Бесінші топтың негізгі топша элементтері Дәрістің жоспары



бет13/16
Дата08.02.2022
өлшемі58,21 Kb.
#119359
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Азот топш.
хирургия фельдшер 150, 10срс, 10срс, 10срс
Фосфор тыңайтқыштары. Фосфор ауыл шаруашылық дақылдарының дұрыс өсіп дамуы үшін қажет элемент. Сондықтан фосфор қышқылының тұздары ауыл шаруашылығында тыңайтқыштар ретінде қолданылады.
Табиғи фосфорит пен апатиттың ерімталдығы нашар болғандықтан, олар фосфорит ұны деген атпен ұнтақ зат түрінде қышқылдығы жоғары топырақтарда пайдаланылады.
Аса маңызды жасанды фосфор тыңайтқыштарына жай суперфосфат, қос суперфосфат, преципитат, аммофос жатады.
Жай суперфосфат жасау үшін әбден ұсатылған фосфоритке күкірт қышқылын құйып, жақсылап араластырып, үздіксіз істейтін камераларға салады, онда мына реакция жүреді:
Са3(РО4)2 + 2Н24 = 2 СаSО4 + Са(Н2РО4)2
Суперфосфатта өсімдікке сіңімді Р2О5 20 % болады.
Преципитатты – фосфор қышқылын әк суымен немесе әк тасымен нейтралдау арқылы алады:
Н3РО4 + Са(ОН)2= СаНРО4∙ Н2О + Н2О
Н3РО4 + СаСО3 + Н2О = СаНРО4∙ Н2О + СО2
Преципитатта 30-35 % Р2О5 болады.
Қос суперфосфатты алу үшін фосфор қышқылы мен фосфоритті әрекеттестіреді:
Са3(РО4)2 + 2Н3РО4 = 3 Са(Н2РО4)2
Мұнда 40-45 % Р2О5 болады.
Аммофос- NН4Н2РО4- ішінде 11% азот, 44 % % Р2О5 бар
Н3РО4 + NН3 = NН4Н2РО4
Диаммофос-(NН4)2НРО4- ішінде 20% азот, 52 % Р2О5 бар.
Н3РО4 + 2 NН3 = (NН4)2НРО4




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет