3. Интернет коммуникациясының Pull- и Push-моделдері Коммуникация тұрғысынан қарасақ тұтынушыларға бұқаралық ақпарат құралдары (телевдидар, радио и т. д.) ақпаратты жеткізудің push-модель орындап отыр; бұл жағдайда тұтынушы пассивтік роль атқарып, тек шектеулі ақпараттар арналары жиынын таңдауға ғана ие.
Интернет желісінде push-модельден басқа, pull-модель де бар; ол ақпаратты тек сұраныс бойынша ғана жіберіп отырады (demand pull). Бұл Интернет ортаның ерекшелігі – тұтынушылар активті роль ойнайды себебі олар ақпараттар мен навигацияларға іздеу механизмдерін және URL (uniform resource locator) басқа қорларын пайдаланып өздері сұраныс жасайды. Сонымен қатар Интернетте push-модельмен жұмыс жасау мүмкіншілігі бар. Интернет бұл модельді push-технологиясы арқылы жүзеге асырады, яғни қолданушылар қажетті ақпаратты Интернет желісінде іздемей-ақ, өзін қызықтырушы тематика каналына тіркелсе, қажетті ақпарат автоматты түрде каналға жазылғандардың компьютеріне жеткізіліп отырады.
Интернеттегі технологиялар push- және pull-модельдері арасында тығыз байланыста дамып келеді. Интернет желісінің жоғары функционалдығына байланысты тұтынушының ақпараттарды, компьютерлік ресурстарды пайдаланулары үшін навигациялауына әрқашан мүмкіндік бар. Келесі бір жағынан қолданушының ақпараттармен жабдықтаушыларды және қабылданатын push-каналдардың тематикаларды таңдауға еркі болады.
5-апта
№5 дәрістің тақырыбы: Web-қосымшаларды жасау технологиялары
Мақсаты: Web-қосымшаларды аспаптық құралдары жасау. WEB-қосымшалар құру технологиясы. Статикалық және динамикалық беттер.