Бекітемін жбб м. П. Русаков атындағы №2



Дата10.06.2017
өлшемі352,07 Kb.
#18449
түріБағдарламасы
Бекітемін __________

ЖББ М.П.Русаков атындағы №2

санаторлық мектеп –интернат

директоры З.Н.Рахимберлина


Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мен сауықтыруға арналған  ЖББ М.П.Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп –интернат КММ жанындағы «Болашақ» жазғы сауықтыру демалыс орталығы жұмысының «ЖАЗ - 2015»

БАҒДАРЛАМАСЫ  

1. КІРІСПЕ

   Үздіксіз оқу-тәрбие беру жүйесінде білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және ұлттық рухты патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздерін танытуларына, болашақ маман иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау-бүгінгі педагогикалық жүйенің негізгі міндеті саналады.Осы міндетті жүзеге асыруда оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастырудың да маңызы зор.

   Жазғы демалыс уақыты  жыл бойына оқушының ең көп демалатын мерзімі, бос уақыты көп болады. Бірақ барлық ата-ана бірдей балаларының демалысын дұрыс ұйымдастырады деп айту қиын. Жазғы демалыс уақытында баланың жыл бойындағы сабақ оқуынан шаршап қалғандығы білінеді, ол тынығып, күш жинап, денсаулығын нығайтып, шығармашылық жұмыс жасау қабілетін арттырады. Бұл шараларды балалардың күндіз келіп демалатын жазғы сауықтыру лагері іске асырады.

ЖББ М.П.Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп –интернат КММ балалар мен жасөспірімдер арасында жазғы сауықтыруды ұйымдастыруда көп жылдардан бері қалыптасып келе жатқан тәжірибесі, өзіндік қолтаңбасы бар. Жазғы сауықтыру басталғанға дейінгі мерзім ішінде мектеп педагогикалық ұжымында 1-11 сынып оқушыларының (392 оқушы) жазда бос уақытын дұрыс пайдалы өткізу жөнінде кеңінен даярлық жасау жұмыстары атқарылады

    Бұл бағдарламаны даярлауға балалардың жазғы демалысын, бос уақытын дұрыс, пайдалы өткізу, сауықтыруды ұйымдастыруға төмендегідей себептер болды:

- қала жағдайында оқушылардың жазда ұйымшылдықпен жақсы тынығуларын ұйымдастыруды балалар мен ата-аналарының сұранысының көп болуына байланысты;

- болашақ жоспарлаудағы қалыптасқан жүйені реттеу қажеттілігінен;

- бүгінгі орталық жұмысында бұрынғы жылдардағы орталықтың жұмысымен сабақтастығының сақталуы;

- жұмыс жасаудағы ескі жүйені жаңарту және  жаңаша үлгілендіру;

       Осы бағдарламаның мақсат, міндеттерін іске асыруда жасөспірімдер мен педагогтардың бай тәжірибелі шығармашылық іскерлігін, шама-шарқынша мүмкіндігін кеңінен пайдаланып жұмыс жасау қажеттілігінен.

    Бұл бағдарлама бағытына қарай кешенді болып саналады, себебі түрлі жоспарлы қызмет қамтылады, сауықтыру орталығының жағдайына байланысты  сауықтыру, тынығу, дұрыс демалып, тәрбиелеудің түрлі жолдарын қарастырады. Ұзақтық мерзімі бойынша бұл бағдарлама шектеулі мерзімді қамтиды, себебі жазғы сауықтыру айларында іске асырылады. Орталықта топтар біріктіріледі, онда  7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға жаз айларында тынығуға болады.

    Орталықтың негізгі құрамы— ол мектеп оқушылары. Орталыққа балаларды жинақтағанда аз қамтылған отбасы, толық емес, көп балалы отбасындағы балаларға, жетім және ата –ананың қамқорынсыз қалған балаларға  баса  көңіл бөлінеді. Сол сияқты мүгедек балаларға, зейнеткер ата-аналары бар балаларға , қиын жағдайға душар болған балаларға көп көңіл бөлінеді. Тәрбиеленушілердің жұмысы лагерь ауысымында  жас шамасына қарай 25 баладан жинақталған топтармен іске асырылады.



«Болашақ» жазғы балаларды сауықтыру демалыс орталығы ауысымының жұмыс ұзақтығы 

21 күннен 4 ауысым:

1 ауысым: 01.06-21.06.

2 ауысым: 22.06.-12.07.

3 ауысым: 13.07.-4.08.

4ауысым : 5.08.- 25.08
Бағдарлама төмендегі  нормативті-құқықтық құжаттарды ескере отырып даярланған:

бала құқығын қорғау БҰҰ Конвенциясы;

ҚР  Конституциясы;

ҚР «Білім туралы Заңы»;

   Орталық үнемі  жаз мезгілінде жұмыс жасайды. Орталық балалардың денсаулығын жақсартуға, сауықтыру мәселесі, ой-өрісін дамытып, ойлау қабілеттерін арттыруға,  гигиеналық және дене мәдениетін сақтауға; медициналық сақтандыру, спорттық, білім беру, мәдени-демалу қызмет көрсету, күш-қуатын жақсартып, шығармашылықпен жұмыс атқару, азаматтық тәрбие, адамгершілікке, отаншылдыққа баулу, экологияны сақтауға балаларды тәрбиелеу бағдарламасын  іске асыруға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған. 
2. БАҒДАРЛАМА  ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

    Денсаулығы бар, орнықты, адамгершілігі мол адам ғана белсенді өмір сүріп, түрлі қиындықтарды жеңіп, қызметінде жақсы табыстарға жетеді. Сол себептен ата-аналар мен педагогтарды денсаулығы мықты, шығармашылық қабілеті зор бала тәрбиелеу мәселесі көп алаңдатады.

  Балалардың шығармашылықпен жұмыс атқаруларына, шығармашылық жұмысты дамытуға педагогикалық ұжым үлкен мән береді. Мектеп педагогтары  мақсатты бағытта егерде бала педагогтармен бірлесіп отырып шығармашылықпен  жұмыс атқармаған жағдайда баланың қабілеті әлсірейді деген ой түйеді. 

    Балалық шағынан бастап «Салауатты өмір сүру» түсінігін бойына сіңіру қажет.  Сауалнама нәтижесі бойынша балалардың 93% пайызы  салауатты өмір сүреміз деп есептейді, қалған 7% пайызы бұл мәселеге үлкен мән бермейді. Бірақ барлық тәрбиеленушілер  денсаулық мәселесі маңызды деп есептейді. 


3. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ  

     Барлық жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ЖББ М.П.Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп –интернат КММ педагогикалық ұжымы төмендегідей мақсат- міндеттерді қояды:


Бағдарлама мақсаты:

Байланысы: Педагогикалық ұжымның, ата-аналар жұртшылығының, оқушылар, мектептен тыс ұйымдармен тығыз байланыста болуы, қарым-қатынас жасауы; оқушылардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру үшін қажетті әдістемелік, ұйымдастыру, ақпараттық қамтылу жағдайын жасау.

1.Ұйымдастырылған жазғы демалысқа жағдай құру

2. Жазғы демалыста оқушылардың денсаулығын нығайту .

3. Уақытша балалар ұйымы жағдайында жаңа біліктілікті, білгірлікті қалып тастыру. 4. Балалардың өз құндылықтарын жоғарылататын, және де жеке бастарын қорғайтын , ұйымда өз орыны бар екенін сезінетін, өмірлік рухани-эстетикалық артықшылықтарына жеткізетін қолайлы эмоционалды атмосфераны дамыту, құру.

Міндеттері:

-Әлеуметтік тәжірибе жинақтауға баланының  араласып, қатыстырылуы, бірге қызмет істеуі, шығармашылық жұмыспен бірге айналасуы;

- Жас ерекшеліктері әр түрлі топтармен қарым-қатынас жасау түрлерін дамыту;

- Балалардың демалысын дұрыс ұйымдастыру, табиғатты аялауға, қорғауға баулу;

- Шығармашылықпен жұмыс атқаратын балаларды анықтап, қабілетін дамыту, жеке жұмыс жасауға, бірлесіп жұмыс атқаруға баулу;

- Топпен жұмыс жасауға үйрету, балалардың жазғы сауықтыру орталығын басқаруға қатыстырылуы;

- Кеңінен тараған ауруларды болдырмау, алдын-алуға, балаларды сақтандыруға, денсаулығын күшейтуге, баланың денсаулығын шынықтыруға байланысты түрлі сауықтыру іс-шараларының жүйесін құру;

- Салауатты өмір сүруге бейімдеу;


Күтілетін нәтиже :


  • Балалардың денсаулығы нығаяды

  • Эмоциялары жоғарылайды

  • Ресми қатынастық қабілеттері дамиды

  • Жаңа білім, біліктілікті игереді

  • Жаңа , жағымды тәжірибе жинайды

  • Бойы, салмағы өседі

  • Рухани әлемі жоғарылайды


Принциптері:

«Болашақ» атты жазғы  сауықтыру демалыс орталығының бағдарламасы төмендегідей принциптерге негізделген:



1. Қарым-қатынасты ізгілендіру принципі:адамды құрметтеу, сеніммен қарау, табысқа қол жеткізуіне қолқабыс жасау. Бала, ата-ана, лагерь қызметкерлерімен адамгершілікпен байланыс жасай отырып  педагогикалық процестің барлық негізгі құрамдас бөлігі - компоненттерін психологиялық тұрғыдан түсіну.

2. Бірге қызмет істеу түрінің психологиялық тұрғыдан балалардың жас ерекшеліктері мен атқарылған қызмет түрінің сәйкес болу принципі: 

Ересек адамдардың баламен бірге жұмыс атқаруының тәрбиелік маңызы зор болады және де балада  шығармашылықпен жұмыс атқарамын деген сенім пайда болады.



3. Демократияшылдық принципі: шығармашылық қабілетін дамыту жоспарына барлық балалар мен жасөспірімдердің тегіс қатыстырылуы.

4. Жазғы сауықтыру лагерінде тәрбиелеудің  түрлі түрін, әдісін, тәсілін мазмұнын таңдау  принципі төмендегі жұмыстардың атқарылуын талап етеді:

- балалардың жеке психологиялық ерекшеліктеріне қарай оларды тәрбиелеудің  түрлі түрін, әдісін, тәсілін мазмұның табу принципі;

- ауысым ішінде бір жұмыс түрінен екінші жұмысқа көшу мүмкіндігінің болуы; (1 күнде);

- күн тақырыбына байланысты барлық іс-шаралардың бір бірімен тығыз байланысты болуы, мазмұн сәйкестігі;

- барлық атқарылатын іс-шараларға балалардың белсенді түрде қатыстырылуы.

5. Баланың дара қасиетін ашу шығармашылық принципі: шығармашылықпен жұмыс жасауы, тұлға даралығының ашылуы– тұлғаны сипаттау мінездемесі, қолға алған жұмысын толық іске асыруы. 
Ұжымның педагогикалық ұстанымы:

1.Педагогикалық кәсіби  шеберлік принципі;

2. Баланы тұлға ретінде құрметтеу принципі;

3.Бірлесіп жұмыс атқару, бірге шығармашылықпен айналасу, ынтымақтастықта болу принципі;

4. Балалар интеллектін дамытуда  дара  ісіндегі

бастамасын,  шығармашылығын қолдау принципі;

5 Балалар ұйымының өзін өзі басқару принципі;

6.Балалардың мектептегі тіршілік әрекетін ұйымдастыруда жалпы адами және  ұлттық мәдени құндылықтардың үйлесу  принципі;

7.Әрбір баламен жеке жұмыс жасау және ұжымның шығармашылықпен жұмыс атқару принципі;

8.Даулы мәселелерді дұрыс шешу, оң шешім қабылдау.

9. Орталыққа бейімделу аралығы.                 

      Орталықтағы жаңаша өмірге балалардың тез, қиындықсыз бейімделіп кетуі  үшін мына іс-шараларды атқаруымыз қажет: 

- Балаларды бір бірімен тез таныстырып, олармен бірге ойын-сауық өткізіп, тез танысып, білісіп кетуге жол ашу үшін топпен жұмыс жасау керек;

- Күн тәртібіне, санитарлық нормаларды сақтауға  үйретіп, үнемі уақытында орындап отыруға дағдыландырып, «бірыңғай педагогикалық талаптар» қоюға болады;

- Олар өздерін емін-еркін сезініп, орталықта бір мезгіл серпіліп, жеңілдеп, тынығып қалатындай жағдай жасау үшін бөлмелерін, жалпы мектепті  әдемі безендіріп, әшекейлеп, үнемі көз тартатындай етіп жинақы  ұстау керек;

- Балаларды жас ерекшеліктеріне сай шағын топтарға бөлуге болады;

- Балаларға қабілетін ашуға, білімін көрсетуге,  өз орнын табуға мүмкіндік беріп, осыдан кейін түрлі бағытта топ жұмыстарын бөліп беру керек: спорттық, интеллекті анықтау, көркем-қолданбалы, шығармашылық жұмыс;

- Жақын болашақта оларды не күтіп тұрғандығы жөнінде болжам жасауға қалыптастыру,  жұмыстың бағдарламасымен таныстырып, жұмыс жоспарын даярлауға қатыстыру керек.

Жалпы орталық мерекелері: «Лагерь маусымының ашылуы»; «Сән күні», «Болашақ дауысы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні», «Нептун күні», «Астана күні», «Жасыл өкше күні» , «Өзін – өзі басқару күні» және т.б.

Спорттық іс-шаралары: «Көңілді  старт», «Сен , мен бәріміз – шыныққан жанұямыз», «Біз – денсаулығы мықты болашақ үшін!», «Шахмат – шашки біріншілігі», Волейбол , футбол біріншілігі.



Орталықтағы тапсырмалар

Тұрақты: командир; редколлегия (безендірушілер, суретшілер); журналист; дене шынықтыру мұғалімдері.

Алмастырылатын жұмыстар:  лагерь бойынша кезекшілер; «Сюрприз» шығармашылық тобы (ұйымдық шығармашылық жұмыстар даярлайды); «Еңбек қызмет көрсету Бюросы» жетекшілері (еңбек, басқа да пайдалы істер атқарады).

Лагердегі заңдылықтар:


  • Уақытты тиімді  пайдалану.

  • Үнемділік  заңы

  • Табиғатты қорғау.

  • Бірін бірі құрметтеу.

  • Салауатты өмір салтын сақтау.

  • Ынтымақтастықта  болу.

  • Басқа адамның пікірі  мен еңбегін құрметтеу.

  • Пікір еркіндігі.

Тәрбиеленушілер құқығы:

  • Жеке тұлғаны құрметтеу.

  • Ұжымдық және  жекелеме шығармашылықпен айналысу. 

  • Танымдылық-ізденістік жұмыстармен айналысу.

  • Айналысатын іс-әрекетін таңдау.

  • Ақпараттар алу құқығы.

  • Өз  бастамасын  ұсыну.

  • Қателесуге  құқылы.

Орталықта сауығып, демалатын балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайы:

- көп балалы отбасылардан  бала саны– 82

- аз қамтылған отбасылардан  бала саны– 75

- жетім бала саны- 23

- қамқорлыққа алынған бала саны  – 25

 

Саяхат жасау, жорыққа шығу.

Оқушылардың ұйымдастырушылық қабілетін дамытып, өз бетімен еркін, жауапты шешім қабылдау дағдысына  машықтанып, күнделікті үйреншікті емес, жаңаша жағдайда бұрын байқалмаған қабілеті ашылып, танып- білінеді. Тез бір бірімен тіл тауып, қарым-қатынас жасап, тығыз байланыста жұмыс жасап, тынығып, сауығады. Ұйым, ұжымдағы оқушы, мұғалімдермен тез тіл табысып, төзімділікке тәрбиеленеді.   

9. Жазғы сауықтыру орталығында психологиялық-педагогикалық қызмет көрсету

   Орталыққа келген бірінші күннен бастап балалар психологиялық-педагогикалық  көмек қажет етеді. Бұл үшін орталықта оларға көмек көрсетуге қолайлы жағдай жасалған.  Бірге атқарылатын істер, ойын-сауық, саяхат-жорықтар балалардың бір бірін басқа қырынан көруге, танып-білуге көмектеседі.  Олардың мінезіндегі ерекшеліктерді көріп, баланың өз бетімен жұмыс жасап, нақты ұнаған ісімен айналысуға жол ашады. Балалардың даралығын, ерекшелігін, жеке басының қасиеттерін танып-білу, әлеуметтік жағдайын білу – баланың орталықта дұрыс демалып,  жақсы сауығуына көмектеседі. 



Материалдық – техникалық база

Орталық жаңа жиҺаздармен жабдықталған. Ағаш төсектер, төсек жанындағы тумбалар, жаңа төсек жабдықтары, киім ілетін шкафтар бар. Орталық маңында балалар алаңы, би алаңы, бастырмалар орнатылған. Ойын бөлмелерінде компьютер, телевизор,музыкалық орталық бар. Асханада су диспенсеры орнатылған.

Орталық жетістіктері байқау әдісімен, сауалнама алу, ойын әдістері және медициналық зерттеу әдістерімен анықталады.

1. Дәрігерлік зерттеу балалардың жаз бойы бойларының ұзындығы шамамен 5-8см, салмақтары 1,5-2 кг өскендерін көрсетті. .

2. Жаз бойы демалушылар ешқандай инфекциялық ,басқадай аурулармен ауырған жоқ.

Эмоционалдық көңіл-күйлерін байқау үшін жаз басында және аяғында мынадай жұмыстар жүргізілді: оқушыларға түрлі түсті бояуларды пайдаланып кез келген суретті салу тапсырылды. Жыл соңында оқушылар шаршап суреттерінің бәрін сұр түрмен бояса, жаз соңында бояу палитрасы ашық, көңілді түстерге ауысқан.

Балалардың өмір қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін қалалық ішкі істер бөлімінен инспектор маман аға лейтенант Қасымжанова Л.К. үш ай бойы қызмет жасады. Балаларды жорықтарға, саяхаттарға,көлге шомылуға апаратын "Газель", "ЛИАЗ" көліктері бар.


Лагерь

«Болашақ»



Қалалық білім бөлімі

Бұқаралық ақпараттар құралдары


Оқушылар сарайы

Қалалық жас өспірімдер ісі бөлімі

Пайдаланған әдебиеттер

1.Жыл он екі ай. №1(6) 2004.

2.Тілеужанов Мәтжан. Халық тағылымы.-Алматы.1996.-305 б.

3.Құралұлы Аюбай.Ұлттық дұниетаным. 1-3 сыныптарға оқулық.-Алматы.1997.-80 б

4.Серікқалиұлы З. "Дүниетану даналығы" Алматы 1994 жыл.224 б.

5.Өтешова Б. "Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы дамыту" -2007 ж. 118 б. Алматы.

6.Сәрсенова Ж. Тәңірбергенова Ғ. "Әлеуметтану" -Алматы 2000.79 б.

7.Сыныптан тыс жұмыстар. 2006 ж.

8.С.Ғаббасов."Халық педагогикасының негіздері" -Алматы.1995 ж.

9.Х.Тілемісов "Ауыл кеші көңілді" .Алматы."Қайнар",1988ж.

10.Т.Сәрсенбаев "Ұлттық сана-сезім және ұлттық қадыр- қасиет".Алматы,1990ж.

11.Қазақстан мектебі 2001,130-136 бет. Тәрбие жұмысы-2000.160-161 бет.





«Мектеп жанындағы үздік лагерь»

атты облыстық байқауына қатысуға

ӨТІНІМ

1.Номинация -Үздік мектеп жанындағы лагерь-Гран при

2.Байқаудың қатысушысы жайлы мағлұмат –

ЖББ М.П.Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп –интернат КММ жанындағы «Болашақ» жазғы сауықтыру демалыс орталығы


Аудан/қала

Балқаш қаласы

Мекеменің толық атауы

ЖББ М.П.Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп –интернат КММ

Ұйым басшысының Т.А.Ж. (толықтай)

Рахимберлина Замзагүл Нарымбекқызы

Мектеп жанындағы лагерь жетекшісі туралы мәлімет (Т.А.Ж. (толықтай), лауазымы, телефоны)

Сүлейменова Мейрамкүл Нұрбекқызы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 87014380123

Толық пошталықадресі (заңды және іс жүзіндегі), электрондық адресі

Internat_2

Байқау материалдарына жауапты тұлға туралы мәлімет, Т.А.Ж. (толықтай), лауазымы, телефоны

Сүлейменова Мейрамкүл Нұрбекқызы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 87014380123

Лагерь бағдарламасының өткізілу деңгейі туралы пікірлер

"Болашақ"демалыс орны жас жеткіншектердің өнерге деген құлшынысын арттырып, спортпен де шұғылдануына көп септігін тигізеді. Мен жыл сайын жазғы демалысымды лагерьде өткізуді әдетке айналдырдым. «Мен мұнда көп достар тауып, олармен бірге қаланың көрікті жерлерін араладым,көлге суға түсеміз, көл жағасында көптеген қызықты іс шаралар өтеді. Мұндағы апайлар бізге бәрін үйретеді. «Толағай», "Көңілді старт", "Волейболдан біріншілік" сынды спорттық ойындар ойнадық. Аспазшылар дайындайтын тамақтың дәмі ерекше.

6 сынып оқушысы Нұрмаш Назерке

"Болашақ" лагері- оқушылар үшін ең пайдалы әрі тиімді демалыс орындарының бірі. Менің қыздарым төртінші,бесінші сыныпта оқиды. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, балалардың танымдық деңгейін арттыратын шара жаз мезгілінде он төрт күн бойы төрт ауысым бойынша жұмыс істейді. Мектеп мұғалімдері аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың ұл-қыздарына алаңсыз балалық сыйлауға, жазғы демалысын мазмұнды өткізуіне атсалысады. «Жазғы уақытты тиімді пайдалану мақсатында спорттық, интеллектуалды, мәдени, танымдық сынды сан бағыттағы іс-шаралар мен ойындар жоспарлаймыз» - дейді тәлімгерлер. «Балалар мектептің спорттық алаңында жаттығулар жасайды. Дене шынықтыру мұғалімдері әртүрлі ойындар ұйымдастырып, балалардың тынығуына жағдай жасайды. Сондай-ақ, оқушылар сурет салумен айналысады. Лагерь жұмысына ата-ана менде,қыздарым да риза.

Ата-ана Омаров Болат

Кез келген мектеп оқушысы үшін "Болашақ" лагерінің есігі ашық. Лагерьдегі балғындар күн сайын таңертең шараның ашылу салтанатында мемлекеттік әнұранды шырқайды. Кейін топ жетекшілері демалушыларды спорттық жаттығулар мен ойындар арқылы тынықтырып, қаланың көрікті жерлері және мұражайлармен таныстырады.Жиі көлге барады. Лагерь жоспары бойынша, жеткіншектер балаларға арналған кинофильмдер, спектакльдерді де тамашалай алады. Сондай-ақ, мұндағы оқушылар күнделікті дәруменді тағамдармен бес мезгіл тамақтанады . Лагерьдегі қызықты шаралардың бірі – танымдық-интеллектуалдық ойындар. Мұндай бағыт - жаңа технологиялық, мультимедиялық әдістер арқылы жеткіншектердің шет тілдерін үйренуіне, дүниетанымын кеңейтуге, өзіндік пікір қалыптастыруына көмек береді. «Оқушыларды тың әдіспен қызықтыра оқыту – олардың есінде жақсы сақталады. Бұл жерде білім мен тәрбие егіз демекші, балалар тек қана ойын-сауық емес, тоғыз ай алған білімдерін қайталап, естеріне түсіреді. Көргендерін оқушылар өз шығармаларына арқау етіп, қоштасу кешінде еркін түрде әңгімелеуді үйренеді» - дейді тәрбиеші Тәжікеева Бақытжамал. Мен лагерь жұмысына ризамын .

"Әкелер кеңесі" төрағасы Қапсаламов А.



Біріншіден, кез келген адамның балалық шағындағы ұмытылмас естеліктер - осындай жазғы лагерьлермен де байланысты. Сондықтан балғындар үшін қызыққа толы демалыстың маңызы зор. Екіншіден, жеткіншектер жазғы уақытты дұрыс пайдаланып, ортаға бейімделуді үйренеді. Мұндай демалысты ата-аналардың да қолдайтыны анық. Осы орайда Сыздыкова Жанна ойын былай өрбітеді: «Балалар өз қатарлас құрбыларымен жазғы уақыттарда үйде теледидар немесе компьютер алдында отырғанша, осылай мектеп тарапынан ұйымдастырылып жатқан демалыс лагерьлеріне барып, күнделікті дене шынықтыру сабақтары, ой-өрісін дамыту сабақтары, қаланы аралап, түрлі ойындар мен көлге барғандары өте құптарлық нәрсе деп ойлаймын».

Мектеп психологы Ағнаева Айзада
Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет