Білім бақылау тапсырмалары



Дата23.04.2020
өлшемі34.23 Kb.

Білім бақылау тапсырмалары:

Ұсынылған материалдар және көрсетілген сілтемелердегі ақпараттармен танысып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

1. «Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау» тақырыбын зерттеуші ғалымдардың пікірін сараптап, кестеге түсіріңіз:
2. Өзіңізге бекітілген сыныбыңыздың деңгейіне сәйкес, қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәнінен балалардың өзін-өзі бағалауы үшін және өзара бағалауы үшін дескрипторы мен бағалау критерийлері, орындау алгоритмі толық жазылған тапсырмалар (қазақ тілі – 2, қазақ әдебиеті - 2)әзірлеңіз.

3. «Балапан» арнасынан өзіңізге бөлінген сынып бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің материалдарын көріп, мұғалімдердің берген тапсырмаларын зерделеп, өзін-өзі бағалауына қандай мүмкіндік барын жазыңыз және сіз осы мұғалімнің орнында болсаңыз қандай жолмен берер едіңіз, мысалдар келтіріңіз.


1’ Теодор Сайзердің «Баға беру және есепке алу-керемет мақсаттар. Білім алу үдерісіне кедергі тигізбейтін және біздің жан салып жасап жатқан ісімізге пайдалы да әділ баға беретін жүйе …»

Ресей ғалымдары (И.С.Фишман, Г.Б.Голуб) мұғалімнің қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы алгоритмін мына тұрғыда ұсынады:


Жоспарланған оқу нәтижелерін анықтау.

Оқушының маңызды оқу нәтижелерін жоспарлау және оған жету әрекетін ұйымдастыру.

Оқушылардың жоспарланған оқу нәтижелеріне кері байланыс механизмі көмегімен жетуін жүргізу.
Сыныптағы бағалау тек қана механикалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін – өзі бағалау, қабілеттілік және күш- жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады». А. Калинин
2’ Тапсырма

Мәтінді 2 рет тыңдаңыз. Ондағы салт-дәстүрлерді анықтап, киіз үйге

орналастырыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.

«Қазағымның дәстүрлері-ай»

Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері-ай,

Көптен күткен халқымыздың асығып арман еді-ай.

Берекелі қазақ жері - ел мерекелі,

Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.

Шілдехана, бесік той,

Тұсаукесер, сүндет той,

Ай, шіркін-ай!

Құда түсу, сырға салу,

Беташарым-ай.

Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,

Қыз-бозбала кең даланы,

Әнімен елтіп тербеткен.

Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден,

Қыз балаға жарасады алқа, шашбау, сәукеле.

Жоғалмасын дәстүріміз, ұмытылмасын,

Ата-баба көзіндей қып сақтайық қазақ дәстүрін.

Мәтін тақырыбы _______________________________

Дескриптор Білім алушы

- мәтіннен 7 салт-дәстүрді анықтайды;

- анықталған сөздер негізінде мәтіннің тақырыбын болжайды.


Тапсырма

Суреттердің бірін таңдап, ауызша мәтін құраңыз. Мәтінде қазақша амандасу түрлері

және ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін қажетінше пайдаланыңыз.

Ұсынылатын сөздер мен сөз тіркестері: шырағым, қарағым, көп жаса, жасың ұзақ

болсын, мал-жан аман ба?

Дескриптор Білім алушы

- суреттерге таңдау жасайды;

- сурет бойынша ауызша мәтін құрайды;

- мәтінде қазақша амандасу түрлерін қолданады;

- сөздер мен сөз тіркестерін суретке қатыстырып қолданады.


Қазақ әдебиеті

Тапсырма


Қазақстанның болашақ ұрпағының атынан соғыс ардагерлеріне хат жазыңыз. Хат

мазмұнында тәуелдік және жіктік жалғауларын дұрыс қолданыңыз. Сөйлем

соңындағы тыныс белгілерін (сұрақ белгісі, леп белгісі, нүкте) қолданыңыз.

Дескриптор Білім алушы

- хат мазмұнында тәуелдік және жіктік жалғауларын қолданады;

- хат құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтайды;


Тапсырма

Жұбыңызбен ҰОС батыры мен тілші арасында сұхбат дайындаңыз. Сұхбат

мазмұнында жіктеу, сұрау есімдіктерін қажетінше қолданыңыз.

Дескриптор Білім алушы

- тақырыпқа қатысты сұхбат дайындайды;

- сұхбаттың жанрлық ерекшелігін ескереді;

- әр оқушы 4-6 сөйлем айтады;
3- тапсырма

Оқушылар өзара және өзін-өзі бағалау арқылы өзіндік белсенді оқуға ынталары артады; − Өзін-өзі және өзара бағалау оқушылардың өзара ынтымақтаса жұмыс жасауына ықпал етеді; − Пәнге деген қызығушылықтары жоғарылайды; − Өздеріне, сыныптастарына деген сенімділіктері артады; − Өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға қалыптасады;

Мен Балапан арнасынан 17.04.2020ж күні “Қазақ тілі” 5 сынып бойынша жүргізілген онлайн сабақты көрдім. Сабақтың тақырыбы: “Шолпан жұлдызы” сабақты Толқын Бейсекова атты мұғалім жүргізді.

Оқу мақсаты: тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы жинақы мәтін құруды үйренеміз

Мұғалім оқушыларға мәтін арқылы тапсырма берді. Мәтінді оқып, сұрақтар қойылды.

2- тапсырмасуретпен жұмыс. Мұғалім алдын-ала дескриптормен таныстырып өтті.



Сабақ соңында кері байланыс немесе бағалау жүргізілмеді. Егер мен бұл мұғалімнің орнында болсам оқушыларға “білім баспалдағы” әдісін жүргізуші едім. Оқушылар бұл әдіс арқылы бүгінгі сабақта жеткен жетістігін бағалай алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет