Биыл ауа-райы ылғалды болып тұр. Соның салдарынан өзеннің су деңгейі түсе қойған жоқ



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата12.09.2022
өлшемі6,99 Mb.
#149218
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
2c4bf94106f2d0d84a7a9ffb94f828a2
3 сынып КТЖ, 0186-16, рахат Нұртілеу Ақпараттық қауіпсіздік, !0;KABK@ 0;K 07, Силлабус Азаматтық құқық негіздері 22-23, 1. Екі таңбалы сандарды нөмірлеу, 1РискиСеминар 3
Қаныбек ӘБДУОВ.
БАС РЕДАКТОР БАҒАНАСЫ
КІМ АЛДА?
немесе оқырманға 
ризашылық
ДЕҢГЕЙІ ТОЛЫ ДАРИЯ
КӨЛДЕРДІ СУЛАНДЫРУҒА КӨЛКӨСІР МҮМКІНДІК...
Жаңақорғандық «Алтын алқа» иегері Ақдидар 
Сеитованың арыз-шағымы бақылауға алынды. Ол үйінің 
жанынан газ құбыры шұңқырының жүргізілмегендігі 
жөнінде аудан әкімі Руслан Рүстемовтің жеке қабылдауына 
шағымданды. 
«Есімім Ақдидар, жеті баланың анасымын. Жеңіс көшесі 
№34 үйдің тұрғыны ретінде қоршау сыртынан газ құбыры 
жүйесінің шұңқыры қазылмай кеткенін айтуға келдім» – деп 
мәселе көтерген кент тұрғыны мен аудан әкімі арасындағы 
әңгіме төмендегіше өрбіді.
– Ол көшеде жалғыз сіздің үй ме, әлде тағы бар ма 
қазылмай кеткені?
– Бар. Құдайы қоңсым. Оның да ауласына жүргізілмеген.
– Мердігер компания не дейді?
– Айтуларынша, жобалық-сметалауда жоқ екенбіз. 
Яғни, картаға сызылмаған. 
– Үй қай жылы салынған?
– 1960 жылы іргетасы қаланған. 
– Ақдидар Нұрманқызы, негізі кентте сізбен қоса 
150 тұрғын үй жобалық-сметалау сызбасына енбей 
қалған. Бұл мәселе жөнінде біз «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 
Қызылорда облыстық филиалына ұсыныс жібердік. Жал-
пы, Жаңақорған кентін газдандыру құрылысына 3 млрд 48 
млн. 465 мың теңге қарастырылған. Бүгінде, бұл қаржы 
толық игерілген. Сондықтан, әзірге қосымша қаржы 
қарастырылмаған. 
Осы тұста айта кететіні, Жаңақорғанда газданды-
ру жұмысы жоспарға сай 2016 жылы басталуы тиіс бола-
тын. Алайда облыс әкімінің саяси шешімінің арқасында 
мерзімінен бір жыл кент тұрғындары көгілдір отынның 
игілігін көруде. Өкінішке орай, ауласына келіп тұрған газ-
ды кіргізуге құлықсыздық танытып отырғандар саны ба-
сым. Мәселен, кент бойынша 4300 үй газ кіргізу керек бол-
са, бүгінгі таңға дейін 500-ге жуық тұрғын газға қосылған. 
Десе де, мәселеңіз орынды. Шешімін табуға жұмыс жасай-
мыз, – деген аудан әкімі аудандық тұрғын үй-коммуналдық 
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль 
жолдары бөлімінің бас маманы Нұржан Сүлейменовке 
жағдайды бақылауға алуды тапсырды.
Мұнан кейін қабылдауға кірген №3 мектеп 
интернатының психолог маманы Дина Ахметова желтоқсан 
оқиғасының қатысушысы ретінде біржолғы өтемақыға қол 
жеткізе алмай жүргенін мәлімдеді. Үш жылдан бері қажетті 
құжатын дайындап, жауапты орталықтан тұшымды жауап 
алмаған. 
Бұл жөнінде аудан әкімі Руслан Рүстемұлы бөлім басшы-
сы Абдіғанит Ахметовтен мәселенің заңдылығын сұрады.
– Бүгінгі таңда ауданда екі адам біржолғы өтемақыны 
алуда. Ал, Дина Ахметованың қолында куәлігі бар. Бірақ, 
ол «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» 
департаментінің 
аудандық 
бөлімшесінің 
тізіміне 
енбеген. 
Осыған 
байланысты 
жеңілдікке қол жеткізе алмай отыр, – деді 
сала басшысы. 
«Басталған істің біткені жақсы» демекші, 
аудан әкімі көмекшісіне орталық директо-
ры Алия Аблаеваны шақыртуды тапсырды. 
Көп ұзамай жеткен орталық жетекшісі Алия 
Әуелбекқызы жағдаймен таныс екенін жеткізді. 
Әрі Дина Ахметованың жазбаша түрде арызын 
алып, облыстық департаментке жібергенін тілге 
тиек етті. Өз кезегінде Еңбек, әлеуметтік қорғау 
және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бой-
ынша департаментінен арыз хатқа жауап келген. Онда 
Дина Ахметованың Желтоқсан оқиғасының қуғын-сүргін 
құрбаны емес, Желтоқсан оқиғасынан зардап шегуші бо-
лып танылғандықтан Заң бойынша біржолғы өтем түрін 
тағайындауға негіз жоқ екендігі түсіндірілген. 
«Серпінді» айтып, сенімге үміт сыйлады.
Келесі кезекте кент тұрғыны Гүлмира Тасымова мек-
теп бітірген қызының облыс әкімінің білім грантын иелену-
ге мүмкіндігі бар-жоғын сұрады.
– Қызыңыз қанша балл жинады, – деді аудан әкімі.
– Негізі сынама көрсеткіші жоғары еді. Бірақ ҰБТ-ға 
келгенде 75 балл алды. 
– Таңдау пәні қандай?
– Әдебиет пәні. 
– Негізі аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев жыл 
сайы н бюджеттен тыс қаржы көздері арқылы озат 
түлектердің Ресейдің маңдайалды оқу орындарында 
білім алуына грант бөледі. Бүгінгі таңда 300-ден астам 
қызылордалық өрен көрші елде білім алуда. Алайда, 
оның өзіндік критерийі бар. Яғни, әр ауданға 2-3 лимит 
қарастырылған. Оған қоса, түлектің ҰБТ-да жинаған бал-
лы жоғары болуы тиіс. Соңғысы, бұл грант – оқу үлгерімі 
жақсы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған ауылдық жердегі 
озаттарға арналған. Сіздің қызыңыздың таңдау пәні бұл 
грантқа сай келмейді. Өйткені, өңір басшысы сұранысқа 
сай техникалық мамандықтарды оқытуға басымдық беру-
де. 
Десе де, қызыңызға «Серпін-2050» әлеуметтік жо-
басы аясында бағын сынауға мүмкіндік мол. Былтыр бұл 
бағдарлама бойынша ауданда жоғарғы және орта арнау лы 
оқу орнына 221 білім грантын жеңіп алды. Маусым айының 
25-30 аралығында аталмыш бағдарлама бойынша қай 
қалаға, қандай мамандықтарға түсуге болатыны жөнінде 
облыстан мәлімет алатын боламыз. Сондықтан, бұл 
мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал 
төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаевпен ха-
барласып отырсаңыз, – деді аудан басшысы. 
Жалпы, жеке қабылдау барысында жиі көтерілген 
мәселенің бірі – мамандық бойынша жұмысқа орналасу. 
Және жаңақорғандық Қаншайым Жакудаева жеті жыл бойы 
тұрғын үй кезегінің 40-шы орыннан жылжымай тұрғанын 
жеткізді. Бұл мәселе бойынша жауап берген, аудандық 
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар 
көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы 
Нұржан Сүлейменов кезектің жылжымауын соңғы жылда-
ры ауданда тұрғын үй салынып жатпағандығымен байла-
ныстырды. Қабылдауға соңғы болып кірген кент тұрғыны 
Мұқан Абжалелов «Санатория» мөлтекауданынан шағын 
футбол алаңқайын салуға ықпал етуін сұрады. Өйткені, 
2000-ға жуық тұрғыны бар қоныстың басым бөлігін жас-
тар құрайтындықтан, олардың бос уақытын тиімді өткізу 
– бәрінен маңызды екенін тілге тиек етті. 
Түйіндей келе, әкім екі сағатта онға жуық жеке 
тұлғаны қабылдады. Тұрғындардың талап-тілегіне байла-
нысты аудан әкімі сала басшылары мен «Нұр Отан» пар-
тиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбаса-
ры М.Балқожаевқа көтерілген мәселені бақылауға алып, оң 
шешімін табуға жұмыс жасауды тапсырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет