға жердің сыртқы және ішкі құрылысы туралы жалпы түсінік бере отырып, жер қабықтары туралы
0389 -> Xi-xv ғасырлардағы Франция


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет