«Бекітемін» Мектеп директорының міндетін атқарушы: байтасова Ұ. Б


Соңғы бес жылдағы педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы



бет2/6
Дата20.06.2018
өлшемі0,84 Mb.
#44076
1   2   3   4   5   6

Соңғы бес жылдағы педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы





жылдар

Жалпы мұғалімдер саны

келді

кетті

Санаты

Білімі

Санатын көтерген мұғалімдер

жоғары

І

ІІ

Санаты

жоқ


жоғары

Арн.

орта


орта

жоғары

І

ІІ

2005-2006

43

21

19

3

11

14

15

33

10

-

2

4

6

2006-2007

41

24

23

3

10

13

15

31

10

-

1+2

2

2

2007-2008

43

13

8

4

11

18

10

35

8

-

-

5

1

2008-2009

50

14

7

5

11

16

18

42

8

-

1

-

1

2009-2010

49







7

15

18




41

8

-

1

2

2

Педагогикалық кеңесте «Жобалау әдісі» технологиясы тренинг, «Ақпараттық технологиялардың білім кеңістігінде алатын орны», «Мұғалім беделі» дөңгелек стол, «Жобалау технологиясы бойынша оқушылармен жұмысты ұйымдастыру» атты семинар өткізіліп, мұғалімдердің ізденіс жұмыстары, пікірлері тыңдалып отырылды. Сонымен бірге «Өзін-өзі тану» пәнін оқу жоспарына енгізу шараларын іске асыру мақсатында орындалатын іс-шаралар және ҚР президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

Әдістемелік кеңесте оқу бағдарламасының орындалуы, әдістемелік кеңестің тоқсан бойынша жұмыс нәтижелері, мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін көтеру жағдайы, өзін-өзі жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің, аттестация өтіп жатқан мұғалімдердің есебі тыңдалып отырылды.

Соңғы кезде оқытудың әртүрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп тәжірбиесіне енгізілуде. Биылғы оқу жылында мектеп ұжымымен үйрету семинарлары, дөңгелек стол, тренингтер өткізіліп, «Жобалау технологиясын» іс-тәжірбиеге енгіздік. Нәтижесінде 2010 жылдың 19 мамырында «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының бірлескен жоспары бойынша «Оқушылардың жобалау технологиясы бойынша іс-әрекеті» атты қалалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Бұл конференцияда жобалау технологиясын пайдалана отырып, жобаның топтасуына қарай зерттеу жобасы, ақпараттық жоба, шығармашылық жоба және рөлдік жоба секцияларында мұғалімдердің шығармашылық топтарының жұмысының тұсау кесері, нәтижесі көрсетілді.

Конференцияға қалалық Білім басқармасының бастығы А.Т.Бимендина, Білім басқармасының бастығының орынбасары А.Д.Қоржықова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.А.Мұсабекова және қала мектептерінен директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Конференцияның практикалық бөлімінде оқушылардың секциялар бойынша жобалардың тұсау кесері болды. Рөлдік жобалар секциясында «Тарихты жырлайды домбыра» тақырыбында зерттелген жұмыста қазақтың қара домбырасының құрылысын, жасалу жолын, қазақ өміріндегі ерекшелігін зерттей отырып, домбыра аспабының тарихи маңыздылығын дәлелдеді;

Нәтижесінде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арнап «Жеңіске тарту» күйі шығарылды.

«Махаббат- поэзияның мәңгілік алауы» атта жылдық жобада оқушыларды поэзияны сүюге баулу, шығарманы рольдік орындау арқылы олардың ақындық қабілеттерін ашу, шығармашылық шеберліктерін шыңдау мақсаты ескерілді.

Нәтижесінде: Оқушылар туындылары енгізілген жыр жинағы ұсынылды.

«Балдырлардың адам өміріндегі маңызы» деген зерттеу жобасын қорғаған 2 сынып орқушысы Даулетова Алсудың жұмысында балдыр – табиғат дүниесінің әлі күнге дейін құпиясы шешілмеген су астындағы байлығы екендігі, балдырларды дұрыс пайдалану арқылы көптеген өзекті мәселелерді шешуге болатындығы, олардың ішінде халықты тамақпен қамтамасыз етуге көмектесу, ауыл шаруашылығы үшін қосымша жем – шөппен дәруменді заттармен қамтамасыз ету, ағын сулардың тазалығын шешу, медицинада дәрі – дәрмектерді алуға болатындығын дәлелдеді..

Ақпараттық жобалар екі секцияда 15 жоба тыңдалды.

«№34 орта мектеп моделі» атты ақпараттық жобасын жасаудағы жоспарланған түпкі нәтиже-тұтынушылар: мектеп директоры, оқушылар және ата-аналардың тілектерін, армандарын ескере отырып, сәулетшімен келісе отырып заман талабына сай мектеп макетін жасап оны тұтынушылар алдында қорғай білді.

Осы жобадағы қызықты және өзекті ойларды ескеріп, оқушылар болашақ мектептің әнұранын жазып шығарды.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерекесіне орай «Ардагерге мың алғыс!» атты ақпараттық

телехабар ұйымдастырылды.

«Астана аймағындағы нысаналарға байланысты деңгейлі есептер құрастыру» тақырыбында жазылған шығармашылық жоба дайындау барысында оқушылар көркейіп өсіп келе жатқан жас Астанамыздың ғажайып нысаналарын зерттеп, аймақтық нысаналардың нақты өлшемдерін, нақты деректерін, статистикалық деректерін пайдалана отырып, деңгейлі есептер құрастырып, шешу жолдарын көрсетті. Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдай отырып, бір-бірінің ойларын жалғастырып отырды. Тыңдалған жобалардың нәтижесі кітап, жаңа мектеп моделі, көрме, журнал, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арнап «Жеңіске тарту» күйі және оқушылар туындылары енгізілген жыр жинағы түрінде шықты.

Конференция соңында өткізілген жұмыстардың қорытындысы талқыланып, қатысушы директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары және Білім басқармасының бастығының орынбасары А.Д.Қоржықова өз пікірлерін ортаға салып, «Оқушылардың жобалау технологиясы бойынша іс-әрекеті» атты ғылыми-практикалық конференцияны өте жоғары деңгейде өтті деп бағалады. Мектебімізде жүргізіліп жатқан жобалар әлі де жалғасын табады.

«Жобалау технологиясы бойынша оқушылармен жұмысты ұйымдастыру» атты кітап шығарылып, келген қонақтарға таратылды. Онда «Жобалау технологиясы» дегеніміз не?, жобалау әдісінің тарихынан, жобалау әдісінің талабы, оқыту жобасын топтастыру, жобаның шығу нәтижесі, жобаларды таныстыру түрлері туралы және мектепте жүргізіліп жатқан жобалардың мысалдары көрсетілді.

Конференция соңында өткізілген жұмыстардың қорытындысы талқыланып, қатысушы директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары және Білім басқармасының бастығының орынбасары А.Д.Қоржықова өз пікірлерін ортаға салып, «Оқушылардың жобалау технологиясы бойынша іс-әрекеті» атты ғылыми-практикалық конференцияны

Астана қалалық білім жетілдіру институтында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 6 мұғалім, 2 мұғалім «Экономика негіздері және қаржы сауаттылығы» және 1 мұғалім «Озық педагогикалық тәжірбиені қорыту және тарату теориясы мен тәжірбиесі» атты курстан біліктілігін арттырды. 1 мұғалім «Сын тұрғысынан ойлау» жобасы бойынша курсты бітірді, ал 5 мұғалім ІІ курсын бітірді. Осы оқу жылында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Д.Мұстафина біліктілігін жоғары санатқа көтерді. Ұлы Отан соғысы –менің жанұямның тағдырында» атты шығармалар байқауынан 9 «А» сынып оқушысы Қабиден Жанболат ІІ орын. Мұғалімі А.Т.Тойғанбаева. «Менің атам-майдангер» атты шығармалар байқауы 6 «Ә» сынып оқушысы Амангелді Айнұр мен 9 «А» сынып оқушысы Ахмедиянова Жұлдыз мақтау қағазымен марапатталып, «Астана ақшамы» газетіне жарияланды. Мұғалімдері А.Т. Тойғанбаева мен Н.Н. Қасымова.

Бастауыш сынып мұғалімі Байбосынова Асель Валиевна біліктілігі орта деңгейдегі бастауыш сынып мұғалімі біліктілігін және орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Дауытова Жанбике Шариповна біліктілігі жоғары деңгейдегі І санатты орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі біліктілігін алды. Мектепішілік аттестациядан өткен мұғалімдер Е.М.Қарақұлов пен Г.М.Аманбаеваларға екінші санат беріліп, өз біліктілігін көтерді.

Қазақ тілі мен әдебиет ӘБ бойынша Мұстафина Дариға біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мұғалімі біліктілігін қорғады. Білім жетілдіру институтында «Дәстүрлі емес сабақ түрін оқыту» тақырыбында озық іс-тәжірбиесі қорғалып, үздік бағаға ие болды. Астана қаласы Білім беру жүйесінде кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ғылыми кеңесінде «ШӘКӘРІМТАНУ» факультативтік курстың бағдарламасы ұсынылып, бағдарламаны қала көлемінде ұсынуға болады деген шешім шығарылды. Хаттама №5 05.05.2010 ж.

А.В.Байбусинова «Ана тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту», Ж.Ш.Даутованың «Комбинированная система обучения» тақырыбындағы озық тәжірбиелері Білім басқармасының әдістемелік кабинетіне өткізіліп, қорғалды.
Музыка пәні мұғалімі А.М.Рсаеваның «Музыка сабағындағы пәнаралық байланыстың маңызы» тақырыбында озық іс-тәжірбиесі жинақталып, мұғалімнің жаңаша ізденістегі шығармашылық озық іс-тәжірибесін насихаттай отырып, кәсіби-әдістемелік шеберлігін дамытуға ықпал жасау, мектептегі тәрбие жүйесін ұйымдастыру сапасын жақсарту мақсатында мектепішілік семинар ұйымдастырылып, «Абай Құнанбаев» тақырыбында 5 «ә» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында топпен жұмыс, оқушылардың өз-өзін бағалау, сурет салу әдістері қолданылды. Мұғалім сабақты түрлендіріп өткізе білді. Сабақ барысында пәнаралық (тарих, әдебиет, бейнелеу) пәндерімен байланыс болды. Сабақ барысында қазақ ән өнері, дәстүрлік ән өнері, дәстүрлі әншілік мектептер, дәстүрлі ән өнерінің сазгерлерін айта отырып, Абайдың музыкадағы орны, тарихтағы орны, Абайдың әдебиеттегі орны және Абай әндерінің мазмұны мен әуенінің үйлесімдігі туралы айтылды. Абай өлеңдерінің мазмұны мен әндерінің мазмұнын салыстыра отырып, Абай әндерінің тақырыптарынан (табиғат, үлгі-өнеге, сыншыл, махаббат, аударма) мысалдар келтірілді. Абайдың «Көзімнің қарасы» және Біржанның «Жамбас сипар» әндері үнтаспадан қойылып, Абай әнінің дәстүрлі әннен ерекшелігі, яғни, батыс елінің ән өнеріне ұйқастығы жаңашылдығы талқыланды. «Абай» киносынан «Көзімнің қарасы» әнінің алғашқы нұсқасы теледидардан көрсетілді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні а kappella түрінде екі дауыста орындалып, оқушылар музыка сауаты бойынша а kappella, канон атты жаңа сөздермен танысты. «Желсіз түнде жарық ай» әнін оқушылар сурет салу арқылы бейнеледі. Абайдың үлгі-өнеге әндерінің бірі «Сегіз аяқ» домбыра аспабымен мұғалімнің орындауында орындалды. Сабақ жоғары деңгейде өтті. 5 «а» сынып оқушыларымен «Тарихтағы деректі өзектер» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мұғалім оқушылармен «тарих» сөзінің мағынасын аша отырып, оқушыларды сабақтың тақырыбының өзектілі, сабақтың мақсатымен таныстырып өтті. Ауған соғысы туралы деректер оқылып, қазіргі таңда бұл соғыстың өзектілігі, Ауған соғысы ардагерлерінің жағдайы туралы мағлұматтар айтылып, Ауған соғысы, ардагерлері туралы деректі фильм көрсетілді. Оқушыларға үлгі ретінде 5 «А» сыныптың ата-анасы Ауған соғысы ардагері Тілеужанов Бақытжан Серікұлымен сұхбаттасты. Оқушылар ардагерге өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптар алынды. Насымбаев Жандос өзінің ардагер әкесі туралы оқушыларға баяндап берді. Сабақ барысында ауған соғысы туралы ән айтылды, көрініс қойылды, оқушылар өздерінің шығарған өлеңдерін оқыды. Соңында Р.А.Мәлікқызының «Музыка сабағындағы пәнаралық байланыстың маңызы» тақырыбында шығармашылық есебі тыңдалып, мұғалімдер сұрақтар қойып өзара пікір алмасты.

Мектепішілік жоспарланған барлық іс –шаралар өтілді. «Тәлімгерлер» апталығы, «Жаңа келген ұстаздар», «Жас мамандар» апталығы, барлық бірлестіктерде пән айлықтары өтілді.

Мектепте барлығы 4 жас маман жұмыс атқаруда. Оларға жыл басында тәлімгерлер сайланып, жоспарлы түрде көмек көрсетіліп тұрды. «Жас мамандар» апталығында, бұл мұғалімдер ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізіп, өздерінің шығармашылық деңгейлерін көрсетті.

Жоспарлы түрде пән айлықтары өткізіліп, мұғалімдер ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізіп, олардың қорытындысы директор жанындағы отырыста қаралды.

Қазақстан халқы тілдері фестевалдары аясында өтетін «Мемлекттік тіл-өркениеттің белгісі» және «Алаш тағылымдары» атты іс - шараларға жоспар құрылып, 22 тамыз бен 22 қыркүйек аралығында «Мемлекеттік тіл-өркениеттің белгісі атты іс – шара өтті. 22 тамызда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Т.Тойғанбаева «Мемлекеттік тіл –өркениеттің белгісі» атты баяндама жасап, мұғалімдер мен сынып жетекшілерге айлық іс-шараның жоспарымен таныстырды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мұстафина, Дауытова Ж.Ш , Сағындықова Д.А. тілге байланысты өлеңдер оқыды. Жас маман Садвакасов Олжас «Тіл мен Рух» әнін орындады. «Тілім менің тірлігім тынысым. Тілім менің таусылмайтын ырысым» атты қабырға газеттерін шығару байқауы өтті. Байқау жеңімпазы 10 сынып болып табылды. Сонымен қатар мектеп кітапханасында Анаргүл Торғаева «Тіл-тәрбие бастауы» атты кітапхана көрмесі ұйымдастырды. Садвакасов Олжас « Сөз мерген» атты 9-11 сынып оқушылары арасында мақал-мәтелдер сайысын, ХХІ ғасыр көшбасшысы» 6 сыныптар арасында интелектуалдық ойын, «Өзге тілдің бәрін біл,өз тілінді құрметте» атты 5-11 сыныптар арасында ақындардың шығармаларынан көркем сөз сайыстарын өткізді.

Ал Мустафина Дариға «Ұлттық ойындар» сайысын өткізіп, Республикалық кітапханамен біріге жұмыс істеп, Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы бойынша конференцияға оқушыларды қатыстырып, құнды пікірлер айтып, өз өнерлерін көрсеткен 8 сынып оқушылары мақтау қағазымен оралды. Нұр Отан партиясы ұйымдастырған «Туған елімнің табиғаты» атты шығармалар сайысынан Жүнісова Әмина дәріс беретін 6 «Б» сынып оқушысы ІІ орынды иеленді. 11 сынып оқушылары арасындағы «Ана тілім, күмбірле сарайымда» атты шығармалар сайысын және «Жырлайды жүрек» атты жас ақындар сайысын Тойғанбаева Айдын өткізді. Ұлы Отан соғысы –менің жанұямның тағдырында» атты шығармалар байқауынан 9 «А» сынып оқушысы Қабиден Жанболат ІІ орын. Мұғалімі А.Т.Тойғанбаева. «Менің атам-майдангер» атты шығармалар байқауы 6 «Ә» сынып оқушысы Амангелді Айнұр мен 9 «А» сынып оқушысы Ахмедиянова Жұлдыз мақтау қағазымен марапатталып, «Астана ақшамы» газетіне жарияланды. Мұғалімдері А.Т. Тойғанбаева мен Н.Н. Қасымова.



Тарих әдістемелік бірлестігінің мүшелерінің ұйымдастыруымен өткізілген «Менің елім-Нұр сәулелі Қазақстан» суреттер сайысы бойынша Серікбаева Нұргүлдің ұйымдастыруы қалыпты деңгейде өткізілді. «ХІҮ-ХҮғ. І-жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер» тақырыбындағы 10-сынып оқушыларымен өткізілген Досмағанбетова Қамар Жеңісқызының ашық сабағы өз деңгейінде өткізілді. Сабақтың түрі конференция сабақ болғаннан кейін оқушылардың тақырып бойынша ізденген материалдары, нақты және өте көп болды, сабақ «ХІҮ-ХҮғ. І-жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер» тақтада көрнекіліктер бойынша көрсетіле отырып, оқушылар өз білімдерін көрсете білді, сонымен қатар слайд арқылы хандардың, мемлекеттердің астаналары көрсетіліп тұрды. Серікбаева Нұргүл Иманәліқызының өткізген «Жас тарихшы» сайысы 7-сыныптар арасында жақсы бағытта жүргізілді, сыныбы үшін оқушылардың белсенділігі байқалды, сайыс сабақ қанағаттанарлық деп бағаланды.
«Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының байқауының қорытындысы
Қалалық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының байқауында әдебиет секциясы бойынша 7 «а» сынып оқушысы Мұқаметжанова Арайлым І дәрежелі дипломмен, мұғалімі Ұ.Б.Байтасова, 5 «а» сынып оқушысы Камалов Абзал ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. мұғалімі Мекежанова Г.М., информатика секциясы бойынша 7 «а» сынып оқушысы Еңбек Айғаным ІІ дәрежелі дипломмен, 3 «ә» сынып оқушылары Қадырбай Еркін, Қабиахметова Әсел, Райымбек Томирис І дәрежелі дипломмен, «биология» секциясы бойынша ІІІ орынға ие болған 3 «Ә» сынып оқушысы Ілияс Әйгерім. Жетекшісі: Есбергенова С. Е. «Қолданбалы математика» секциясы бойынша ІІІорынға ие болған 3 «Б» сынып оқушылары: Торланбай Жандаулет Абдраманов Темірлан. Жетекшісі: Таубай Пернегүл. Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар қалалық конкурсының Республикалық кезеңіне жолдама алған мектебіміздің 3 «ә» сынып оқушылары Қадырбай Еркін, Қабиахметова Әсел, Райымбек Томирис, 7 «а» сынып оқушысы Мухаметжанова Арайлым, 7 «б» сынып оқушысы Карбаева Аида мен 7 «а» сынып оқушысы Еңбек Айғанымдар Алматы қаласына барып, өздерінің зерттеу жұмыстарын қорғап, «АСТАНА –ҚАЗАҚСТАН ЖҮРЕГІ» -атты 3 сынып оқушыларының жұмысы, 7 сынып оқушысы Еңбек Айғанымның «Adobe Photoshop программасы», Мұқаметжанова Арайлымның «Мағжан өлеңдерінің өміршеңдігі мен Елбасы ұстанымының үндестігі» атты жұмысы ІІІ дәрежелі дипломмен оралды.
34 орта мектебінің оқушыларының қалалық ғылыми жобалар сайысында жеткен жетістіктері
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жарыстардың ІІ кезеңіне қатысқан №34 орта мектебінің 9 «а» сынып оқушысы Қабиден Жанболаттың «Жаргонизм» тақырыбында жазған ғылыми жобасы, 11 «а» сынып оқушысы Айтбаева Құндыздың «Нравственные нормы в рассуждениях, думах Шакарима Кудайбердиева» және 10 «а» сынып оқушылары Байниязов Рауан мен Насымбаев Жалғастың «Биоэтанол өңдірудің тиімділігін арттыру технологиясының сұлбасын әзірлеу» тақырыбында жазған ғылыми жобалары ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы оқушыларда дайындаған жетекші мұғалімдері Қ.А.Алдажарова, Ж.Ш.Дауытова және Т.С.Арыстамбековаларға мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс жарияланды.
Қараша айының 03-04 аралығында 8-10 сынып оқушыларының арасында мектепішілік олимпиада өткізіліп, оған 85 оқушы қатысты. Олимпиада екі турдан тұрды. Олимпиада қорытындысы бойынша І,ІІ,ІІІ орынға шыққан оқушылар грамотамен марапатталды.Осы олимпиададан І орын алған оқушыларды аудандық олимпиадаға сапалы даярлау пән мұғалімдеріне тапсырылды.

Болашақ олимпиада резервтерін анықтау, жоспарлы түрде дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында 5-8 сынып оқушыларының арасында өткізілген мектепішілік олимпиадаға 81 оқушы қатысты. Бұл оқушылар арасынан да І,ІІ,ІІІ орынға ие болған оқушылар марапатталып, келесі оқу жылында мектепішілік олимпиада материалдары күрделі түрде жасалсын деген ұсыныс айтылды. Және анықталған олимпиада резервтерімен жұмыстарын жалғастыру пән мұғалімдеріне жүктелді.



Аудандық олимпиада қорытындысы
Қаңтар айының 15-16 жұлдызында өткен аудандық олимпиадаға №34 орта мектебінен мектепішілік олимпиадаға қатысып І, ІІ орынға ие болған 28 оқушы қатысты. Солардың арасынан 6 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Олар: қазақ тілі пәнінен 11 «а» сынып оқушысы Қазкенова Айзада (мұғалімі Тойғанбаева А.Т.) мен 8 «а» сынып оқушысы Қуанышева Анара (мұғалімі Мұстафина Д.О.), құқық пәнінен 9 «а» сынып оқушысы Қабиден Жанболат (мұғалімі Досмағанбетова Қ.Ж.), математика пәнінен 8 «б» сынып оқушысы Қаратемирова Меруерт (мұғалімі Жүнісова Ф.Ү.), биология пәнінен 9 «а» сынып оқушысы Молдабеков Абай (мұғалімі Арыстамбекова Т.С.)
Қалалық олимпиада қорытындысы

Наурыз айының 18-19 аралығында өткен қалалық олимпиадаға №34 орта мектебінен 3 оқушы қатысып, олардың арасынан құқық пәнінен 9 «а» сынып оқушысы Қабиден жанболат ІІІ дәрежелі дипломмен (мұғалімі Досмағанбетова Қ.Ж.) және қазақ тілі пәнінен 11 сынып оқушысы Қазкенова Айзада (мұғалімі Тойғанбаева А.Т.) марапаттау қағазына ие болды.

5-7 сынып оқушыларының арасында өткен «Жас математик» олимпиадасында 6 «а» сынып оқушысы Темірхан Нұржан грамотамен марапатталды. (мұғалімі Тулендиева К.Қ.), дүниетану пәні бойынша 4 сынып оқушылары арасында өткізілген қалалық олимпиадада 4 сынып оқушысы Бесжанова Перизат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

(мұғалімі Таубай Пернегүл)


Қазақ технология және бизнес унив. Президенті д.т.н., профессор С.Н.Байбеков Астана қаласы және Ақмола облысының оқушыларының пән Олимпиадасын (11 сәуір 2010 жыл) ұйымдастыру комитеті №34 орта мектептің әкімшілігіне белсенді атсалысып, оқушыларды «Химия», «Физика» пәні бойынша сапалы дайындағаны үшін алғыс жариялады.

«Талантты ұстаз-дарынды балаларға” атты қалалық Педагогикалық олимпиада қорытындысы

Жоғары сынып оқушыларының олимпиадасының сырттай кезеңіне «Егер мен мектеп директоры болсам» тақырыбына эссе тапсырып, ІІ турға өткен 10 сынып оқушыларкомандасының мүшелері Насымбаев Жалғас, Көпеева Әлия, Жангир Маржан, Сарсенбек Арай және Жұмаділләев Әділ «Сегіз қырлы-бір сырлы» номинациясына ие болса, жас ұстаздар олимпиадасына қатысқан А.Байбатшаева «Шебер ұстаз» номинациясына ие болды.

Қалалық мектеп психологтарының олимпиадасына қатысқан мектеп психологы Жұмағұлова А.И. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қалалық инновациялық-педагогикалық идеялар жөніндегі фестивалдің ІІ кезеңіне қатысқан математика пәні мұғалімі Ф.Ү.Жүнісова, «Аймақтық нысаналарға байланысты деңгейлік тапсырмалар құрастыру» тақырыбында дайындаған жұмысы мұғалімдер мен оқушыларға көмекші құрал ретінде ұсынып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Жаңа заманға-озық технология» атты облыстық және қалалық VІ ғылыми-практикалық конференциясына қатысқан қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Г.М.Мекежанова мен химия пәні мұғалімі Т.С.Арыстамбековалардың ғылыми ізденістегі белсенділігі аталып ұйымдастыру алқасы мектеп әкімшілігіне алғыс хат жолдады.

«Ақбота» интеллектуалды ойынына 76 оқушы қатысып, 3 сынып оқушылары Торланбай Ж., Қалихан С., Көшеров М., Тұрғымбекова Г., Абдрахманов Т. ІІІорынға ие болды. Мұғалімі Таубай Пернегүл) 5 сынып оқушылары Мусылманбекова Ақсұлу, Шынтемиров Ерлан және 9 «ә» сынып оқушысы Амандосов Аблайхан ІІІ орынға ие болды. Қалалық «Жас шебер-2010» шығармашылық көрмесінде 9 сынып оқушылары Мухамедина А., Қауымбек Танат ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Тілеубердиева Ғ.Ж. және Төкенов Жомарт. «Кенгуру-лингвист» сайысына ағылшын тілінен 18 оқушы қатысып, оның ішінен 1 оқушы ІІІ орынға ие болса, «Кенгуру-математика для всех-2010» сайысына 53 оқушы қатысып, олардың арасынан 3 сынып оқушылары Бекбосынова Ш., Салкин Ж. ІІ орын, ал Алиасқар Н., Болысбек А., Нұрхамитова А. ІІІ орынға ие болды. Мұғалімі Есбергенова С.Е. Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына орай бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында өткен «Мың алғыс деп ұрпағың, тағзым етер алдыңда» атты байқауында Қасымова Ботагөз Ермекқызы ІІ орынға ие болды. Бастауыш сынып мұғалімі Тезекбаева Г.Ә. «Алматыкітап баспасынан» жарық көрген оқу-әдістемелік кешенінің көмегімен оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі ұстаздық шеберлігі мен педагогикалық біліктілігі үшін мадақталды. Ұлы Отан соғысы жеңістің мерейтойы қарсаңында 5-11 сынып оқушылары арасында өткізілген қалалық «Жас шебер-2010» көрмесінде шәкірттері жүлделі нәтиже көрсеткені үшін Төкенов Ж.Қ. грамотамен марапатталды.

Қоғамдық пәндер мұғалімдерінің «Әдіскер-Методист» №2- 2010 жылғы арнайы басылым журналына тарих пәні мұғалімі Қ.Ж.Досмағанбетованың «Орта ғасырлардағы қазақ жерінен шыққан даналар» атты ашық сабағы шықты.

Бастауыш сынып мұғалімі І.Ә.Тезекбаеваның «Жануарлардың ортаға бейімділігі» атты сабағы «Бастауыш сыныпта оқыту» №3-2010 жылғы журналына шықты. Қасымова Ботагөз Ермековнаның бастауыш сыныпқа арналған Ж.Жұмақанов «Әлияның ерлігі» тақырыбымен жасаған сабағының элоектронды нұсқасы «Ашық сабақтар» WEB- сайтында жарияланды.

Білім департаментінің 18.10.2005ж. №275 бұйрығына сәйкес №34 мектебінде 2 сыныптар аралығында эксперимент сыныбы ашылып, ағылшын тілі оқытылуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 2004 жылдың сәуірдің 2-нен №273 2007 жылдың ақпанның 15-нен №56 бұйрығы бойынша орта мектептерде шет тілін 2-сыныптан бастап экспериментті оқытуды жалғастыру және ұйымдастыру, орта мектептердің бастауыш сатысында шет тілін сапалы оқыту және 12 жылдық оқытуға көшуге дайындық мақсатында №34 орта мектебінде 2а, 3а,ә, 4а,ә, 5а,ә, 6а,6ә сыныптары бойынша эксперимент жұмысы жалғастырылып отыр.



Нәтижесі:

1. Ағылшын тілінен эксперименттік сыныптарда қала көлемінде ашық сабақтар өткізілді.

2. «Кенгуру» халықаралық ойын-сайысына қатысқан Абилова Зарина –

3 орын (2009-2010 ж.)

3. «Шет тілдері-халықаралық ынтымақтастықтың жаңа жағдайдағы білім үдерісінің басымдығының бірі» атты қалалық семинарда араб тілі мұғалімі Каримов Мади оқушыларымен тілдер фестивалінде қойылым көрсетті.

4. Р.С.Хусаинованың оқушысы Шамгунова Надира «Оқушылардың жобалау технологиясы бойынша іс-әрекеті» атты ғылыми-практикалық конференцияда зерттеу жобасын қорғады. Ал Н.А.Жолдыбалинованың оқушылардан құрылған шығармашылық тобы «Merry Sprihg- Halloween» тақырыбында ақпараттық жобасын қорғады.






Оқу жылдары

Барлығы

Жоғары санатты

Бірінші санатты

Екінші санатты

2007-2008

6

-

5

1

2008-2009

2

1

-

1

2009-2010

5

1

2

2




Оқу жылдары

Барлығы

Астана қ.

Басқа қалаларда

2007-2008

15

12

3

2008-2009

22

22

-

2009-2010

14

14

-


Ұсыныстар:

  1. Жобалау технологиясы бойынша пед.ұжымның шығармашылық топтарының жұмысы жалғасын тапсын.

  2. Пән мұғалімдерінің өз тәжірибесінде жеке оқыту әдіс – тәсілдерін қалыптастыруы барысында

а) білім жетілдіру курстарынан Сағындықова М.А., Аманбаева Г.М., Тілеубердиева Ғ., Төкенов Ж., Елеубаев Е., Омарова Ғ. курстан өтсін.

  1. Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу жалғастырылсын.

  2. Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысы жалғасын тапсын.

  3. Пән айлықтарының өткізілу сапасын арттырылсын.

  4. Төмендегі мұғалімдер 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы «22» қаңтардағы №16 бұйрығын негізге ала отырып, аттестациядан өтсін:

Байтасова Ұ.Б., Мекежанова Г.М., Алдажарова Қ.А., Арыстамбекова Таңсық Сәлімбайқызы, Досмағанбетова Қ., Қарқұлов Е., Жұмақанова А.А., Таубай Пернегүл, Тлеубердиева Ғ.Ж., Төкенов Ж., Тезекбаева Ш.Ә., Қасымова Б.Е., Сағындықова М.А., Сыбанбаева Б., Қожахметова Ш.О., Торғаева А.Т., Ахметбекова Қ.У., Жолдыбалинова Н.А., Хусаинова Р.С., Жексембаева Л..Т., Жумағулова А.И.

  1. «Өзін-өзі тану» пәнінің білім беру жүйесіне енгізілуіне байланысты бастауыш сынып мұғалімдері Сағындықова Д.А., Омарова Ғ.Б., Таубай Пернегүл, Байбатшаева А.Т., Жексембаева Л.Т., және география пәні мұғалімі Аманбаева Г.М., музыка пәні мұғалімі Рсаева А.М. курстан өтсін.

  2. Мұғалімдердің біліктілік санатын көтеруде қолдау жасап озат тәжірбиелерін насихаттау, басылым беттеріне көбірек шығуларына көмектесу жалғасын тапсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет