Бесінші топтың негізгі топша элементтері Дәрістің жоспары



бет1/16
Дата08.02.2022
өлшемі58,21 Kb.
#119359
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Азот топш.
хирургия фельдшер 150, 10срс, 10срс, 10срс

Бесінші топтың негізгі топша элементтері


Дәрістің жоспары:
1. Бесінші топтың негізгі топша элементтеріне жалпы сипаттама
2. Азот, алу жолдары, қасиеттері, қосылыстары, қолданылуы
3.Фосфор, алу жолдары, қасиеттері, қосылыстары, қолданылуы
4.Мышяк,сурьма, висмут элементтері, алу жолдары, қасиеттері, қосылыстары, қолданылуы (СРС)


1. Бесінші топтың негізгі топша элементтеріне жалпы сипаттама

Бұл топқа азот, фосфор, мышьяк, сурьма және висмут элементтері жатады. Бесінші топтын p-элементтерінің және жай заттарының кейбір физикалық тұрақтылары 1- кестеде көрсетілген.


Бұл топтағы элементтердің электрондық формулалары ұқсас, демек олардың химиялық қасиеттері де өзара ұқсас. Атомның сыртқы электрон қабатында бес электрон болуы, бұлардың электрон қосып алуға бейім екендігін көрсетеді, демек оларды бейметалл деп сипаттауға мүмкіншілік береді.

Кесте 1. Бесінші топ элементтерінің тұрақты шамалары





Атомдардың валенттік электрондары

N
2s22p3

Р
3s23p3

Аs
4s23p3

Sb
5s25p3

Ві
6s26p3

Атомның радиусы, нм

0,071

0,130

0,148

0,161

0,182

Ионның радиусы, нм

0,015

0,035

0,047

0,062

0,074

Иондану энергиясы,эВ

14,53

10,49

9,81

8,64

7,30

Тығыздығы, г/см3

0,81

1,83

5,72

6,68

9,80

Қайнау температурасы, 0С

-210

44,2

817

630

271

Балқу температурасы, 0С

-195,8

257

613

1634

1550

Стандартты потенциалы, В

-

-

-0,30

-0,20

0,23

Жер қыртысында таралуы, %

0,25

0,05

1,5·10-4

5·10-6

1,7·10-6

Агрегаттық күйі

газ

қатты

қатты

қатты

қатты

Негізгі топша элементтері қосылыстарда 3-тен 5+-ке дейін тотығу дәрежесін көрсетеді. Бесінші негізгі топша элементтерінің қатысуымен түзілген молекулалардың формулалары пирамида тәріздес. Элементтердің реттік нөмірлерінің өсуіне сәйкес металл еместік қасиеттері кемиді де, металдық қасиеттері артады. Сутекті қосылыстарының аммиактен ВіН3-ке қарай тұрақтылығының азаюы, оттекті қосылыстарының беріктігінің артуы осы қасиеттерімен түсіндіріледі.




2. Азот. Азоттың табиғатта таралуы, алынуы және қасиеттері

Жаратылыста азот дербес күйінде және қосылыс құрамында кездеседі.Бос күйінде атмосфераның құрамында болады. Ауаның 78,1 көлемдік проценті азоттың үлесіне тиеді. Жер қыртысында азот натрий нитраты, калий нитраты түрінде кездеседі. Сонымен бірге азот барлық тірі организмдердің белоктарының құрамына кіреді.


Алу жолы:
а)Зертханада аммоний нитритінің концентрациялы ерітіндісін қыздыру арқылы азот алады:
42 = N2 + 2Н2О
Аммоний дихроматын қыздырғанда азот, хром(ІІІ) оксиді және су түзіледі.
(NН4)2Сг2О7 = N2 + 4Н2О + Сг2О3
б) Өнеркәсіпте азотты ауаны сұйылту арқылы алады.
Азоттың физикалық және химиялық қасиеттері.
Физикалық қасиеті:Қалыпты жағдайда азот түссіз, дәмсіз газ, жануды, тыныс алуды қолдамайды. Ауадан сәл жеңілірек: 1 л салмағы 1,25 г.
Химиялық қасиеті жағынан азот- инертті, қалыпты жағдайда ол реакцияласпайды. Инерттілігі екі атомды молекуласының өте беріктігіне байланысты; бұл молекуланы айыру үшін 711,2 кДж/моль энергия жұмсау керек. Азот қалыпты жағдайда тек қана литиймен, ал қыздырғанда басқа металдармен және кейбір бейметалдармен әрекеттесіп, тотықтырғыштық қасиет көрсетеді, тек фтор мен оттекпен әрекеттескенде ғана тотықсыздандырғыш болады.
2N2 + 5О2 = 2N2О5
N2 + 3Н2 = 2NН3
N2 + 6Lі = 2 Lі3N
Қолданылуы: 1.Азотты электр шамдарын толтыруға қолданады.
2.Шикі зат ретінде аммиак синтезінде қолданады.
3.Кальций цианамидын синтездеу үшін қолданады.
4.Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет