Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»



бет38/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері
Спецификация суммативного оценивания за 2, Кәсіптің құпия сырлары 10Ә
7.3 Табиғат және адам үшін минералды тұздардың да рөлі
табиғат және адам үшін минералды тұздардың да рөлі орасан зор. Олар еріген және ерімеген күйде кездесе береді. Кальций, калий, натрий, фосфор, күкірт, хлор, магний, темір, йод, фтор, кобальт және марганецтің минералды тұздары адам денесінің мүшелерінде және барлық ұлпаның құрамында кездеседі. Шамамен дене салмағының 5%-ын құрайды. Біздің ағзамыз үнемі минералды тұздарды қажет- сінеді және ол әртүрлі тағамдар арқылы қалпына келіп отырады.
Барлық органикалық және бейорганикалық заттар табиғат және адам үшін өте маңызды. Адамзаттың болашағы үшін маңызы зор.
Адам денесінде болатын химиялық элементтердің ішінде, минералды заттардың маңызы зор. Адамның тіршілігі үшін ең керекті минералды заттардың ішінде негізгі орын алатын — тұз. Ол ағзаның барлық тіндері мен сұйықтықтарының құрамында кездеседі. Клеткалар өздерінің қызметін дұрыс атқару үшін, оларға тұздың арнайы құрамы мен концентрациясы қажет. Біздің ағзамыз үшін тәулігіне екі грамдай ас тұзы керек. Адам ағзасында негізгі оттекгі тасымалдаушы — гемоглобиннің құрамында темір болады. Біздің ағзамызға кішкентай шегенің көлеміндей темір болса жетіп жатыр. Кальций мен фосфор қаңқа сүйектері мен тісіміз мықты болу үшін өте қажет. Йод жетіспесе, қалқанша без өзінің қызметін дұрыс атқара алмайды. Ол безде гормонның түзілуі төмендейді де, ағзада зат алмасу процесінің жұмысы бұзылады. Егер фтор жетіспесе, тісіміз бұлінеді. Жемістер мен көкөністердің құрамы қоректік талшықтар — клетчаткага бай болады. Клетчатка толықтай ыдырамайды және ағзаның құрамынан жартылай қатты қалдық — фекалий түрінде шығады. Ол ас қорыту жүйесі үшін өте қажет, өйткені қоректік заттардың ас қорыту жолдарымен жылжуы осы арқылы іске асады. Адамның ағзасына, өте аз мөлшерде, жиырмадан астам минералды заттар қажет. Бұл заттардың барлығын біз қоректік заттар мен судан аламыз. Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз: Қаназдық немесе анемия сипаттамасы және оның түрлері. Қалқанша безінің ағзада атқаратын қызметі. Ағзадағы Майлардың Атқаратын Қызметі. Дәрумендер (витаминдер) жайлы ақпарат
Дерек көзі: https://erketai.kz/entsiklopediya/mineraldyi-zattar/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет