Бесінші топтың негізгі топша элементтері Дәрістің жоспары


Табиғаттағы фосфор. Фосфорды алу жолдары және қасиеттері



бет10/16
Дата08.02.2022
өлшемі58,21 Kb.
#119359
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Азот топш.
хирургия фельдшер 150, 10срс, 10срс, 10срс
Табиғаттағы фосфор. Фосфорды алу жолдары және қасиеттері
Химиялық активтігі азотқа қарағанда жоғары болғандықтан фосфор табиғатта бос күйде кесдеспейді. Қосылыстардың маңыздысы фосфорит Са3(РО4)2 және апатит Са3(РО4)2 ∙Са(FСІ)2 деген минерал.
Фосфор өте маңызды элемент, өйткені ол өсімдіктердің де, жануарлардың да, белоктарының құрамында кездеседі. Онымен қатар сүйек және тістің құрамында Са3(РО4)2 түрінде болады.
Біздің елімізде фосфор кендері Қаратау және Ақтөбе өңірлерінде бар.
Алу жолы.Фосфорды бос күйде алу үшін фосфоритті құм және көмірмен араластырып электр пеште 1500ᵒ-қа дейін қыздырады, онда болатын реакциялардың жалпы теңдігі былай жазылады:

Са3(РО4)2 + 3 SіО2 +5 С = 3СаSіО3 +5 СО + 2Р ΔН= 1359,8 кДж/моль

Бөлініп шыққан фосфор буы салқындатылып, қатты күйге аударылған фосфор судың астында жиналады.


Қасиеттері.Фосфор бірнеше аллотропиялық түр өзгерістер түзеді, оларға ақ, қызыл және қара фосфор жатады.
Ақ фосфор фосфор буын тез салқындатқанда түзіледі, қатты кристалдық зат, меншікті салмағы 1,82г/см3, өте улы, өзіне тән иісі бар. Ауада оңай тотығады, әрі қараңғыда жарық шығарады, сәл қыздырса, мысалы үйкесе болғаны жанып кетеді. Суда ерімейді, бензолда ериді.
Ақ фосфорды 280-340ᵒ-қа дейін ауасыз қыздырса, қызыл фосфорға айналады.
Қызыл фосфор ақ фосфордан өзгеше оны балқытуға болмайды, қыздырса бірден буға айналады(416ᵒ) , буын жинап салқындатса, ақ фосфорға айналады; ауада өте баяу тотығады, қараңғыда жарық шығармайды, 260ᵒ-қа дейін қыздырғанда ғана жанады, бензолда ерімейді, улы емес.
Қара фосфор ақ фосфорды 200-220ᵒ С температурада және 1,2∙1010 Па қысымда қыздыру арқылы алынады. Қара фосфор графитке ұқсайды, тығыздығы 2,7 г/см3 тең, шала өткізгіш.
Химиялық қасиетті жағынан фосфор өте реакцияласқыш элемент, көпшілік заттармен тікелей қосылады, әрі көп мөлшерде жылу бөліп шығарады.
4 Р + 5О2 = 2Р2О5
2 Р + 3Н2 = 2РН3
2 Р + 3СІ2 = 2РСІ3
2 Р +3 Мg = Мg3Р2
2 Р + 5СІ2 = 2РСІ5
Фосфор тотықтырғыш қышқылдармен әрекеттесіп ортофосфор қышқылына айналады:
Р + 5НNО3 = Н3РО4 + 5NО2 + Н2О
2Р + 5Н24 = 2Н3РО4 + 5SО2 + 2Н2О
Фосфор сілтілермен әрекеттесіп диспропорцияланады:
0 1+ 3-
4Р + 3NаОН + 3 Н2О = 3NаН2РО2 + РН3
Қолданылуы. 1. Фосфор көп мөлшерде шырпы өндірісінде қолданылады.
2.Зиянкес жәндіктермен күресу үшін қолданылады.
3.Снаряд, бомбаларға түтін шымылдығын жасау үшін қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет