Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К


 зертханалық жұмыс. Галофильді микроорганизмдердің элективті



Pdf көрінісі
бет13/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

зертханалық жұмыс. Галофильді микроорганизмдердің элективті 
дақылдарын бөліп алу 
 
Галофильді микроорганизмдер дегеніміз – ас тұзының (NaCl) жоғары 
мөлшері болатын субстраттарда өсетін микроорганизмдер. Галофильді 
микроорганизмдер алуантүрлі. Олардың ішінде шар тәріздісі мен таяқша 
тәрізділері, спора түзетіндер мен түзбейтіндер, аэробтар мен анаэробтар 
болады. Олардың тұрақты тіршілік орны тұзды өнімдер, ас тұзы, тұзды су 
қоймасындағы сулар. Галофильдердің элективті дақылдарын алу олардың 
тұзға төзімділігіне негізделген.
Бір пробиркада 10% NaCl, екіншісінде 15% NaCl, ал үшіншісінде NaCl
мүлдем болмайтын 10 мл қоректік сорпасы бар үш пробиркаға шамамен 1г ас 
тұзын салады. Пробирканы тығынмен жауып, температурасы 30°С болатын 
термостатқа қояды. 
Келесі сабақта пайда болған галофильді бактериялардың элективті 


дақылдарын анықтайды. Микроскопиялау арқылы барлық үш пробиркадағы 
қоректік ортада өсіп шыққан бактериялардың ұқсастығын табады. Қоректік 
ортадағы бактерия дақылдары бар пробирканы мұқият шайқайды, әсіресе 
түбінде тұнбасы болатын болса. Әрбір пробиркадағы қоректік ортаның 
лайлануды және оның дәрежесін белгілейді. Бұл көрсеткіш ортада 
микроорганизмдердің қарқынды дамуын көрсетеді. Лайлану дәрежесін 
мынадай шартты белгілерімен жазады: «+» - төмен; «++» - орташа; «+++» - 
жоғары. Соңында қорытындылау қажет. 
Қоректік сорпада өсіп шыққан микроорганизмдерден «қарапайым» 
әдіспен боялған препарат дайындап, оларды микроскоптайды. Ір 
пробиркадағы сорпадағы басым бактериялар споралары мен клетка пішінін 
анықтайды. Тұзы бар және тұзы жоқсорпада өсіп шыққан бактериялардың 
құрамында байқалған ерекшеліктерді (морфологиялық белгілері бойынша) 
белгілеу керек.
10 зертханалық жұмыс. Майыдыратушы бактериялардың элективті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет