Бекітілген қазақстан Республикасының мәдени саясатының


Музейлер ғылым мен зерттеу қызметінің тірек орталықтары ретінде



бет4/7
Дата08.02.2022
өлшемі97,3 Kb.
#122039
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7. 8.09.2017 =F5 F8O kaz
7. 8.09.2017 =F5 F8O kaz
Музейлер ғылым мен зерттеу қызметінің тірек орталықтары ретінде
Қазіргі заманғы әлемде музей - бұл ғылым, білім, коммуникация, мәдени ақпарат пен шығармашылық инновациялар орталығы. Музей ісін реформалау шеңберінде 2020 жылға дейін музейлердің функцияларын мәдени-білім беру және имидж орталықтарына дейін кеңейту және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, тарихи ғылыммен, археологиямен, реставрациялаумен, өнертанумен, этнографиямен өзара іс-қимыл жасау үшін (он тоғыз музей мен галереяны біріктіретін АҚШ-тың Смитсон институты, Санкт-Петербургтегі Эрмитаж, Париждегі Лувр үлгісі бойынша) жағдай жасау жоспарлануда. Осыған байланысты қор қоймаларының материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері қаралатын болады.
Музей ісі бойынша көркемдік кеңес құру ел музейлерінің жұмысын үйлестіруге, музейлер желісін нығайтуға, негізгі музей қорларын танымал ету және кеңінен таныстыру жүйесін қалыптастыруға, оларды ел ішінде және шет елдерде экспонаттауға, ауқымды музейаралық ықпалдасуға жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасы мәдени саясаты тұжырымдамасын іске асырудың екінші кезеңінде жекелеген республикалық мәдениет ұйымдарының (музейлер, театрлар) бірінші басшылары лауазымдарына тәжірибелі шетелдік менеджерлерді шақыру, сондай-ақ жекелеген мәдениет объектілерін (музейлер, театрлар, мәдениет үйлері) мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидатында сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі пилоттық жобаны енгізу мәселесі пысықталатын болады.
Қазақстан музейлері тарихи-мәдени мұраны кеңінен танымал ету және қазіргі заманғы форматта түсіндіру мақсатында ғылыми мекемелердің, архивтердің, кітапханалардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығының тірек орталықтарына айналуға тиіс.
Музейлер экспозициялық кеңістікті ұйымдастыруға қойылатын қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келуге тиіс. Осыған орай, мультимедиалық құралдарды енгізу туралы мәселені пысықтау қажет. Музейлер мәдениет саласының экономикалық тиімді құрылымдық бірліктері болуға және барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеруге тиіс.
Барлық музей қорлары кеңінен қолжетімді, электрондық форматқа көшірілген және виртуалды кеңістікте ұсынылған болуға тиіс.
Әлемдік құндылыққа ие артефактілерді экспонаттауға бағдарланған Қазақстанның жетекші музейлерінің көркемдік қорларын қалыптастыру тәсілдері жүйелі деңгейде қайта қаралуға тиіс. Музейде бірегей артефактіні, халықаралық ауқымдағы тарихи жәдігерді кеңінен танымал ету осы жолдағы маңызды қадам болып табылады. Туристік ағындардың негізі көлемі мәдениет объектілеріне, мінәжат орындары мен тарихи-мәдени ландшафтыларға баруға бағдарланғанын ескерсек, аталған басымдықтың тиімді қайтымы болады.
Ұлттық біртектіліктің және қазақстандықтардың рухани жаңғыруының маңызды тірегі ретінде Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін біріктіруге бағытталған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы стратегиялық сипатқа ие болады.
Елдің киелі жерлерінің географиясының жалпыұлттық және жергілікті объектілерді толық жүйелеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» Орталығы және қазіргі кезде ондағы ғылыми-сараптамалық кеңес қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл бастаманың арқасында алғаш рет ««Туған жер» Қазақстандық өлкетанушылар бірлестігі» ҚБ құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет