Білім беру бағдарламасы 10-күн. Жаратылыстану және биология мұғалімдерінің шығармашылық шеберханасы


Нәтижелердің сенімділігі мен валидтілігі. Бағалаудың сапасын қамтамасыз ету. Бағалау нәтижелерін талдау



бет3/6
Дата20.07.2023
өлшемі13,03 Mb.
#179523
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
10.1-Дәріс
Мұғалім рефлексиясы

Нәтижелердің сенімділігі мен валидтілігі. Бағалаудың сапасын қамтамасыз ету. Бағалау нәтижелерін талдау


Тапсырмаларды әзірлеу
  • Бағалауды не үшін жүргізеді?
  • Бағалау нәтижелері не береді?
  • Бағалау нәтижелерінен біз қандай ақпарат аламыз?
  • Бағалаудың сенімділігі мен валидтілігі неген не? Олардың маңызы қандай?

(Dylan Wiliam, Assessment literacy)
Талқылау
Бағалау дегеніміз:
  • оқушыларға орындауға қандай да бір тапсырма беру
  • күтілетін нәтижеге жету деңгейінің дәлелдерін жинақтау
  • нәтижесінде алынған мәліметтерді талдап түсіндіретін және қорытынды жасайтын үдеріс

  • Бағалау нәтижесі бойынша:
  • кейбір қорытындылар сенімді және валидті болуы мүмкін
  • кейбірі ондай болмау да мүмкін

Бағалау нәтижелері бойынша қорытындылар
Нәтижелердің сенімділігі
  • Тапсырмалар санының жеткілікті болуы (тапсырма көп болған сайын тестінің сенімділігі арта түседі).
  • Түрлі деңгейдегі тапсырмалардың болуы (өте күрделі немесе өте жеңіл тапсырмалар тестінің сенімділігін арттырмайды).
  • Бағаның дифференциялануы (нәтижелердің таралымы жоғары болған сайын, тест сенімділігі де арта түседі).
  • Бағалаушылардың құзыреттілігі.
  • Дескрипторлар мен балл қою кестесінің нақтылығы және жұмысты тексерудің рәсімдерінің шынайылығы (әдетте, мұқият құрастырылған құралдар мен рәсімдер бағалауда дұрыс шешім қабылдауды жеңілдетеді).
  • Бағалаудың стандартталған рәсімдері мен шарттарын сақтау.
  • Тапсырманы анық тұжырымдалуы.
  • Оқушылардың бағалауға дайын болуы (мысалы, оқушылар шаршаған кезде бағалау өткізсе, бұл бағалау нәтижесінің сенімділігін төмендетеді).

Нәтижелердің сенімділігі
Қайта тестілеу кезіндегі нәтижелердің тұрақтылығы
Нәтижелер тұрақты
Нәтижелер тұрақты емес
  • Тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес келе ме?
  • Тапсырмалар мазмұнды жеткілікті қамтыған ба?
  • Бағаланатын материалдың көлемі үшін тапсырмалардың саны жеткілікті ме?
  • Тапсырмалар бағаланатын дағдылар мен біліктерді қолдануды талап ете ме?
  • Тапсырмалар үстүрт білімді тексеруге немесе терең білімге бағытталған ба?
  • Тапсырманы орындау үшін берілген нұсқаулық түсінікті ме?
  • Сұрақтар екіұшты емес пе?
  • Тапсырмаларды орындауға берілген уақыт жеткілікті ме?
  • Тапсырмаларда белгілі бір топтарға қатысты факторлар жоқ па (ұлдар немесе қыздар, қалалық немесе ауылдық, тұрғылықты жері, ұлты және т.б.)?
  • Тапсырмалардың тілі түсініңті ме?
  • Тапсырманы оқуға қойылатын талап оқушылардың мүмкіндігіне сәйкес келе ме?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет