Бекітемін Мектеп директоры: Д. Е. Самбетова



бет14/36
Дата06.02.2022
өлшемі140,29 Kb.
#79674
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
Шанханай НМ 2019-2020 годовой план школы
1 наурыз алғыс айту күні, Самал устаз куни, ТАРБИЕ ЖОСПАРЫ С,.ӨМИРХАН 2018-2019, ТАРБИЕ ЖОСПАРЫ С,.ӨМИРХАН 2018-2019, ТАРБИЕ ЖОСПАРЫ С,.ӨМИРХАН 2018-2019, дарынды балалармен жумыс жоспар, Дарынды оку жоспары, 9 сынып ктж. қмж, өзін өзі тану, жоспар, Ашық сабақ Отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
Тәрбие жұмысының мақсаты: «Өскелең ұрпақты демократиялық қоғамға бейім, адамгершілік құндылықтары жоғары, ұлтжанды, патриот бәсекеге қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптастыру».
Шанханай негізгі мектебінде тәрбиенің кешенді бағдарламасын орындау мақсатында 2019-2020 оқу жылының басында сынып жетекшілер бірлестігінің отырысында тәрбие жоспарының жаңа үлгісі жасалынып, әр сынып жетекші 8 бағыт бойынша іс-шара жоспарын жасады.
Оқу жылының басында тәрбие жұмысын өз деңгейінде ұйымдастыру мақсатында «Құқықтық», «Қайырымдылық», «Ұлдар» және «Қыздар», «Эстетикалық» кеңестері, «Полицияның жас достары» бірлестігі, 8 бағыт бойынша жылдық жұмыс жоспарлары жасалынып, бекітілді.
1 қыркүйек күні мектепішілік техника және еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру туралы ҚР-ның «Еңбек туралы», «Еңбекті ұйымдастыру және оны қорғау» заңдарының 103-104 бағыттарын орындау мақсатында мектеп алды даярлық тобы тәрбиешілері, бастауыш сынып, химия, физика, биология, информатика, технология, АӘД, дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдеріне техника қауіпсіздігі журналдары жүргізіліп, барлық сыныптардағы оқушылар техника қауіпсіздігі туралы нұсқаулармен таныстырылып, қолдары қойылып, міндеттері түсіндірілді.
Сабақ үрдісінде және каникул кезінде жол көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын алу мақсатында сынып жетекшілер ата-аналармен, оқушылармен жұмыстар жүргізді. Қыркүйек айында оқушылардың жолда жүру ережесін сақтауы және жарақаттың алдын алу мақсатында мектептің ішкі тәртібі № 04-03.01.09.19 және оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен жарақат алуының алдын алу үшін № 05-03.01.09.9 бұйрық шығарылып, дайындық тобы мен 1-9 сынып оқушылар мен ата-аналары жалпымектептік ата-аналар жиналысында «Оқушылардың өмірінің қауіпсіздігін сақтау және олардың жарақат алуының алдын алу туралы» мектеп директорының бұйрығымен ата-аналар таныстырылды және әр ата-анадан жеке қол хаттар алынып, келісім-шартқа отырды. Мектеп оқушылдарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында 1,2,7,9, мамыр мерекесі қарсаңында № 188-03 28.04.2019 ж., мектеп бойынша дайындық тобы мен 1-9 сынып оқушылары мен мектеп ұжымы арасында «Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынамамен таныстыру» бойынша №211-03 06.05.2018ж бұйрықтар шығарылып, оқушылардың өмірін қауіпсіздендіру ережелерімен ата-аналар, оқушылар таныстырылып, қол қойғызылды.
Оқушыларды жол көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын-алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша «Жолда жүру ережелерін» оқытуға байланысты жұмыс жоспары белгіленіп, мектеп директорымен бекітілді. Қыркүйек айында техника жүргізуге бейімі бар оқушылардан «Жас инспекторлар» тобы құрылды. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты топтағы оқушыларға көше тәртібі ережесін үйрету, әрі осы ережені қатаң сақтауды насихаттау болды.
Қазақстандық патриоттық және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбиесі бойынша оқушыларды патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікке тәрбиелеу мақсатында мектепте арнайы «Полицияның жас достары» бірлестігі, «Жас өрт сөндірушілер» бірлестігі, «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» бұйрығы шығарылып және «Құқықтық» кеңес құрылып, жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет