«Бекітемін» Мектеп директорының міндетін атқарушы: байтасова Ұ. Б


АСТАНА ҚАЛАСЫ №34 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 2009-2010 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ



бет3/6
Дата20.06.2018
өлшемі0,84 Mb.
#44076
1   2   3   4   5   6

АСТАНА ҚАЛАСЫ №34 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 2009-2010 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ


Мектептегі тәрбие үрдісі- Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің кешенді бағдарламасы мен «МЕН - АСТАНАЛЫҚПЫН» Астана қаласының білім ұйымдарында балалармен, мектеп оқушыларымен және жастармен тәрбие жұмысының 2009-2010 жылдарға арналған кешенді бағдарламасына негізделе құрылған жоспар бойынша жургізіледі. Оқу жылының басында 2009-2010 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылып, бекітілді.

МАҚСАТЫ: Ұлы ғалым Әбу насыр Әл-фараби «Адамға ең бірінші – білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас-жауы. Ал келешекте оның барлық өмірін апат етеді» -деген екен. Астана қаласы №34 мектеп ұжымының негізгі мақсатарының бірі ол – жас ұрпақ бойында еліне, туған жеріне деген патриоттық сезім, ұлттық игіліктермен мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, әлеуметтік өмірге бейімделген өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысында жауапты шешімдер қабылдай алатын, дені сау, рухани бай, мәдениетті тұлға қалыптастыру болып табылады.

2009-2010 оқу жылы Алғашқы қоңырау «Білім күні» мерекесімен басталып, Салтанатты мерекеге Білім басқармасының бас маманы Арғынбекова Б.М және ата-аналар қатысып құттықтау сөз сөйледі. Барлық сыныптарда «Менің - Қазақстаным-менің болашағымын» атты тақырыпта жоба сағаттары өткізілді.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ТӘРБИЕЛЕУ. АЗАМАТТЫҚ БІЛІМ бағыты бойынша «Азаматтық қорғаныс күні», Тілдер мерекесіне байланысты барлық сыныпта «Ана тілі - ардағым» атты тәрбие сағаттары өткізіліп, 18 қыркүйек күні мектеп мәжіліс залында «Алаш тағлымдары» атты халқымыздың белгілі жыршы Әсенов Даниал Сабырұлымен кездесу өтті.

Қазан айында Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын ұйымдастырылып, 1-сынып оқушыларын «Балдырған», 5-сынып оқушыларын «Мұрагер» тобына қабылданып, мектеп президетін сайлады. «Сыбайлас жемқорлыққа- жол жоқ» атты мектепте айлық аясында «Ата-аналармендан заңсыз ақша жинауға тиым салу» бұйрықпен ұжым таныстырылып, «Сенім телефоны,сенім жәшігі» жыл бойына қамтамасыз етілді. 5-11сыныптарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- ортақ іс» атты сынып сағатттары өткізілді. Мектепішілік «Адамдық борышың» атты Шәкәрім мұраларын жатқа оқу байқауында 8 «а» сынып оқушысы Шаймерденова Аңсаған бас жүлде алып, қалалық сайысқа қатысып, лауреат атанды. Жыл бойына мектепте “Қамқорлық” акциясы ұйымдастырылды. Апталық сап түзеуде ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан- дамуға» жолдауын Мектеп президенті, 9 «в» сынып оқушысы Бибігүл оқушыларға оқып, таныстырды.



Мектепте әр аптаның бірінші күні І-ІІ ауысымда сап түзу өткізіліп, Қазақстан Республикасының Гимны орындалып отырады. Желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік сап түзу және 1-11 сыныптарда “Сызы қалды жүректі шымырлатып..., ашық тәрбие сағаттары, көрме өткізілді.
5-7 сыныптар арасында атты денешыныктыру мұғалімі ЕлубаевА. Марат Жандарбек ұйымдастыруымен “ Ар-намысым желтоқсан ”пионер болудан жарыс өткізілді.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай «Төрле Жеңістің 65-ші көктемі!» атты тақырыпта жоспар жүзеге асырылды. Мектепке кіреберіс фаеге «Жас жігер» ұйымы атынан шығарылған үлкен «Төрле жеңістің 65-ші көктемі » атты тақырыпта мерекелік қабырға газеті ілінді. Ақпаннан бастап дүйсенбілік лездемеде әр сынып Ұлы отан соғысы туралы мағлұмат беріп, қойылымдар қояды. 5-11 сынып оқушылары арасында салтанатты сап түзеулер өткізілді.Ұлы Жеңістің 65-жылдығына «Ерлікке тағзым» кітапханада бұрыш ұйымдастырылды.Б. Момышұлының туғанына 100 жыл толуына орай 10-11 сыныптарда ерлік сағаттары өткізілді. Қазақтың батыр қыздары «Шығыстың қос шынары» Әлия мен Мәншүктің ерліктерін еске алу кештері өтті.

Жыл бойы «Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президентінің мұражайына бару мектебімізде дұрыс жолға қойылған.

«Өз елі өз ерлерін ескермесе» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында дебат өткізілді. “Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!” атты соғыс ардагері Айтжанов Құрмантай атамен кездесу өткізілді. «Тарихтағы өзекті деректер» атты Ауған соғыс ардагері Насымбаев Рамазан ағаймен 5а сыныбында өткен кездесудің маңызы зор. 5 «ә», «б» сыныптардың “Соғыс балалары” атты кездесуге келген аналары сұрапыл жылдардың шежіресімен бөлісті. 7 «б» сынып оқушылары соғыс ардагері Аматов Хаматхан Сұлтанұлының жанұясында болып отты жылдардан естеліктер жазып алды. 5 б сынып оқушылары соғыс ардагері Мусин Сарсембай атамен кездесті.


9«а» сынып оқушылары соғыс ардагері Кисилев Иван Семеновичтың соғыс пен жеңіс туралы айтқан әңгімелері оқушыларға патриоттық рух берді. 5-7 сынып оқушылары арасында “Отты жылдар-оқушылар көзімен”атты шығармашыл оқушылардың сурет сайысы өтті.

”Жеңіс әні” саптық ән байқауында “Жас сарбаздар” тобы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі АӘД пәнінің мұғалімі Қарақұлов Е.М.



ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ

2009 жылдың 16 қарашасы күні «Құқығыңды қорғау- өзіңді қорғау!» апталығының ашылуы өткізілді.

«Бала құқықтары Конвенциясымен таныстыру» мақсатында ашық тәрбие сағаттарын өткізілді.

Мектеп ішінде «Жас полиция инспекторлар» тобы құрылған.

«Құқық бұзушылықтың алдын алу тобының жұмысын ұйымдастыру мектептің әлеуметтік педагог Секерова Г.Е жүргізді. Жыл бойына он профилактикалық кеңестің отырысы өткізілді. Нәтижесінде кәмелетке жасы толмағандар ісі бойынша топ өкілдерімен «Құқық бұзушылық қайдан басталады?» тренинг, «Мен және менің отбасым» суреттер байқауы, Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері( Дебат) өткізілді. «Жас полиция инспекторлар тобының» жұмысын мектеп полиция инспекторы Абдразақова Р.Е жүргізеді.Мектеп оқушыларының техникалық өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында 1-10 сыныптар арасында «Сақтан жас дос!», «Төтенше жағдайлар», «Жол ережесін білейік , аман—есен жүрейік», «Өрт тілсіз жау»атты атаулы күндер өткізілді.

Мектеп оқушылары «Жас жол журу инспекторлары» қалалық сайыстарға үзбей қатысып отырады.


15.04-15.05 аралығында кәмілетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілетін «Балалар-біздің болашағымыз!» атты тәрбие сағаттары өтілді.. «Құқығыңды қорғау- өзіңді қорғау!» апталық аясында көптеген іс шаралар өткізілді. «Бала құқықтары туралы конвенцияны білемез бе?» атты тақырыпта Бала құқығын қорғау департаменті маманы Аяпбергенова Н. қатысуымен дебат өткізілді. 2010 жылдың 16 сәуір күні Балалардың құқығын қорғау бөлімінің мамандарыының қатысуымен «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала құқығы туралы » тақырыбында тренинг өткізілді.
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН САҚТАУ

«Қазақстан – 2030» стратегиясында біздің азаматтардың, оның ішінде жастардың, салауатты өмір салтын сақтауларына үлкен көңіл бөлінеді, себебі ұлттың денсаулығы жастардың қолында. Мемлекеттің бұл мақсатты іске асырудағы стратегиясы келесі: аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.



“Денсаулық” бағдарламасын жасау және жүзеге асыру мақсатында мектепте «Денсаулық – зор байлық» атты денсаулық күні өткізілді.. Қалалық мұғалімдердің спорттық жарыстарына мектеп мұғалімдері белсене қатысты. 7-қазанда Білім басқармасынан жасы кәмілетке толмаған балалардың құқығын қорғау бөлімінің бас мамандарымен кездесуге М.Ж.Абдулхалық «АҚТҚ»орталығының дәрігері, эпидолг. көмекшісі: Мауленбергенова С.Р. қатысты.СӨС ынталандыру арқылы біздің оқушылар спортпен айналысады, дұрыс тамақтанады, гигиена мен санитария шараларын сақтайды, ЖИТС орталығы мамандарымен, нарколог дәрігерлермен кездесу ұйымдастырылды.
СӨС бойынша ақпараттық жұмыс жүргізіліп, санбюллетеньдер, стенгазеттер, плакаттар шығарылады. Жыл бойы жұқпалы «тұмау» ауруына байланысты профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып диктанттар алынды. 25-қараша «А/Н1N1» тұмауына байланысты мектепте ата –аналар жиналыс өтіліп, ата-аналарға тұмау ауруының алдын-алу жұмыстары және балаларын тұмаудын қорғау туралы мектебіміздің медбикесі «Еліміздің болашағы –дені сау ұрпақ қолында» атты тақырыпта баяндама оқып, барлық сыныптарда санпост ұйымы жұмыс жүргізді.

«Туберкулез тұқым қуалайтын ауру түріне жатады,жатпайды» атты дебат, «Туберкулезге қарсы күрес күнін және туберкулездің алдын алу», шаралары бойынша қабырға газеттерін өткізді.

Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жетістіктеріміздің бірі – оқушыларымыздың қалалық, республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болуы. Мектеп оқушылары каратэ, күрес, бокс, волейбол, баскетбол үйірмелеріне белсене қатысады және үлкен жетістіктерге жетуде.

Қалалық «Еркін күрес» жарысында І, ІІ орындар. Бапкер: Елубаев Е.І.

Халықаралық «Каратэ» жарысынан мектеп командасы І орын.

Республикалық «Бокс» жарысынан І, ІІ орын.



«Біз таза қаланы қолдаймыз» атты айлық жұмыс жоспары құрылып, 23 –ші сәуір күні «Тазалық – денсаулық кепілі» атты тақырыпта сынып сағаттары,

«Ең таза сынып» байқауы ай сайын шығарылып таза сыныптар марапатталып отырды. Жерді қопсыту, ақтау,қоқыс жинау,жерді ағаштарды түптеу, ақтау, асфальт сыпыру, бардюр ақтау жұмыстарын оқушылар қызыға жүргізді.



«Астана есірткісіз қала » атты үгіт насихат тобы жұмыс жасайды. Жетекшісі: Сағындыкова Мадина. «Наркопост» белсенділері сайланып, әңгіме, пікір –талас, дебат, диспут т.б. жұмыстар жүргізілді. H1N1 тұмауына қарсы оқушылармен әңгіме жүргізіліп, диктант алынып, сыныпта сан пост құрылып жұмыс істеуге кірісу керек екендігі түсіндірілді.

РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК, ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

Рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиеге көп көңіл бөлінеді. Бірінші оқу сабақтарында оқушылардың қызығушылықтары мен ұстанымдарын анықтайтын сауалнамалар жүргізілді.

Мектепте ұйымдастырылған. Мектеп бойынша «Армысың, күзгі бал!» кеші қызықты әсерлі өтіп, 5-11 сыныптақатысты. Түрлі номинациялар бойынша орындар болды.І ауысымдағы бас жүлдені 8 “В” сынып жеңіп алды, қалған ныптар әр номинация бойынша Қазанның 16-сы күні 2-10 сынып оқушылар арасында «NEWSTAR» байқауы өткізілді.

Ұлттық Дельфийлік бағдарламасы бойынша ІV қалалық «Шаттық» байқауында «Дәстүрлі ән айту» номинациясы бойынша қола жүлде, Тілдерді қолдау мен дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған қалалық бағдарламасы аясында қала мектептері арасында өткізіліп отырған «Таза мінсіз асыл тас..» атты жыршылар байқауына 3-орын, «Күмбірлеген домбыра үні» атты байқауға мектептен 8-сынып оқушысы Шымат Бек ІІ -орын алды.

Жетекшісі: Жаманқараева Г.К. Ұлттық Дельфийлік бағдарламасы бойынша ІV қалалық «Шаттық» байқауында «Хор» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Рсаева А.

Оқушылар бойына биыл 100 жыл аталып өтілген отырған 8 наурыз мейрамын құрметтеу; қастерлеу сезімін дамыту мақсатында «Қасымда болсын мамам» атты сурет пәнінің мұғалімі Г.Қожабекова көрме ұйымдастырып, үздік жасалған туындыға сыйлықтар беріліп, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Барлық сыныптарда «Ардақтайық ананы» тәрбие сағаттары өткізіліп, әр бала аналарына өз сыйлықтарын ұсынды.

Т «Кішкентай ару» байқауы, «Анама хат» шығарма жазу, «Бәрінен де сен сұлу» байқауы, «Сәнді киіне білемізбе ?» өткізілді.

Ұлттық тәлім-тәрбие берудің ұрпақ тәрбиесінде алатын орны зор. Ұлттық тәрбие беруде Наурыз мерекесінің тойлануы ерекше есте қаларлықтай атап өтілді. Әр сынып бір-бір ауыл атанып, олардың ұлттық киім үлгілерін, тағам түрлерін дайындап, ұлттық салт-дәстүрлерді тамашалайды.




АТА-АНАМЕН БАЙЛАНЫС,ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
«Отбасы және мектеп ;білім кеңістігіндегі қарым қатынас» тақырыбындағы Астана қалалық ата-аналар форумына қатысушы Өнерлі отбасы 9 «А» сыныптан Омаровтар жанұясы. Дебатқа қатысушы 1«Ә»сынып оқушысы Бейсенбеков Әділдің әкесі Бейсенбеков Марат Серікұлы қатысты. Мектепте жалпы ата-аналар жиналысы әр тоқсан сайын өтіледі. Ата-аналардың қатысуымен «Менің жанұям – менің қорғаным», «Әкеге қарап ұл өсер!», әкелер кеңесі, «Толағай» отбасылық сайысы, «Әкем, шешем және мен дәстүрлі эстафетасы т.б.» сайыстар жүргізу жұмысы назардан қалған емес.Наурыз мерекесін тойлауда мектебіміздің ата-аналары өте белсене қатысты.Ұлттық өнерді, ұлттық нақышты жас өспірімдердің бойына сіңіруде ата-ананың қосатын үлесі зор.

Мектеп ұжымының ата-аналармен жұмысты одан әрі күшейту жұмысы назардан қалған емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет