микроорганизмдер үшін орта мен газ фазасы байланысының максималды беті
болатындай жағдайлар жасайды. Олар ортаның жұқа қабаттында өсіру, түрлі
араластырулар, барботаждау және т.б. жағдайлар. Ал анэробтар үшін
керісінше ортадағы оттекті жойып отыру керек және кейін осы анаэробты
жағдайлар тұрақты болуы қажет.
Тотығу-тотықсыздану потенциалы Eh ортада оттегінің болу көрсеткіші
қызметін аткару мүмкін, және ол -500-ден +800 мВ дейін ауытқып отыруы
мүмкін. Оның кері мәні жоғары болған сайын орта соғұрлым тотықсыдана
түседі (анаэробты жағдайлар).
Электромагнитті сәулелер толқын ұзындығына қарай иондаушы
сәулелену (γ- және рентген сәулелері λ < 200 нм), ультракүлгін сәулелену,
көрінетін аймақ, инфрақызыл сәулелену және радиотолқындарға бөлінеді.
Әсер етуіне қарай олар: 1) физиологиялық әсер көрсететіндер; 2) летальды
және мутагенді әсер ететіндер; 3) жылулық және механикалық әсер
ететіндер.
Жақын ультракүлгін, көрінетін жарық және инфрақызыл сәулелер(350 -
400 - 800 - 1100 нм) физиологиялыө әсер етеді. Бұл ең алдымен, күн
энергиясының химиялық энергияға айналу үрдісі – фотосинтез. Әр түрлі
фототрофты микроорганизмдер түрлі толқын ұзындықтарындағы жарықты
жұтады. Электромагниттік толқындар фототаксис көрінуі үшін маңызды.
Фотосинтездемейтін микроорганизмдерде фототәуелді синтездер болады
(мысалы,микобактериялардағы каратиноидтардың түзілуі).
Ультракүлгін сәулелер толқын ұзындығы мен оның мөлшеріне қарай
летальды және мутагенді әсер етуі мүмкін. Сонымен бірге, ең алдымен ДНҚ
молекуласының бұзылуы байқалады (әсіресе λ = 260 нм).
Иондаушы сәулелену жоғары энергиясы бар өте қысқа толқындар болып
келеді. Мұндай сәулеленудің төмен дәрежесі микроорганизмдерде
мутацияларды тудыруы мүмкін, ал жоғары дәрежесі әрқашан өлімге әкеліп
соғады.
Ферменттерді зақымдайтын және зат алмасудың бұзылуын тудырушы,
микроорганизмдерге микробоцидті әсер ететін химиялық заттардың тобына
ауыр металдардың иондар, кейбір көміртек тотығы, циандтер және калий
перманганаты, сутек асқын тотығы, хлор әгі, йод секілді белсенді
тотықтырғыштар және т.б. жатады.
Антибиотиктер (антибиотиктік заттар) – микроорганизмдер, өсімдіктер
және жануарлардың немесе олардың модификацияларының төмен
молекулалы зат алмасу өнімдері. Олар басқа микроорганизмдердің өсуін
тежейді немесе дамуын толық тоқтатады. Қазіргі таңдағы көптеген белгілі
антибиотиктер микроорганизмдер клеткасымен бөлінетіндер болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: