Байланысты: Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері
Келешектегі ғылымның дамуы. Ғылымның қарқынды дамуы XX ғасырдың үлесіне тиесілі. Әртүрлі саладағы жаңа ғылымдар пайда болды: физика, медицина, биология, химия, техника, ком- пьютер технологиясы, нанотехнология, ғарыштық технологияның дамуы адамзаттың Жерден басқа ғарыш кеңістігін зерттеуге мүмкіндік берді. Осылардың арасындағы нанотехнология және биотехнология ғылымдарына тоқталып өтейік.
Нанотехнология – іргелі және қолданбалы ғылым мен техника саласы. Нанотехнологияның өнертабысы – нанаөткізгіштер (олар болашақтың электроникасын қайта бағдарламалауда көмектеседі, 171-сурет) және нанопластырь (оны ең қауіпті ауру ісікті (обыр) емдеуге қолданады).
Биотехнология – тірі ағзалардың мүмкіндігін зерттейтін ғы- лым, гендік инженерияны қолданып, тірі ағзаларға қажетті қасиет берумен айналысады.
Басты бағыты – тірі ағзалардың есебінен адамға қажетті ма- териалдар мен өнімдерді шығару. Мысалы, гендік инженерия операциясын қолданып, трансгендік жануарлар мен өсімдіктерді өсіру.
XXI ғасыр ғылымының негізгі міндеттерінің бірі – Жердегі тіршілікті сақтап қалу. Әртүрлі ғылымдардың түйіскен жерінде жаңа ғылымдар пайда болуда. Тіршілік туралы ғылым, ядролық физиканың жетістігі, термоядролық реакцияны басқару арқылы жасанды микрокүн жасау, планетааралық химиялық әсерді зерт- теу, космология және гендік инженерия ғаламдық мәселелерді шешуде көмектеседі: ашаршылық, ауру, тұрғындардың тығыз шоғырлануы, экологиялық мәселелер және т.б.
Гендік инженерия адамзаттың басты міндетімен айналысады – генетикалық ауруларды жеңумен бірге, адамның қартаю үдерісін тоқтатумен шұғылдануда. Қазіргі кезде ғалымдар, жасушаға қауіпсіз генотерапия әдісін әзірлеуде. Генотерапия әдісі ойдағыдай тәжірибеден өткен соң, қарт адамдардың ағзасындағы зақымданған генді ауыстыруға мүмкіндік туады.
FlavrSavr қызанағы алғашқы гене- тикалық жолмен алынған өнім. Дүниежүзінде және Қазақстанда сатылымға шығарылған трансгендік өсімдіктер жеткілікті (қызанақ, картоп, орамжапырақ, жүгері, астық дақылдар.