«Бекітемін»: Ырғыз №2 орта мектебінің директоры: Е. Т. Бәлкембаев



бет5/6
Дата17.06.2018
өлшемі112,12 Kb.
#42555
1   2   3   4   5   6

Ән: "Әрқашан күн сөнбесін".

Мұғалім: Міне, біз мектебімізге келдік. Не білдік, балалар?

Оқушылар: Жол жүру ережесін, көше тәртібін, белгілерді үйрендік.



Қорытындылау. Сұрақ - жауап арқылы сабақты бекіту.

Күні:20.06.

Тақырыбы: Тазалықты сүйеміз.

Мақсаты: оқушылардың тазалық,саулық туралы ұғымдарын кеңейту,тазалықтың пайдасын ұқтыру. Салауатты өмір салтына сай оқушыларды болашақтың тірегі болатын, дені сау азамат етіп тәрбиелеу. Жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ,суреттер,

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме,балалар. Бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр,біз  өз ойымызды,өнерімізді ортаға салайық.



1.Психологиялық кезең:

 Білмегенді білейік,

 Бірге ойнап жүрейік.

 Әрқашан да амандық,

 Баршаңызға тілейік.

2.Сөзжұмбақты шешу.

-Бүгінгі сабағымыз тазалық тақырыбына арналады.Сөзжұмбақты шеше отырып, «Тазалықты сүйеміз» атты тақырыбымызды бастаймыз.



3. -Тазалық туралы айтқанда,ойымызға не келеді?

                                                  «Тазалық» сөзін топтастыру. Ауызша  талдау.



4. –Бүгін біз «Кірқоймас» кітапшасымен танысамыз. /осы кезде есік қағып,бір оқушы сынып оқушыларына хат әкеледі/.

-Балалар, Кірқоймас бізге не жазыпты,танысайық... /хатпен танысу/

Есік қағылып,Кірқоймас көмекшілерімен кіреді.

5. Кірқоймас: Тазаланып тұру керек,

                          Ерте мен кеш жас бала.

                          Кір-кір болу елден ерек,

                          Мүлдем ұят,масқара!

    Мыналар менің көмекшілерім. Аттарын атаңдаршы /сабын, тарақ, орамал/. Осы заттар сендерде бар ма? Менің тағы қандай көмекшілерім бар екенін білесіңдер ме?

6. Жұмбақ шешу.

Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады.  /Сабын/

Дәмі де жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ. /Су/

Жуынып болғанында,

Жүреді қолдарында. /Орамал/

Қалтамда жатыр,тісі бар,

Тістемей-ақ істер ісі бар. /Тарақ/

7. Осы кезде үсті басы кір,ұқыпсыз,салақ  бала кіреді.

 

-Ха,ха-ха! Мынау келген кімдер?Сендер неге тап-таза болып отырсыңдар? Мен сендерді суға түспей кір болып жүруге, партаны сызуға,құстарды атуға үйретемін. Қайсысың менімен дос боласыңдар?  Оқушылар жауабы.



-Жарайды, менімен дос болғыларың келмесе, күштеріңді сынап көрейін, кім менімен күш сынасады? Менің күшім сендерден көп?

-Ой-ой,қолымды ауырттың ғой.



8. Ойындар ойнау. «Күш сынасу», «Арқан тарту», «Аджимания» жасауды көрсету.

9. Кірқоймас: Ой,оңбаған, кір-кір неме,

                          Көрінбе,әрі,көзіме.

                          Тап қазанның түп күйесі,

                          Қарашы өзің-өзіңе.

                          Мойның мынау,толған батпақ,

                          Бұл не деген масқара!

                          Мұрның асты сатпақ-сатпақ,

                          Қолың көсеу,қап-қара!



10.Мұғалім: -Бұл бала туралы не айтамыз?

-Таза жүруді білмейтін бала туралы өлеңді кім айтады?

1.Анау бала, бетін қара,

  Кір-қожалақ, қап-қара.

2.Тырнағы өскен,

   Шашы көптен,

   Алынбаған масқара!

3.Оның аты-Сабалақ,

   Әдеті бар жаман-ақ.

   Киімі кір қожалақ,

   Көрген емес тазалап.

11.Мұғалім: Кітапты күтіп ұстау туралы көріністі тамашалайық.

12.Оқушы: Оқулықтар,неге осыншама түрлерің жаман,өздерің қашып келе жатқанға ұқсайсыңдар ғой?

Оқулық: Иә,ауырып тұрмыз,жараланбаған жеріміз жоқ. Әрең қашып құтылдық.

Оқушы: Иә,жағдайларың белгілі болып тұр. Сендер салақ,ұқыпсыз оқушыға тап болғансыңдар –ау шамасы, содан ол қалай болса солай ұстаған.

Оқулық:Иә,сол оқушыдан қашып келе жатырмыз. Енді бізді отқа салғаны ғана қалды.

Оқушы:Жүріңдер,мен сендерді «Кітап емханасына» апарайын. Мен сізге оқушыдан қашып келе жатқан оқулықтарды алып келдім.Екеуі де қатты ауырып тұр.

Дәрігер: Кел, Қазақ тілі тыңдап көрейін. Сенің бірінші диагнозың:су тиген,содан кітаптың беттері тез сынғыш болып келеді. Екінші диагнозың:кір қолмен ұстаған,кір майдың іздері түскен,беттеріңді бүктеген.

    «Математика» оқулығы, кел, сені де көрейін. Сенің бірінші диагнозың:сенімен қатты заттарды ұрған, содан кітаптың түбі түсіп,беттері шашылып қалған. Екінші диагнозың:беттерді шимайлаған. Енді мен сендерді иелеріңе жібермеймін,емханада жатып емделесіңдер.

    Оқулықты құрметте,

    Күтіп ұста,кірлетпе.

    Кішілерге табыс ет,

    Дақ түсірмей бір бетке.



13.Мұғалім: Бұл оқулықтарды қандай оқушы ұстаған?

14.Салақ бала: /ұялып,төмен қарап/

                    -Жусам бәрін түк қалдырмай,

                     Салтақтарын бетімнің.

                     Ұқыпты әрі таза болып,

                     Шықсам деймін Кірқоймастың, балалардың көңілінен.  /кетеді/

15.Мұғалім: Тазалықтың денсаулық үшін үлкен пайдасы бар.Таза жүретін баланы қалай атайды?

-Тазалық туралы қандай өлеңдер білеміз?

1оқушы: Су пайдалы адамға,

                Шынығамын күнде мен.

                Тоңбайды аяз, боранда,

                Салқын суға үйренген.

2 оқушы:Сыпырғыш ап сыбанып,

                 Шаң-тозаңды қудым кеп.

                 Шүберек ап,су алып,

                 Сырлы еденді жудым кеп.

3 оқушы: Денсаулық ол шыныққан,

                 Барлық денең мүшесі.

                 Денсаулық ол тыныққан,

                 Жүйке- тамыр жүйесі.

4 оқушы: Сыпыр,сыпыр,сыпырғы,

                  Тазарсын аула ауасы.

                 Таза ауа мен таза аула,

                 Тазалықтың дауасы.

5оқушы: Денсаулық-ол күлуің,

                 Көңіл-күйің жадырап.

                 Денсаулық-ол жүруің,

                 Ешбір жерің ауырмай.

6 оқушы:Қол жиі ластанар,

                 Сондықтан істің әрі.

                 Соңында қолды жу,

                 Жояды кірді  су.

 

7 оқушы: Сынып іші айнадай,



                Шаң мен тозаң ұшпайды.

                Үзілісте жинаймыз,

                Кіршіксіз қып ұстаймыз.

8 оқушы: «Басты байлық-денсаулық»

                 Бабаң айтқан даналық.

                 Сақта жолын сен тауып,

                 Осы шақтан,балақай!

16.Ән. «Болайықшы осындай»

17.Есік қағып бір бала кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Күнде ертеңгілік жаттығу жасасаңдар, денелеріңді таза ұстап, спортпен айналыссаңдар,денсаулықтарың мықты болып өсесіңдер. Қане,бәріміз жаттығу жасайықшы.



18.Салақ бала кіреді.

–Балалар,Кірқоймас қараңдаршы. Мен жуындым,тарандым,үстімді тазаладым. Менде сендермен бірге жаттығу жасайыншы.  Сергіту сәті.



Би билеу: «Қара жорға» бәрі.

18. Кірқоймас: Міне,балалар,біз сендермен  таныстық,барлығың да бізге ұнадыңдар. Барлықтарың таза,ұқыпты жүреді екенсіңдер.Сондықтан да мен сендерді біздің тазалық қоғамына мүшелікке аламын. Бірақ мен әрдайым келіп,тазалықтарыңды бақылап жүремін. Егер араларыңнан кір,салақ жүретін оқушы шыға қалса, маған бірден хабарлайтын боласыңдар.Мен ондай баламен сөйлесемін,егер ол себепсіз кір,қожалақ жүрген болса,онда оны тазалық  мүшелігінен  шығарамыз. Осыған келісеміз бе,балалар? Ал,сау болыңдар!

19.Мұғалім:Балалар, Кірқоймас сендердің тазалықтарыңа өте риза болып,тазалық қоғамына мүшелікке алды. Олай болса,біз сендермен күнделікті жуынып,киім-кешегімізді әрдайым таза ұстасақ,онда біздің сынып үнемі тазалық қоғамының мүшесі бола береді. Таза жүріп,денелеріңді шынықтырып,болашаққа денсаулықпен бірге барайық.

20.Би. Қазақша. Қыздар билейді.

21.Ән. «Дос болайық бәріміз»  хормен.

22.Бәрі: Тазалықты сүйеміз,

               Таза болып жүреміз.

               Біз баламыз шыныққан,

               Денсаулығы мықты жан.



23. Қорытындылау.

 

 



 

 

 



    Сәлеметсіңдер ме,балалар! Қалдарың қалай? Оқуларың жақсы ма?  Балалар, денсаулықтарың жақсы болу үшін   үнемі таза болып жүрулерің керек.  Шаштарыңды тарап, тырнақтарыңды алып отыру керек, киімдеріңді де ұқыпты ұстау керек. Сонда денсаулықтарың жақсы болып,сабаққа деген күш-қуаттарың көп болады. Мен сендерді ұқыпты, тазалықты сүйетін оқушылар болады деген сенімдемін.

 

                                          Сау болыңдар.  



                «Күншуақ» лагеріндегі демалушы оқушыларға   Кірқоймастан.


Күні: 22.06.

Тақырыбы:Қазақ хандығының ұлы адамдары

Күні:23.06.

Тақырыбы: Ақ күмбезді -Астана. 
Мақсаты:
 1. Республиканың бас қаласы – Астана жайында ұғым беріп, қаланың көрікті жерлерімен таныстыру. 
2. Өз Отанына деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу. 
3. Қаланың күн сайын көркеюі жайындағы ұғымдарын, ой-өрісін, тілін, танымдық қабілеттерін дамыту. 
Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар. 
Сабақтың әдіс-тәсілі: топпен жұмыс, түсіндіру, топтастыру, мадақтау, 
сұрақ-жауап, «ББҮ» стратегиясы. 
Сабақтың түрі: саяхат. 
Сабақтың барысы: 
1. Психологиялық ахуал. 
Күннен алып шуақты. 
Жерден алып қуатты. 
Алақандар ашылып. 
Жылуларын таратып, 
Жылулары жүрекке 
Моншақтай болып асылды. 
Сол моншақтар әлемге, 
Шаттық болып шашылды. 
Сәлеметсің бе, аспан ата! 
Сәлеметсің бе, жер ана! 
Сәлеметсің бе, барша табиғат! 
Сәлеметсің бе достарым! 
Сәлеметсіздер ме, қонақтар! 
Ендеше, бүгінгі сабағымыз қызықты өту үшін сендерге және өзіме сәттілік тілеймін. 
2. Ауа райын сұрау, белгілеу. 
- Жылдың қай мезгілі? 
- Жаз айларын ата. 
- Жаз айларында қандай мерекелер бар? 
Бәйшешек гүлін теру. Ойыны 
Өткенді пысықтауға арналған тапсырмалар: 
- Біздің Отанымыз қалай аталады? 
- Біздің Республикамыздың Президенті кім? 
- Еліміздің Рәміздерін кім біледі? 
- Еліміздің астанасы қай қала? 
- Отан туралы мақал-мәтел, таппақтар. 
Жұмбақтар шешу. 
-Балалар, бүгін біз сендермен бір үлкен қалаға саяхатқа шығамыз. Қай қалаға баратыңымызды білу үшін, мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешімін табыңдар. 
Сергіту сәті: 
Топпен жұмыс (Топтастырып, сызба арқылы көрсету). 
I - топ «Бәйтерек» Астана қандай қала? 
Бәйтерекке сәйкестіріп сызып көрсету. 
II – топ «Ханшатыр» Астана қаласын таза ұстау үшін не істейсіңдер? 
Күнге сәйкестіріп сызып көрсету. 
III – топ «Пирамида» Біз гүлденген Қазақстанға қандай үлес қосуымыз керексендер қандай өз үлестеріңді қосар едіңдер? 
Гүлге сәйкестіріп сызып көрсету. 
(фишкаларды санау) 
Ал енді үйге қайту үшін ән айтайық 
Хор: «Астана» 
Балалар сендерге саяхат ұнады ма? 
Жақсы, ендеше көңіл-күйімізді алдарыңдағы дөңгелекшеге салайық. 
Қорытындылау: Біз сендермен еліміздің бас қаласы Астананы көріп тамашаладық. Сау болыңыздар.

Күні: 24.06

Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз!»
Мақсаты:А) Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Ә) Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Б) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар – біздің досымыз!», нақыл сөздер.
Әдісі: әдеби - монтаж, түсіндіру, ойын.
Жүрісі:
1 - бөлім «Құстар - біздің досымыз!»
2 - бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу)
3 - бөлім Ертегілер елінде
4 - бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары)
5 - бөлім «Оқушы шығармашылығы»
1 - жүргізуші
Құрметті ұстаздар.. Қадірменді достар! Хош келдіңіздер!
Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!
Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.
Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт - береке күнімен
2 - жүргізуші
Сіздерді «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.
Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат -- шадыман көктемің
Шаттық болсын қашанда
Бейне көктем жырлары
Сағынышпен жеткен
Құстардың әуенімен
Қуанта бер көктем
1 - оқушы
Елімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.
2 - оқушы
Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.
3 - оқушы
Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.
4 - оқушы
Жыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.
5 - оқушы.
Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
6 - оқушы
Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік. Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды.
2 - бөлім Жұмбақтар шешу
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан


Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
(үкі)
Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)
Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)
3 - бөлім «Ертегілер елінде»
(Интерактивті тақтадан көрсету арқылы ертегіні рольге бөліп айту)
4 - бөлім «Халық болжамдары»
1 - жүргізуші
Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.
Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.
5 - бөлім «Оқушы шығармашылығы»
(Оқушылардың өздері дайындаған өздері салған суреттері)
6 - бөлім Қорытынды
  

Күні: 25.06

Тақырыбы: Сенің –туып өскен жерің.
Мақсаты:Оқушылар өздігінен жұмыс істеуге, туған жерін, елін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Логикалық ойлау қабілетін және өзін-өзі бақылауды үйрету.



Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын өзіме аударып, сыныпты үшке бөліп отырғызамын.



  1. “Қабілет” тобы

  2. “Дарын” тобы

  3. “Білім” тобы

(Әр топтың білімділігін, іскерлігін, қабілетін, тапқырлығын алған жалаушалар саны арқылы анықтап отыру)

  1. Құрастырма. Берілген әріптерден сөз құрау, оны орыс тіліне аудару.

1-топ: т, о, н, а Отан - Родина

е, т, к, е, м, п мектеп - школа

2-топ: й, б, д, и, а бидай - пшено

е, ж, р жер - земля

3-топ: с, а, н, а, т, а Астана - Астана

к, н, ү күн - солнце


Ғажайып үштік.

Үш топ өздерінің қалаған сандарын таңдап алып, берілген сұрақтарға жауап береді.

1-топ:

1. Қазақтың тұңғыш президенті кім?

2. “Дегелеңдегі жарылыс” әңгімесін кім жазған?

Басты кейіпкері кім?

3. “Отан” өлеңін жатқа айт.

2-топ:


1. Оңтүстік Қазақтан облысында өсетін жылу сүйгіш өсімдіктерді ата.

2. “Бақшада” әңгімесінің авторы кім? Осы әңгімеде қандай көкөністер туралы айтылады.

3. “Туған жер” өлеңін жатқа айт.


  1. Кім жылдам ойыны.

1-топ. 2-топ 3-топ

1. Кітап 1. Мектеп 1. Жылқы

2. Сырдария 2. Сызғыш 2. Қазыбек

3. А. Құнанбаев 3. Аққу 3. Қаңтар

4. Күз 4. Шымкент 4. Ә. Молдағалиев

5. Күшіңе сенбе, 5. Ақ тай ақ па, 5. Үй үстінде алтын тас,

Біліміңе сен. Қара тай ақ па. Алайын десен табылмас.

6. Орындық 6. Текемет 6. Қаламсап

7. Қой 7. Жаңбыр 7. Жел


  1. Оймен жұмыс істеу.

1-топ:

Шымкент қаласы туралы шағын әңгіме жаз.

2-топ:

“Қыс” мезгіліне байланысты сурет салу.



3-топ:

“Туған жер” туралы өлең жаз.

(бір шумақ)

Қорытындылау:Оқушылардың жұмыстарын мадақтау.





Күні:26.06

Тақырыбы: Қожанасыр қоржыны

Мақсаты :     Оқушыларды оқулықты     құрметтей білуге, кітапты   күтіп   ұстауға   баулу,  

балалардың  кітапқа  деген сүйіспеншілігін арттыру.



Көрнекілігі :    Кітаптар көрмесі,  «Қазақ тілі»,   «Математика»,  «Орыс  тілі» оқулықтарының нұсқалары, кітап туралы жазылған плакаттар, тәрбие сағатының тақырыбы жазылған плакат, тәтті нан, « Қожанасыр»   қоржыны.

  Барысы:

а/   ұйымдастыру ;

      « Қожанасырдың »  қоржынын   келтіру :

/  сырттан қолында қоржыны бар бір оқушы сыныпқа кіреді  /

    1-ші  бала :  -   Апай!  Қожанасыр  атай менен  қоржынын  беріп жіберді,ішінде тапсырмалары бар.Қазір өзі де келеді. «Мені күтпей, қоржындағы тапсырмаларды орындай берсін» деді.

    Қоржында  ұлы  адамдардың  пікірлері жазылған карточкалар бо-лады. Бастаушы  дауыстап  оқиды.  / демалушылар  қайталап, жатқа оқиды /

    2-ші бала :  -   Білім-- біздің  шамшырағымыз,  кітап-ұстазымыз.

     3-шы бала : - Кітап – ақылыңды  қуаттандыратын құрал.

     4-ші   бала : - Өмірде  ең  жақсы  кеңесші  –  кітап.

     5-ші   бала : - Кітапсыз  үй  – жансыз  дене.

     6-шы бала : - Кітап  -  асып-таспайтын  адал  досымыз.

    7-шы бала : - Кітап – ғажап  дос.Өмірдің қиын сәттерінде сенімді  сырласың  болады, ешқашан  өкіндірмейді.

    8-ші   бала : - Кітап – қоғам. Жақсы  кітап, жақсы қоғам тәрізді

сезім  мен  санаңды  нұрландырады,  көркейтеді.

Көрініс:Қожанасыр әңгімелер

 Қорытындылау:



Бастаушы – мұғалім:

Бәрін,  бәрін  білесің,  оқи  берсең   кітапты!  Көп  оқысаң,   көп білесің...

Өзім пісірген  тәтті   нанымды  үлестіріп,  тәтті нанның дәмі сендердің  кітапқа деген құштарлықтарыңды арттырсын деген ниетімді білдіремін.

        . Балалар  оқулық,  оқу  құралдары  туралы  өлеңдер  оқып, мақал-мәтелдер  айтады, жұмбақтар  шешеді.  Жаңа  оқу  жылында   кітаптарын  күтіп  ұстауға  уәде  береді.



        Қожанасырдың өлеңі  хормен  орындалады.




Күні: 27.06

Тақырыбы. Табиғат бұрышындағы тіршілік

Мақсаты: оқушыларға табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру.
Барысы: сұрақ – жауап, мақал – мәтел талдау, нақыл сөздер, жұмбақтар шешу және «Табиғатты қорғайық» слайд көрсету, өлеңдер оқу
Көрнекіліктер: нақыл сөздер «Таза болсын табиғат, аман болсын адамзат», сюжетті суреттер. Мақал – мәтелдер жинағы
Табиғат – бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғатта тепе - теңдік үнемі сақталып тұрады.
Сұрақ – жауап. (ауызша топтарға сұрақтар қою.)
* Адам өміріне не қажет?
* Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады
* Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
* Тірі табиғатты ата.
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді,
Еркелікті ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
*Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?
- Табиғат! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады.
- Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым.
- Табиғатты қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.
Жұмбақ шешу. Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)
- Жердің тіршілік үшін қандай пайдасы бар?
- Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер – біздің қазынамыз, байлығымыз.
Жер біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да, сүйе білуіміз керек.
* Халық батыры Бауыржан Момышұлы «Сұлулық дегеннің тамыры табиғат» деген. Сұлулық деген табиғаттың көркі. Мысалы: гүл қандай?, аңдарымыз ше?, ағаштарымыз ше? құстарымыз ше? Осылардың барлығы табиғаттың сұлулығын білдіреді.
Табиғатқа байланысты қандай мақал - мәтелдер білеміз?
Көлдің көркі – құрақ, 2. Орман – ел дәулеті,
Таудың көркі – бұлақ. Жер сәулеті.
3. Сулы жер – нулы жер. 4. Ағаш ексең аялап,
Басыңда болар саябақ.

Каталог: uploads -> doc -> 0389
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0389 -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
0389 -> Сабақ Тақырыбы : Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу мен азайтуға есептер шығару
0389 -> Негізгі ұғымдар. Білімділік: Оқушыларға жердің сыртқы және ішкі құрылысы туралы жалпы түсінік бере отырып, жер қабықтары туралы
0389 -> Xi-xv ғасырлардағы Франция


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет