Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»



бет41/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері
Спецификация суммативного оценивания за 2, Кәсіптің құпия сырлары 10Ә
8.2 Табиғаттағы зат айналымы.Табиғаттағы заттардың бір түрден екінші түрге химиялық жолмен айналуы
Заттың бір түрден екінші түрге химиялық жолмен айналуы. Заттың химиялық жолмен ауысуын түсіндіру үшін кішігірім тәжі- рибе жүргіземіз. Арнайы шыны түтікке немесе стақанға ас содасының ұнтағын саламыз (шай қасықтың 1/4 бөлігі), оның үстіне 3–4 мл 9%- ды сірке қышқылының ерітіндісін (алма сірке қышқылы да болады) құямыз. Сонда соданың көпіршіктенгенін және газ көпіршіктерінің жарылып жатқанын байқаймыз. Бұл газдың бөлініп шығуы. Яғни көмірқышқыл газы. Оны дәлелдеу үшін абайлап, стақанның ішіне сіріңкенің жанып тұрған шырпысын жақындатамыз. Ол тез арада сөніп қалады, себебі көмірқышқыл газы жануды қолдамайды. Жүргізген тәжірибе арқылы жаңа заттың – көмірқышқыл газының (СО2) пайда болғанын көруге болады.
Химиялық жолмен айналу үнемі және барлық жерде болып тұрады. Бұл жерде заттың өзіне тән химиялық қасиеті өзгеріп, бір зат екінші затқа айналып басқа қасиетке ие болады. Химиялық айналу химиялық реакцияның әсерінен іске асады.
Заттың химиялық жолмен бір түрден екінші түрге айналуы – айналу барысында жаңа зат пайда болады. Бір түрден екінші түрге айналуды химиялық реакция дейміз. Нәтижесінде бастапқы заттың ыдырауынан бірнеше жаңа зат пайда болады, немесе екі және бірнеше заттан жаңа бір зат пайда болады.
8.3 Заттардың бір түрден екінші түрге табиғаттағы айналымы
Заттардың бір түрден екінші түрге табиғаттағы айналымы. Химиялық жолмен түрдің ауысуы алуан түрлі, оны жіктеумен химия ғылымы айналысады. Біз шегенің тот басқанын талай рет көрдік. Темір ауадағы оттегімен әрекеттесіп, шегенің үстінде тот қабаты түзіледі (темір оксиді). Уақыт өте шеге пайдалануға жарам- сыз болып қалады.
Химиялық жолмен айналу барлық ағзада жүретін үдеріс. Алма алғашқы кезде қышқыл, жасыл түсті болады, кейін қызыл- сарғыш, дәмді алмаға айналады. Алма дәмінің өзгеруі химиялық реакцияның нәтижесінде болды. Химиялық айналымды заттың сыртқы түсінің өзгеруінен байқауға болады. Мысалы, алманы екіге бөліп 3–4 сағатқа қалдырып, қайтып келсеңдер кесілген жердің қою қоңыр түске айнала бастағанын көресіңдер. Не себепті бұлай болды? Яғни оның жауабы, алманың құрамындағы темірді ауадағы оттегі тотықтырады.
Келесі мысалға көмірдің жануын алайық. Бұл жерде оттегі ато- мы мен көмірдің құрамындағы көміртегінің (С) атомы реакцияға түседі. Нәтижесінде көмірқышқыл газының молекуласы пайда бо- лады. Егер де оның үстін ауа кірмейтіндей етіп қымтап тастасаңдар, жанып жатқан көмір өшіп қалады.
Ағаш (қатты зат) жанған кезде көміртегі газы, су (сұйық) және көміртегі (қатты зат) пайда болады. Табиғаттағы химиялық жолмен айналуға жататындар: атмос- ферадағы озонның түзілуі, органикалық қалдықтардың шіруінен метанның түзілуі, фотосинтездің жүруі және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет