Білім беру бағдарламасы бойынша «Информатиканы оқыту әдістемесі»



бет7/13
Дата11.05.2022
өлшемі37,28 Kb.
#142729
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Білім беру ба дарламасы бойынша «Информатиканы о ыту дістемесі»

Өңдеудің бірінші типі: жаңа ақпаратты, білімнің жаңа мазмұнын алумен байланысты өңдеу. Бұл өңдеудің типіне математикалық есептерді шешу жатады. Бұған логикалық ойлауды қолдану жолы- мен əртүрлі тапсырмаларды шешуді жатқызуға болады.
Өңдеудің екінші типі: пішіннің өзгеруімен байланысты, бірақ мазмұнын өзгертпейтін өңдеу. Ақпаратты өңдеудің бұл типіне, мы- салы мəтінді бір тілден екіншісіне аудару жатады. Пішін өзгереді, бірақ мазмұны сақталуы тиіс.
31.Жаратылыстану-математикалық жəне гуманитарлық бағыттарға арналған информатиканың кəсіби курстары.
Жаратылыстану-математикалық бағыт үшін «Информатика» пəнін игеруде информатиканың алгоритмдер мен программалау, ақпараттық технологиялар, ақпараттандыру құралдары бөлімдері техникалық жəне жаратылыстану-ғылыми қызмет саласында қолдану мүмкіндіктерін ашуға бағытталып қарастырылады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда «Информатика» пəні мазмұнының негізі ретінде келесі аспектілер алынады:
1) іргелі ғылым ретінде информатиканың қазіргі жағдайының мектеп курсына сəйкес бейнеленуі;
2) «ақпараттық үдеріс» ұғымы арқылы оқыту мазмұнын сабақ- тастыру негізінде информатиканың ғылыми пəн ретіндегі мəнін көрсету;
3) оқу материалын адамгершілік, ізгіліктілік, патриоттық жəне т.б. тəрбиелік құндылықтармен байыту;
4) оқушылардың ойлауын қалыптастыру жəне дамыту, оларға шектен тыс ақпараттар ағымымен қаруландыруға мүмкіндік бермеу;
5) ақпаратпен тиімді жұмыс істеу əдістеріне үйрету;
6) информатика курсының пəнішілік жəне пəнаралық байланыс- тарын белсенді түрде қолдану;
7) тəжірибеде қалыптастырылған білім мен біліктіліктерді жал- пылай қолдану тəсілдеріне үйрету.
Жаратылыстану-математикалық бағыт үшін «Информатика» пəнінің теориялық жəне тəжірибелік мазмұны 1:1 қатынасы бо-йынша құрылған. Информатика сабағын өткізу барысында 20 ми- нут теориялық бөлімге, ал 25 минут тəжірибелік бөлімге арналып оқытылады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сынып- тар оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
10-сынып оқушылары:
Нені білу керек:
– қолданушылық интерфейс мəнін;
– жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері орталар түсінігін;
– программалау жүйелерiнiң ерекшелiктерiн;
– құрылымдық, модульдық, объектiлi-бағдарлы программалау
ұғымдарын;
макрос ұғымын;
– анимацияныжəнемультипликацияныұйымдастырунегiздерiн; – үйретуші, бақылаушы, ойын программаларын жасау
принциптерiн;
– компьютердi программамен қамтамасыз ету ретi мен ережелерiн;
– растрлық жəне векторлық графиканы өңдеу құралдарын;
– компьютерлiк презентация ұғымын;
– ақпараттық-логикалық модельдердi жасау технологиясын;
– пошталық программалармен жұмыс жасау принциптерін. Нені меңгеру керек:
– компьютерге қолданбалы программалық жабдықты орнатуды; – жоғарғы деңгейдегі программалаудың кез келген ортасында
символдық айнымалыларды өңдеуді программалау;
– офистікпрограммаларортасындатүрліақпараттардыөңдеуді; – макростармен жұмыс істеуді;
– арнайыпрограммалыққұралдаркөмегiменпрезентация жасай алуы;
– пошталық программалармен жұмыс жасауды. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін «Информатика» оқу пəнінің міндеттері:
– əлемдік бейнені қалыптастыруда, қоғамдағы ақпарат пен ақпараттық процестердің мəнін айқындайтын информатиканың білімдерін меңгерту;
– мектеп пəндерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдана отырып, ақпараттық модельдерді нақтылы обьектілер мен үдерістерді түрлендіру, талдау жəне оны қолдана білу дағдыларын игерту;
– түрлі мектеп пəндерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары мен информатиканы оқыту əдістерін оқушының өзіндік танымдық іс-əрекетін жəне шығармашылық қабілетін дамыту. Гуманитарлық бағыт үшін «Информатика» пəнінің теориялық жəне тəжірибелік мазмұны 1:1 қатынасы бойын- ша құрылған. Информатика сабағын өткізу барысында 20 ми- нут теориялық бөлімге, ал 25 минут тəжірибелік бөлімге бөлініп, оқытылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптар оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
10-сынып оқушылары:
Нені білу керек:
– тұйықталған жəне ашық ақпараттық жүйелер ұғымын;
– кері байланыс ұғымын;
– мəтіндік ақпаратты өңдеудегі компьютерді программалық
қамтамасыз етудің мəнін;
– объектілі-бағдарланған программалау ұғымын;
– макростар ұғымын;
– объектілі-бағдарланған программалау ортасында символдық
өңдеудің мəнін;
– аударма программаларының мəні;
– порталдар ұғымын;
Нені меңгеру керек:
– тұйықталған жəне ашық ақпараттық жүйелерде тапсырмалар
орындауды;
– мəтіндік ақпаратты өңдеудегі компьютерді программалық
қамтамасыз етумен жұмыс істеуді;
– вирустан қорғау программаларымен жұмыс істеуді;
– объектілі-бағдарланған программалау ортасында символдық
айнымалыларды программалауды;
– аударма программаларымен жұмыс істеуді;
– веб-сайттар мен порталдардың мүмкіндіктерін қолдануды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет