Бүгінгі күні педагогика ғылымында педагогикалық процесті басқару ғылымы тұрғысынан зерттеу, түсіну бағыты байқалады


Білім беру менеджментінің негізгі мақсаты —



бет2/5
Дата09.12.2021
өлшемі36,93 Kb.
#78590
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
00023952-0070c69c
Doc27, Документ (1), заявление, Аскер Алия бх 1 билет, Оқу сауаттылығы 100 вариант, Документ, Документ (4)
Білім беру менеджментінің негізгі мақсаты — білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру.Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие, оқу-таным үдерісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.

Ұйымдағы менеджмент кешенінің құрамы  келесі компоненттерден тұрады: стратегиялық менеджмент, кадрлық менеджмент, технологиялық процестер мен операцияларды басқару, қаржылық менеджмент, материалдық-техникалық жабдықты басқару, өнімді өткізуді басқару, жылжымайтын мүлікті басқару, инновациялық менеджмент (дамуды басқару), өнім сапасын немесе қызмет көрсетуді басқару.

· Стратегиялық менеджмент-басты стратегиялық шарттарды құру. Мақсаткерлікті таңдау, оқиғалық анализ, стратегиялық маркетинг, қызметті стратегиялық жоспарлау, ұйымдық құрылымдарды құру және түзету, стратегияларды жүзеге асыруды басқару стратегиялық менеджметке жатады.

-Кадрлық менеджмент - менеджменттің маңызды құрамы. Ұйымның барлық мақсаттары адамдар арқылы жүзеге асады.

-Технологиялық процестерді басқаруда машина, аппаратура, механизмдер, сондай-ақ компьютерлер және басқа арнайы құрылғылардың көмегімен адамдар арқылы жүзеге асады.

-Қаржыны басқаруда кәсіпорынның өндірісті-шаруашылық қызметі қаржыны таратуды тиімді реттейді.

-Материалдық-техникалық жабдықты басқару шикізатты, материалдарды, құрал-саймандарды қажетті өнімдер мен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

-Өткізуді басқару сыртқы ортаның мониторингісін қосатын маркетингтік қызмет арқылы жүзеге асады.

-Жылжымайтын мүлікті басқаруда эксплуатация, сату, сатып алу, айырбас, жал және жылжымайтын мүлік пен байланысты басқа да қозғалыстар сипатталды.

-Инновациялық менеджмент дамуды басқару, өзгермелі жағдайдағы ұйымның тиімділігін жоғарлату мен сақтау үшін қажет. Жаңа өзгерістерді жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау.

Сапаны басқару нарықтық бәсеке жағдайындағы ұйымның бәсекеге тұрақтылығын қолдау үшін міндетті болып табылады.

Бүгінгі білім беру мекемесі ашық педагогикалық жүйе және қоғамның ерекше әлеуметтік-экономикалық ұйымы. Білім беру мекемелерінің жаңаруы, дамуы инновациялық технологияларсыз мүмкін емес.

Педагогикалық менеджмент басшылар мен оқытушыларға мақсатқа жету жолында көптеген мүмкіндік береді:

- біріншіден, вертикальді бұйрықтық басқару әдісінен корпоративті басқару стилі негізіндегі горизонтальді кәсіптік ынтымақтастыққа жол ашады;

- екіншіден, әр тұлғаға даму мүмкідігін береді, басшылар мен оқытушылардың мотивациялары арқылы ұйымның ішкі ортасы, яғни ұйым дамиды;

- үшіншіден, білім беру процесіне қатысушыларға жағымды психологиялық-педагогикалық жағдай туғызады.

Педагогикалық менеджменттің өзіне тән ерекшеліктері бар, өйткені ол адамдардың шығармашылық әрекеттерімен байланысты.

Білім беру процесін басқаруда педагогикалық менеджментті білім беруді тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі, технологиясы деп түсінуге болады. Жалпы менеджмент адамдарды, әлеуметтік процестерді басқару өнері мен ғылым жиынтығы ретінде қарастырылады, адамдардың интеллектісін, еңбегін, мотивацияларын пайдалану арқылы басшының алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады. Осы анықтамаға сүйенсек, әр оқытушы өзінің қарамағындағы білім алушының оқу-таным үдерісінің менеджері болып табылады, ал ұйым басшысы–оқу орнының тұтас оқу-тәрбие үдерісінің менеджері.

Педагогикалық менеджменттің өзіне ғана тән заңдылықтарының бірі-менеджер еңбегінің пәні, өнімі, құрамы және нәтижесінің ерекшелігі.   

Білім беру үдерісінде менеджердің еңбегінің пәні - басқарылатын нысанның (субъекттің) іс-әрекеті, еңбек өнімі-ақпарат, еңбек құралы - тіл, сөз, сөйлеу, еңбек нәтижесі - білім алушылардың білім, тәрбие, даму деңгейлері. Оқу орнының педагогикалық жүйесі бірнеше жүйенің жиынтығы, олардың әрқайсысы күрделі құрылым: оқу, тәрбие, материалдық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз ету, өзін-өзі басқару, әкімшілік басқару. Оқу орны жүйесінің тиімділігі жүйенің құрамды бөліктерінің бір бағытта жұмыс істеуіне, бір бағыттағы іс-әрекеттеріне байланысты. Осыған орай менеджментте ұйымның ішкі ортасы деген түсінік бар. Ұйымның ішкі ортасы – мақсаттарға тиімді жету үшін құрылған бөлімдер. Білім беру ұйымының ішкі ортасын әкімшілік, оқытушылар, білім алушылар, қаржылық бөлім, техникалық қызметкерлер, кітапхана, т.б. құрайды.

Педагогикалық менеджменттің бір ерекшелігі: басқаруға ішкі ортаның әр құрылымы, яғни, басқару субъекттері қатысады: топ жетекшісі, бөлім меңгерушісі, тәрбиеші, өз сабағының иесі, ұйымдастырушысы -оқытушы. Бұл ерекшелік жалпы білім беру мекемесін басқару мазмұнына, нәтижесіне маңызды ықпал етеді.

Менеджмент ғылымында басқарушылық еңбек функцияларының бірнеше классификациялары бар. Белгілі бір мақсатқа жету үшін қолданылатын негізгі функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау. Бұл функциялар коммуникация және шешім қабылдау үдерістерімен біріктіріледі. Аталған менеджмент функциялары барлық салаларда қолданылады. Әр функцияларға тоқталсақ:

·  жоспарлау саясат пен мақсаттарды анықтау, оларға жету жолдарын сипаттайды;

·  ұйымдастыру – еңбекті біріктіру және бөлу, міндеттерді, жауапкершілікті бөлу, құрылымды таңдау;

·  мотивация (ынталандыру) – жұмысшыларды мақсаттарға жетуге қозғау;

·  бақылау-нәтижелерді тексеру, сандық көрсеткіштерді, сапаны тексеру, ауытқуларды жою бойынша шешімдер қабылдау.

Менеджментте стратегиялық және ағымдағы жоспарлау түрлерін анықтайды. Стратегиялық жоспарлау білім беру ұйымының түріне, негізгі миссиясына, оның ішкі және сыртқы ортасына байланысты. Ағымдағы жоспарлау стратегиялық жоспар негізінде құрылады.



Оқу орнының стратегиялық құжаттары - білім беру жоспарлары, бағдарламалары, әр құрылымның жылдық жұмыс жоспарлары.  Оқу орны жұмысының тиімділігі жоспарлауға байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет