Былғары бұйымдарына арналған материалдардың классификациясы және оларға қойылатын талаптар


Сурет 1. Ірі қара мал терісінің құрылымы



бет2/5
Дата25.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#104871
1   2   3   4   5
Байланысты:
Былғары бұйымдарына арналған материалдардың классификациясы
10-сынып олимпиада тапсырмасы, ҚМЖ- Алимкулова
Сурет 1. Ірі қара мал терісінің құрылымы
Былғары өндірісінің шикізаты болып – үй жануарларының, жабайы аңдардың, балықтардың кейбір түрлерінің, теңіз жауарларының денесінің сыртқы қабатын құрайтын терілері болады.

Жануарлардың түрі, жасы, жынысы, өмір сүру жағдайы – тері мен былғарының қасиеттеріне зор әсер етеді. Терінің негізгі бөлігі белоктардан тұрады, олар: талшықты (коллаген, эластин, кератин) және глобулярлы (мукоид, глобулин және альбумин). Тері құрылымы түкті қабат, эпидермис, дерма және тері астындағы майлы мкань деп аталатын қабаттардан тұрады.

Теріні илеп өңдеуге түсіргенде терінің түктерін эпидермисті және тері астындағы клетканы алып тастап, тек қана дерманы пайдаланады. Терінің түкті қабаты белок-кератиннен құралатын өте көп мөлшердегі түктерден тұрады. Түктер терінің бетіне бұрыштап орналасқан дерма ішіндегі үңгірлердегі түктің дорбашасынан өседі.

Эпидермис дегеніміз – бірнеше қатар эпителин клеткаларынан тұратын жоғарғы қабат. Ол сыртқы және ішкі қабаттардан тұрады. Эпидермис қалыңдығы терінің қалыңдығының 2-5% алады. Дерма мен эпидермис арасындағы шекарасы шайылып кеткен.

Дерма дегеніміз - өзара өрілген белок талшықтарынан тұратын, оның ішінде коллагендер (90-96%), эластин талшықтар (1-4,8%), ретикулин (1-3%) тұратын терінің негізгі қабаты.

Өте уақ коллаген талшықтарының құрылымы болып фибриллалар табылады. Олардың диаметрі - 0,1 МкМ. 200-3000 фибрилла қосылып, көлденең кесіндісінде диаметрі – 5 мкм болатын элементарлық талшықты құрады. Ал, 30-300 элементарлық талшықтар өзара өріліп, диаметрі – 200 мкм, ұзындығы – 50 мм дейін талшықтар шоғырын құрайды.

Талшықтар шоғырының өзара өрілу сипаты жануар түріне, жасына, терінің топографиялық учаскесіне байланысты. Жануарлар терісінің дермасы сүт бездерінің қабаты мен торлы қабаттан тұрады. Олардың шекарасы болып түк дорбашасының орналасу тереңдігі болады. Дерманың сүт безді қабатында көп мөлшерде түк дорбашасы, тер шығаратын бездер, түктерді басқарып отыратын бұлшықтар болады. Бұл қабаттың коллаген талшықтарының шоғырлары жіңішке болып, түктер дорбашаларына параллель болады. Олар эпидермиске сүт бездерінен кіріп тұрады. Сүт бездерінен тұратын қабатта эластинді талшықтардың көпшілік бөлігі орналасқан.

Былғары бетінде әртүрлі төбешіктер (бездер) және тесіктер (түктің дорбашаларының орны) болады. Олар эпидермисі алынып тасталған былғарыларға тән сүрет түзеді (мерея). Сүт бездері мен торлы қабаттардың арасында фибриллалардың бас қабатынан тұратын коллаген талшықтары орналасқан.

Торлы қабат безді қарағанда ірілеу, бірқалыпты ромб тәрізді өрілген коллаген талшықтарының шоғырларынан тұрады. Сондықтан да бұл қабат тері мен былғарының беріктігін анықтайтын ең берік және тығыз орналасқан қабаты болып табылады.

Шоғырлардың қалың жері дерманың ортасында болып, энидермис және астыңғы қабатқа қарай кішірейеді. Егер де безді қабаттың қалыңдығы онша көп өзгермесе, ал торлы қабаттың қалыңдығы терінің учаскесіне тығыз байланысты өзгеріп отыратын болады. Торлы қабаттың құрылымы шоғырлардың еңкею бұрышына, шоғырлар қалыңдығына, олардың тығыздығына, талшықтар мен фибрилларға бөлінуіне және майлы қабаттың мөлшері мен таралуына байланысты болады. Сондықтан да теріні (былғарыны) жануардың денесінің бөліктеріне сәйкес әртүрлі учаскелерге бөледі. Бұл учаскелердің қасиеттері әртүрлі болады. Бұны топографиялық учаскелер деп атайды. Ірі қара малдың терілерінде мынадай топографиялық учаскелер болады: чепрак, мойны (вороток), етек (полы), қолтық (пашины), желке (челка), лапы, құйрық жағы және сирақ төменгі бөлігі (лап).

Чепрак ауданы терінің бүкіл ауданының 60% алады. Шошқа терілеріндегі топографиялық учаскелер былай аталады: крунок (арқа), етек (полы), мойын (вороток) және лапы.

Шошқа тері құрылымы.

1 эпидермис , 2 дерма және 3 теріасты ( 2-сурет ) бар. Емізікті және торлы қабатта дерма бөлінбеген, өйткені шаш түбірі теріасты клетчаткасында орналасқан. Майлылығы 5 есе артық.




Шошқа терісінің тікелей қиындысы


Жануарлар терісінің топографиясы.

Дерма және тері ауданы бойынша біртектік дәрежесі бар және топографиялық аймақ деп аталатын бөліктер ажыратылады

Жануар терісінің жиегі (контуры) төмендегі 3-суретте көрсетілген. Мұндай контурда тері мен былғарының келесі топографиялық бөліктері ажыратылады:


Сурет 3. Мүйізді ірі қара терісінің топографиясы


Шап терісі (пашина) – терінің ең борпылдақ жіңішке бөлігі. Олар теріні келесі топографиялық бөліктерге бөлетін сызықтармен қосылған: чепрак, вороток, огузок, челка, полы және лапы.

Ірі қара малдың терілерінде мынадай топографиялық учаскелер болады: чепрак, мойны (вороток), етек (полы), қолтық (пашины), желке (челка), лапы, құйрық жағы және сирақ төменгі бөлігі (лап).



Чепрак- терінің ортаңғы бөлігі, мойын терісінен (вороток) сызықпен шектелген, алдыңғы және артқы сирақ бөлігінен (лапа) ойыстарын терісін байланыстырады. Огузка – чепрактың артқы бөлігі, артқы сирақ бөлігінің ойыстарын біріктіреді. Чепрак тері ауданының шамамен 50%, мойын терісі (вороток) – 20%, етек терісі (полы) – 30% алып тұрады. Орташа және майда терілерді топографиялық бөліктері бойынша кеспейді, бірақ пішу кезінде олардың қалыңдығы мен тығыздығы ескеріледі. Чепрак – терінің өте қалың және тығыз бөлігі; вороток қалыңдығы бойынша чепракка жақындау, бірақ құрылымы тығыздау; полы чепрактан тығыздығы азырақ және борпылдақ; пашина құрылымы борпылдақ (суретте тері қалыңдығының біртіндеп азаюы стрелкамен көрсетілген).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет