Білім беру бағдарламасы бойынша «Информатиканы оқыту әдістемесі»



бет1/13
Дата11.05.2022
өлшемі37,28 Kb.
#142729
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Білім беру ба дарламасы бойынша «Информатиканы о ыту дістемесі»


05В011100 «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары
28. Мектеп информатикасының базалық курсы .
Базистік оқу жоспарына сәйкес информатикаға бөлінген сағат санының қысқалығына байланысты білімге қойылатын талаптар да қайта қаралып нақтыланады.
Стандарт құрылымы талапқа сәйкес төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- қолданылу аймағы;
- нормативті сілтемелер; анықтамалар мен қысқартылған сөздер;
- жалпы ережелер, информатика пәнінің жалпы сипаттамасы;
- оқу бағытының түрлері мен мазмұны;
- информатикадан оқу жүктемесінің көлемі;
- информатикадан білім берудің базалық мазмұны;
- оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
- оқу үрдісін ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптар.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде информатика курсын үздіксіз оқытудың төмендегідей құрылымы ұсынылады: пропедевтикалық, базалық (негізгі) және бағдарлы кезеңдер. Бірақ, бұл ұсынысты барлық мектептер толық меңгермейді, мектептің спецификасына байланысты біреулері – толық, ал біреулері толық емес. Информатика курсы бойынша мектептегі білімнің негізгі өзегі – информатиканың базалық курсы, өйткені информатика бойынша білім беру стандартының жобасына сәйкес базалық курс «оқушының информатика бойынша дайындығының міндетті жалпы білімдік минимумы» болып табылады. Мектептегі информатика пәнін негізінен іске асыратыны информатиканың базалық курсы, себебі информатикадан білім беру жобасының стандарты бойынша, базалық курс информатикадан оқушылардың дайындықтарының міндетті жалпы білімдік минимумын қамтамасызетеді(2017жылғы«25»қазандағы №545 бұйрығына 12-қосымша). 6-сыныпқа арналған оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютерлік жүйелер мен желілер». Эргономика, қауіпсіздік техникасының ережелері. Есептеу техникасының дамуының тарихы. Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара байланысуы. Операциялық жүйенің негізгі функциялары. Сымсыз желілер;
2) «Мәтіндік құжаттардағы сілтемелер». Түсіндірме. Гиперсілтемелер. Мазмұн. Реферат жасау;
3) «Мәтіндік ақпаратты ұсыну». Ақпаратты тасымалдау. Мәтіндік ақпаратты шифрлеу. Ақпаратты екілік код түрінде ұсыну;
4) «Компьютерлік графика». Векторлық бейнелерді құру. Растрлық және векторлық бейнелерді салыстыру;
5) «Компьютерлік ойындарды әзірлеу». Компьютердегі есептерді шешу қадамдары. Алгоритмді блок – схема түрінде ұсыну. Компьютерлік ойынның тұжырымдамасы;
6) «Компьютерлік ойындарды құру». Ойын ортасындағы сценарийді әзірлеу және жүзеге асыру. Ойынды жасау барысында қолданылатын компоненттер. Программа ортасында қателерді табу және жөндеу. Ойындар үшін құжаттамалар. Сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме). Қолданылған ресурстарға сілтемелер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет