Бүгінгі сабақтың тақырыбы


Мейірбикенің кардиология бөлімшесіндегі ұйымдастыру жұмысы



бет2/5
Дата22.12.2023
өлшемі0,64 Mb.
#198502
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 сабак для студ
реферат Сағидоллаева 4 сд С
Мейірбикенің кардиология бөлімшесіндегі ұйымдастыру жұмысы.
Кардиология бөлімшесі науқасқа жедел беруге керекті құралдармен, аппараттармен жабдықталу керек
Мысалы; онда кардиомонитор, электро-кардиограф, электрлі дефибрилятор,қолдан дем алдыру аппараты электрлі дефибрилятор, қолдан дем алдыру аппараты И В Л, электрлі сорғыш, қан қысымын өлшейтін аппарат болуы тиіс

Дәрі-дәрімектер де жеткілікті болуы тиіс. Мысалы: строфантин, коргликон, қан тамырларынын тесігін кенейтетін дәрілер, зәр айдайтын дәрілер, жүректін соғу ырғағы бұзылғанда колданылатын дәрілер, кан тамырлар тесігін тарылтатын канның ұюуына карсы қолданылатын дәрілер, жүрек шаншыған кезде қолданылатын дәрілер болуы тиіс.




Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау
Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.
Көрсеткіштері: науқастың жағдайын бақылау.
Тамыр соғуын анықтайтын жерлер: кәржілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары.
Тамыр соғу қасиеттері : ырғақ, жиілігі, толу, кернеулік, көлемі.
Әзірле: сағатты (секундомерді), қағазды, қызыл түсті қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа манипуляция түралы түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.
2.Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.
3.Қолыңызды антисептикпен тазартыңыз.

4.Бір мезгілде өз қолыныздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.
5.Кәржілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз.
6.Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егерде тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).
7.Тамыр соғу ырғагың анықтаңыз.
8.Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.
9.Тамыр соғу толуын бағалаңыз.
10.Тамыр соғу кернеулікті анықтаңыз.
11.Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық эдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына – сандық әдіспен жазыңыз.
12.Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.
13.Қолынызды жуып, кептіріңіз.
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет