Білім беру бағдарламасы Қазақ филологиясы



Дата24.04.2023
өлшемі2,53 Mb.
#175231
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
париж
геом прог есептер, 6-с. үлгерімі төмен

Тақырыбы:Жаңартылған білім беру бағдарламасы
Қазақ филологиясы
М.х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университеті
Орындаған:Мұратова Аяжан Ғалымжанқызы
Қабылдаған:Мырзабаева Балмира Джунусбековна
Тобы:6В20Филк-1,3
2023жыл
3курс
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, еліміздің дамуына, жеріміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген белді азаматтардың барлығы да ауыл мектептерінен білім алып, ауылда тәрбиеленгендер.Қоғамның дамуына байланысты ауылдарымыз да күннен-күнге жаңарып, жақсарып жатыр. Соның бірі – ауыл мектептерінің жағдайы. Ғылым мен технологияның дамыған заманында білім беру саласы да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда ауыл мектептері жаңа технология құралдарымен жабдықталып, ұстаздар білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері бойынша білімдерін жетілдіру үстінде. 
Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»,-деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мәлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру.
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:
1. Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3. Шығармашылық ойлау дағдысы
4. Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7. Критикалық ойлау дағдысы
8. Проблемалық ойлау дағдысы
9. Технологиялық ойлау дағдысы
10. Тілдік құзіреттілік дағдысы
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
Оқып үйрену мен тәрбие ісінде оқу орындарының жаппай заманауи технологияларды қолдануға көшу процесінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру - қоғамның басты мәселесі. Мұғалімдердің кәсіби даму үдерісін дамыту барысында мектептің даму жоспарында желілік қоғамдастық, тәлімгерлік инновациялық, интерактивті әдістерді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру, интернет жүйесімен байланысты жандандыру, жаңа ақпаратты технологияны меңгеру, жан-жақты ұстаздар қауымымен пікір алмасу қарастырылған. Ал мұғалім үнемі ізденіп, білім қорымен өзінің іс- тәжірибесін таратып, өзгенің жаңалығын үйреніп отырса, оның сабақтары да қызықты, бала үшін тиімді болмақ. Ал бұл жағдай бүгінгі күні ауыл мектептері аталатын шалғайдағы ауылдар үшін де тиімді
Білім мазмұнын жаңғырту – сапалы білім, жарқын болашаққа негізделген. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Қазақстан 2050 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.
Қорыта айтқанда, білім беру мазмұнын жаңарту – бұл, бәрінен бұрын орта білім беру моделін, оның құрылымын, мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеу тәсілі мен әдістерін қайта қарау, оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың барынша жаңа бағалау жүйесін енгізу. Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы бүкіл іс-шаралар кешені тұлғаның үйлесімді қалыптасуы мен дамуына, қолайлы білім беру кеңістігін құруға бағытталған.
Мектептегі білім берудің дамуындағы жаңа кезең, оқу процесін ұйымдастыру және мазмұнын қалыптастырудағы құзыретті тәсілді енгізумен, оқушыларды алған білімдері мен біліктерін нақты оқу және өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету қажеттілігімен тығыз байланысты. Құзыретті тәсілді енгізу, оқу жетістіктері деңгейін бағалау жүйесіндегі өзгерістерді талап ететін оқыту мазмұнының нәтижелерін міндетті түрде болжауды жорамалдайды. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж.
2. «Білім технологиялары» № 3, 2016 ж.
3. «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру» 2017ж
4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы (екінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
5. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы Астана 2016
6. Мұғалімге арналған нұсқаулық (екінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
Назарларыңызға Рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет