Бекітілді: Калиниченко Л. С. Күні: 24. 05. 2017 Сыныбы



Дата28.01.2018
өлшемі83,53 Kb.
#34768
Бекітілді: Калиниченко Л. С.

Күні: 24.05.2017

Сыныбы: 3 «Ә»

Тақырыбы: «Алтын тәж» интеллектуалдық ойыны

Мақсаты:

1.Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, жан-жақты жүйелеу, білімдерін көтеру.

2. Баланың білімін тереңдету арқылы жан-жақты дамуына ықпал ету, жеке қабілеттерін дамыту, білуге, білімге құштарлығын арттыру, ойын ашық айтуға, дәйекті сөйлеуге баулу, баланы лидерлікке жетелеу.

3. Оқушыларды ана тілін сүйетін, білімді, ізденімпаз, еңбекқор ұрпақ етіп тәрбиелеу.



Барысы:

  – Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар!


«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» –деп халқымыз бекер айтпаса керек.  Бүгінгі біздің мектебімізде  3 «Ә» сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Алтын тәж» зияткерлік сайысына  қош келдіңіздер! Ендеше сайысқа қатысушы оқушыларымызбен танысып өтейік.

Қазан негізгі мектебінің 3 «Ә» сынып оқушылары:

1. Қожабаев Досым

2. Дженгисов Ислам

3. Курамысова Аянат

4. Қожбанов Амангелді

5. Утегенов Оразбек

Сайысымызды бастамас бұрын алдымен кезеңдер бойынша әділ бағасын беріп отыратын әділқазы алқасымен таныс болайық:

1. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі: Енсегенова Алтынай Ондашовна

2. Бастауыш сынып мұғалімі: Мадреймова Райхан Джалгасбаевна

Енді сайысымызды бастасақ, алдымен сайыс кезеңдерін таныстырып өтейін:

1. «Кім жылдам?»

2. «Суреттер сөйлейді»

3. «Жұмбақ сандық»

4. «Полиглот»

5. «Жорға»

6. «Көшбасшы»

1- кезең «Кім жылдам?»

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім ұшқыр ойға – сол алда – дей отырып, «Кім жылдам?» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңнің шарты: сұрақ берілгенде кім бірінші арнайы белгіні көтеріп, дұрыс жауап берсе, сол қатысушы ұпайды еншілейді. Белгіні көтермей берілген жауап қабылданбайды. Егер бірінші жауап берген қатысушының жауабы дұрыс болмаса, екінші болып белгіні көтерген оқушының жауабы тыңдалады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

Сұрақ-жауап:

1.Жел дегеніміз не? (Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел д.а)

2.Желбағар дегеніміз не? (Желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал)

3.Адамға тыныстау үшін не қажет? (Ауа)

4.Боран соқты. Бастауышты тап (Боран)

5.Бастауыш дегеніміз не? (Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш д.а)

6.Бастауыштың сұрақтары? (Кім?кімдер?не?нелер?кімі?несі?)

7.Үш таңбалы санда неше сан бар? (3)

8.Азайтудың компоненттерін ата. (Азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)

9. 6 санын өз-өзіне 4 рет қосса неше болады? (24)

10. Көкжиектің неше тұсы бар? (Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс)

11. Т – қандай дыбыс? (Дауыссыз, қатаң)

12. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)

13. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы (Шәкен Ниязбеков)



14. Заттың сынын, түр-түсін білдіретін сөз табы (Сын есім)

15. Әліппенің ең соңғы әрпі (Я)

16. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)

17. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ)

18. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы жариялады? (1991)

19. Қыс айларын ата. (Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан)

20. Аптаның алтыншы күні қалай аталады? (Сенбі).

2-кезең «Суреттер сөйлейді»

Бұл кезеңде ақындар мен жазушылардың суреттері көрсетіледі. Ойыншылар суреттегі бейненің кім екенін табулары қажет.Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1. Б. Момышұлы

2. Ф. Оңғарсынова

3.Ж.Жабаев

4. А. Құнанбаев

5. А. Байтұрсынов.

3 – кезең «Жұмбақ сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырылады, сайыскерлер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтулары және жазулары керек. Жазғандарын әділқазылар тексереді. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

1.Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

2.Қоймасын қыс ақтарып,


Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

3.Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

5. Қалқиып екі құлағы,


Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

6. Жолбарыстан аумайды,


Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

7. Жеп көріп ем өзім мен,


Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

8. Бұлаңдаған құйрығы,


Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

9. Әттең, даусым, тілім жоқ,


Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

10.Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады (қоңырау-звонок).

4-кезең «Полиглот»

Шарты: Бұл кезеңде 4 пән бойынша сұрақтар беріледі. Ең тиімдісі пәнді оқушы өзі таңдайды. Пән бойынша берілетін сұрақтардың саны – 4. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

Ана тілі


1....Суық қатайған болса керек, аспаннан түскен қар алғашқыдай ұсақ емес, жабысқақ үгінді қар емес, жұмырланған ұсақ, қатты, қиыршық болып жиілеп ұрабастады. Маңдайды желге қарсы беріп жүру, әсіресе қиындады. Азғана уақыт ішінде аттың құлағына шейін, Абайдың селдір сақал-мұрты мен кірпігіне шейін қырау басып қалды.Бұл қай мәтіннен үзінді және авторы кім? (Мұхтар Әуезов «Боран»)

2. «Рәсім» сөзінің мағынасы (әдет – ғұрып, салт – дәстүрдің көрінісі)

3. Рейхстагқа ту тіккен кім?(Рақымжан Қошқарбаев)

4.Асық .... озар. (ойнаған)

Қазақ тілі

1.Асырайды, тігінші, инесі. Сөйлем құра (Тігіншіні инесі асырайды)

2.Айтбек ойыннан әлдеқашан шығып қалған.Бастауышты тап.(Айтбек)

3.Баяндауыш дегеніміз не және оған қандай сұрақтар қойылады?(Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді.Баяндауышқа не істеді? Неғылды? Қайтті? деген сұрақтар қойылады)

4. Сан есім дегеніміз не? Сұрақтары қандай? Нешеге бөлінеді?

Дүниетану

1.Адам денесінің тірегі (Қаңқа)

2.Жүрек қайда орналасқан? (Сол жақ кеудеде)

3.Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан Республикасы)

4.Сезім мүшелерін ата. (Тіл, көз, құлақ, мұрын, сипап сезу)

Математика

1.Кез келген сан мен 0-дің көбейтіндісінің мәні нешеге тең? (0)

2. 4 жүздік, 7 ондық, 0 бірлік қандай сан? 470

3. 5пен 8 санының көбейтіндісі 40

4. 10 тәулікте қанша сағат бар? (240 сағат)

5-кезең «Жорға»

Бұл кезеңде әр оқушыға 5 сұрақтан беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай алады.

1-оқушы:

1. 2 мен 100-дің көбейтіндісін 100-ге бөл (2)

2.1 желтоқсан қандай мереке? (ҚР Президенті күні)

3. Артық сөзді тап: сүт, қаймақ, ет, ірімшік. (ет)

4. Көбейтудің компоненттерін ата (көбейткіш,көбейткіш,көбейтіндінің мәні)

5. Бұлттардың түрлерін ата (шарбы, будақ, қабат)

2-оқушы:


1. Жауын-шашынның түрлері (жаңбыр, қар, бұршақ)

2. Көлдер қандай болуы мүмкін? (тұщы немесе тұзды)

3. Алматы-сәулетті қала.Бастауыштан кейін сызықша қойылады ма? (Иә)

4. Мен үйдемін орыс тіліне аударғанда (Я дома)

5. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

3-оқушы:


1. Абайдың шын аты. (Ибраһим)

2. Қазақтың үш биін ата. (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)

3. Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын тыныс белгісі... (нүкте)

4. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді? (3)

5. Балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім? (А.Байтұрсынов)

4-оқушы:


1. Білім күні қашан тойланады? (1-қыркүйек)

2. Бүгін аптаның қай күні? (Сәрсенбі)

3. Етістіктің сұрақтары... (не істеді? Не қылды? Қайтті?)

4. Жаз айларын ата (Маусым, шілде, тамыз)

5. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз... (Жақсы)

5-оқушы:


1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (Көктем)

2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша... (жалғау)

3. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік)

4. Жыл мезгілдерін ата (Қыс, көктем, жаз, күз)

5. ҚР мемлекеттік туында не орналасқан? (Күн, Қыран құс, қазақтың ұлттық оюы)

6-кезең «Көшбасшы»

Бұл кезеңде барлық ойыншыға ортақ бір сұрақ беріледі.Белгіні ең бірінші болып көтерген оқушы жауап береді.Жауап дұрыс болмаған жағдайда, белгіні екінші болып көтерген оқушы жауап бере алады. Дұрыс жауап 30 ұпаймен бағаланады.

Сұрақ: Ертегідегі айдаһардың басы, бағдаршамның көздері, екі тышқанның құлағы, сәрсенбі сөзіндегі әріптердің саны, барлығы неше?

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға береміз. Марапаттау.



Қорытынды: Осымен біздің бүгінгі «Алтын тәж» атты интеллектуалдық ойынымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Қазан негізгі мектебі



Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Алтын тәж» интеллектуалдық ойыны

2017 жыл
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет