Білім алушыларға арналған жолбасшы-анықтамалығЫ


Технологиялар коммерциаландыру департаменті



бет2/3
Дата19.02.2017
өлшемі8,66 Mb.
#10995
1   2   3

Технологиялар коммерциаландыру департаменті


- коммерцияландыру бөлімі 

- ақпараттық –патенттік қызмет бөлі

- инновациялар мен патенттік қызмет көрсету бөлімі

- инновациялық паркі

  • Әлеуметтік және азаматтық даму жөніндегі департаменті:

  • студенттер мен жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі;

  • әлеуметтік-мәдени жұмыстар жөніндегі бөлім.

  • Медициналық орталық

  • Жастар саясаты орталығы

  • Спортклуб

  • Білім алушылар үйінің дирекциясы

  • Мұражай


Біздің мекен-жайымыз:

010008, Астана қ., Қ.Сәтпаев к., 2.




Университет басшылығы

СЫДЫҚОВ Ерлан Бәтташұлы

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының академигі



Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 2-үй,

оқу-әкімшілік корпус, 200 каб.



Телефон: 8 (7172) 709 509

Эл. пошта: rector@enu.kz




Молдажанова Асемгуль Александровна

Оқу ісі жөніндегі проректор


Педагогика ғылымдарының докторы, доцент

Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 2-үй,

оқу-әкімшілік корпусы, 205 каб.



Телефон: +7 (7172) 709 468

Эл.пошта: moldazhanova_aa@enu.kz

Сомжүрек Баубек Жұмашұлы

Халықаралық байланыстар және инновациялар жөніндегі проректор

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент



Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 2-үй,

оқу-әкімшілік корпусы, 246 каб.



Телефон: +7 (7172) 709 473

Эл. пошта: somzhurek_bzh@enu.kz


Қанаев Серікжан Зиаданұлы

Стратегиялық даму жөніндегі проректор


Саяси ғылымдарының докторы, Философия ғылымдарының кандидаты, профессор

Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 2-үй,

оқу-әкімшілік корпусы, 205 каб.



Телефон: 8 (7172) 709 468

Эл.пошта: kanayev_sz@enu.kz

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ

Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі проректор


Филология ғылымдарының докторы, профессор

Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2-үй,

оқу-әкімшілік корпус, 243 каб.



Телефон: +7 (7172) 709 472

Эл. пошта: dikhan.kamzabek@enu.kz

СЫРЛЫБАЕВ Марат Қадырұлы

Қаржы-шаруашылық мәселелер жөніндегі проректор

Экономика ғылымдарының кандидаты



Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2-үй,

оқу-әкімшілік корпус, 244 каб.



Телефон: +7 (7172) 709 471

Эл. пошта: syrlybayev_mk@enu.kz


НҰРМАНОВА Жанна Қадырбайқызы

Ғылыми хатшы

Педагогика ғылымдарының кандидаты



Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2-үй,

оқу-әкімшілік корпус, 212 каб.



Телефон: +7 (7172) 709 500, ішкі: 31 239

Эл. пошта: nurmanova_zh@enu.kz



ПАЛЫМБЕТОВ Шамен Балтабайұлы

Академиялық мәселелер департаментінің директоры

Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2-үй,

оқу-әкімшілік корпус, 120 каб.



Телефон: +7 (7172) 709 465, ішкі: 31 147

Эл. пошта: palymbetov_shb@enu.kz

Факультеттер туралы жалпы ақпарат

ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
Факультет деканы –Сақ Қайрат Өмірбайұлы

филология ғылымдарының кандидаты, профессор.



Мекен-жайы: Астана қ., Янушкевич к., 6, 213 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 534, ішкі: 35 200

Эл. пошта: kaisak1964@yandex.kz

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары –

Примбетов Даурен Сакенұлы



Тел.: 8 (7172) 709 534, ішкі: 35 208

Эл. пошта: p.dauren@yandex.kz
Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –

Болатова Гулжаухар Жамбылқызы



Ішкі тел.: 35 207

Эл. пошта: gulzhauhar. bolatova @yandex.ru
Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:

Бакалавриат:

5В050400 – Журналистика

5В042200 – Баспа ісі

5B050200 – Саясаттану

5B051400 – Қоғаммен байланыс
Магистратура (бейіндік және ғылыми-педагогикалық):

6М050400 – Журналистика

6M050200 – Саясаттану

6М050200- Саясаттану /1 ж/


6М051400 – Қоғаммен байланыс

Докторантура:

6D050400 – Журналистика

6D050200 – Саясаттану

Ақпараттық технологиялар ФакультетІ
Факультет деканы – Нұрбекова Жанат Құнапиақызы

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор.



Мекен-жайы: Астана қ., Пушкин к., 11, 201 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 480, ішкі: 34 200

Эл. пошта: nurbekova_zhk@enu.kz

Деканның академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары –

Закирова Алма Болатқызы



Мекен-жайы: Астана қ., Пушкин к., 11, 205 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 480, ішкі: 34 214,

Эл. пошта: zakirova_ab@enu.kz
Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары –

Жұмаділлаева Айнұр Қанаділқызы



Мекен-жайы: Астана қ., Пушкин к., 11, 205 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 480, ішкі: 34 206

Эл. пошта: zhumadillayeva_ak@enu.kz
Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –

Ахаева Жанар Берікбайқызы



Мекен-жайы: Астана қ., Пушкин к., 11, 203 каб.

Тел.: 8(7172) 709 480, ішкі: 34 206

Эл. пошта: akhayeva_zb@enu.kz



Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:



Бакалавриат:

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

5В070300 – Ақпараттық жүйелер

5В011100 – Информатика (білім беру бағыты)

5В060200 – Информатика (жаратылыстану бағыты)

5В100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

5B070200 – Автоматтандыру және басқару
Магистратура (бейіндік және ғылыми-педагогикалық):

6M070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

6M070300 – Ақпараттық жүйелер

6M011100 – Информатика (білім беру бағыты)

6M060200 – Информатика (жаратылыстану бағыты)

6М100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

6M070200 – Автоматтандыру және басқару
Докторантура:

6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

6D070300 – Ақпараттық жүйелер

6D011100 – Информатика (білім беру бағыты)

6D060200 – Информатика (жаратылыстану ғылымы)

6D070200 – Автоматтандыру және басқару



МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
Факультет деканы – Жәйшібеков Нұрболат Жұмабекұлы

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.



Мекен-жайы: Астана қ., Мұңайтпасов к., 13, 203 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 469, ішкі: 33 200

Эл. пошта: jaychibekov_ng@enu.kz
Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары –

Бұрғұмбаева Сәуле Қайрбекқызы



Мекен-жайы: Астана қ., Мұңайтпасов к., 13, 204 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 469, ішкі тел.: 33 213

Эл. пошта: burgumbaeva_sk@enu.kz
Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –

Жұманбаева Айжан Серікқызы



Мекен-жайы: Астана қ., Мұңайтпасов к., 13, 205 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 469, ішкі тел.: 33 215

Эл. пошта: : zhumanbaeva_as@enu.kz
Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:

Бакалавриат:

5B060100 – Математика (жаратылыстану бағыты)

5B010900 – Математика (білім беру бағыты)

5B060300 – Механика

5B070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу

Магистратура:

6M060100 – Математика (жаратылыстану бағыты)

6M010900 – Математика (білім беру бағыты)

6M060300 – Механика

6M070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу
Докторантура:

6D060100 – Математика

6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
Факультет деканы – Амандықова Сәуле Көшкінқызы

Заң ғылымдарының докторы, профессор.



Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі., 2, 217 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 538, ішкі: 31 248

Эл.пошта: amandykova_sk@ enu.kz


Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары –

Өмірзақов Пернебек Құрашұлы



Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2, 220 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 461, ішкі: 31 296

Эл.пошта: Оmirzakov_РК@enu.kz
Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары

Сембекова Бакиткул Рактаевна



Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2, 221 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 461, ішкі тел.: 31 259

Эл.пошта: b.sembekova@yandex.ru
Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:

Бакалавриат:

5B030100 – «Құқықтану»

5B030200 – «Халықаралық құқық»
Магистратура:

6M030100 – «Құқықтану»

6M030100 – «Құқықтану»/1ж/

6M030100 – «Құқықтану»/1ж/ (Өндірістік орындаушы)

6M030100 – «Құқықтану»/1ж/ ( Сот сараптамасы)

6M030200 – «Халықаралық құқық»

6M030200 – «Халықаралық құқық»/1ж/

Докторантура:

6D030100 – «Құқықтану»

6D030200 – «Халықаралық құқық»
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
Факультет деканы – Қашхынбай Байжұман Балтабайұлы

Мекен жайы: Астана қ., Янушкеевич к. 6, 109 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 544, ішкі: 35 101

Эл. пошта: Kashhinbaev_bb@enu.kz

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары –

Салиева Айгуль Жанаевна



Мекен жайы: Астана қ., Янушкеевич к. 6, 109 каб.

Тел.ішкі: 35 103

Эл. пошта: aigul.enu@yandex.ru
Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –

Гитихмаева Людмила Магомедовна



Мекен жайы: Астана қ., Янушкеевич к. 6, 108 каб.

Тел.ішкі: 35 109

Эл. пошта: Gitihmaeva_LM@enu.kz
Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:

Бакалавриат

5В020600 – Дінтану

5В050100 – Әлеуметтану

5В050300 – Психология

5В010800 – Дене тәрбиесі және спорт

5В090500 – Әлеуметтік жұмыс

5В020400 – Мәдениеттану

5В020100 – Философия

5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Магистратура

6М010300 – Педагогика және психология

6М020100 – Философия

6М020600 – Дінтану

6М050100 – Әлеуметтану

6М050300 – Психология

6М090700 – Әлеуметтік жұмыс

6М020400 – Мәдениеттану

6М012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

6M010800 – Дене тәрбиесі және спорт


Докторантура

6D010300 – Педагогика және психология

6D050100 – Әлеуметтану

6D020100 – Философия

6D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

6D020400 –Мәдениеттану


КӨЛІК-ЭНЕРГЕТИКА ФакультетІ
Факультет деканы – Сүлейменов Тыныс Бөлекбайұлы

Техника ғылымдарының докторы, профессор



Мекен жайы: Астана қ., Мұңайтпасов к., 13, 135 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 529, ішкі: 33 100

Эл. пошта: stb2007@yandex.ru, Suleymenov_tb@enu.kz
Деканның академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары

Аяғанова Алия Жұмабайқызы



Мекен жайы: Астана қ., Мұңайтпасов к., 13, 133 каб.

Тел: 8 (7172) 709 529, ішкі: 33 122

Эл. пошта: ayaganova_azh@enu.kz

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары –

Сұлтанов Тимур Төлеуғалиұлы



Мекен жайы: Астана қ., Мұңайтпасов к., 13, 133 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 529, ішкі: 33 122

Эл. пошта: sultanov_tt@enu.kz



Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –

Жармаганбетова Айгерим Даужановна



Адрес: Астана қ., Мұңайтпасов к., 13, 134 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 529, ішкі: 33 112

Эл. пошта: zharmaganbetova_ad@enu.kz
Факультет екі деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:

Бакалавриат:

5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары

5В071700 – Жылу энергетикасы

5В073200 – Стандарттау және сертификаттау(салалар бойынша)

5В090100 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

5В075000 - Метрология



Магистратура:

6М071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары

6М071700 – Жылу энергетикасы

6М075000 – Метрология

6М073200 – Стандарттау және сертификаттау

6М090100 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФакультетІ
Факультет деканы – Жолдасбекова Акбота Ниязовна

Саясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.



Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2, 321 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 536, ішкі: 31 300

Эл. пошта: zholdasbekova_an@enu.kz
Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары –

Әбішева Мадина Мағазқызы



Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2, 376 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 500, ішкі: 31 376

Эл. пошта: abisheva_mm@enu.kz
Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –

Қосыбаев Мирас Махмедунұлы



Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев көшесі, 2, 321 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 536, ішкі: 31 359

Эл. пошта: kosybaev_mm@enu.kz

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:



Бакалавриат

5В020200 – Халықаралық қатынастар

5В050500 – Аймақтану

5В020900 – Шығыстану

5В021200 – Түркітану

5В021000 – Шетел филологиясы: түрік тілі (ағылшын тілі қоса меңгеріледі)


Магистратура

6М020200 – Халықаралық қатынастар

6М050500 – Аймақтану

6М020900 – Шығыстану

6М020500 – Филология: түрік тілі

6М021200 – Түркітану


Докторантура

6D020200 – Халықаралық қатынастар

6D050500 – Аймақтану

6D021200 – Түркітану



Экономика ФакультетІ
Факультет деканы – Мақыш Серік Биханұлы

Экономика ғылымдарының докторы, профессор.



Мекен-жайы: Қ. Мұңайтпасов к., 11, 604 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 534, ішкі: 32 600

Эл. пошта: makysh_sb@enu.kz
Деканның академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары –

Тәжікенова Сапия Қарғабайқызы

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Мекен-жайы: Қ. Мұңайтпасов к., 11, 611 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 534, ішкі: 32 666

Эл. пошта: tazhikenova_sk@ enu.kz
Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары –

Бакирбекова Айгуль Макулбекқызы



Мекен-жайы: Қ. Мұңайтпасов к.,11, 611 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 534, ішкі: 32 608

Эл. пошта: bakirbekova_am@enu.kz

Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –

Омарбекова Айгерім Шамагелдіқызы



Мекен-жайы: Қ. Мұңайтпасов к.,11, 611 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 534, ішкі: 32 605

Эл. пошта: omarbekova_ash@mail.ru
Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:

Бакалавриат:


5В052000 – Мемлекеттік аудит

5B050600 – Экономика


5B050700 – Менеджмент

5B050800 – Есеп және аудит

5B050900 – Қаржы

5B051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

5B090200 – Туризм



Магистратура:

6М052000 – Мемлекеттік аудит

6М052000 – Мемлекеттік аудит /1,5/

6M050600 – Экономика

6M050600 – Экономика /2/( Мамандандыру:ДСҰ)

6M050600 – Экономика /1/

6M050700 – Менеджмент

6M050700 – Менеджмент /1/

6M050800 – Есеп және аудит

6M050800 – Есеп және аудит /1/

6M050900 – Қаржы

6M050900 – Қаржы /1/

6M051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

6M051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару /1/

6M090200 – Туризм

6M090200 – Туризм /1/



Докторантура:

6D052000 – Мемлекеттік аудит

6D050600 – Экономика

6D050900 – Қаржы

6D090200 – Туризм

6D051700 – Инновациялық менеджмент



Филология факультеті
Факультет деканы – Жарқынбекова Шолпан Құзарқызы

Филология ғылымдарының докторы, профессор.



Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 11., 317 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 502, ішкі: 32 300, 32 311

Эл. пошта: Zharkinbekova_SHK@enu.rz
Деканның академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары –

Сулейменова Шынар Берденовна



Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 11.

Тел.: 8 (7172) 709 502, ішкі тел.: 32 309

Эл. пошта: suleimenova_shb@enu.kz

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары –

Тусупбекова Мадина Жанбырбаевна



Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 11.

Тел.: 8 (7172) 709 502, ішкі тел.: 32 309

Эл. пошта: tussupbekova_mzh@enu.kz
Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –

Әбдімәулен Гүлмира Әбдімәуленқызы



Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 11.

Тел.: 8 (7172) 709 502, ішкі тел.: 32 306

Эл. пошта: abdimaulen_ga@ enu.rz
Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:

Бакалавриат:

5В021000 – Шетел филологиясы (ағылшын тілі)

5В021016 – Шетел филологиясы (қытай тілі)

5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын тілі)

5В011924 – Шет тілі: екі шет тілі (француз тілі)

5В011923 – Шетел тілі: екі шет тілі (неміс тілі)

5B020500 – Филология: (қазақ филологиясы,)

5B020500 – Филология: (орыс филологиясы)

5B011800 – Орыс тілі мен әдебиет

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиет

5В020700 – Аударма ісі
Магистратура (бейіндік және ғылыми-педагогикалық):

6М021000 – Шетел филологиясы (ағылшын тілі)

6М011900 – Шет тілі: екі шет тілі

6М020500 – Филология: (қазақ филологиясы)

6М020500 – Филология: ( орыс филологиясы)

6М011800 – Орыс тілі мен әдебиет

6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиет

6М020700 – Аударма ісі

6М020700 – Аударма ісі ( Аударма ісі: Ауызша аударма) (Жеке білім бағдарламасы)


Докторантура

6D020500 – Филология:казахский язык, русский язык

6D021400 – Әдебиеттану

6D020700 – Аударма ісі

6D021000 – Шетел филологиясы

6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиет




жАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФакультетІ
Факультет деканы – Шәпекова Нэля Лұкпанқызы

медицина ғылымдарының докторы, профессор.



Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 13, 238 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 530, ішкі: 33 201

Эл. пошта: shapekova_nl@enu.kz
Деканның академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары –

Букенова Эльмира Абайқызы



Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 13

Тел.: 8 (7172) 709 500, ішкі: 33 222

Эл. пошта: Bukenova_ab@enu.kz
Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары –

Сафаров Руслан Зайирұлы



Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 13

Тел.: 8 (7172) 709 500, ішкі: 33 222

Эл. пошта: Safarov_RZ@enu.kz
Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –

Зұлхарнай Рамиз Нұрланұлы



Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 13

Тел.: 8 (7172) 709 500, ішкі: 33 224

Эл. пошта: Zulkharnai_rn@enu.kz
Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:

Бакалавриат:

5В060600 – Химия

5В060700 – Биология

5B060800 – Экология

5B060900 – География

5В070100 – Биотехнология

5В061000 – Гидрология
Магистратура (жаратылыстану және білім беру):

6М060600 – Химия (жаратылыстану бағыты)

6М060700 – Биология (жаратылыстану бағыты)

6М011200 – Химия (білім беру)

6М011300 – Биология (білім беру)

6М060800 – Экология

6М060900 – География

6М070100 – Биотехнология



Докторантура:

6D060600 – Химия

6D060700 – Биология

6D060800 – Экология

6D060900 – География
СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІ
Факультет деканы-Баймұханов Серіктай Кәкенұлы

Техника ғылымдарының докторы, профессор



Мекен жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 13, каб. 210 б

Тел: 8(7172)709-500, ішкі. 33300

Эл.пошта: baimukhanov_sk@enu.kz
Деканның академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары –

Самуратова Тәттігүл Какенқызы



Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 13

Тел.: 8 (7172) 709 532, ішкі: 33 325

Эл. пошта: samuratova_tk@enu.kz
Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары –

Базарбаев Данияр Омарұлы



Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 13

Тел.: 8 (7172) 709 500 ішкі: 33225

Эл. пошта: bazarbayev_do_1@enu.kz
Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –

Кошеров Олжас Курманбаевич



Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 13

Тел.: 8 (7172) 709 532, ішкі: 33 323

Эл. пошта: kosherov_ok@enu.kz
Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:

Бакалавриат:

5B071100 – Геодезия және картография (оқу мерзімі 4 жыл)

5В072900 – Құрылыс (оқу мерзімі 4 жыл)

5B042000 – Сәулет (оқу мерзімі 5 жыл)

5B042100 – Дизайн (оқу мерзімі 5 жыл)(Сәулет)

5B042100 – Дизайн (графикалық)

5В075200 – Инженерлік жүйелер және желілер (оқу мерзімі 4 жыл)


Магистратура (бейіндік және ғылыми-педагогикалық):

6М071100 – Геодезия

6М072900 – Құрылыс

6М073000 – Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын

өндіру

6M042000 – Сәулет



6М073000-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру. Мамандандыру: Инновациялық технологиялар бойынша құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және құрылысы

6М073000-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру. Мамандандыру: Энерготиімді және ресурсты үнемдеу технологиясы бойынша бетон және темірбетон бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және құрылысы

6M042100 – Дизайн

6М010700 – Бейнелеу өнері және сызу



Докторантура:

6D072900 – Құрылыс



ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ Факультет
Факультет деканы – Ақылбеков Әбдіраш Тасанұлы

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.



Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Мұңайтпасов к., 3, 314 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 500, ішкі: 33 301

Эл. пошта: Akilbekov_at@enu.kz

Деканның академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары –

Ыдырысов Жұмабай Молдақадырұлы



Ішкі тел.: 33 317

Эл. пошта: idirissov_zh@enu.kz

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары –

Гиниятова Шолпан Гиниятқызы



Ішкі тел.: 33 307

Эл. пошта: giniyatova_shg@enu.kz
Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары –

Майлыбекова Гүлжас Жаксылыққызы



Тел.: 8 (7172) 709 500, ішкі тел.: 33 320

Эл. пошта: maylybaeva_gzh@enu.kz
Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:

Бакалавриат:

5В060400 – Физика (жаратылыстану ғылымдары)

5В060500 – Ядролық физика (оқу мерзімі 5 жыл)

5B071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация

5B072300 – Техникалық физика

5B074600 – Ғарыштық техника және техналогиялары


Магистратура:

6М011000 – Физика (білім)

6М060400 – Физика (жаратылыстану ғылымдары)

6M060500 – Ядролық физика

6M060500 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация

6M072300 – Техникалық физика

6M074000 – Нанотехналогия және наноматериалдар

5М074600 – Ғарыштық техника және техналогиялары/1,5ж/


Докторантура:

6D060400 – Физика

6D060500 – Ядролық физика

6D072300 – Техникалық физика


Тарих Факультеті
Факультет деканы – Садықов Тлеген Садықұлы

Тарих ғылымдарының докторы, профессор.



Мекен-жайы: Астана қ., Пушкин көшесі, 11, 309 каб.

Тел.: 8 (7172) 709 500, ішкі: 34 301

Эл. пошта: sadikov_ts@enu.kz

Деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (келісім негізінде)

Кошман Татьяна Васильевна



Ішкі тел.: 34 320

Эл. пошта: koshman_tv@enu.kz
Деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары (келісім негізінде) –

Екібаев Рүстем Жақсыбекұлы



Ішкі тел.: 34 317

Эл. пошта: yekibayev_rzh@enu.kz
Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары –

Сейтказина Куралай Отаубаевна, кандидат исторических наук, доцент



Ішкі тел.: 34 318

Эл. поштасы: seitkazina_ko@enu.kz

Факультет үш деңгейлі жүйе бойынша мамандар даярлайды:



Бакалавриат:

5В020300 – Тарих

5В020800 – Археология және этнология
Магистратура:

6М020300 –Тарих

6М020800 – Археология және этнология
Докторантура:

6D020300 –Тарих



6D020800 –Археология және этнология

Университет БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ

құқықтары мен міндеттері
ЕҰУ-нің білім алушылары мынадай құқықтарға ие:


  • білім берудің мемлекеттік жалпы стандарттарына сәйкес келетін сапалы білім алу;




  • білім беру стандарттарының аясында жеке оқу жоспары бойынша білім алу;




  • басқа ЖОО-дағы элективті пәндерді (соның ішінде таңдау бойынша пәндерді оқу);




  • қосымша білім беру қызметтерін өзінің қабілеті мен қажетіне қарай алу, оқу жоспарына сәйкес балама курстар таңдауға мүмкіндік алу;




  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің бекіткен тәртібіне сәйкес басқа оқу орындарынан келесі оқу орнына ауысуға және қайта қабылдануға, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуға;




  • университет кітапханасынан қажетті ақпараттарды алуға, пән бойынша қажетті оқу-әдістемелік кешенді тегін пайдалануға;




  • жеке көзқарасы мен пайымдарын еркін жеткізе білуге;




  • ҚР заңдарына сәйкес әскери қызметке шақырылуды кейінге қалдыруға.



ЕҰУ білім алушыларының міндеттері:


  • әр оқу жылына арналған жеке оқу жоспарын жасау;




  • жеке оқу жоспарына сәйкес оқу пәндерін игеру;




  • бітіруші курста білімді сырттай бағалау тестілеуінен (ВОУД) өту;




  • таңдалған бағыттың теориялық және практикалық дағдыларын меңгеру;




  • сабаққа күнделікті қатысу;




  • сабаққа кешікпеу;




  • сабақты бос жібермеуге, ауырып келмеген жағдайда медициналық анықтамасын көрсету;




  • келмеген сабақтарын оқытушы белгілеген мерзімде өтеу;




  • оқу пәндері бойынша білім алушылардың өздік жұмыстарының (СӨЖ) барлығын орындау;




  • ағымдық, аралық және қорытынды бақылаулардың бәрін тапсыру;




  • оқу-әдістемелік әдебиеттер мен университеттің материалдық құндылықтарына ұқыпты қарау;




  • ЕҰУ-нің ішкі ережелерін сақтау (сырт киіммен жүруге, темекі шегуге, қатты сөйлеуге тиым салынады);




  • бірге оқитын курстастары мен оқытушыларға адал ниетті болу;







  • тәртіпті және жауапкершілікті сезіну;




  • сабақ кезінде ұялы телефондарды сөндіріп қою;




  • өз денсаулықтарына ұқыпты қарауға, рухани және физикалық жетістіктерге ұмтылу.

Білім алушылардың өз міндеттері мен жауапкершіліктерін бұзған жағдайында тәртіптік іс-шаралар қолданылады



Білім алушылардЫ кредиттік ТЕХНОЛОГИЯ бойынша оқытудың ерекшеліктері
Жалпы ережелер

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ білім беру траекторияларын таңдау мен кредиттер түріндегі білім ауқымын есепке алуға негізделген өзін-өзі ұйымдастыру мен өз бетінше білім алу қабілеттерін дамытуды көздейтін кредиттік технология бойынша бакалаврлар, магистрлар мен PhD дкторларды даярлауды жүзеге асырады. ЕҰУ-нің әрбір білім алушысы кредитік оқу технологиясының негізгі ережелерді білуге тиісті:

1. Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі оқу жылындағы әр пән бойынша меңгерілетін кредит бойынша өлшенеді;

2. Білім алушының әр пән бойынша оқу жұмысының көлемі 1-ден 6 кредитке дейін болады. Әрбір пән ереже бойынша бір семестр көлемінде оқытылады;

3. Білім алушы жеке оқу жоспары (ЖОЖ) формасында өзінің білім бағдарламасын құрады. ЖОЖ эдвайзер көмегімен әр академиялық кезеңге құрылады, оның басты міндеті – білім алушының білім алу траекториясын таңдауға көмек беру. ЖОЖ құрылғанда білім алушы тіркеу және қайта тіркеу мерзімдерін сақтауға тиісті.


    1. 4. Білім алушылардың пәндерді меңгеруге жазылуы (Enrollment) тіркеу офисі қызметі, эдвайзерлердің, кафедра меңгерушілері мен факультет декандарының әдістемелік және кеңес берушілік көмегімен ұйымдастырылады.

    2. Білім алушыларды оқу пәндерін меңгеруге тіркеу білім беру порталында он-лайн тәртібіне жүзеге асырылады.

Пререквизит болып табылатын пән бойынша академиялық қарызы бар білім алушының постреквизит болып табылатын пәнге тіркелуге құқығы жоқ.

Электрондық мәліметтер базасында тіркелу үшін білім алушыға білім беру порталында орналастырылған нұсқаулықпен танысу қажет.

Тіркелгенге дейін білім алушы оқудың жеке траекториясын жасау үшін өзінің эдвайзеріне немесе кафедра меңгерушісіне баруы қажет. Олар МОП, ТУП және КЭД-тен модульдер мәселелері бойынша білім алушыларға кеңес береді, түсіндіреді.


    1. 5. Бірінші оқу жылының білім алушыларын электрондық базаға енгізу қабылдау мерзімінде ағымдағы жылдың 30 тамызына дейін жүргізіледі.

6. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері (білімі, дағдылары, іскерлігі және құзырлығы) халықаралық тәжірибеде қабылданған 4 балдық шкала бойынша тиісті сандық эквиваленті бар әріптік жүйеге (оң бағалар, кемуі бойынша «А»-ден «D»-ға дейін, «қанағаттанарлықсыз» – «Ғ») сәйкес 100 балдық шкала бойынша балмен бағаланады.

7. Білім алушының қорытынды бақылауға жіберілу рейтингісі (орташа рейтинг) 50 балды құрайды. Білім алушы орташа рейтингі 50 балдан кем болмаса ғана қорытынды бақылауға жіберіледі (әрбір рейтинг бойынша жеке-жеке 25 балдан кем емес). Пән бойынша қорытынды баға аралық және қорытынды бақылау (емтихан бағасы) бағаларын қамтиды. Жіберілу рейтингінің үлесі білім алушының оқу пәні бағдарламасын игеру дәрежесінің қорытынды бағасының 60%-ын құрайды. Қорытынды бақылау үлесі аталған оқу пәні бойынша қорытынды білім бағасының 40%-ын құрайды. Нәтиже емтихан бағасы 50 балдан кем болмаған жағдайда ғана есептеледі. Егер емтиханда білім алушы 50 балдан кем жинаса, оған «F» деген баға қойылады.

8. Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны сол аралық аттестация кезеңінде оны жоғарылату мақсатымен қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

9. Пән бойынша қорытынды бағаны (ҚБ) шығару кезінде рейтингтік бақылау нәтижелері бойынша семестр ағымында ағымдағы үлгерімнің жиынтық балы мен емтиханда алынған балл есептеледі; ҚБ келесі формула бойынша шығарылады:



ҚБ=Рорт*0,6+ЕБ*0,4, Рорт=(Р1+Р2)/2, Р1(Р2)=(АғБ+РБ)/2

мұнда: ҚБ – қорытынды баға;

         Р1 – бірінші рейтинг бақылауының нәтижесі;

           Р2 – екінші рейтинг бақылау нәтижесі;

         ЕБ – емтихан бағасының балы;

Рорт – орташа рейтинг (жіберілу рейтингі);

РБ – рубеждік бақылау нәтижелері;

АғБ – ағымдық бақылау нәтижелері.


Білім алушының оқу үлгерімі ағымдық, аралық және қорытынды бақылау бойынша қадағаланады.

  • Ағымдық бақылау – оқытушылардың білім алушының сабақта алған білімдерін жүйелі тексеріп отыруы. Білім алушылардың үлгерімінің ағымдағы бақылауы оқу дисциплинасының әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі және аудиториялық, аудиториядан тыс сабақтарды қамтиды. Үлгерімнің ағымдағы бақылауы кезінде оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырма үшін (ағымдағы сабақтағы жауап, үй тапсырмасын тапсыру, СӨЖ, аралық бақылау) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және үлгерімнің ағымдағы бақылауының соңғы нәтижесі академиялық аралық ішінде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық есебі бойынша есептеледі.


Рубеждік бақылау – семестрдің бірінші және екінші жартысындағы бақылау. Рубеждік бақылау міндетті болып табылады. Білім алушының білімін рубеждік (рейтингілік) бақылау арқылы тексеру әр семестрдің 7-і (Р) және 15-і (Р) аптасында өтеді (бұған ұзақтығы 15 аптаға жетпейтін семестрлер кірмейді). Білім алушы емтиханға 2 рейтингілік бақылауды тапсырғанда жіберіледі: Р1≥ 25, Р2≥ 25 және жіберу рейтингі (орташа рейтинг) Рж≥ 50.

  • Қорытынды бақылау – пәнді меңгергеннен кейін білім алушының білім деңгейін бақылау (емтихан сессиясы).

10. Білім алушы білімін бағалау шкаласы жүйесінде жүзеге асады.

Білімді бағалау көрсеткіші

  • Білім алушылардың білімдерін бағалауда бағаның көпбалдық жүйесі әріптік символда қолданылады.




Әріптік жүйеде бағалау

Балдың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйеде бағалау

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Емтиханды және дифференциалды сынақты “А”, “А-“, “В+”, “В” “В-” бағалары мен тапсырған және барлық оқу аралығында орташа үлгерім балы (GPA) 3,5-тен кем емес, сонымен қатар барлық мемлекеттік емтихандарды және қорғаған диплоидық жұмысын ( жоба) “А”, “А-“ бағаларымен тапсырған бакалавриат бағдарламасымен тапсырған білім алушыға барлық оқу аралығында (әскери дайындық бағасын есептемеген кезде) емтиханды қайта тапсыру болмаса, үздік диплом беріледі.


Курстан курсқа өтуге қажетті орташа ұпайды

(GPA) есептеу әдістемесі
Курстан курсқа өтуге қажетті орташа ұпай (GPA – Grate Point Average) – таңдау пәндері бағдарламасына сай білім алушының орташа есеппен алғандағы жетістігі: кредиттік және сандық балама ұпайы ағымдағы оқыту кезеңінің кредиттерінің жалпы санының тәртібіне сәйкес қорытынды бағаның қатынасы.
Курстан курсқа өтудің орташа ұпайы (ОҰ) мына формуламен есептеледі:

ОҰ = (О1 х К1 + О2 х К2 + ... + Оn x Kn)/(K1 + K2 + … Ka),

О1 О2 Оn – 4 балдық жүйенің бағасы (балдардың сандық эквиваленті), К1 К2 Кn кредиттің саны
Оқу жылының қорытындысы бойынша жазғы семестр нәтижелерін ескере отырып, тіркеу офисі білім алушының оқудағы жетістіктері деңгейінің орташа бағасы ретінде орташа үлгерім балын (GPA) есептейді. Бұл ретте курстан курсқа көшу балын (GPA) есептеу кезінде барлық оқу кезеңіндегі академиялық қарыздар ескеріледі.

Орташа балл (GPA) кредит-сандық эквивалент жүйесі негізінде есептеледі.

Қорытынды өлшем бағаның сандық эквивалентін модульге берілген кредиттер санына қосып, білім алушы тіркелген жалпы кредиттер санына бөлгендегі сома болып табылады.
GPA есептеу үлгісі:


Модуль

Кредиттер саны

Әріптік жүйе бойынша баға

Сандық эквивалент

Математика

3

А

4.00

Информатика

2

В

3.00

Физика

3

F

0

Математика 4.00 х 3 = 12.00

Информатика 3.00 х 2 = 6.00

Физика 0 х 3 = 0

Қорытынды өлшем = 12 + 6 + 0 = 18.00



Жалпы кредиттер саны = 3+2+3 = 8

Егер GPA есептеу кезінде орташа балл үтірден кейін екі белгісі бар сан болса, онда математика ережелеріне сәйкес GPA-ді ондыққа дейін дөңгелектеу керек (үтірден кейін бір белгіге дейін): егер үтірден кейінгі екінші сан 0,1,2,3 немесе 4 болып аяқталса, онда үтірден кейінгі бірінші сан өзгермейді; егер үтірден кейінгі екінші сан 5,6,7,8 немесе 9 болса, онда үтірден кейінгі бірінші сан бір бірлікке арттырылады, мысалы: 2,23 = 2,2; 2,25 = 2,3; 2,27 = 2,3 және т.с.с.

Университетте білім алушының келесі курсқа көшірілуіне рұқсат беретін минималды орташа үлгерім балының (GPA) келесі өлшемі белгіленген:

– 1-курстан 2-курсқа – 2,0;

– 2-іншіден 3-курсқа – 2,2;

– 3-курстан 4-курсқа – 2,3;

– 4-курстан 5-курсқа – 2,5.
Магистранттар мен докторанттар үшін:

– 1-курстан 2-курсқа – 2,5;

– 2-курстан 3-курсқа – 2,5;

Курстан-курсқа өту балын есептеуде сол оқу жылында оқып, тапсырған пәндермен бірге алғашқы академиялық кезеңдерде «F» бағасын алған пәндер де есепке алынады.

Курстан курсқа көшу балын жинай алмаған білім алушыға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылату мақсатында жазғы семестрде жекелеген модульдерді (пәндерді) ақылы негізде (мемлекеттік емтихан тапсырылатын «Қазақстан тарихы» «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінен басқалары) қайта оқып, олар бойынша қайтадан емтихан тапсыру мүмкіндігі беріледі.

Курстан курсқа көшу кезінде орташа курстан курсқа көшу балын (GPA) анықтау кезінде тәжірибеден өту мерзіміне сәйкес келсе, тәжірибе бағалары да ескеріледі (егер тәжірибе каникул уақытында, шілде-тамызда аяқталса, оның нәтижелері келесі семестрде ескеріледі).



Жазғы семестрде де курстан курсқа көшу балын жинай алмаған білім алушы ақылы негізде қайта оқу курсында қалдырылады. Мемлекеттік білім грантының иегері болған білім алушы қайта оқу курсына қалдырылса, бұл ретте мемлекеттік білім грантынан айрылады, одан әрі өз оқуын ақылы негізде жалғастырады.

Ақылы негізде оқуын жалғастыру үшін қайталама курсқа қалдырылған білім алушы келесі оқу жылының 10 қыркүйегіне дейінгі мерзімде ақылы білім қызметтерін көрсету келісім-шартын жасауға міндетті.

Курсты қайта меңгеру кезінде оқу үшін төлемақы іс жүзінде меңгерілетін академиялық пәндер есебінен (игерілетін кредиттер) жүргізіледі. Аталған жағдайда бұйрық ресімделеді, оған факультет деканының ұсынысы негіздеме болады.

Қайта оқу курсына қалдырылған білім алушы бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын ерте орындап шығуы мүмкін немесе белгіленген тәртіпте жасалған жаңа жеке оқу жоспарын құруы мүмкін.

Келесі курсқа көшірілген білім алушы академиялық қарызы бар болса, тиісті пәнін қайта оқуда міндетті компонентті ақылы негізде оқиды.

Қайта оқу курсы немесе академиялық қарыздарын жабу мақсатымен қайта оқитын сабақтары ақылы негізде оқылады.

Курстан курсқа өтуге қажетті орташа ұпайы (GPA) жеткілікті, келесі курсқа көшірілген, бірақ академиялық қарызы бар білім алушы бұл қарыздарын жазғы семестрде жабуы тиіс.

Академиялық қарыздардарын тапсыру үшін және курстан курсқа өтуге қажетті орташа ұпайы (GPA) жеткіліксіз білім алушы жазғы семестр кезінде курсты қайта оқып, емтихан тапсыруға міндетті.
Назар аударыңыз: Білім алушы курстан курсқа көшірілу үшін оқу жылының аяғында өзінің курстан курсқа өтуге қажетті ұпай санының (GPA) жеткілікті екенін анықтап, көз жеткізіп барып жазғы демалысқа шығуы тиіс.

Білім алушыларға академиялық адалдық үшін толық жауапкершілік жүктеледі, олар өздеріне берілген тапсырманы өздігінен орындауы тиіс және емтихан орындау кезінде, басқа тапсырмаларды орындау кезінде ережелер мен қолданбаларға бағынуы тиіс.



Сабақтарға қатысу

Күндізгі оқу бөлімінде оқитын білім алушылар бекітілген сабақ кестесіне сай барлық аудиториялық сабақтарға қатысуы тиіс. Кеңес беру сипатындағы аудиториядан тыс СӨЖО сабақтарға оқытушыға сұрақтары бар болса және өздік жұмыстар мен жіберген сабақтарының материалдарын тапсыру үшін ғана қатысуға болады. Жекелеген жағдайда осындай сипаттағы сабақтарға қатысу оқытушының талап етілуімен міндеттеледі.


Білім алушының дәрісханадағы жұмысы

Аудиториядағы сабақ барысында әрбір білім алушы барлық үлгідегі өткізілген сабақтарға қатысып отыруы керек (ауызша жауап, жазбаша жұмыс, ой бөлісу, пікірталас, топтық жұмыс, жобаның орындалуы, т.б. )


Жадынама: Дәрісті қалай жазу керек?
Дәрісті тыңдау және жазу өзің үшін қажет. Әрбір адам ақпаратты өзі үшін өздігінше бекітеді. Оқытушының барлық сөзін сөзбе-сөз жазып алуға тырыспаңыз. Керекті жерлерін түртіп алып, кейбір сөздерді мүмкіндігінше белгілермен ауыстырыңыз.

Түсінікті етіп жазыңыз, әйтпесе өз жазуыңызды өзіңіз түсіне алмайсыз.

Қосымша белгілерді жазып отыру үшін парақтың шетінен орын қалдыруды ұмытпаңыз.

Конспектілеу әдісін жеңілдететін ерекшеліктерін шартты жүйемен енгізіңіз.

Жазулар ықшамды және ұқыпты болуы керек. Бұл олардың шолуды жақсартады.

Жазуларды ерекшелеп қою тиімді, мәтіннің тармақтарын керегінше нөмірлеп, мәтіндегі әр түрлі үзінділерді басқа бояулармен белгілеу керек.

Жолдардың арасынан жеткілікті орын қалдырыңыздар. Бұл қатенің үстінен дұрыс нұсқасын жазу үшін керек.

Мәтінді өзіңізге ыңғайлы қаламмен жазыңыздар, қарындашты тек белгілеу мен түзетулерді енгізу үшін қолданыңыз.

Қолжазбаға мерзім қою кедергі келтірмейді.

Кез келген ерекшеліктерді жете ұғыныңқы пайдаланыңыз. Ала-құла, шимайланған бет көзге жаман түседі және мұндай конспектінің тиімділігі аз болады.

Шартты белгілеріңізді үнемі бірдей белгілеңіз, шартты және басқа да белгілеріңізді қандай жағдайда қолданғаныңызды есте сақтаңыз. Әйтпесе біраз уақыт өткеннен кейін шартты белгіңізді ұмытып, өз жазғаныңызды түсінбей қалуыңыз мүмкін.

Оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен

жұмыс істеу
Әдебиетті қалай оқу керек? Ұсынылған әдебиетті оқу барлық жазылғанды пассивті түрде қабылдап, мәтінге жақын мазмұндап беру емес. Мәтінді талдап, ол туралы ойлау, яғни оқуды белсенді үдеріске айналдыру керек:


  • жазбаны оқу барысында қарапайым немесе күрделі жоспар құру (яғни қарастырылған негізгі сұрақтар тізбесін құру);

  • тезистер құрастыру (мақаланың маңызды тұстары және автордың негізгі ойы);

  • аннотация дайындау (жұмыстың мәселелер тудыратын сұрақтарына қатысты );

  • конспектілер жасау (нақты дәлелдері бар толықтырылған тезистер).



Конспект жасау ережесі

1. Пайдаланылған әдебиеттер туралы анықтама – авторы, аты, жылы және баспа орны, бет саны.

2. Өз ойыңызды нақтылауға және толықтыруға орын қалдырыңыз.

3. Конспектіні құрылымды түрде жоспарға сәйкес бөліңіз.

4. Қысқартуларды пайдаланбай, тек қана негізгілерін жазу қажет.

5. Оқылған еңбектің ең маңызды тұсын көрсету керек.

6. Конспектіге, әсіресе тақырыптық конспектіге бірнеше еңбектен алынған көшірме, тезистер, қаралып отырған мәселеге қатысты монографияларды енгізуге болады.

Білім алушылардың өздік жұмыстары
Білім алушылардың өздік жұмысы. (СӨЖ) аудиторялық уақыттан тыс оқытушының қатысуымен (СӨЖО), сондай-ақ, сабақ кестесіне сай аудиториялық уақытта оқытушының қатысуынсыз жасалады.

СӨЖ және СӨЖО бойынша әдістемелік нұсқаулықтар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен дайындалып, мынадай құжаттарды қажет етеді:



  • СӨЖ графигі, пәндердің оқытылу барысының уақытына арналған;

  • тапсырмалар құрылымы;

  • рефераттар, баяндамалар мен шығармашылық жұмыстардың тақырыптары;

  • курс және диплом жұмыстарының тақырыптары;

  • негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі;

  • кеңес беру түрлері;

  • бақылаудың түрлері мен формасы;

  • бағалау критерийлері мен жұмыс көлемі, дайындалу мерзімі және т.б.

СӨЖО әрбір жеке пән бойынша барлық академиялық кезеңде кафедраның кеңес беру кестесіне сәйкес өткізіледі.

Сол себепті егер сіздің ағымдағы рейтингіңіз төмен болып, қосымша кеңес алғыңыз келсе және берілген тапсырмаларды орындауға қиналатын болсаңыз, онда оқытушы дәстүрлі түрде сабақ жүргізеді. Ал егер сіздің академиялық рейтінгіңіз жоғары болса, оқытушы өз қалауы бойынша сізді дәстүрлі сабақтан босата алады. Сонымен қатар оқытушы сізге жеке немесе топпен бірге тапсырма беріп, олардың орындалуын бақылау түрінде тексеріп отырады.

Өздік жұмыстарды орындап отыру Сіздің оқытушының көмегінсіз-ақ сабақтар мен емтихандарға дайындығыңызды арттырады.

СӨЖ материалдарын өз бетінше меңгеруде кітапхана, компьютерлік сыныптар, лингафондық кабинет, медиатека, оқу телеарнасы, мамандандырылған зертханалардың көмегі зор.

СӨЖ бақылаулары жазбаша және ауызша формада қорытынды нәтижені алуға бағытталып жүргізіледі. Жазбаша түрдегі бақылау конспект, реферат, баяндама, шығармашылық бақылау, курс және диплом жұмыстары, ғылыми мақалалар, аудио- және видеоесеп т.б. түрінде өтеді. Ал ауызша бақылау коллоквиум, конференция, іскерлік ойындар, баяндау, хабарлама, жеке сұхбаттасу түрінде болуы мүмкін.

Сабақтан қалу

Сабақтан тек белгілі себептерге байланысты ғана қалу керек. Белгілі себептер:



  • ауырып қалған жағдайда (білім алушылар емханасынан алынған арнайы анықтама қағазы болу керек);

  • спорттық жарыстарға, олимпиадаларға, конкурстар мен конференцияларға қатысу (дәлелдейтін құжат болу қажет);

  • отбасылық және т.б. белгілі себептер (деканаттың рұқсаты берілген өтініші болуы тиіс);

Соңғы жағдайда сабақтан босатылу деканаттың өкімімен рәсімделеді. Белгілі себепті растаушы құжат сабаққа келгеннен кейін 5 күн ішінде тапсырылу керек.
Сабаққа кешігу

Сабаққа кешігуге мүлдем тыйым салынады. Сабаққа он минут кешіккен білім алушы оқытушының рұқсатымен ғана қатыса алады. Ал егер он минуттан көп кешігетін болса, онда сабаққа кіруге рұқсат етілмейді және сабақтан себепсіз қалған болып саналады



Емтихан сессиясы
Емтихан сессиясы кезінде емтихандар қарастырылған академиялық күнтізбе бойынша өткізіледі. Білім алушы емтиханға міндетті түрде өзі қатысуы қажет. Білім алушы емтиханға кірерде өзімен бірге емтихан сессиясына рұқсат берілген штамп мөрі бар сынақ кітапшасын алу қажет. Білім алушы емтиханға жеке куәлікпен келу керек.

Оқытылып отырған пән бойынша білім алушының ағымдағы рейтинг қорытындысы 60 пайызды, ал емтихандағы қорытынды баға 40 пайызды құрауы тиіс.

Алынған қорытынды бақылау нәтижесіндегі жетістік сынақта бекітілген кредит санының пәнге сәйкестігінің негізін көрсетеді.

Емтихан кезінде ағымдағы қорытынды бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға болмайды.

Қорытынды бақылау кезінде қанағаттандырмайтын баға алған жағдайда немесе емтиханға себепсіз келмеген жағдайда, білім алушының тиісті пәнге кредиттері қатысты есепке алынбайды.

Егер білім алушы емтиханға келмесе, емтихан ведомосында білім алушы фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген белгі қойылады. Бұл академиялық қарыз болып саналады. Егер білім алушы емтиханға белгілі себептермен келмей қалған болса,(7 күн ішінде растайтын құжаттар ұсынылады) деканат жеке тәртіппен емтихан қабылдауға рұқсат береді.

Егер білім алушы емтихан үстінде тәртіп бұзатын болса, ол аудиториядан шығарылып, оның фамилиясының тұсына «аудиториядан шығарылған» деген белгі қойылады да, ол академиялық қарыз болып саналады.

Егер білім алушы мемлекеттік тапсырыспен – гранттағы оқу жоспарына сай қажетті кредитті жинай алмаса, онда білім алушы оқу жоспарында қарастырылғандай сол пәнді ақылы түрде оқып, кредит жинауға құқылы.

Жазғы семестр кезінде білім алушыға қарыз немесе академиялық пәндер және айырма пәнінің 12 кредитін ғана жинауға рұқсат етіледі.

Қорытынды бақылау кезінде «қанағаттанарлық емес» баға алған білім алушы оқу жоспары бойынша келесі академиялық кезеңде аталған пәннің барлық дәрісіне қатысып, келесі қорытынды бақылауды тапсыруға рұқсат алуы тиіс.

Мемлекеттік білім грантында оқитын білім алушылар аралық бақылау қортындысы бойынша барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларымен тапсырған болса, оған шәкіртақы төленеді.


Білім алушылардЫ ауыстыру, ОҚУДАН шығару ЖӘНЕ қайта қабылдау жолдары
Білім алушы келесі жағдайларда Университеттен шығарылуы мүмкін:


  • өз еркімен (соның ішінде басқа ЖОО-ға ауысуына байланысты, медициналық нұсқаулар бойынша, отбасылық жағдайына байланысты және т.б.);

  • себепсіз жағдайлармен оқу сабақтарына қатыспағаны үшін. 10 сағаттан артық себепсіз жағдайлармен сабақ босатқан жағдайда – білім алушыға ескерту жарияланады, 15 сағаттан артық – сөгіс, ал студенттер үйінде тұратын білім алушы – студенттер үйінен шғарылады. Себепсіз жағдайлармен 20 сағаттан артық босатқан кезде – қатаң сөгіс, ал 25 сағаттан асса – Университеттен шығарылады;

  • тәртіптік қате жасағаны, оқу тәртібін, Жарғыны, осы Ережені, Ішкі тәртіп ережелерін, Білім алушылардың ар-намыс кодексін жүйелі немесе өрескел бұзғаны үшін және т.б.;

  • Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, Университетпен білім алуға жасалған келісімнің шарттарын бұзғаны үшін;

  • оқу төлемақысы бойынша қаржылық қарызы үшін.

Университеттен шығуды қалайтын білім алушы Университет Ректорының атына оқудан шығу себебін көрсетіп өтініш жазып, оны тіркеп, тіркеу офисі бөліміне тапсыруы қажет. Шығу туралы өтінішті білім алушы Университеттен шығу туралы шешім қабылдағаннан кейін бірден тапсыруы керек.

Білім алушы сабақтарға қатысуын тоқтатып, өз еркімен оқудан шығу туралы өтінішті уақытында бермеген жағдайда, білім алушы оқу тәртібін бұзғаны, яғни себепсіз жағдайлармен сабақтарға қатыспағаны үшін оқудан шығарылуы мүмкін (осы Ереженің 12.9.1 т. сәйкес). Мұндай жағдайда оқуға төленген қаражат қайтарылмайды.

Білім алушы тіркелмеген және/немесе оқу сабақтарына қатыспаған немесе оның болмауының себептерін растайтын қандай да бір құжаттарды ұсынбаған жағдайда, факультет деканаты білім алушының сабақтарға келмеу себептерін анықтауға қатысты қажетті шаралар қолданады.

Одан әрі сабаққа қатыспаған жағдайда, факультет деканы білім алушыны оқудан шығару туралы бұйрық шығаруға ұсыныс береді.

Семестр ағымында оқу ақысын төлемегені үшін Университеттен шығарылған ақылы негізде білім алушылар оқу ақысы бойынша қарызын өтеген жағдайда, оқудан шығарылған уақыттан бастап төрт апта ішінде қайта қабылдануға құқылы. Бұл жағдайда білім алушы Университет ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш жазып, оқу ақысын төлегені туралы түбіртекті қоса береді. Білім алушы оқудан шығарылған уақытқа дейін модульдер бойынша алған балдарының саны қайта қабылдау кезінде толықтай есептеледі.

Университеттен шығарылған білім алушыға белгіленген үлгідегі академиялық анықтама мен академиялық транскрипт беріледі.



Білім алушының ауысу немесе қайта қабылдану кезінде оқу курсы пререквизиттерді ескере отырып анықталады. Игерілген кредиттердің сынақтарын қайта тапсыру білім бағдарламасын игерудегі қажетті білім беру траекториясына сәйкес жүзеге асырылады.

Пән айырмашылығын анықтау кезінде қорытынды бақылау түрлеріндегі айырмашылықтар есепке алынбайды.

Сынақ білім алушының оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесіне ең төменгі D-дан (1,0; 50-54%) бастап, ең жоғарғы А-ға (4,0; 95-100%) дейінгі диапазонға теңестіріледі.

Білім алушылардың курстан курсқа ауысуы көктемгі семестр мен ауысу балының нәтижелерін ескере отырып жазғы емтихандық сессияның (аралық аттестация) қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

Білім алушының курстан курсқа ауысуы ЖОО басшысының бұйрығымен рәсімделеді.

Білім беру гранты бойынша оқитын студент белгіленген ауысу балын жинаған және келесі курсқа академиялық қарызбен ауыстырылса, ол алушы академиялық қарызын ақылы түрде жоя алады, әрі оның білім гранты сақталады.

Білім гранты бойынша оқып жатқан, бірақ қайта оқу курсына қалдырылған студент грантынан айырылады және ары қарай ақылы негізде оқуын жалғастыра алады.

Білім беру грантымен оқып жатқан оқушы басқа ЖОО-ға білім грантын сақтай отырып ауыса алады.

Жекелеген ЖОО-ға тағайындалған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мақсатты орындарға, сондай-ақ, бөлінген квота шеңберінде педагогикалық мамандықтарға түскен білім алушыны басқа ЖОО-ға білім беру грантын сақтай отырып ауыстыруға жол берілмейді.

Ауысу мен қайта қабылдаудың міндетті шарттары – оқу-жұмыс жоспарының барлық талаптарын бірінші академиялық кезеңде орындау және аралық аттестацияны тапсыру.

Қайта қабылдау рәсімі келесі сипатта іске асырылады:


  1. білім алушы өзінің білімін қайта жалғастырғысы келетіні жөнінде ЖОО ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш жазады. Өтінішке транскрипті қоса береді;

  2. тіркеу офисі берген транскипт негізінде оқу-жұмыс жоспарындағы көрсетілген айырмашылықтары мен оқу курсын анықтайды;

4) факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің қолы қойылған бұрыштамасына сәйкес тіркеу офисі жетекшісі, оқу жұмысы жөніндегі проректор, жоғары оқу орынының ректоры білім алушыны қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады;

Білім алушының бір жоғары оқу орнынан екіншісіне ауысу рәсімі келесі сипатта іске асырылады:

1) білім алушы өзі оқып жүрген ЖОО ректорының атына ауысуы туралы өтініш жазады, жазбаша мөрмен бекітілген келісімін алғаннан соң, өзі ауысқысы келген ЖОО ректорының атына өтініш жазады. Өтінішпен қоса факультет деканының қолы қойылып, мөрмен бекітілген және транскрипт нүпнұсқасы, ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатын немесе кешенді тестілеу қорытындысының көшірмесі, мемлекеттік білім грантының иегері куәлігінің көшірмесін, сонымен қатар өзі оқыған оқу орны басшысының атына жазған өтінішінің (ректордың қолы мен мөрі қойылған) көшірмесін өткізеді;

2) тіркеу офисі берілген құжаттар негізінде оқу-жұмыс жоспарының міндетті пәндер бөлігінің айырмашылығын және оқу курсын анықтайды;

3) факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің қолы қойылған бұрыштамаға сәйкес тіркеу офисінің жетекшісі, оқу жұмысы жөніндегі проректор, жоғары оқу орынының ректоры білім алушының ауысуы туралы бұйрық шығарады;

Білім алушының университет ішінде бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуы ақылы негізде келесі рәсімге сәйкес іске асырылады:

1) білім алушы ректордың атына ауысу туралы өтініш жазады; өтінішке факультет деканының растауы, транскриптің көшірмесі қоса беріледі.

2) тіркеу офисі оқу-жұмыс жоспарының айырмашылығы мен оқу курсын анықтайды;

3) факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің қолы қойылған бұрыштамаға сәйкес тіркеу офисінің жетекшісі, оқу жұмысы жөніндегі проректор, жоғары оқу орынының ректоры білім алушының бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуы туралы бұйрық шығарады.

Білім алушыны қайта қабылдау немесе ауыстыру кезінде айырмашылықтарды тапсыру мерзімі академиялық бір жыл жазгы семестр кезеңімен ұзартылады, білім алушы сол аралықта айырмашылықтары бар пәндерге жазылып, оқу ақысын төлеуі, оқу бағдарламасын игеруі және қорытынды бақылаудан өтуі керек.

Егер білім алушы қайта қабылдау немесе ауысу кезінде оқу-жұмыс жоспарының айырмашылығы белгіленген мерзімде тапсыра алмаса, онда осы айырмашылық академиялық қарыз болып белгіленеді және курстан курсқа көшірілгенде GPA анықталған кезде нөл болып жазылады.

Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған және қайта қабылданған жағдайда игерілген оқу бағдарламалары жөніндегі және алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжат (академиялық анықтама, транскрипт) тапсырады. Сонымен қатар ҚР жалпы орта білім немесе техникалық және кәсіби білім алған. 60 баллдан кем емес ҰБТ немесе ТКТ сертификаттарын ұсынады.



Оқу ақысын төлеу

Оқу ақысы келісілген негізде ҚР БжҒМ бекіткен (2016-2017 жж.) білім грантының мөлшеріне байланысты белгіленді. Ақылы түрде оқу бойынша ақы құны enu.kz ресми сайтынан «Талапкер» тарапшасынан көруге болады.



  • Төлеу мерзімі және тәсілі:

Білім беру қызметтерін көрсетудің келісім-шартына сәйкес 28 тамызға дейін курс бойынша оқу ақысының 50% және 25 қаңтарға дейін оқу ақысының қалған 50%, қолма-қолсыз АҚ «Цеснабанк», Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ағымдағы есепшотына.

Білім алушыларға берілетін жеңілдіктер

Білім алушылар үшін көптеген кинотеатрларда, мұражайларда және қоғамдық көліктерде жүруге жеңілдіктер бар.



Шәкіртақы және жәрдемақымен қамтамасыз ету
Мемлекеттік білім гранты негізінде білім алушыға мемлекеттік шәкіртақы тағайындау және төлеу тәртібі, мемлекеттік шәкіртақы мен оған қосылатын үстемеақылар мөлшері ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ережелерге және ҚР басқа нормативтік-ұқықтық актілеріне сәйкес анықталады.

Мемлекеттік білім гранты бойынша бірінші курсқа оқуға қабылданған барлық білім алушыларға бірінші семестрде мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады.

Кейінгі оқу семестрлерінде мемлекеттік шәкіртақыны тағайындау және төлеу емтихандық сессия қорытындысыбойынша (білімді бақылаудың барлық үлгілерін қосқанда) білім алушыдаек «жақсы» («В+», «В», «В-») және «үздік» («А», «А-») бағалары болса ғана жүргізіледі.

Шәкіртақы ректор бұйрығы негізінде әр айдың алғашқы күнінен бастап жартыжылдық емтиханына дейінгі аралықта төленеді. Мемлекеттік шәкіртақы тағайындау кезінде білім алушының GPA көрсеткіші емес, тек бағалары ғана ескеріледі.

Барлық үлгерімді, мемлекеттік грант есебінде білім алатын (емтихан нәтижесі бойынша академиялық қарыздары жоқ) білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы беріледі.

Үкімет жарлығына сәйкес мемлекеттік шәкіртақы төленетін білім алушылар:

- көру және есту бойынша мүгедектерге – 75%;

- жетім және ата-анасынан қараусыз қалған балалар – 30%;

- емтихан бағасы бойынша тек «өте жақсы» көрсеткішін көрсеткен студенттер мен магистранттарға – 15% қоса төленеді.

Кәсіби (өндірістік) практика және жазғы демалыс кезінде шәкіртақы сақталады.

Академиялық демалыстан келген білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы белгіленген тізім бойынша келесі емтихан бағасына сай беріледі. Денсаулық жағдайына сәйкес келесі оқу жылына қалдырылған білім алушыларға келесі емтихан уақытына дейін төленеді.

Жүкті болу мен босануа байланысты демалыс уақытындағы білім алушыларға шәкіртақы қолданыстағы еңбек заңнамасымен белгіленген толық демалыс мерзімі ішінде академиялық демалысқа кеткенге дейінгі мөлшерде төленеді. Академиялық демалыс кезінде жүкті болуы себебінен уақытша еңбекке жарамсыздық туралы ортақ үлгідегі анықтама ұсынылған жағдайда, академиялық демалыс үзіліп, жүктілік мен босануа байланысты демалыс ресімделуі керек. Білім алушы 3 жасқа дейін бала күтімі бойынша академиялық демалыста болған кезде шәкіртақы тағайындалмайды.

Шәкіртақымен қамтамасыз ету әр білім алушының атына ашылған карта есепшотына аударылады.

Мемлекеттік шәкіртақы төлеу ҚР заңнамасында қарастырылған жағдайларда тоқтатылады.

Мемлекеттік шәкіртақыны төлеуді тоқтату Ректордың тиісті бұйрығын шығару арқылы жүзеге асырылады.

Басқа шәкіртақыларды тағайындау және төлеу тәртібі (Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысы, құрылтайшылар шәкіртақысы және т.б.) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алушыларға университеттің ішкі грантын, жеңілдіктер ұсыну және әлеуметтік көмек көрсету туралы ережеге сәйкес анықталады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі бөлген Президенттік және атаулы шәкіртақылар саны факультеттер ішінде факультеттердегі студенттер мен магистранттар контингентіне байланысты бөлініп беріледі. Жекелеген факультеттерде Президенттік шәкіртақыны тағайындау туралы ережелерінің талаптарына сәйкес келетін студенттер мен магистранттар қатарынан үміткерлер болмаған жағдайда, бөлінбеген орындар университет басшылығының қосымша өкімі бойынша басқа факультеттерге беріледі.

Факультет декандары Президенттік және атаулы шәкіртақыларды тағайындау үшін білім алушылардың қатарынан алдын ала үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырады, сонан соң олардың тізімін белгіленген мерзім ішінде Тіркеу офисіне ұсынады. Ұсынысқа келесі құжаттар қоса беріледі:

- білім алушының транскрипті;

- факультет кеңесі шешімінен көшірме.

Президенттік және атаулы шәкіртақыларды тағайындауға арналған үміткерлер тізімі Университеттің Ғылыми кеңесінде қарастыру және бекіту үшін ұсынылады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша (грантта) оқитындарға білім ұйымдарында оқитын кейбір санаттағы адамдарға мемлекеттік шәкіртақы төлеу (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 17.02.2008ж. №116 бұйрығымен бекітілген) Ережесіне сәйкес ай сайын белгіленген мөлшерде (шәкіртақы мөлшері сол жылғы ҚР «Бюджет туралы» заңына сәйкес өзгертіліп отырылуы мүмкін) (5құж., 2-б., 5- т) мемлекеттік шәкіртақы белгіленеді.

Мемлекеттік оқыту гранты бойынша 1-курсқа қабылданған барлық білім алушыларға 1-семестрде мемлекеттік шәкіртақы беріледі.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын білім алушыларға алдыңғы өткен семестрдегі емтихан сессиясының қорытындысы бойынша шәкіртақы төленеді. Басқа оқу орындарынан ауысқан, ЕҰУ-дің ішіндегі бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы жалпы негізде оқу бағдарламасындағы айырмашылықтарды жойғаннан кейін беріледі. Жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жазғы демалыс кезеңіндегі екі айдың шәкіртақысы қосылып (шілде-тамыз), несиелердің ашылу мерзіміне қарай (яғни жоғары оқу орнының есеп шотына мемлекеттік бюджеттен қаржы түскеннен кейін) төленеді.

Азық-түлікпен қамтамасыз етуге сәйкес жетім және ата-анасынан қараусыз қалған балалар үшін арнайы ақшалай төлем төленеді.

Әлеуметтік орналасқан жеріне қарай студенттерге (анықтама деканатқа көрсетіледі) қоғамдық көлік бағасына сәйкес 50 % ақшалай төлем төленеді, толық ақпаратты Әлеуметтік жіне азаматтық даму Департаментінен білуге болады.

Студенттер, магистранттар үшін ғылыми жарыстар, конференциялар, семинарларға қатысу қаржыландырылады. ҚР заңнамасына сәйкес белгіленген жол ақысы, тәуліктік шығындар төленеді.

«Сенім» студенттер мен магистранттарға арналған кәсіподақтық ұйым қамтамасыз етілген, Бас ғимарат №107 кабинет.



Қоғамдық көліктерде арнайы жеңілдікпен жол жүру билеттерін қалай алуға болады?

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Жеке куәліктің көшірмесі.

2. Деканаттан берілген анықтама (түпнұсқасы).

3. Отбасы құрамы туралы анықтама (түпнұсқасы немесе анасының жеке куәлігінің көшірмесі).

4. Әрбір отбасы мүшелеріне берілген анықтама (түпнұсқасы, егер ол мектепте немесе университетте оқыса)

5. Файл.

Әлеуметтік көмекті іске асырудың жоғарыдағы аспектілеріне қоса университетте жатаханада тұратын жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушылар жатақханаға төлемақы төлеуден босатылады, сондай-ақ 01.10.2010 ж. бұйрығына сәйкес (№767 бұйрық) оларға материалдық көмек беріледі.




Грантқа ауысу мүмкіндігі
Ақылы негізде білім алушының өз мамандығына сәйкес мемлекеттік білім беру грантына ауысуы үшін мемлекеттік заңнамалармен бекітілген конкурстық негізде тек оқу үлгерімі «А» , «А-», «B+» , «B» және «B-» бағалары болған жағдайда ғана құқық беріледі, ерекше жағдайда «С+» , «С» бағалары болғанда рұқсат етіледі. Босаған білім гранттары орынына ауысу конкурстық негізде қысқы және жазғы демалыс уақытында мынадай тәртіптер арқылы жүзеге асырылады:

Бакалавриат бойынша:

  • Ақылы негізде білім алушы оқуын мемлекеттік білім беру грантында жалғастыру үшін жоғары оқу орнының ректоры атына өтініш жазады;

  • Конкурстық негізде жазылған өтінішті университет Ғылыми кеңесінің шешімімен қарастыра отырып, ағымдағы жылдың 5 тамызы және 15 қаңтарына дейін ҚР БжҒМ жолдайды. Білім алушының өтінішіне сынақ кітапшасынан көшірме немесе барлық оқу кезеңдеріндегі оқу үлгерімінің орташа ұпайы көрсетілген жоғары оқу орны басшысының қолы қойылған транскрипт, жеке куәлігінің, университеттен оқудан шығарылған білім грантын иеленушінің куәлігінің көшірмесі Ғылыми Кеңесі шешімімен бірге жолданады;

  • ҚР БжҒМ келіп түскен құжаттарды мамандықтар, оқу түрі, оқу мерзімі және оқуға түскен уақыты бойынша қарастырып, оңтайлы шешім қабылданса, білім грантын иелену туралы бұйрық шығарады;

  • Білім грантын иелену туралы қабылданған шешімге орай жоғары оқу орнының ректоры білім алушы білімін грантта жалғастыру туралы бұйрық шығарады.

Магистратура және докторантура бойынша :

  • Ақылы негізде білім алушы оқуын мемлекеттік грантта жалғастыру үшін жоғары оқу орнының ректоры атына мемлекеттік грант бөлінген жағдайда грантқа ауыстыруға өтініш жазады;

  • Жоғарғы білімнен кейінгі деңгейдегі қорытынды аттестациялауды ұйымдастыру бөлімі білім алушының өтініші мен құжаттарын, білім көрсеткішіне әсер ететін оқу үлгерімі қорытындысын және университеттің Ғылыми Кеңесіне жолданған мемлекеттік грантқа ауыстыру туралы деканаттың ұсыныс хатын қарастырады ;

  • Ұсынысты ескере отырып, университет Ғылыми Кеңесі мемлекеттік білім грантына ауыстыру туралы немесе ауыстырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Конкурспен бөлінген білім гранттарынан қалған бос білім гранттары оқыту формасына қарамай, мамандықтарды дайындаудағы ішкі бағыттар бойынша үлгерімінің жоғары орташа ұпайына байланысты конкурстық негізде беріледі.

Халықаралық «Болашақ» стипендиясы туралы келесі сайттан білулеріңізге болады: 8 (7172) 24 94 01, email: info@bolashak.gov.kz


Сондай-ақ, басқа да халықаралық стипендиялар алуға мүмкіндіктер бар, ол туралы толық мәліметті Open University, ACCELS, Edmund S. Muskie, Erausmus Mundus, Chevening және т.б. сайттардан алуға болады.


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ білім алушыларының академиялық ұтқырлығы
Академиялық ұтқырлық (Academic mobility) – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып, өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру.

  1. Білім алушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы келесідей қаржыландырылады:

  • ҚР Білім және ғылым министрлігі есебінен.

  • Халықаралық бағдарламалар есебінен.

  • Бағдарламаға қатысушы есебінен.




  1. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ білім алушыларының сыртқы академиялық ұтқырлығын жүзеге асырудың жалпы рәсімі:

    1. Білім алушылар академиялық ұтқырлық бағдарламасына бірінші және соңғы семестрден басқа оқу мерзімінің кез келген уақытында қатыса алады.

    2. Білім алушылар өз бетінше ЖОО-серіктесті, оқуға арналған пәндер тізімін таңдауға құқылы; бұдан кейін бітіруші кафедраға тапсырыс берілу керек.

    3. Білім алушылар тапсырысы негізінде факультет деканы кафедра меңгерушісімен бірге шетелдік ЖОО-серіктестермен Ынтымақтастық туралы меморандум жасау мүмкіндігін қарастырып, Халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсыныс жазады.

    4. Халықаралық ынтымақтастық департаменті ұсыныс негізінде университет, ЖОО-серіктес және білім алушы арасында Ынтымақтастық туралы үш жақты меморандум жасайды.

2.5 Академиялық ұтқырлық үйлестірушісі ЖОО-серіктеспен Білім беру туралы келісім жасайды, бұнда курстар атауы, ЖОО-серіктестің кредиттері, ECTS кредиттері және оқу семестрі көрсетіледі.

Білім беру туралы келісімге ЖОО-серіктес пен Университет қол қояды, бұдан кейін ЖОО-серіктес Шақыру жібереді.

2.6 ЖОО-серіктестің Шақыруы негізінде білім алушылар бітіруші кафедрамен бірге алдын ала салыстыру ведомосін жасап, оны Академиялық мәселелер департаментінің келісіміне жібереді.

Жеке оқу жоспарын тіркеу офисімен бірге бекіткеннен кейін білім алушылар қажетті құжаттарды ресімдейді.

2.7 Білім алушы ресімдеген құжаттар негізінде тіркеу офисі сыртқы академиялық ұтқырлық туралы бұйрық шығарады.

2.8 Қаржы департаменті аталған бұйрық негізінде шығындар сметасын жасап, қаражатты білім алушы шотына аударады.

2.9 Бұйрық көшірмесін алған соң білім алушы өз бетінше білім алатын мемлекеттің елшілігінде виза (қажет болған жағдайда) ресімдейді, медициналық сақтандыру алады.

2.10 ЖОО-серіктестегі оқу аяқталған соң білім алушылар университетке транскрипт пен аванстық есеп (республикалық бюджет қаражаты есебінен білім алған жағдайда) береді.

ҚР академиялық ұтқырлығы концепциясына сәйкес транскрипт негізінде ECTS үлгісі бойынша кредиттерді қайта санау жүргізіле

СТУДЕНТТЕР үйі
Жатақханада тұру ережесі


  1. Білім алушыларға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Студенттер үйіне тұру құқығы оқу мезгілінде ұсынылады.

  2. Жатақханаға орналасу университет әкімшілігімен берілетін бұйрыққа сәйкес келісім-шарт бойынша жүргізіледі.

  3. Жатақханада тұру төлемақысы 1-оқу жылына толық төленеді. Төлемақы мөлшері бұйрыққа сәйкес белгіленеді.

  4. Жатақханаға тіркеуге алу белгіленген тәртіп бойынша жатақхана әкімшілігімен жүргізіледі. Тіркеуге алу төлемақысын жатақханаға тұрушылар төлейді.

  5. Жеке қолданысқа арналған жатақхана мүлкі, сонымен қатар ортақ қолданыстағы заттар акт бойынша беріледі. Бұл мүліктердің сақталуына жауапкершілік осы мүліктерді алған тұлғаға жүктеледі. Әрбір бөлмеде комендант, Студенттік кеңес және тұрғындар қол қойған акт болады.

6. Жатақхана ғимараты мен мүлкін бүлдірген адам заң бойынша жауапкершілікке тартылады және мүліктердің құны 2 еселеніп қайтарылады.

7. Білім алушылар үйінде сағат 23.00-ден кейін толық тыныштық орнатылады, тек дәліздің ғана шамы жанып тұруы керек.

8. Өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру мақсатында студенттер және Үйлестіру кеңестері сайланады.

9. Әр қабаттың старостасы сайланады.

Староста жатақхана тұрғындарынан:

а) ішкі тәртіп ережелерін нақты орындауды;

ә) бөлмелердегі мүлікті сақтауды;

б) бөлмелерде тазалық сақтауды;

в) әкімшіліктің барлық шарттарын орындауды.

г) Білім алушылар үйінің қоғамдық өміріне араласуды талап етеді.

10. Оқу жылының соңында білім алушының жатақханада қалай тұрғандығының қорытындысы бойынша комиссия мәжілісі өткізіледі. Комиссия білім алушының барлық тәртіп бұзушылықтарын, қоғамдық жұмысқа қатысуын, студенттер кеңесіндегі жұмыстарын, шығармашылық жобаларды жүзеге асыруын ескереді. Комиссия мәжілісіне барлық білім алушының қатысуы міндетті. Комиссия нәтижесі бойынша жоғарғы курс білім студенттерінің жатақханаға орналасу тізімі жасалады.
Жатақхана тұрғындарының міндеттері:

Жатақханада тұрушылардың негізгі міндеттері:

а) ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау;

ә) жатақханадағы заттарды сақтауға, ағаш, шөптесін өсімдіктерге ұқыпты қарап, Студенттер үйінің бөлмелерін және айналасын шашпау;

б) бөлмелерде тазалық және тәртіп сақтауға, өзіне-өзі қызмет етуге байланысты барлық қоғамдық жұмыстарға және іс-шараларға қатысу;

в) ортақ қолданыстағы орындарда тазалық сақтауға және қадағалау;

г) бөлмеден шығар кезде жарықты сөндіріп, есік-терезелерді жауып жүру;

ғ) сынған, бұзылған электр, сантехника құралдарын өз қаражатына жөндету;

д) бөлмелерде қуат көздерін үнемдейтін шамдар орнату;

е) жатақханадан кетерде, сондай-ақ уақытша демалысқа немесе өндірістік тәжірибеге кетерден екі күн бұрын жатақхананың комендантына ескерту;

ж) электр құралдарын пайдалану және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау;

з) жылына екі жобаны жүзеге асыру ;

и) барлық шаралар мен сенбіліктерге қатысу.
Жатақхана тұрғындарына тыйым салынады:

а) спирттік ішімдіктер ішуге және мас күйінде жатақханада жүруге;

ә) жатақхана ішінде және аумағында темекі шегуге және сағыз шайнауға;

б) электр сымдарын жөндеуге және өзгертуге, электр шамдарын ауыстыруға және қосымша жарық көздерін пайдалануға;

в) қабырғаға хабарландыру, сабақ кестесін, фотосуреттерді, т.б. жапсыруға;

г) қабырғаға шеге қағуға;

ғ) бөлмеде қатты ән салуға, репродуктор, радиоқабылдағыш, магнитофон дауысын көтеруге;

д) электрлі жылу көздерін қолдануға;

е) бөгде кісілерді бөлмеде түнеуге қалдыруға.

Жатақханада тұратындар ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда мынадай шаралар қолданылады:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) ЕҰУ-дан шығару.



ҒЫЛЫМИ Кітапхана және Оны пайдалану ережелері
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылыми кітапханасының басты бағыты ғылым мен білім беру үдерісіне сәйкес оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету және кітапхананың электрондық ресурстарын пайдалануына мүмкіндік жасау.

Ғылыми кітапхананың директоры – философия ғылымдарының кандидаты Оразалиев Бақытжан Әсетілдаұлы.

Университеттің білім алушыларына ғылыми кітапхананың 4 абонементі, 7 оқу залы және «Отырар» ғылыми орталығы қызмет көрсетеді.



Абонементтер кітапхананың бас ғимаратында орналасқан:

Оқу абонементіндегі (103 каб.) оқулықтар мен оқу-әдістемелік басылымдар бір оқу семестріне беріледі, қажет болған жағдайда оқу жылының соңына дейін ұзартылады.

Ғылыми әдебиеттер абонементінде (205 каб.) ғылыми басылымдар мен монографиялар, анықтамалықтар мен энциклопедиялар жинақталған, кітаптар бір айға беріледі.

Көркем әдебиеттер абонементінде (301 каб.) оқырмандар әдебиетттану, көркем әдеби басылымдарға қол жеткізе алады, кітаптар бір айға беріледі.

Шет тіліндегі әдебиеттер абонементінің (304/2 каб.) қорында жинақталған барлық шет тіліндегі оқулықтар, ғылыми және көркем әдеби басылымдар бір оқу семестріне беріледі.

Электрондық оқу залында (304 каб.) электрондық оқулықтар (CD, DVD) мен аудио, видео басылымдар жинақталған. Сонымен қатар электрондық каталогқа, толық мәтінді деректер базасына, интернетке қолжетімді.

«Astana American Corner» ақпараттық ресурстар орталығы (307 каб.) халықаралық тест TOEFL, SAT, IELTS тапсыру үшін дайындық ісінде қызмет көрсетіп, ағылшын тілін оқытады. АҚШ-та білім алу туралы кеңестер беріледі. АҚШ өкілдерінің қатысуымен пікірталас клубы, тренингтер, семинарлар, кездесулер өткізіледі.

Каталогтар залынан (208 каб.) кітапхана қорындағы мәліметтерді дәстүрлі әліпбилік, жүйелік және пәндік каталог арқылы алуға болады.

Оқу залдары оқу-зертханалық ғимараттың 4-қабатында орналасқан:

Филология оқу залы (әдебиеттану, тіл білімі, көркем әдеби басылымдар) – 402 каб.;

Әмбебап оқу залы (жаратылыстану ғылымдары, техника, Қазақстан тарихы) – 404 каб.;

Әлеуметтік-экономикалық оқу залы (экономика, бүкіләлемдік тарих, заң ғылымдары, т.б. басылымдар) 405 каб.;

Мерзімді басылымдар залы (отандық және шетелдік газеттер мен журналдар) 412 каб.;

Ақпараттық-библиографиялық бөлімі (диссертациялар мен авторефераттар, анықтамалық басылымдар) – 413 каб.;

Ғылыми кітапханада «Отырар» ғылыми орталығы орналасқан. Орталық мемориалдық қорлардың коллекцияларын пайдалануға мүмкідік береді:

Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры (201 каб.);

Академик Әлкей Марғұланның мұрағат кітапханасы (202 каб.);

Ақселеу Сейдімбек атындағы ғылым залы (204 каб.);

Академик Кемел Ақышевтың мұражай кабинеті (102 каб.);

Академиктер Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенованың мұражай кабинеті (302 каб.)
Кітапхананы пайдалану ережелері
1.Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың қызметкерлері мен студенттері кітапхананың ресурстары мен қызметтерін тегін пайдалана алады.

2.Оқу абонементінде әдебиеттерді беру электронды кезек тәртібі арқылы ұйымдастырылады және оқулықтар бір семестрге беріледі.

3.Ғылыми әдебиеттер, көркем әдебиеттер, шет тіліндегі әдебиеттер абонементінен алынатын басылымдар бір айға беріледі және егер басылымға басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса пайдалану мерзімі оқырманның қатысуымен ұзартылады.

4.Кітапхананың кітаптары мен басқа да басылымдарын бүлдірген және жоғалтқан жағдайда оқырман нақты осындай басылыммен ауыстырады немесе соңғы жылы шыққан оқу процесіне қажетті басылыммен орнын толтырады.

5.Оқу залдарының қоры ашық қолжетімді болғандықтан папкамен, сөмкемен, пакетпен және сыртқы киіммен кіруге болмайды.

6. Оқу залының қорынан басылымдар үйге берілмейді.

7.Кітапхананың электрондық ресурстарын және интернет жүйесін пайдалану тегін.

КІТАПХАНАНЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
Абонементтер:

09.00 - 19.00

Сенбі: 09.00 - 17.00

Оқу залдары:

09.00 - 20.00

Сенбі: 09.00 – 17.00

Жексенбі – демалыс



Әр айдың соңғы күні – тазалық күні


Кітапхананың мекен-жайы:

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасы


010008, Астана қаласы, А. Пушкин к-сі, 11

8 (7172) 709 500, ішкі тел.: 36 101, 36 105, 36 107

Веб-сайт: lib.enu.kz

e-mail: library@enu.kz

Қала кітапханаларының мекен-жайы

Балалар кітапханасының № 2 филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. Кравцов көш., 1/1

Телефон: 371 329


Астана қ. бойынша орталық кітапханалар жүйесі

Мекен-жайы: Астана қ. Бөгенбай батыр даңғ., 26

Тел.: 318713 Факс: 318713



Балалар кітапханасының № 4 филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. 2 ш/а, 20-үй.

Тел.: 364 812


Мұхтар Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана

Мекен-жайы: Астана қ. Абылай хан даңғ., 2

Тел.: 359869


Балалар кітапханасының № 5 филиалы

Мекен -жайы: Астана қ. Кенесары көш., 81

Тел.: 376 582


Орталық қалалық кітапхананың № 1 филиалы

Мекен жайы: Астана қ. Әл-Фараби ш/а



Балалар кітапханасының № 8 филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. Конституция көш., 2/2

Тел.: 382 807


Орталық қалалық кітапхананың № 12 филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. Л. Пастер көш., 73

Тел.: 217771


ҚР Президенттік Мәдениет Орталығы

Мекен-жайы: Астана қ. Республика даңғ., 2

Тел.: 223 319, 221 513 Факс: 223 290


Орталық қалалық кітапхананың № 2 филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. Алатау ш/а, 12

Тел.: 372079


Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған мамандандаралған кітапхана

Мекен-жайы: Астана қ. Ташенов көш., 2/1

Тел.: 373 141


Орталық қалалық кітапхананың № 4 филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. Қошке Кемеңгерұлы көш., 21

Тел.: 312532


Орталық қалалық кітапхананың № 8 филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. Беляков көш., 24



Орталық қалалық кітапхананың № 5 филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. 1 ш/а, 18-үй

Тел.: 361907


Орталық балалар кітапханасының

№ 3 филиалы

Мекен-жайы: Астана қ. Жеңіс даңғ., 61

Тел.: 382 058






Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің

Жастар саясаты орталығы

Жастар саясаты орталығы (ЖСО) студенттердің бос уақыттарын ұйымдастыру мен олардың басын қосады. Ұйымның басты мақсаты студенттерді әлеуметтік дамыту, дербестікке үйрету, студенттерді қоғамдық өмірге білікті және белсенді түрде ат салысуына дайындау, университеттің басқару органдарына көмектесуге бағыттайды.



ЖСО студенттік өмірдің әр түрлі салаларын қамтиды – ғылыми-зерттеу жұмыстарынан бастап, жастардың бос уақытын үнемді пайдалануына дейін. ЖСО-ның жетістікке жетуі үшін әр түрлі бағытта қызмет атқаратын бірнеше құрылым жасалынған және жұмыс істейді, олар: Мәдениет комитеті, Салауатты өмір салты комитеті, Болон үрдісі комитеті, Ақпарат комитеті, Сыртқы байланыстар комитеті.

Сайт: zhastar.enu.kz, vk.com/zhastarenu, twitter, instagram: cmpenu

Орналасуы: Қ.Сатпаев көш., 2, 116 каб. Тел.: 709 500 (iшкі нөм. 31 192)

ЖСО ic-шаралары

Студеннтер қатарына Жаңа жылдық Бал-маскарад

Қабылдау



Welcomу to Univer



СТУДЕНТТІК ӨМІР МЕН БОС УАҚЫТ

Студенттердің өмірі әр түрлі және қызықты.

Еуразия Ұлттық Университетінде жастардың бойындағы дарынды ашу және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін барлық жағдай жасалынған.

Өзін-өзі жетілдіру және жан-жақты дамыту үшін студенттерге әлеуметтік және азаматтық даму Департаменті жанында «E-STUDIO» Продюсерлік орталығы жұмыс істейді ( Астана қ., Сатпаев к. 2, ЕҰУ Бас ғимараты, 100 каб., e-mail: dsgr@enu.kz).



Егер сіз шығармашылық тұлға болсаңыз және жақсы көретін ісіңізбен айналысқыңыз келсе «E-STUDIO» Продюсерлік орталығы сізді күтеді!

Продюсерлік орталықтың басшысы және студия ұйымдастырушылары әртүрлі шығармашылық ұйымдарда жұмыс жасағысы келетіндерге кастинг өткізеді. Продюсерлік орталықтың барлық мүшелеріне арнайы студиялық карточка беріледі. Орталықтың басты мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, шығармашылық ұйымдарды құру, музыка тарихын насихаттау, ұйымдық іс-шаралардың сапасын жақсарту, өз елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеу.

Әр оқу жылының басында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да ЖОО-ның жаңа дарындарын анықтауға кастинг өткізеді, онда студенттер өз қабілеттерін көрсетеді. Кастинг нәтижелері бойынша шығармашылық ұйымдарға іріктеу өткізіледі.

«E-STUDIO» Продюсерлік орталығы – бұл:


  • Ұлттық аспаптар көмегімен фольклорлық өнерді дамыту және танымал, жаңа шығармаларды орындау;

  • Студенттер арасында вокальды-аспаптық ансамбльді құру және дамыту;

  • Көңілділер мен Тапқырлар Клубы;

  • Вокальдық өнер (жас әншілер тобын құру және біліктілігін жоғарылатуға көмектесу);

  • Хореографиялық өнер (бишілер ансамбльін құру, ұлттық және заманауи билер қойылымы);

  • Ақындық дарындары бар студенттерді қолдау;

  • Театр өнері ( театрлық көріністер қойылымы, әртістік өнерін зерттеу);

  • Университетте жүргізушілерді дайындау, сценаристер тобын құру.

Жыл сайын университетте көптеген қызықты мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі, олардың кейбіреулері дәстүрге айналды, мысалы: «Студенттер қатарына қосу», «Вен балы», Наурыз мейрамына орай - «Астана көктемі» , «ЕҰУ түлектерін жинау», қыз сыны – «Қыз Жібек» және жігіт сұлтаны – «Ер Жігіт», «Күлтегін» декадасы, «ENUVISION», «Еуразия дауысы», « ENUШОУ» - вокалдық сайыстары және т.б.

«E-STUDIO» Продюсерлік орталығының мүшелері университет мәртебесін қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі сайысатарда қорғап, бас жүлделер иеленген, олардың қатарында:



  • «Би әлемі» халықаралық сайысы, Испания, Коста Браво, 2014 жыл;

  • «Univision» халықаралық музыкалық сайысы, Азербайджан, Баку, 2013 жыл;

  • Республикалық әуесқой және студенттік театрлар фестивалі, Павлодар қаласы, 2014 жыл;

  • «Жұлдыз достарын шақырады» республикалық жас вокалистер мен инструментте ойнаушылар сайысы, Көкшетау қаласы, 2013 жыл;

  • X Ұлттық жастар Дельфий ойындары, Орал қаласы



«E-STUDIO» Продюсерлік орталығы келесі бағыттарды жұмыс

жасайды:

  • «Еуразия арулары» қыздар лигасы;

  • Вокалистер студиясы;

  • «Самұрық» би мектебі;

  • «Шаңырақ» қазақ студенттер театры;

  • «Аттракцион» орыс театры;

  • «Дала сазы» ұлттық инструменттер оркестрі;

  • Қазақ және орыс тіліндегі КТК топтары;

Жүргізушілер, сценаристер тобы

Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет