BestProfi



Pdf көрінісі
бет13/42
Дата30.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#151299
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
r-bilim-zh-ne-ylym-ministrini-603-b-jry-y
С Ж №1 Тапсырма Ата ты леуметтанушы–теоретикті (К. Маркс, Э. Д, Эссе Агйдарова, Document Бекайдар Фил, ОШ СОР 1 Англ яз 9 кл Гульж, Gosudarstvennaya-farmakopeya-Respubliki-Kazahstan-tom-II, f8a4343c-df32-4a23-88b9-d8ae1bfb47b9
Әдебиеттер:
1. Кунанбаева С.С, Кармысова М.К. и др. Концепция развития иноязычного образования Республики Казахстан. Алматы,
2010.
2. Кунанбаева C.C. Теория и практика современного иноязычного образования. Алматы, 2010.
3. McMillan Dictionary of Contemporary English. - McMillan, 2010.
4.R. Harrison, S. Philpot, L. Curnick. New Headway Academic Skills. Reading, Writing, and Study Skills. Oxford University Press. -
2009.


Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 
2018 жылғы 31 қазандағы 
№ 603 бұйрығына 
4-қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақ
тілі» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақ
тілі» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Білім
туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес
әзірленді және оқытудың мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын, әдістерін және
нәтижелерін айқындайды.
2. Осы бағдарлама жалпы білім беретін «Қазақ тілі» пәнін жаңартылған мазмұнда оқып
үйренуге және рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясы шеңберінде студенттердің
әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.
3. Жоғарғы білім берудің білім беру бағдарламасының құрылымына сәйкес бұл бағдарлама
бойынша оқу ұзақтығы 300 академиялық сағатты (10 академиялық кредитті) құрайды.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты, міндеті және күтілетін нәтижелері
4. Бағдарламаның мақсаты қазақ тілінде A1 - қарапайым деңгей бойынша қазақ тілін шет тілі
ретінде оқитын білім алушыларға және A2, B1, B2, C1 біліктілік деңгейіне сәйкес сөйлеу
әрекетінің барлық түрлері бойынша коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру арқылы
әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби және қарым-қатынас құралы ретінде қазақ ұлттық
мәдениеті тұрғысынан қазақ тілін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету болып саналады.
5. Бағдарламаның міндеттері:
1) рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясы шеңберінде студенттердің әлеуметтік-
гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған жалпы білім беру пәні;
2) болашақ маманның ұлттық сана мен мәдени код негізіндегі танымын қалыптастыра
отырып, әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруде тілдің дәнекер болып табылатынына көз
жеткізу, еліміздің дамуы жолында еңбек ететін маманның мемлекеттік тілді жетік меңгеріп,
ұлттық жаңғыруды қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлауда қазақ тілінің
қолданыс аясын кеңейту.
6. Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие
болады:
5. Arline Burgmeier, Lawrence J. Zwier, Bruce Rubin, Kent Richmond. Inside Reading. The Academic Word List in Context. Pre-
Intermediate to Advanced. Oxford. - 2009.
6. Murphy Raymond. Essential Grammar in Use. Intermediate. Cambridge University Press. – 2010.
7. British National Corpus: http://www.natcorp.ox.ac.uk
8. The Corpus of Contemporary American English (COCA): http://www.americancorpus.org


1)лексиканы, грамматикалық білім жүйесін, интенцияны (ниеттерін) білдірудің
прагматикалық құрамын жеткілікті көлемде білу негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын
дұрыс таңдауға және пайдалануға;
2)мәтіннің нақты мазмұнын беруге, олардың тұжырымдамалық ақпаратын қалыптастыруға,
бүкіл мәтіннің және оның жеке құрылымдық элементтерінің қорытынды бөлімдерін
сипаттауға;
3)мәтіндегі ақпаратты түсіну, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, қоғамдық-саяси,
оқу-кәсіби салалардағы қарым-қатынас мәтіндерінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін
түсінуге;
4)қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпарат сұрауға және хабарлауға, қатысушылардың іс-
әрекеттеріне баға беруге, таным мен қарым-қатынас жағдайында әңгімелескен адамға әсер
ету құралы ретінде ақпаратты пайдалануға;
5)тілдің, мәдениеттің, қарым-қатынас саласы ерекшеліктеріне сәйкес жеке тұлғалық,
әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жағдайларында құзыреттілік танытуға;
6)пікірталастарда этикалық, мәдени, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылауға, өз
көзқарасын білдіруге, оны дәлелді түрде қорғауға, әңгімелесушілердің пікірін сыни
бағалауға;
7)өзінің жеке ниеттері мен қажеттіліктерін (тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, мәдени, кәсіби
бағдарлы) жүзеге асыру, оларды этикалық жағынан дұрыс, мағыналы толық, лексика-
грамматикалық және прагматикалық тұрғыда жеткілікті дәрежеде жариялау мақсатында
әртүрлі қарым-қатынас салаларындағы жағдаяттарға қатыса алуға қабілетті бола алады.
3-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
7. Осы бағдарлама пәннің мақсаты мен міндеттерін, тақырыптық жоспарын, оқыту әдістерін,
күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптарды, пререквизиттер мен постреквизиттерді
шолудан басталады.
8. Пәннің мазмұнын, семинар (практикалық) сабақтарының және білім алушылардың өзіндік
жұмыстарының тақырыптарын қамтитын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдары үшін «Қазақ тілі» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу
бағдарламасының мазмұны осы бағдарламаға қосымшада келтірілген.
9. Бағдарламаны іске асыру барысында қолданылатын оқыту әдістері мен технологиялары:
1) студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол студенттердің
де оқыту үдерісіне рефлексивті көзқарасына негізделеді;
2) құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған оқыту;
3) коммуникативті сөйлеу әрекетін меңгеру;
4) мәтіннің мағынасын когнитивті модельдеу және оның мәнмәтіндегі қызметі негізінде
түсіну, талдау;
5) тілдік қарым-қатынасқа конверсациялық талдау жасау;
6) сөйлеу барысында сөйлеушінің мақсатын анықтау және прагматикалық талдау жасау;
7) коммуникативтік ықпал жасауға бағытталған ниеттерді қатыстыра отырып түрлі қарым-


қатынас салаларына байланысты мәтіндер құрастыру;
8) әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары;
9) кейс-стади (нақты жағдаяттарды сараптау);
10) жобалау әдісі.
10. Бағдарламаның пререквизиттері мен постреквизиттерін жоғары оқу орнының өзі
тағайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет