Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Газды инфекцияның ағымының 4 сатысын ажыратады ( А.Н. Львов )



бет91/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
d9bd8556-da50-4609-b605-f67f95595c30 2
Газды инфекцияның ағымының 4 сатысын ажыратады ( А.Н. Львов ) :

  1. Ерте – шектелген газды флегмона сатысы .

  2. Газды флегмонаның үдемелі таралу сатысы .

  3. Газды гангрена сатысы .

  4. Сепсистің даму сатысы .

Аурудың сатысына байланысты байқалатын жергілікті белгілер :
1 сатыда — ауыру сезімі тек жарада ғана болады . Жара кұрғақ , лас - сұр түтыкпен қапталған бөліністері аз немесе мүлдем болмайтын өліеттену ) . Терінің ісінуі тек жараның шетінде ғана болады және ол аздап сарғышгтанады .
2 сатыда – ауыру сезімінің « ауысып жылжу » белгісі байқалады , сонымен бірге оның сипаты өзгереді . Аяқ - қолдың көлемінің ұлғаюына байланысты керіліп тұрғандай ауыру сезімі пайда болады . Ауыру сезімінің орын ауыстырып жылжуы газдың және ісінудің аяқ - қолдың бойымен таралуымен түсіндіріледі . Ісіну мен газдың түзілуінің жоғарылауы байқалады . Жара құрғақ , өліеттенген . Бұлшықеттер ісінген және сыртқа аударылып шығады Терісі бозғылт - сары түсті болады . Жараның айналасында қола немесе мрамор түстес дақтар түзіледі .
3 сатыда – аяқ - қолдағы тамыр соғуының жоғалуы және оның мұздауы анықталады . Ауыру сезімі мен сезімталдық жойылады . Ісіну мен газ тұлғаға жайылады . Зақымдалған аяқ - қолдың көлемі өте қатты ұлғаяды , геморрагиялық және қою - қоңыр сұйықтыққа толған көпіршіктер пайда болады . Жара толық өліеттенген , құрғақ , ісінген , шеттері сыртқа аударылған , қанды - іріңді бөліністердің шығуы байқалады .
4 сатыда - жарада ірің пайда болады , алыста орналасқан ағзалар мен тіндерде іріңді метастаздар дамиды . Диагнозды бактериологиялық зерттеумен міндетті түрде нақтылау қажет . Бактериоскопия ( жарадан жағынды алу ) жүргізіледі және арнайы орталарға егіледі . Тіндерде газ болғанда рентгенологиялық зерттеу әдісі қолданылады . Ісінудің ұлғаюы мен газдың түзілуінің жоғарылауы « лигатура белгісімен » , « шампан тығыны белгісімен » дәлелденеді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   248




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет