Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»



бет57/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері

15.2 Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері
Қазақстандағы ғылымның дамуы. XXI ғасырдың жоғары білім туралы дүниежүзілік декларациясында, жоғары білім мен заманауи ғылыми-зерттеу мекемелері заманына сәйкес және кәсіби білікті мамандары болмаса, бірде-бір мемлекет тұрақты экономикалық да- муды қамтамасыз ете алмайды деп атап көрсетті.
Қазақстан мықты ғылыми-техникалық әлеуеті бар мемлекеттердің бірі. Физика, ғарыштық зерттеу, таукен өндірісі, биология- лық белсенді заттар, жоғары молекулярлық қосылыс, адамның биохимиясы және физиологиясы, жануарлар мен өсімдіктерді зерттеу, география, ботаника, тамақтану және гигиена сияқты мықты ғылыми-зерттеу орталықтары (институттары) бар.
Көп- теген қазақстандық ғалымдардың жұмыстарын дүниежүзілік деңгейде мойындады. Солардың арасында геология, түсті металлургия, химия және басқа ғылым салаларын атап өтсек болады.
Көптеген ғылыми ұйымдардың үйлестірушісі Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы .
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы экономикасының даму ерекшелігіне байланысты ғылыми-техникалық бағытқа көбірек көңіл бөлуде: физикалық, химиялық және ақпараттық технологиялардың көмегімен минералды шикізаттарды игеру және тереңірек өңдеу, ақпараттық технологияны дамыту, жаңа жоғары молекулярлық заттарды құрастыру, ғарыштық мониторингті және геоақпараттық технологияны пайдалану, таза материалдар мен құймаларды өндіру, ғылыми-технологиялық биологияны дамыту, биотехнология және гендік инженерия салаларында жаңа өнім- дерді шығару, атом технологиясы
демиясы жұмыс істейді? Ол қандай қызмет атқарады? Талқылаңдар және бір-біріңнің жауаптарыңды бағалаңдар.
Республикамызда салалық ірі ғылыми орталықтардан басқа өз саласында озық деген 5 ұлттық ғылыми орталық жұмыс істейді (ұлттық ядролық орталық, минералды шикізатты кешенді өңдеудің ұлттық орталығы, биотехнология, радиоэлектроника және байланыс).
Бұлардан басқа академиялық ғылыми-зерттеу институтта- рында 3 ғылыми орталық құрылған: Жер туралы ғылым, метал- лургияны байыту, биологиялық және астрофизикалық зерттеу орталықтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет