Биыл ауа-райы ылғалды болып тұр. Соның салдарынан өзеннің су деңгейі түсе қойған жоқ



Pdf көрінісі
бет22/22
Дата12.09.2022
өлшемі6,99 Mb.
#149218
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
2c4bf94106f2d0d84a7a9ffb94f828a2
3 сынып КТЖ, 0186-16, рахат Нұртілеу Ақпараттық қауіпсіздік, !0;KABK@ 0;K 07, Силлабус Азаматтық құқық негіздері 22-23, 1. Екі таңбалы сандарды нөмірлеу, 1РискиСеминар 3
Әбдісамат ӘБДІШ.
ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ –
 
АЙМАҚТА ҮЗДІК АТАНДЫ
Шіркін, уақыт! Біз журфакты бітіргелі де қырық жылға тақап келеді 
екен-ау! Бала кезгі балаң арман әлі күнге кеудемде тұншығып, тұмшаланып 
жатқандай болады да тұрады. Ең алғаш Жаңақорған аудандық газетіне 
шыққан шағын хабарларым әлі күнге көзіме оттай басылады. Көз салсам-ақ, 
кеудемнен арман өріп жүре береді. Ол кезде тек қана жақсы журналист болу 
арман-ды. Республикалық басылым беттерінде көркем очерктер, эсселер ба-
сылып жататын күндер де болар ма екен деп қиялға берілетінбіз. Оқуға да 
түстік. Ойдағыдай аяқтадық та. Дипломды журналист атандық. Аудандық, 
облыстық газеттерде азды-көпті жұмыс істеу бақытына да ие болдық. 
Бірақ... Өмірімнің көбі ресми жұмысқа арналыпты. Рас, ондай жұмысты екінің 
бірі атқарып кете алмасын да білемін. Алайда мақтанатын түк те жоқ. Ал, 
қалған азды-көпті бостау күндерді жазушылыққа арнаппыз. Көркем шығарма 
жазумен күн өткеріппіз. Қазақ, орысты былай қойып, әлем әдебиетінің 
алыптарымен тайталассақ деген қайсар мінез тауып алыппыз жас кезден-
ақ! Жақсы ма, жаман ба-білмеймін ол жағын! Сөйте-сөйте, журналистика-
ны өгейсітіппіз. Үлкен өкініш осы! Имандай шыным- Журналистикаға де-
ген іңкәр сезім осы күнге дейін кеудемнен көшкен емес. Неге сол саланы 
ғана таңдап, сонымен шектеліп қалмадым екен деп те ойға қаламын кей-
кейде. Әрине, әр саланың өзіне тән ерекшелігі бар. Жазушылық- көрінгеннің 
қолжаулығы бола алмайды. Болған да емес. Жақсы жазушы- ұлттың айбары, 
айбаты, мақтанышы! Көп елдерді кейде жазушысы арқылы-ақ танып-біліп 
жатамыз. Журналистика ше? Ол ма? Ол- әр елдің бет-бейнесі. Тірлігі, ты-
нысы, адымы, бағыты, бағдары... Ол ғана емес. Журналистика – сол елдің 
жетістігі мен кемістігі, биігі мен еңісі, тасуы мен тартылуы, шыны мен қиялы, 
бары мен жоғы, күңгейі мен көлеңкесі. Сол жолды қалап едік бір заман-
да! Дұрыс бағыт ұстанып едік! Бүгінгіміз не? Журналистика-сартап сағыныш! 
Ойдан кетпес тәтті қиял... Жазыңдаршы! Жарқыраңдаршы, менің ізбасар 
іні-қарындастарым! Журналист болыңдаршы! Журналистиканың жалауын 
көкке, зеңгір көкке көтере беріңдерші! Таймаңдаршы тура жолдан...
«Байла
-
ныс және ақпарат 
қызметкерлерінің күні» 
қарсаңында «Ұмытылған 
ұрпақ», «Оянған ұрпақ» 
және «Күлкі мен көз 
жасы» романымен, 
бірнеше әңгіме-хикаяттар 
жинағының авто
-
ры, жазушы-драматург, 
публицист Жолтай 
Әлмашұлы әлеуметтік 
желіде жариялаған ой-
толғамдарын ұсынып от
-
ырмыз.
АЗАБЫ ДА, РАХАТЫ ДА БІР БАСЫҢДА 
(Қаламдас інім – Қаныбекке хат)
Қаныбек бауырым! Саған хат жазам деген ойым да 
жоқ еді. Оған сенің осы ФБ-дағы мен туралы кішкене 
жазбаң ойтүрткі бола кеткені. Оқырмандарыма оқта-
текте болса да өз ішімдегі сырды бөлісіп қояйыншы деп 
талай рет оқталғам. Талай рет тоқталғам. Айта беретін 
не бар? Бітіргеніңді мақтаныш етесің бе? Жазу өнері 
жаныңды мазалаған ойлар мен сырларды елге жа-
рия ету! Бар болғаны сол ғана! Ал, болашақ жоспарың 
жайлы көсіле сөйлеп не керек? Оның мейлінше құпия 
болғаны ғажап емес пе? Біреу білмесе, естімесе, хабар-
сыз болса-демек, өзіңнен де жасырып ұстауға болатын 
асыл ақиқат! Қандай ғанибет! Осындай ойға малда-
нып жүруші ем, Қаныбек інім! Бірақ... жас өсіп, есейе 
бастаған шақта өміріңнің кейбір сәттері туралы ашық 
айтып, мейлінше шынайы сөйлеген де бір бақыт болып 
кететіндей. Менің еңбек жолым сол өзің басшылық жа-
сап жатқан Жаңақорған аудандық газетінен бастау 
алады. Өйткені алғашқы балауса ойларды қағаз бетіне 
түсіре бастаған шақта, оны елге жариялаған, халыққа 
таратқан, сөйтіп менің журналист болмақшы асқақ 
арманыма қанат байлап берген басылым – осы га-
зет! Тіпті, әлі күнге ұмытпаймын, ең алғашқы мақалам 
– «Озат механизаторлар» 1971 жылы жаз айында 
газеттің бірінші бетінде басылды. 1974 жылы Алматыға 
оқуға аттандым. Міне, осы екі-үш жыл аясындағы газет 
тігінділерін парақтар жан болса, менің балауса, таңғы 
шықтай шынайы ой-сезімдеріммен қым-қиғаш қауыша 
кетер еді. Жә, бұл өз алдына әңгіме! Саған қарата 
сөз арнау себебім – осы күні артымда қалған азды-
көпті ғұмырыма қиялмен саяхат жасасам, бітіргенім 
де, бітіре алмай азапқа түскен шаруаларым да шаш 
етектен екен! Ең алдымен айтарым- менің алғашқы 
әңгімем 1976 жылғы «Жалын» журналының 5-са-
нында жарияланды. (Аты-«Жүрек тілі»). Сол жылдан 
шығармашылық өмірбаян басталды десек, келер жылы 
шығармашылықпен айналысып келе жатқаныма 40-
жыл толады екен. Аз ба, көп пе? Оның арғы жағында 
60 деген жас та қылаң беріп тұр. Аз жас па, көп 
жас па? Прозасы бар, драмасы бар, тарихи эсселері 
мен ғылыми толғамдары бар- жиырмаға тарта кітап 
шығарыппыз. Елу жасқа дейін аяқтаған үш романның 
басын біріктіріп, «Тар дүние» деген атпен трилогия етіп 
шығарсам деймін алдағы жылы. Әңгімелер, пьесалар 
өз алдына. Бұларды қоя берші. Мені шаршатып жүрген 
бір кітап бар. Ол – Әбу-Насыр мен Қожа Ахмет Иассауи 
туралы тарихи роман. Бастағаным қаш-шан! Он жыл, 
тіпті одан да көп уақыт...Қажытты. Санамды сілкіледі. 
Ойымды сан-саққа жүгіртті. Қиялымды шарлап, миыма 
маза беруді қойды. Қашан бітірем? Бітіруге құдіретім 
жете ме? Білмеймін! Ештеңе айта алмаймын. Бірақ, бір 
нәрсе айқын. Шығармашылық деген – азабы мен раха-
ты бір басындағы тылсым әлем! Сен ФБ-да кездестіріп, 
кейде ойланып, кейде рахаттана оқып жүрген шағын 
ой-толғамдар әлгіндей ауыр қиялдан шаршаған сәтте 
жазған бір сәттік сезім ұшқындары деп білгейсің! Десе 
де, осы кішкене жазба-ойларыма кәдімгідей көңіл ау-
дарып, барынша қызығушылық танытушылар көбейіп 
барады. Соны сезінген сайын ойланып қалады екенсің! 
Баяғылы бері неге осы жанрды оң жамбасқа алып
жәукемдемедім екен деп! Міне, көрдің бе Қаныбек інім, 
өзіңе сыр айтам деп бұрын-соңды айтпай жүрген бар 
шынымды да жайып салдым. Бұл, бәлкім туған жерімді 
сағыну да болар! Аңсау да шығар! Сағыныш әр кеуде-
де, әр жүректе мәңгі бұғып жататын асыл сезім. Асқақ 
сезім! Аялы сезім! Алла-тағала сондай шынайы ой-
лардан, тәтті қиялдардан ажыратпағай! Ел-жұрт аман 
болсын! Сыр елінің әрдайым тек биіктерге самғағанын 
көргім келеді. Бар айтарым осы!
ЖҮРЕГІМДЕГІ
ЖУРНАЛИСТИКА 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет