Бүгінгі сабақтың тақырыбы



бет5/5
Дата22.12.2023
өлшемі0,64 Mb.
#198502
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 сабак для студ
реферат Сағидоллаева 4 сд С
Естен тану
Мақсаттары: науқастың есін 5 минут ішінде қалпына келтіру.
Әзірле: Дәкелер, салқын су, мүсәтір спирт, тонометр, жылытқыш, дез ерітінділер, дәрі-дәрмектер.
Іс-әрекет алгоритмі:


1.Қолды әзірлеңіз;
2.Науқасты жастықсыз, аяқ жағын көтеріңкі көлденең қалуын қамтамасыз етіңіз;
3.Таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз, тар киімдерін шешіңіз;
4.Бетіне және кеудесіне салқын су шашіңіз;
5.Есін жинамаған жағдайда мүсәтір спиртіне малынған тампонды мұрынына искетіп, сол тампонмен самайын сүртіңіз;
6.Науқастың бетін шапалақтаңыз;
7.Науқастың АҚҚ , пульсін өлшеңіз;
8.Науқастың аяқтарына жылытқыш қойыңыз, көрпемен жылы ораңыз, тыныштықты қамтамасыз етіңіз (30 минутқа дейін);
9.Осы шараларды 5 минут ішінде нәтижесі болса: дәрігерді шақырыңыз және оның нұсқауларын орындаңыз;
10.Қолданылған заттарды залалсыздандырыңыз;
11.Қолды әзірлеңіз;


Артериялық қысымның күрт төмендеуі.
Мақсаты: артериялық қысымды біртіндеп жоғарылату (бөлек уақытымен).
Әзірле: тонометр, жылытқыш, оттегі жастығы, дез ерітінділер
Іс-әрекет алгоритмі:
1.дәрігерді дереу шақырту;
2.жастықсыз, аяқ жағы көтеріңкі, көлденең қалыпты ұстау;


3.науқасты жылыту (жылы орау, аяқтарына жылытқыш қою, ыстық шай немесе кофе беру);
4.таза ауа жіберу немесе ылғалды оттегі ингаляциясын жасау;
5.манжетті алмай, әр 5 минут сайын қалпына келгенге дейін АҚ-мен пульсті бақылау.

Артериялық қысымның күрт жоғарылауы.
Мақсаты:АҚ-ны біртіндеп төмендету (бөлек уақытымен).
Әзірле: тонометр, қыша қағазы, дәкелер, суық су, жылытқыш, дез ерітінділер
Іс-әрекет алгоритмі:
1.дәрігерді дереу шақырту;
2.бас жоғары көтеріңкі, көлденең қалыпты қамтамасыз ету;
3.физикалықжәне психикалық тыныштықты қамтамасыз ету;
4.таза ауа жіберу;
5.желкеге және балтырға қыша қою;
6.маңдайға суық компресс қою;
7.қолдарға жылы ванна, аяқтарға жылытқыш қою;
8.дәрігердің нұсқауларын орындау;
9.науқастың жағдайын әр 30 минут сайын АҚ қалпына келгенге дейін бақылау (сырт көрінісін қарау, ТАЖ, АҚ, пульс).


Жүрек шаншуы.
Мақсаты:30 минут ішінде ауырсыну ұстамасын басу.
Әзірле: тонометр, дәрі – дәрмектер, қыша қағазы, дез ерітінділер
Іс-әрекет алгоритмі:
1.дәрігерді дереу шақырту;
2.науқасқа көлденең қалыпты қамтамасыз ету;
3.физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ету;
4.валидол немесе нитроглицерин (1 таблетканы тіл астына) және 30-40
5.тамшы корвалол немесе валокардин беру. Егер нитроглицерин тамшы
6.түрінде болса, онда қантқа 1-2 тамшы;
7.жүрек тұсына қыша қою;
8.таза ауа жіберуді қамтамасыз ету;
9.дәрігердің нұсқауларын орындауды қамтамасыз ету;
10.науқастың жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс) бақылау жүргізу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет