Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»


Тірі және өлі табиғаттағы үрдістер



бет40/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері
Спецификация суммативного оценивания за 2, Кәсіптің құпия сырлары 10Ә
Тірі және өлі табиғаттағы үрдістер бөлімінің табиғаттағы заттардың айналымы тақырыбында екінші және үшінші бөлімдерден бастауыш сыныптарда алған білімдерінің негізінде судың, тірі табиғаттағы заттардың биологиялық айналымы туралы білім негіздері беріледі. Мұғалім заманауи интербелсенді және белсенді оқыту құралдарын ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін қолданып оқушылардың зат пен энергия айналымына әсер ететін орта жағдайларын өз беттерімен анықтауларына баса назар аударуы тиіс.
Таулардың түзілуі және тау жыныстарының үгілуі тақырыбында тау түзілі үрдістері, жер сілкіну мен жанартау атқылау үрдістері, литосфералық тақталардың қозғалыстарының жер бедерінің ірі пішіндері, таулар мен терең мұхит шұңғымаларының пайда болуына тигізетін әсері, сыртқы күштердің бұзушы әрекетіне жүретін тау жыныстарының физикалық, химиялық және биологиялық үгілулер туралы білім негіздері беріледі. Жас ерекшеліктеріне сәйкес тақырып қарапайым түсінікті тілде беріліп оқушылардың күрделі түсініктерді жылдам меңгеруін қатамасыз ететін заманауи интербелсенді оқыту құралдары, оқу бейне фильмдерін қолдану қажет.
Топырақ –жердің құнарлы қабаты тақырыбында мұғалім көрнекі құралдарды, шағын оқу бейне фильмдерін көрсетіп оқушыларға талдату негізінде түзілуіне әсер ететін орта жағдайлларын, абиотикалық және биотикалық түрткі жайттарды(факторларды) түсінулерін, өз беттерімен білім алуларын қамтамасыз ету қажет.
Ауа райы және климат тақырыбында қалыптасуына әсер ететін түркі жайттарды, Күн сәулесінің, ауа температурасы мен жауын-шашынның Жер бетінде әр келкі таралу себептерін, климат жағдайларына тірі ағзалардың бейімделуін әр түрлі суреттер, сызба-нұсқаларды көрсету, интербелсенді үлестірмелі материалдарды талдау негізінде негізгі географиялық, биологиялық және физикалық түсініктерді қалыптастыру қажет.
Оқушылардың оқу әрекетін, оқу нәтижелерін бағалауды ұйымдастыру ұйымдастыру функционалдық сауаттылықтарын Блумның таным деңгейлерінің таксаномиясына негізделген білу, түсіну, пайдалану және талдау деңгейіндегі тапсырмалар берілуі тиіс.
Тірі ағзалардың қасиеттері, ұйымдасу деңгейлері тақырыптарын өту барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес топта, жұпта, жеке жұмыс істеуге арналған тапсырмалар беру, оқулықтың мәтінімен жұмыс істету, бейне материалдарды талдату арқылы жергілікті жердегі тірі ағзаларға тән қасиеттер, өсімдіктер мен жануардар жасушаларының құрылысының ерекшеліктері, бір-бірінен айырмашылықтарын, қоректену ерекшеліктерін, табиғаттағы маңызын түсіндіру қажет.
Бөлімді оқыту барысында жасуша, ұлпа, зат алмасы, популяция, биоценоз сияқты биология, экология, география пәндерін оқытуға негіз болатын жалпы ұғымдарды терең меңгерулеріне баса назар аудару оқушылардың танымдық белсенділігін атттыруда маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет