«Бекітемін» Мектеп директоры Б. Жанадилов


-кесте. Мектеп оқу үздіктерінің, екпінділерінің санының салыстырмалы кестесі



бет7/39
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#83586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
2020 - 2021 ж Жаңа жоспар
ПСИХОЛОГИЯ АСЕМ, ПСИХОЛОГИЯ АСЕМ
2-кесте. Мектеп оқу үздіктерінің, екпінділерінің санының салыстырмалы кестесі

Оқу жылдары

Оқу үздіктері
1-11 сыныптар
бойынша

Екпінділер
1-11 сыныптар
бойынша

Үздік куәлік иегерлері, негізгі мектеп бойынша

«Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері

2015-2016

40

85

2

-




2016-2017

29

93

-

1




2017-2018

36

111

1

2




2018-2019

44

115

4

-




2020-2021















3.Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қорытындысы
Жалпы оқушылар саны: 12, ҰБТ тапсырғандар саны: 9, мемлекеттік емтихан тапсырғандар: 12, Емтиханнан босатылғаны: жоқ.

Балл

2015-2016

2016-2017

2017-2018

2018-2019

120-140б

-

-

7




90-120 б

1

-

1




80-90 б

7

13

5




50-80 б

6

5

-




50 б төмен

1

1

-




Орта балл

77,5

83,5

101,2




Оқушы саны

23\16

24\22

22\13

12\9


Ұсыныс:

  1. Аталған пәндер бойынша оқушы білімінің сәйкестігін анықтау барысында әкімшілік тақырыптық тексерістер жүйелі жүргізіліп, негізгі пәндерден қиындылар алынып, салыстырмалы сараптамалар жасалсын.

  2. Әр пәннен ай сайын бақылау, тест жұмыстары алынып, сараптама жасап отыру дәстүрге айналсын.

  3. Осы ұсыныстардың орындалуын қадағалау ӘБ жетекшілеріне міндеттелсін.

  4. Қорытынды сараптамалар әкімшілік және оқу ісі орынбасарларының отырыстарында қаралсын.

  5. 4, 9, 11 сыныптардың сынып жетекшілері тестке дайындық жоспарын дайындап, нақты жоспар бойынша жыл бойы дайындық жұмыстары ұйымдастырылсын.

  6. 11 сыныпта тестілеуге енетін пәндерден ҰБТ-ға дайындық жоспары дайындалып, нақты жоспар бойынша жыл бойы дайындық жұмыстары ұйымдастырылсын.

  7. Ай сайын пән бойынша аналитикалық талдау жұмыстары жасалып, қорытындысын шығарылып жұмыс ұйымдастыру пән иелеріне жүктелсін.

  8. Бастауыш және негізгі мектеп, негізгі мектеп пен жоғары мектеп арасындағы сабақтастыққа көп көңіл бөлінсін;

  9. Оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту және тиянақтау жұмыстарын үнемі басшылықта ұстау

  10. Озық іс-тәжірибелерді тарату және тиімді пайдалану.

  1. Қолданбалы және таңдау курстарының жүргізілуі туралы мәлімет

Бағдарлы оқыту жалпы орта білім берудің жоғары сатысында оқушыларды саралау жүйесі ретінде қарастырылды. Бағдарлы оқыту оқушылардың қабілеттіліктерін дамытуға бағдарланған.10АБ, 11АБ сыныптары жаратылыстану-математикалық бағытта, профиль бойынша оқытылады. Осы мақсатта 10,11 сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қолданбалы курста «Математикалық физика», «Жануарлар әлемі», «» сабақтары өтілді.


Таңдау курстарына «Экономика» 5 – 11 – сыныптарда -1 сағат, «Абайтану», «Мұқағалитану», - 1 сағаттан өтілді. 1-4 сыныптарда «Көркем жазуға», «Тіл дамытуға» 1 сағаттан, 2-4 сыныптарда информатика пәнінен 1 сағаттан бөлінді.
Қолданбалы курстар, таңдау курстары сабақтан тыс уақытта арнайы жасалған кесте бойынша жүйелі түрде жүргізіліп отырды. Оқу-әдістемелік кешендері бағдарламасы, сабақ жоспарлары тиісті деңгейде жасалынған.
Жалпы қолданбалы курстардың берілуі қанағаттанарлық.
Қолданбалы курстарды жүргізу барысындағы туған қиыншылықтар:

  1. Баспадан арнайы басылып шыққан оқу-әдістемелік кешендердің болмауы;

  2. Қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құралдардың аздығы;

Ұсыныс:

  1. Қолданбалы және таңдау курстарын жүргізетін мұғалімдер өз курстары бойынша оқу-әдістемелік кешендерін, сабақ жоспарларын, бағдарламаларын баспадан басылып шығарылуын қамтамасыз ету.

Мектепте 2018–2019 оқу жылындағы атқарылған әдістемелік жұмыстардың есебі
Ұстаздың басты міндеті жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау . Білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.
Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің жолдауында «Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аудару» керектігін баса айтқан. Заман талабына сай оқыту процесі білім алушылардың функционалдық сауаттылығын және
кең спектрлі дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Мектептің педагогикалық ұжымы ҚР Конститутциясының 30 бабын, «Білім туралы Заңын», Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын , Мемлекеттік білім стандарт талаптарын,ҚР білім және ғылым министрлігінің облыстық, аудандық білім саласын дамыту туралы шешімдері мен бұйрықтарын, нұсқаулықтарын басшылыққа алып жұмыс жүргізуде



  1. Жалпы мәлімет

Мектепте 228 оқушыға 40 мұғалім сабақ беріп, 1 ауысымда жұмыс істейді.
Мектебіміздегі 6 әдістемелік пән бірлестігінде – 34 жоғары білімді, 6 арнаулы орта білімді мұғалімдер қызмет атқарып жүр. Ұстаздарымыздың 9-ның біліктілігі жоғары, 7-ы бірінші санатты және 15-і екінші санатты, санатсызы -6;
қалыптастыру» тақырыбын басшылыққа алып еңбек етуде.


Мақсаты: Педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану арқылы нәтижеге бағдарланған білім беруде мұғалім мен оқушылардың шығармашылық іс – әрекетін қалыптастыру және соған сәйкес жұмыс ұйымдастыру


Міндеттер:
1. Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес оқытудың сапасын арттыру.
2. Оқытудың сапасын байқау үшін тестік тапсырмалар жасау, қорытынды емтиханға даярлау.
3.Оқу процесінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияны зерделеу және қолдану.
4. Озық іс-тәжірибелерді тарату және насихаттау .
5. Жас мамандардың кәсіптік шеберлігін арттыру.
6. Оқу-тәрбие үрдісіне диагностикалық талдау жүргізу
7. Дарынды және нашар оқитын оқушылармен жұмысты ұйымдастыру.
8. ОҒҚ қоғамының жұмысын, шығармашылық топтардың жұмысын жақсарту.
9. Халықтық педагогика негізінде өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу.
10. Кешенді ҰБТ-ға өзін-өзі танитын әр оқушының қабілетін ояту, өзін-өзі басқаруға жетелеу, жоғары оқу орындарымен байланыс жасау.

Әдістемелік кеңес тақырыбы:






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет