Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың «Ұлттық спорт түрлері және қозғалыс ойындарын оқыту әдістемесі»



бет3/18
Дата09.12.2022
өлшемі55,23 Kb.
#162141
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
РК

Ойлап тап және көрсет.

Алты ойыншы шеңбер жасап тұрады. Біреуі секіртпе ұстап ортаға шығып, онымен мүмкін болатын бір секіру түрін көрсетеді (мысалы, секіртпені артқа қарай айналдыру арқылы). Сонан соң ол орнында тыныш тұрып, оның шеңберде оң жағында тұрған көршісі ортаға шығады. Ол алдыңғыға ұқсамайтын басқа бір қимыл жасап көрсетеді (мысалы, бұрылып секіру немесе бір аяқпен секіру). Осыдан кейін әрбір ойыншы өз жаттығуын орындап көрсетеді. Осылайша алты ойыншы көрсетіп болған соң ойын екінші айналымға ауысады, алайда ойыншы-лардың саны біртіндеп азая беруі мүмкін (алдыңғы көрсетілген жаттығуды қайталаған ойыншы ойыннан шығарыла береді).


Ойында өзгелер ойлап таба алмайтын жаттығуды орындап көрсеткен ең есті (ол ең секіргіш ойыншы болмауы да мүмкін) ойыншы жеңіске жетеді. Қыздар секіртпемен құйындай айналатынына қарамастан, ойында бала да чемпион атануы мүмкін.
Секіртпемен жұптасып секіру
Ойыншылар жұптасып тұрады. Жұптың артқы сыңары (ол әдетте қыз) секіртпені өзінен кейінде ұстайды. Ал серігі жарты қадам алдында болады. Әр жұптың алдындағы 10-12 м қашықтыққа айналып қайтатын белгі - қазық не жалауша шаншып қояды. Барлық жұп бір сызықтың бойында тұрып, кезекпен секіртпені айналдыра секіріп белгіні айналып қайтып оралады.
5. Малға байланысты ойындарды атап беріңіз және мысал келтіріңіз
Бәйге.
Бұл халық арасында ең көп тараған ат спортының түрі. Жергілікті жерлерде қысқа және орташа қашықтыққа бәйге өткізіледі, сондай-ақ ол жарысқа қатысушылардың барлығы үшін жаппай өткізілетін кросс болып та табылады.
Бәйгеде спортшының тактикалық шеберлігінің үлкен маңызы бар. Өйткені аты жүйрік спортшы емес, атаның шамасына қарай керек жерінде басын іркіп немесе қоя беріп, жарысты дұрыс өткізген спортышының жеңіп кететің кездері аз болмайды.
Қостанайлық жылқы тұқымдары алысқа шапқанда төзімді келеді. Мысалы, елуінші жылдары жарыс аттары алысқа жіберіліп сыналды. Сонда 1953 жылы Алматы облысындағы «Қастек» қой совхозынан Қастекбай Рахметжанов бір тәулік ішінде 311,6 км жерден шауып өтіп бүкіл-одақтық жоғары көрсеткішке жетті. Сөйтіп, ол «Спорт шебері» атағын алу правосына ие болды.
Бәйгеде классификациялық қашықтықтар 7,12 және 16 км. 7 километрлік бәйге колхоздардың, совхоздардың, жалқы заводтарының, Совет Одағының барлық қалаларында жыл сайын өткізілетін ат спорты жарыстары программасына міндетті түрде енгізіледі. Бұл қашықтықтар бойынша разряд беріледі.
Тегіс жерде қысқа және орташа қашықтыққа кедергісіз өткізілетін жарыстарға он сегіз жасқа толған және одан да асқан, жаттықтырушының басшылығымен жарысқа тиісінше даярланған спортшылар жіберіледі. Бәйге аты бес жаста және одан да асқан болуы керек. Қашықтықтың қандай болатындығын жарысты өткізетін ұйым анықтайды, ол 7 және 16 мың метр аралығында болады.
Жарыс тегіс жерде, айнала, тура жұмсақ жолмен тіке шауып, яки ипподромда өткізілуі мүмкін.
Жарысты өткізу шарттары мен тәртібі, киім түрі және атты дайындау жолдары, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары аламан бәйгедегідей.
Жеңімпаздарды анықтау. Бәйгеге қатынасқандардың барлығы да орындарына сәйкес, яғни бірінші орындағы – бір, екінші орындағы – екі, үшінші орындағы үш, т.с. ұпай алады. Егер жарыс аттары көп болып, бірнеше бөлініп жіберілген болса, онда орындар әрбір бәйгеге қатысушының көрсеткен уақыты бойынша анықталады. Егер сөреден бірдей уақытта өткендер болса, атының басы сәл алда жүрген спортшы жеңген болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет