Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К


Зертханалық жұмыстың орындалу жоспары



Pdf көрінісі
бет15/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

Зертханалық жұмыстың орындалу жоспары: 
 
1 сабақ. 
Пішен таяқшасы
Azotobacter
туысының бактериялары, 
майқышқылды және шіріту бактерияларының жинақтаушы дақылдарын алу 
мақсатында тәжірибе қою. 
2 сабақ.
Алынған жинақтаушы дақылдардың дұрыстығына сапалық 
сараптама жүргізу. Алынған нәтижелерді кестеге енгізу. 
3 сабақ. 
Сіркеқышқылды және сүтқышқылды бактериялар мен ашытқы 
организмдердің жинақтаушы дақылдарын алу мақсатында тәжірибе қою. 
4 сабақ.
Алынған жинақтаушы дақылдардың дұрыстығына сапалық 
сараптама жүргізу. Алынған нәтижелерді кестеге енгізу. 

сабақ.
Галофильді 
микроорганизмдер 
мен 
майыдыратушы 
бактериялардың жинақтаушы дақылдарын алу мақсатында тәжірибе қою. 
Протеялардың элективті дақылын бөліп алу. 
6 сабақ.
Алынған жинақтаушы дақылдардың дұрыстығына сапалық 
сараптама жүргізу. Алынған нәтижелерді кестеге енгізу. Провести 
сравнительный анализ полученных данных, подготовить отчет. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Ең алғаш жинақтаушы дақылдар әдісін жасаған кім?
2.
Қандай дақылдарды жинақтаушы деп атайды?
3.
Жинақтаушы дақылдарды алу үшін ұандай физикалық әдістер 
қолданылады? 
4.
Табиғи тіршілік ортасынан микроорганизмдердің түрлі физиологиялық 
тобын бөліп алуда қандай химиялық факторлар қолданылды? 
5.
Жинақтаушы дақылдарды алу үшін микроорганизмдердің қандай 
биологиялық ерекшеліктерін пайдаланады? 
 
2 тақырып: Микроорганизмдердің өсуі мен дамуына физико-химиялық 


факторлардың әсері 
 
Сабақтың мақсаты:
микроорганизмдердің тіршілік әрекеті мен өсуіне 
сыртқы орта факторларының әсерін зерттеу. 
Тіршілік ету ортасы микроб клеткасына үнемі әсер етеіп отырады. Кейбір 
микроорганизмдер әр түрлі факторлардың кең спектрінде тіршілік етуге 
қабілетті. 
Микроб клеткасына сыртқы ортаның әсерінің нәтижесі фактордың ісер 
ету механизмі мен ұзақтығына, микроорганизмдердің түрлі төзімділіктеріне, 
әсері қарқындылығына (мөлшері, концентрациясы), сонымен қатар, ортаның 
физико-химиялық жағдайларына тікелей байланысты.
Микробиология тәжірибесінде микроорганизмдердің өсу қарқындылығын 
шамалас көрсеткіштермен белгілейді: сұйық қоректік ортада – лайлану 
дәрежесімен, ал қатты агарлы орталарды – дақылдың толық өсуімен. 
Неғұрлым нақты бағалау үшін сандақ әдістерді қолданады: ортаның көлем 
бірлігіндегі клетка санын санау арқылы (микроскоппен немесе өсіп шыққан 
аологиялар санын санау), сонымен қатар, ортаның көлем бірлігіндегі 
дақылдың жалпы биомассасын анықтау арқылы. 
Ерітінді буының қысымына таза су буының қысымының қатынасына тең 
болатын судың белсенділігі а
w
, зат алмасуда маңызды рөл атқарады. Судың 
белсенділігі судың болуына, яғни кебу дәрежесіне, сонымен қатар, ондағы 
еріген заттар мөлшеріне тікелей байланысты. Кейбір микроорганизмдер 
қатты қоректік ортада өсу қабілетіне ие болмаса, ал басқалары (ксерофилдер) 
а
w
төмен мәнінде өсе алады. 
Микроорганизмдер қоршаған ортадан жартылай өткізгіш мембранамен 
оқшауланатындықтан гипотониялық ерітінідлерде су клетка ішіндегі еріген 
заттардың концентрациясының градиенті бойымен қозғалады, және клеткаға 
судың түсуін тоқтату үшін белгілі бір күш қолдануды қажет етеді (осмостық 
қысым). Грамоң бактериялардың осмостық қысымы сұйылтылған 
ерітінділерде 20 атм. және жоғары болуы мүмкін. Гипертониялық 
ерітінділерде плазмолизді туғызатын кері құбылыс орын алады 
(клеткалардан суды «сорып шығарады»).
Тұздар мен қанттардың жоғары концентрациясы ежелден тағам өнімдерін 
сүрлеуде қолданылып келеді. Табиғатта тұздың жоғары концентрациясы Өлі 
теңізде, тұзды көлдерде, сорлы жерлерде және т.б. болады. Еріген заттың 
концентрациясы жоғары болатын ерітінділерде тіршілік етуге қабілетті 
микроорганизмдер осмофильдер деп аталады. Олардың кейбіреулері тқзбен 
және қантпен сүрленген тағам өнімдерінің бұзылуын тудырушылар болып 
табылады, сонымен қатар, микробтық табиғаты бар тағаммен улану көздері 
де болады.
Ортадағы еріген заттардың жоғары концентрациясында көптеген 
микроорганизмдерде клетка плазмолизі орын алады. Протоплазма суды 
сыртқа бөледі және тығыздала түседі; зат алмасу үрдісі тежеледі және клетка 
анабиоз күйіне өтеді. Плазмолиз құбылысы кейбір тағам өнімдерін тұзбен 


және қантпен сүрлеудің негізін салады. .
Микроорганизмдер ішінде едәуір зерттелгендері тұздардың (NaCl) жоғары 
концентрациысында тіршілік ететіндері, оларды галофилдер деп атайды. .
Өсуіне қолайлы рН мәндеріне қарай микроорганизмдер ацидофильділерге 
(0-5,5), нейтрофильділерге (5,5-8,0) және алкалифильділерге (8,5-11,5) 
жіктеледі. Көптеген бактериялар мен қарапайымдылар – нейтрофилдер, 
саңырауқұлақтар мен балдырлар жалпы рН-тың төмен мәнінқалайтын болса, 
ал цианобактериялар рН-тың жоғары мәнінде өседі. Алкали- және 
ацидофилдьді микроорганизмдердің цитоплазмасының рН мәні 7,5 
шамасында болады
Прокариотты организмдердің өсуіне температураның әсерін зерттеу 
барысында өсу тоқтайтын максималды және минималды температурамен 
шектелген температура аралығы, сонымен қатар, максималды өсу 
жылдамдығына қолайлы температура аймағы анықталған. Осы көрсеткіштер 
негізінде прокариоттарды үш негізгі топқа бөледі: мезофильдер, 
психрофильдер және термофильдер
.
Көптеген белгілі түрлер мезофильдерге 
жатады, олардың қолайлы өсу температурасы 30-40°С арасында жататын 
болса, ал өсуі мүмкін болатын температура шамасы 10 және 45-50°С 
аралығында жатады. Қарапайым мезофильдердің бірі 
Е. Соli
: өсуінің төменгі 
шегі +10°С, ал жоғарғысы +49°С, байытылған ортадағы өсуінің қолайлы 
температурасы +37 °С.
Психрофильдердің өсу температурасының аймағы -10 мен +20°С 
аралығында және одан жоғары шамада жатады. Өз кезегінде психрофильдер 
облигаттылар 
мен 
факультативтілерге 
бөлінеді. 
Психрофильді.микроорганизмдерге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет