Билет №7 Нематодалардың дамуына биотикалық факторлардың әсері



бет5/8
Дата27.04.2022
өлшемі19,68 Kb.
#140932
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7-8 билет
obrazec zajavl, сутек-полиязычие, kl rus, Суммативное оценивание за 4 четверть по предмету «Русская литера
Иіс сезім органдары. Иіс сезу органы кеңсірік куысында орналасқан.Дәм сезетін органдар. Кеміргіштердің дәм сезетін органдары тіл ішінде орналасқан. Кеміргіштердің копшілігі олсіз дәмді сезе алмайды.
Билет № 8
1. Бидай нематодасы, немесе угрица – Anguina tritici Steinb. Бұл нематода тиленхид (Tylenchidae) тұқымдасы, угрица туысына жатады; бидайдың барлық жұмсақ және қатты сорттарын залалдайды. Угрица әсерінен өсімдіктің жер бетіндегі мүшесінде (дәнде) беріш (галла) пайда болады. Бидай нематодасы Европа, Солтүстік Америка, Азия, Австралия және Солтүстік Африка елдерінде, сондай-ақ бұрынғы Совет Одағы мемлекеттері – Прибалтика, Украина, Қырым, Кавказ, Краснодар аймағында және Орта Азия Республикаларында кеңінен таралған.
Фитогельминттердің ішінде ірісі бидай нематодасы. Аталық нематоданың денесі жұмыр құрт тәрізді, екі жағы жіңішкерген, басы жапырылған, құйрығы үшкір келеді. Аналық особьтарының ұзындығы 5 мм, көлденеңі 0,1-0,2 мм, өңеші жақсы дамыған, ас қорыту бездері ісінген, стилеті кішкене (9-11 мкм). Аналық ұрық безі жақсы дамыған және оның алдыңғы жағы екі рет бүгілген, жатыры тар, бір мерзімде 20дан артық жұмыртқа симайды. Аталық нематоданың пішіні жіңішке келеді, ұзындығы 1,9-2,5 мм, көлденеңі 0,07-0,1 мм соған байланысты олар жақсы қозғалады. Аталықтарында үлкен спикула, рулек және бурса болады. Бидайдың алғашқы даму фазасында немаиодалармен қатты залалданса, онда өсімдіктің өсуі бәсеңдеп, жапырақтары бұралып қалады. Осы мерзімде дернәсілдер өсімдіктің бетінде эктопаразиттер сияқты тіршілік етеді. Артынан бидай масақтанған кезде угрицаның дернәсілдері гүл түйінінің ішіне еніп, онымен қоректенеді. Соның нәтижесінде бидай дәнінің орнына галла пайда болады. Угрицамен залалданған масақтар сауларынан өзгеше көрінеді. Ауруға шалдыққан өсімдік бойы ергежейлі болып, масақтарынан ұзындығы 2-3 рет қысқарып сабақтары қисайып өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет