Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»



бет55/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері

14. 2 Табиғатты қорғау
Табиғатты қорғау – табиғатты тиімді пайдалану, табиғатты қалпына келтіру және қорғауға бағытталған іс-шаралар мен заңдардың кешені. Табиғатты қорғау дегенiмiз – тек қана өсiмдiк пен жануарларды ғана емес, топырақты, суды, атмосфераны, жалпы табиғи кешендi сақтап, қорғап қалу. Оны тиiмдi жүргiзу үшiн планетамыздағы барлық елдер бiрiге отырып, жұмыс жасауы қажет. Сонымен бiрге, әрбiр жеке тұлға табиғатты қорғауға мiндеттi және өз жағынан ат салысуы тиiс.
Табиғатты қорғаудың өзектi мәселесiнiң бiрi – ауыз суды қорғау, дүние жүзілік мұхит суы қорының 2–3% құрайды.
Қазiргi кезде көптеген өнеркәсiп орындары пайдаланған суды арнайы сүзгiден өткiзiп, тазалап қайтадан iске қосуда. Осындай жолмен ресурс қорын сақтап қалуға болады.
Атмосфера құрамындағы оттегі және көмірқышқыл газының мөлшері жер бетіндегі ормандарға байланысты. Сондықтан да көптеген елдер ормандарды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда.
Астана қаласының айналасына мыңдаған гектар ағаш отырғызылып,жасанды орман алқабы пайда болды. Заңдар мен iс-шаралардың табиғатты қорғауға, сақтауға және
тиiмдi пайдалану мен қалпына келтiруге арналған кешендi жұмыс.
Өсімдіктер мен жануарларда (биологиялық ресурс) қорғауға және тиімді пайдалануға мұқтаж.
Олардың өсетін және мекен ететінжерлерін қорғау мақсатында қорықтар, ұлттық саябақтар, хайуанаттар бағы, дендросаябақтар, қорықшалар ұйымдастырылуда .
Атмосфера барлық тұрғындарға, мемлекеттерге ортақ, сондықтан да оны бірігіп, қорғауымыз керек. Адамзат атмосфераны қорғау мақсатында көптеген жұмыстар жасап жатыр. Ауаны, суды, топырақты қазіргі деңгейінен төмендетпей сақтап
тұру үшін зауыт және фабрикаларда түтінді ұстап қалатын және тазалағыш қондырғыларды орнату қажет, сонымен бірге, таза экологиялық отын түрлерін пайдалану керек.
Топырақтың құнарлығын сақтап қалу үшін, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген дұрыс. Минералды және органикалық тыңайтқыштарды мөлшермен беру керек
14.3 Табиңат байлытарын тиімді пайдалану
Мемлекетімізде табиғатты қорғау мақсатында көптеген пайдалы жұмыстар іске асуда. Табиғи қорықтар, ұлттық саябақтар,қорықшалар және т.б. табиғи қорғалатын аумақтар ұйымдастырылған.
Қазақстандағы ең алғаш ашылғаны Ақсу-Жабағылы қорығы жануарлар және өсімдіктер дүниесінің алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Қорықта ең үлкен және өте әдемi құстардың бiрi сақалтай мекендейдi. Құстарға бай қорықтардың бiрi. Жануарлардан арқар, таутеке, тянь-шань аюы, түркістан сілеусіні, қар барысы және т.б мекендейді. Қорықтың бiраз ауданын жартастардың беткейінде өскен арша ормандары алып жатыр. Қорықтың эмблемасы – Грейг қызғалдағы.
Алматы қорығы таулы жерде орналасқандықтан өсiмдiк жамылғысы белгiлi бiр биiктiктер аралығында өзгерiп отырады.Жалпақ жапырақты ормандар биiктеген сайын қылқан жапырақты ормандарға ауысады. Шыршалы ормандарында аю мекендейдi. Көптеген тау ешкілер және олардың жанында қар барысы кездеседі. Таудың жоғары биiктерiнде аты аңызға айналған еңлiкгүл, сарғалдақ, жанаргүл, шегiргүл, теңгежапырақ өседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет