Билет №1 Далалық өркениет, оның түркі, қазақ әдебиетіне әсері туралы айтыңыз


Билет № 3 1.«Аттила» жыры, оның тарихи негізі, қазақ фольклорындағы көрінісін әңгімелеңіз



бет5/6
Дата26.12.2023
өлшемі35,66 Kb.
#199467
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Билет №1 Далалық өркениет, оның түркі, қазақ әдебиетіне әсері ту-emirsaba.org

Билет № 3
1.«Аттила» жыры, оның тарихи негізі, қазақ фольклорындағы көрінісін әңгімелеңіз. “Аттила“ дастаны Аттиланың Еуропаға жасаған жауынгерлік жорықтарын тарихи деректер мен аңыз-әфсаналар негізінде баяндайтын қаһармандық жыр. Осы дастан бізге түгелдей жетпегенімен, герман және скандинавия халықтарының батырлық эпостары саналып келген “Нибелунга туралы жыр“ және “Алып қолды Вальтария“ ”Waltarius vanu fortis” поэмалары «Аттила» дастанының сюжеттік негізінде орта ғасырда қайта жазылғаны дәлелденді. Ғалымдар бұл поэмалардың авторлары қыпшақтардың әдет-ғұрпын, салт-санасын, жан дүниесін, психологиясын егжей-тегжейлі біліп жазған қыпшақтар дейді. Қазақ халқының арғы ата-бабалары ғұндар мен оның патшасы Аттиланың мифтегі орны көркемдік бейнеболып біраз санада сақталып кеткен, сол себептен оныңбатырлық тұлғасына байланысты жазылған деректердегі мәліметтерге мән берсек.Аттиланы қазақтың хас батыры деп атауымыздың себебі көп. Еділ батыр туралы мағлұматтар еуропа әдебиетінде ғана емес қазақтың көне жырларында даерекше орын алған. Еділ батырдың батырлық сипатын өмірі мен тарихының тікелей біздің қанымызға байланысты екенін зерттеген қаламгерлер мен ғалымдарымыз– С.Өтенияз, т.б болып бірауыздан Аттила - қазақтың арғы бабасы, ертеден бергі жырға қосылған Еділі, һәм хас батыры деген. Атилланың есімінің айналасында тарихи деректермен бірге, көптеген мифтік аңыздар да бар.Соның бірінде «Маған, яғни бүкіл түрік жұртына енді қарсы тұрар ешкім жоқ, сондықтан мен соғыспаймын”-деп, астындағы Алтынжал атты тұлпарын босатыпты. Ел аузындағы аңыз Еділ Рим империясын бағындырған соң: “Алтынжал қалықтап аспанға ұшып кетеді. Иесіне керек уақытында келіп тұрған. Әрине, халық ұғымында батырдың тұлпардан айырылуы не босатып қоя беруі жақсы ырым емес…Сол себепті, Еділ батыр қаза болған соң өзі құрған империяның ыдырауы халық ырымын растайды. Аспанда жүрген Алтынжал анда – санда көрініп кететін болған. Әсіресе Еділ ұрпақтарын жоғарыда жүріп бақылаған. Еділ секілді батыр туғандай жағдай болса, қайтып келмекші болған. Әрине, тарихи шындыққа қарасақ, Еділ ұрпақтары Европа жерінде үш жүз жылдай үстемдік еткені рас. Еділ ұрпақтарының тасы өрге домалаған кезі Баян хан заманында еді. Алайда, Еділдің тұлпары Алтынжалды халық “құйрықты жұлдызға” теңеп жырлаған. Сондықтан “құйрықты жұлдыз түссе, ақырзаман болады” деген ел ұғымы осы Алтынжал аңызымен байланысты екенін көреміз»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет