Білім беру бағдарламасы 6В017 «Қазақ тілі мен әдебиеті», В37 «Филология:қазақ тілі»



бет3/46
Дата10.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#78947
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе 2020
2-лекция, 2-лекция
Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша)

  • Білу. «Әдебиеттануға кіріспе» курсын оқи отырып, студенттер әдеби шығармашылықтың табиғаты мен адамзаттық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындап, әдебиеттің қоғаммен тығыз байланыста дамуының шарттарын анықтайды, әдебиеттің функционалдық қызметтерін атап, әдебиеттану ғылымына қатысты жаңа терминдерді жаттап, есте сақтауға жұмыстанады.

  • Түсіну. Әдебиеттегі жанр, тек, түр, мазмұны сынды теримндердің мағынасын анықтап, әрқайсысына анықтама береді, қызметтерін талдайды, көркем әдебиетті тудыратын автор мен қоғамның, әдеби ағымдардың қызметін демонстрациялайды.

  • Қолдану. Әдебиет теориясын меңгере отырып, әр тақырыптың аясында авторлардың шығармаларын талдай отырып, кейіпкерге мінездеме беріп, образдардың жасалу жолдарын көрсетеді, айтып жаттығады, сөз мағыналары мен ауыс мағынаның берілу тәсілдерін түсіндіріп, көркем әдебиеттерден жинақтаған мысалдармен дәлелдейді.

  • Талдау. Тілдік единицалар: сөйлемді сөз тіркестеріне, сөз тіркестерін сөздерге, сөздердің айшықталу, түрлену жолдарын айқындап, әлемдік әдебиетпен дәстүр ықпалдастығы жақтан зерделейді, салыстырады, салыстырмалы-салғастырмалы әдісті пайдалана отырып, типологиялық жағынан топтайды.

  • Жинақтау. Әдебиеттің әр жанрының зерттеу нысаны болғанымен, олардың арасында өзара байланыс бар екеніне көздері жетеді, оларды біріктіретін тілдің өзіне тән негізгі заңдылықтарының бар екендігін нақты мысалдармен көрсетеді.

  • Бағалау. Әсіресе, практикалық сабақтарда белгілі бір тақырып бойынша жолдастарының жауаптарын мақұлдап, қолдай білуге, ұсыныс жасай білуге, қажетті жерде сын да айта отырып, бірін-бірі бағалауға үйренеді. Курс бойынша қарастырылған теориялық және практикалық мәселелер туралы қорытындылар жасауға дағдыландыру.

Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:



  • Студенттер әдебиет теориясын және эстетикалық заңдылықтарын тарихи және құрамдық тұрғыдан толымды түрде меңгеріп шығуы тиіс;

  • Жинақталған білімдер жүйесін әдебиет сабақтарын оқытушылық тәжірибеде өту кезеңдерінде ұтымдылықпен пайдалана алуы тиіс;

  • Ғылыми зерттеу жүргізу мезеттерінде әдебиет теориясының барша қағидалары мен ұстанымдарына сай қорытуға бейімделуі тиіс.

Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:



  • Көркем шығарманың тақырыптық-көркемдік, идеялық ерекшелігін аша білуі тиіс;

  • Шығарма әлеміне: шығарманың көркемдік әлемі қамтитын аяларын, қаһарман пішіндемесінің көркемдік қызметін, кейіпкер сөздерін, көркем туындыдағы заттар әлеміне, табиғат көріністеріне әдеби талдау жасай білуі тиіс;

  • Уақыт пен кеңістікке, сюжет пен тартысқа композициялық талдау жасау;

  • Көркем шығарманың тілі мен стиліне талдау жасай алу тиіс.

Игерілетін дағдылар:



  • Көркем шығарманың тақырыптық-көркемдік, идеялық ерекшелігін аша алу дағыдысы;

  • Көркем шығарманың тілі мен стиліне талдау жасай алу дағыдысы;

  • Өлең құрлысына талдау жасау алу дағдысы.


Пререквизиттер: Аталған пәнді меңгеру үшін халық ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, әдеби теориясы пәндердің меңгеру барысында игерілген білім мен дағдылар қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет