«Бекітемін»: Ырғыз №2 орта мектебінің директоры: Е. Т. Бәлкембаев



бет2/6
Дата17.06.2018
өлшемі112,12 Kb.
#42555
1   2   3   4   5   6

Би «Достық биі»

Ән «Көбелек»  Ардабек Назгүл

Би «Достық биі»

Ән «Домбырасыз ән қайда»  Гаппасова Жанерке

Би: «Шығыс биі»

 

Түрлі ойындар ойнау:  «Досыңды тап», «Сен қандайсың?», Досыңа тілек» т.б.



Күні:03.06.2015ж

Тақырыбы:  Кел, балалар, оқылық!

Мақсаты:  оқушылардың жан-жақты ізденісін,  белсенділіктерін ұйымдастырып, олардың санасына, білім мен оқуды игерулеріне, ой- өрістерін,тілдік қорларын, есте сақтау  қабілеттерін дамытуға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық   сезімге  тәрбиелеу;

Қажетті  құрал-жабдықтар: тірек-сызбалар, сұрақтар жинағы, сигналдық

белгілер, сағат, бейне дерек, сюжетті суреттер.



Ұйымдастыру: Құрметті  ұстаздар, оқушылар сіздер бүгінгі  « Кел,балалар,оқылық » атты зияткерлік ойынымызға қош келдіңіздер.

Ендеше, ойынымызды  бастауға рұқсат  етіңіздер.Ойынды бастамас бұрын ойынды  бағалайтын. Әділқазылар алқасын таныстырып  өтейік. Олай болса ортаға ойыншыларды шақырайық.

 1-ойыншымыз: Әбжан Аружан: Бос уақытында кітапханаға   барып, әдеби  кітап  оқығанды  және  тәтті тағамдарды сүйеді. Басты  мақсаты  оқу  озаты  болу. . 

2-ойыншымыз:  Тельман Аружан:  Бос уақытында анасына қамқор болуды  қалайды, басты мақсаты  оқу, сүйіп ішетін тағамы  анасының дәмді  тағамдары. 

3-ойыншымыз:Сағынғалиқызы Гүлсезім:  Жақсы  оқып, үлкен саналы ару болуды арман етеді. Сүйіп ішетін тағамы, тұшпара,  қарапайым  тәтті тағамдары.  

4-ойыншымыз: Алпысбай Құралай:Бос уақытында серуендегенді, музыка тындағанды ұнатады, анасына еркелеу оның басты сүйетін ісі.

 5-ойыншымыз: Хамит Нұрдәулет:Бос уақытында кітапханаға  барып,  әдеби

кітап  оқығанды  ұнатады. Басты  мақсаты  оқу. 

6-ойыншымыз: Серғазы Ершат:Бос уақытында  кітап  оқығанды  және

тәтті тағамдарды сүйеді. Басты  мақсаты  оқу  озаты  болу. 



7-ойыншымыз: Нағашыбайұлы Ерасыл:Бос уақытында

анасына көмектескенди ұнатады. 



8-ойыншымыз: Жеткер Жанна:Бос уақытында анасына қамқор болуды  қалайды, басты мақсаты  оқу, сүйіп ішетін тағамы  анасының дәмді  тағамдары

 9-ойыншымыз: Нағашыбайқызы Еркеназ:Бос уақытында серуендегенді, би билеп,

музыка тындағанды ұнатады, анасына еркелеу оның басты сүйетін ісі.

10-ойыншымыз:Аманжолқызы Метуерт:Бос уақытында  кітап  оқығанды  және

тәтті тағамдарды сүйеді. Басты  мақсаты  оқу  озаты  болу. 



11-ойыншымыз:  Ерланқызы Ақниет:   Жақсы  оқып, үлкен саналы ару болуды арман етеді. Сүйіп ішетін тағамы палау, анасының қарапайым  тәтті тағамдары.

 12-ойыншымыз:      Оразалы Ақнәзік: Жақсы  оқып, үлкен саналы ару болуды арман етеді. Сүйіп ішетіні анасының қарапайым  дәмді тағамдары.

 Міне ойыншылармен таныстық, ойынымызды  бастайық.

 І –кезең «Бәйге»

-Бұл кезеңде сіздер берілген бірінші жауап беруге тырысыңыздар. Жауабыңыз

дұрыс болмаса, келесі бала жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 10 балл алуға

болады.

Сонымен бәріңізге табыс тілейміз!



 1- сұрақ : Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?

Жауап: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік

Тәуелсіздігі жарияланды.

 2- сұрақ:Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты?

Жауап: 1991 жылы 2 қазанда қазақ халқының перзенті Тоқтар Әубәкіров

тұңғыш рет ғарышқа ұшты.

 3-сұрақ: Желтоқсан жұлдыздарын ата.

Жауап:Қайрат, Сәбира, Ләззәт, Ербол.

 4-сұрақ: Қазақстан рәміздерін ата.

Жауап: Елтаңба, ту, әнұран.

 5-сұрақ: Білім көзі- «Әліппені» жазған кім?

Жауап: Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)

 6-сұрақ: Қазақстан халқы өзінің тұңғыш рет президенті қашан сайлады? Ол

кім?Жауап: 1991 жылы 1 желтоқсанда, Н.Ә.Назарбаев

 7-сұрақ: Мәтіннің неше түрі бар, атап бер?

Жауап: 3 түрі бар: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау

 8-сұрақ:Кадет корпусына келіп, қырдан келген жас қазақ атанған кімді?

Жауап:  Шоқан уәлиханов (1835-1865)

 9-сұрақ: Ахмет Байтұрсынұлына арналған мұражай қай қалада  ?

Жауап:  Алматы қаласында.

 10-сұрақ: Үш бақытым өлеңінін авторы?

Жауап:   Мұқағали Мақатаев (1931-1976)

 11-сұрақ: Зат есім дегеніміз не?

Жауап:  заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз. Кім? Не? Кімдер?

Нелер? Сұрағына жауап береді.

12-сұрақ:   «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінін авторы ?

Жауап:  Жазушы, ақын, ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

 -Әділқазылар ұпайларын есептеп отырыңыздар.

 ІІ-кезең «Жеті жұрттың тілін біл»

Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сіздер

қазақша, орысша тілді дұрыс сөйлеумен қатар, қатесіз жазуларыңыз

тексеріледі. Жазуларыңызды тексеретін арнайы маман бар. Барлығыңызға

табыс тілейміз!

 1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.(көктем- весна)

2. Жолбарысқа ұқсайды,

   Тышқанды ғана ұстайды.(мысық-кот)

3. Жүз теңгең болғанша

   Жүз…… болсын.(дос- друг)

4. Футболшының алаңдағы ойын заты(доп-мяч)

5. Қабат- қабат қаптама

   Ақылың болса аттама.(кітап- книга)

6. Жеті қазынаның бірі,

   Адамды қорып жүретін досы (ит- собака)

7. Ұшқан….. , жүгірген аң,

   Бәрі тамақ.  (құс- птица)

8. Әр адамның шағын отаны. (отбасы-семья)

9. Тұмсығымен қозғалар,

   Соңында аппақ із қалар. (бор-мель)

10.Қыста бар да, жазда жоқ. (қар-снег)

11.Қаласаң жазады, қаламасан тұрады (қалам-ручка)

12.Қардың түсі (ақ-белый)

                      Әділқазылар ұпайларын есептеп отырыңыздар.

 

ІІІ-кезең «Қызықты жетілік». Бұл кезеңде сіздер өздеріңіз таңдап алған сұраққа жа бересіздер. Мына сызбаға назар аударыңыздар  Жеңіл сұрақ алғыңыз келсе, 20 балдық сұраққа жауап беру арқылы аласыз. Мұндағы ең күрделі  сұраққа жауап беру арқылы 40 балл жинауға болады.Әрине дұрыс жауап берсеңіз! 

 1.20- Периметрді қалай табамыз? (барлық қабырғаларын қосу арқылы)

2.20- Сөз таптары нешеге бөлінеді? (9)

3.20- Қазақтың ұлттық аспабында ойналатын әуен? (күй)

4.20- БиС технологиясы бойынша сыныпты ұйымдастыратын кім? (көшбасшы)

 1.30- Жел бағытын анықтайтын арнаулы құралды қалай атайды? (желбағар)

2.30- Елтаңбаның авторлары кім? (Шота Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков)

3.30-Көкжиектің негізгі неше тұсы бар?(оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)

4.30- Әнұранның авторлары кім? (сөзі: Жүмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқов)

 1.40- Ы.Алтынсарин қандай әдіс пайдаланды, нәтижесі қандай?(ұйымдастыру, оқыту әдісін пайдаланды, нәтижесінде мектеп салып балаларды оқытып, кітаптар жазды)

2.40- Дүние жүзіне саяхат жасап ел тарихын зерттеген зерттеуші, саяхатшы кім?(Шоқан Уәлиханов)

3.40- Математикадағы қосудың заңдылықтарын атап көрсет( 3 заңы бар, ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік)

4.40- Бейне дерек назар аударыңыздар.Осы бейне деректе не туралы айтылған және еліміздің қандай батырларын таныдыңдар?

 IV-кезең «Жорға»

Сіздер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңізге қарай ұпай жинауға болады. 1 жауапқа 1 балл болып есептеледі.

 Әуелі 2 нұсқаның бірін таңдау керек. А.Б. таңдаңыз, ұпайы жоғары бала таңдайды.

1-балаға сұрақ.

1. Сиырдың пірі(зеңгі баба)

2. Жылдан құр қалған жануар( түйе)

3. Бір заттың көлемін кішірейткенін көрсететін сан (масштап)

4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі(қазақ тілі)

5. Басты байлық( денсаулық)

6. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға (президент)

7.Қара алтын (мұнай)

8. Ұя салмайтын құс (көкек)

9.  12 ай( жыл)

10. «Кел, балалар оқылық»өлеңінің авторы (Ы. Алтынсарин)

11. Абай әжесі (Зере)

12. Көру мүшесі (көз)

13. 9*9 (81)

14. Алматыдағы мұз айдыны( Медеу)

15. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (карта)

16. Заттың санын білдіретін сөз табы (сан есім)

17. 9- мамыр қандай күн (Жеңіс күні)

18. Жаңа туған балаға ат қойып, оны бесікке бөлеу жорасы.(бесік тойы)

19. Күйді орындаушы адам (күйші)

20. Сен ұйықтап жатқанда әңгімесінің авторы  (Бердібек Соқпақбаев)

 2-балаға сұрақ.

1. Түйенің пірі (ойсылқара)

2. Жыл басы не? (тышқан)

3. Жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабат ( топырақ)

4. ҚР ұлтаралық тілі (орыс тілі)

5. Адам денесінің тірегі (қаңқа)

6. Үкіметті кім басқарады (пример министр)

7. Ақ алтын (мақта)

8. Орман дәргері (тоқылдақ)

9. 7 күн (апта)

10. «Менің атым Қожа» повесінің авторы (Б. Соқпақпаев)

11. Абай жолы романының авторы (М. Әуезов)

12. Есту мүшесі (құлақ)

13. 7*7 (49)

14. Қазақстан астанасы (Астана)

15. Географиялық  картада көк түспен не бейнеленеді (өзен, көл,теңіз,мұхит)

16. Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік)

17. 25 қазан қандай күн (Республика күні)

18. Баланы тәй-тәй  бастырып, күрмеу жібін шешетін кезең (тұсау кесер)

19. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінін авторы кім? (Абай)

20. Кез келген санды О-ге көбейткенде мәні неге тең? (О-ге)

 Жеңімпазды анықтау әділқазыларға жүктеледі. Әділқазылар өз шешімідерін  қорытындылағанша ортаға әнші қыздарымызды  шақырамыз.

    Құлақтан кіріп бойды алар

   Жақсы әнмен, тәтті күй

   Көңілге түрлі ой салар

   Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай ата жырлағандай Нағашыбайқызы Е және Жеткер Ж орындауында; «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.

Марапаттау.

Күні:04.06.2015ж

Тақырыбы:Егемен елдің белгісі

Мақсаты:І.Елтаңба, Ту, Әнұрантуралытүсініктеріннығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарих тағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өзо йын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтыңтүрі: Ауызша журнал.

Көрнекілігі: Рәміздергебайланыстытүрлі-түстісуреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отан, жертуралынақылсөздер.

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан–жерім, Отан-суым,

Отанқуат, нәрбереді..

Отан-ұран, Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді- демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы,

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы,

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны.

Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттік рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күншеңберi. Айналған Күншеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi

Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кеңтараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпарУақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен ШотаманУәлиханов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiкбұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiкжолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран жәнеою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлiреңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны

сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

әні: Шәмші Қалдаяқовтікі

Әнұран орындалады.Келесі кезекті Асқарұлы Асылхан мен Дастанбекұлы Рустамның орындауында «Көк тудың желбірегені»әні.Раміздердің суретін салу.



Күні:05.06.2015ж

Тақырыбы:«Табиғат –аясында»

Мақсаты: Оқушыларға табиғат ұғымының мәнін ашып, түсіндіру. Табиғатты аялау ,сүюге тәрбиелеу.
Экологиялық білім беру. Табиғатты қорғау .
Көрнекіліктері: Табиғат көріністері – суреттер топтамасы, буклеттер, нақыл сөздер, мақал – мәтелдер, табиғатты қорғайық - ережелер
1. «Табиғат – тал бесік»
2. «Адам – табиғаттың бір бөлігі» 1. «Табиғат – тал бесік»
3. «Табиғат бізді қоршаған орта»
4. «Таза болса табиғат – аман болар адамзат»
Жоспары: 1. Табиғат туралы не білеміз?
2. Неге табиғатты тіршілік аясы дейді?
3.Табиғатты қорғау – барлық адамзат борышы .
Барысы: Кіріспе сөз . Мұғалім: Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта . Табиғат – адам үшін қажетті: ауа су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі .
Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін , күншуағын жүрегімізге ұялататын аяулы Ана ! Табиғат бұл адам бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын беретін сұлулық пен әсемдік әлемі.
Ал енді балалар жоспар бойынша жүргізіп ой – пікірімізді ортаға салайық :

1 . Ой – пікір

1 оқушы. Табиғат – Ол Су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер – нулы жер» деген мақал бекер айтылмаған. Су – адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.

2 оқушы. 


Су деген тіршіліктің қаны емес пе ,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,

Күміс су, қара жердің сәні емес пе?

3 оқушы. Табиғат – Ол Топырақ.
Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады .
Топырақтан өмір исі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады .
Еңбегіңді есесінен беретін,
Жақсылық та топырақтан шығады.

4 оқушы. Табиғат – Ол Өсімдік


Өсімдік - бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл – жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде – сусын, ыстықта көлеңке сая, суықта пана, ауырғанда – дәрі, ренжігенде қуантатын табиғаттың сұлу көркі – гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті – жасыл – желек орман.

5 оқушы. Табиғат – Ол Жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары – ақбөкен, әні мен сәні – бұлбұл, су аруы - Аққу табиғатымыздың сәні емес пе?

Хормен: Ән - «Саржайлау»
Топпен жұмыс: Топтар жарысы.
1 топ. Табиғат жайлы мақал – мәтел, нақыл сөздер.
1. «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»
2. «Бір адам қазған құдықтан, мың адам су ішеді»
3. «Таза болса табиғат, аман болара дамзат»
4. «Табиғат - тал бесік» 
2 топ. Табиғат жайлы өлең ,жырлар .
1. Табиғант сенде бәрі ортақ,
Аспаның, күнің айыңда.
Тегінде жаның жомарт – ақ,
Ізгілік жатыр бойыңда.

2. Табиғат қызығам сенің суретіңе,


Бас ием сенің құдіретіңе.
Тұр асың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

3. Табиғаттың тарылтпасын  мөлдір кәусәр тынысын,


Пәк табиғат, жүрегімнің тамылжыған жырысың
Ей, адамдар! қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Ол Анаң ғой, ал сен оның перзенті .

Мұғалім сөзі: Сонымен біз табиғат туралы білгенімізді , білетінімізді ортаға салдық.


Енді табиғатты қалай қорғап қаламыз?
Осы төңірегінде ой қозғасақ
Ой - қозғау Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған келелі де , күрделі мәселелердің бірі - табиғат ананы қорғау , оның байлығын ұқыпты пайдаланып , кейінгі ұрпаққа қалдыру .
Халқымыз ата заманнан бері жерін, суын қадірлеп , қасиет тұтқан . Кейінгі ұрпаққа үлгілі,
өнегелі тәрбиелік мұрағат боларлық мына жолдарды есте сақтайық :
1 . Сұраусыз суын бұзғызбай – суын қорғаған,
2 . Жөнсіз жерін жыртқызбай - жерін қорғаған.
3 . Көк майса шөбін таптатпай - шөбін қорғаған.
4 . Ұшқан құс , жүгірген аң , жыбырлаған жәндігінің берекесін
кетірмей – жануарларын қорғаған!
Ал бізболашақұрпақТабиғттықалайқорғап ,сақтапқаламыз !
1 оқушы «Бірағашкессең, он ағашек» - жасылжелек
бағдарламасынаатсалысамыз
2 оқушы «Судың да сұрауы бар» - суды ысырапсыз
пайдалануғажолбермейміз , ластамаймыз
3 оқушыОрман, - тоғайды, бақтардыкүл - қоқыстантазалап,
өрттенқорғаймыз.
4 оқушыАң,құстардырұқсатсызатуғатиымсаламыз, қамқорлықжасаймыз.
5 оқушыЭкологиялықүгіт - насихатжүргіземіз.
Ой - түйін: Бүгінгітәрбиесағатымызда
Не білдік? Не үйрендік?
1 . « Табиғатсызадамдардыңкүніжоқ ....»
2 . Табиғат – бүкілтіршілікатаулының алтын ұясы ,
аяулыбесігіқұттықонысы , өсіп - өнетінмекені .
3. Адам–табиғатперзенті . Олайболсатабиғатанағааялы
алақан , жүрекжылуынарнауәрбірсаналыазаматтың
парасаттыадамгершілікборышы .
4. Жер – қазына , су – алтын , мал – байлық .
5. Табиғат – халық қазынасы
Қорытынды: Табиғат туралы мына бір өлең шумақтарымен аяқтаймыз. (Хормен)
Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған!
Сен – күнсің!
Көтерілген күліп қырдан .
Сен – көлсің! Сен – орман!
Сен – бұлақсың!
Адамды сұлулыққа құнықтырған!
Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек ғаламшардың қауіпсіздігі – біздердің қолымызда !

Күні: 06.06.2015ж

Тақырыбы:Кітап -біздің досымыз.

Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білеуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу.

         Оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып арттыру.

         Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

         Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.



Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.

Әнұран

1-жүргізуші:                Армысыздар,оқушылар!

                                      Кітап- шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.

                                      Кітап- адал пейіл, асыл дос.

                                      Кітап- мұхит, сол мұхиттан не терең?

                                      Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!

2- жүргізуші:               Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады.

Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарыңмен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы –кітап.

         Кітап- қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен.

         Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақал-мәтел, өлеңдер білеміз, соны ортаға салайық.



1-оқушы.

Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние-мүлік

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

2-оқушы

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысақ кітап сырын ашып терең.

3-оқушы

Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жайып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын  ой-өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

4-оқушы

Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

5-оқушы

Кітаптар бейне жапырақ

Жырлайтын сырын өмірдің

Оқисың кейде жаттап

Көтеріп күйін көңілдің

6-оқушы

Білім алар көп адам

Жақсы нәрсе жоқ одан

Қызыға кеп оқимын

Кітапты көрсем жаңадан

7-оқушы

Кетпйді ешбір жадымнан

Мектепке бардық күз айы

Тастамай сені жанымнан

Қолтықтап жүрдім ұдайы

8-оқушы

Достарға толы маңайым

Татулық тәтті бәрінен

Ерекше сені санаймын

Құшақтап жүрмін мен әлі.

9-оқушы

Ұсынған қойынан

Білімнің үлесін

Шықпайды ойыңнан

Досың ғой білесің

Бұл не?


Бұл –кітап.

Кітап.

Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін,

Көптің тауып керегін, кезінде айтып беремін.

Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді



Оқушы.

әсерлемей,асырмай, айтып берші жасырмай,

жан азығым, серігім, ренжіткен сені кім?

Кітап.

Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп

Бетімді менің ашады, әңімеге басады

Жолдарымда сызады, шырқымды да бұзады

Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды

Налымаймын неге мен, бұл секілді пендеге.

Оқушы.

Сені сүймес адам аз

Ақылды көп, надан аз

Ондайлардан түңілме

Сені ойлар түбінде

1-жүргізуші:

         Енді Т.Дәуренбеков ағаларыңның «Кітаптар мұңыә әңгімесіне құлақ асайық.



2-жүргізуші

1. Әңгіме неге «кітаптар мұңыә деп аталған?

2. Кітаптарды өздерің қалай ұстайсыңдар?

3. Оқушылырға кітаптың тигізер пайдасы қандай?

4. Кітаптарды кімдер және қалай жасайды?

5. Кітаптардың оқушыларға ренжігендері дұрыс па?

6. Кітап қайда басылып шығады?

7. Кітапты баспадан шығару үшін  не қажет?

-Сендер сол жайлы не білесіңдер, балалар?

1-жүргізуші

         Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау-бәріміздің міндетіміз.

Бізде кітаптары қапталған, өте таза, ұқыпты ұстайтын оқушылар да арамызда бар.

Олар жауапкершілікті түсінген оқушылар.

2-жүргізуші

Ойланайық, балалар,



Кітап-асыл досымыз.

1-жүргізуші

Жайнатып жанымызды

Келтіріп сәнімізді.

Арнайық бас қосқанда

Тамаша әнімізді.

 Ән әуен теріңдер

Бәрің бермен келіңдер

Мың бұралған бишілерді

Тамашалап көріңдер.

«Ахау айым-ай!» әні мен «Қазақ» биі орындалады 



Күні: 08.06.2015ж

Тақырыбы: Ертегілер әлемі

Мақсаты: Ертегілердегі кейіпкерлер бейнесі арқылы сөз құдіреттілігін білуге үйрету. Жаманнан жиреніп, жақсыны үйреніп, оны өмірде пайдалана білуге ұмтылдыру. Оқушы бойына ерлік, батылдық,адамгершілік, адалдық қасиеттерді дәріптеу.

Каталог: uploads -> doc -> 0389
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0389 -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
0389 -> Сабақ Тақырыбы : Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу мен азайтуға есептер шығару
0389 -> Негізгі ұғымдар. Білімділік: Оқушыларға жердің сыртқы және ішкі құрылысы туралы жалпы түсінік бере отырып, жер қабықтары туралы
0389 -> Xi-xv ғасырлардағы Франция


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет