Білім беру бағдарламасы Камбарова Нурзия Бахтияровна 2022-2023 оқу жылы Педагогикалық практика бойынша сауалнама-есебі


Педагогикалық практиканы ұйымдастыру және мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар



бет5/6
Дата22.11.2023
өлшемі266,81 Kb.
#193003
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Камбарова Н.Б есеп (1)
Лир Э. Книга бессмыслицы, 1 апта тарих, 5 апта тарих, Эссе тарих, № 2 Аманкарагай, Новонежин, Островка, Шайсұлтан Сүлукөл, Сосновка, Әліппе оқыту әдістемесі-emirsaba.org, Жоба lactel сүті, Ғыл.пед. зертт.3 кр - копия, Маржан 5-тапсырма (2) (1), 7. Циклограммы ср.гр. каз.яз. Болашақ 22-23
11. Педагогикалық практиканы ұйымдастыру және мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар.

  • Педагогикалық практиканы ұйымдастыру бойынша бір ғана ұсынысым – практика мерзімін ұзарту. Иә, бәлкім, академиялық күнтізбе бойынша ол шектеулі, бірақ, студенттің болашақта жұмыс жасайтын орны – мектеп қабырғасы болғандықтан, практикалық дағдыларды шыңдауға үлкен мүмкіндік болар еді. Бәлкім, осыдан соң көп студенттер жұмысқа өз мамандығы бойынша орналасуына 100% сенімділікке ие болып, өз мамандығына дайындықпен қарар еді. Әрине, бұл мемлекетке және студентке көп пайдасын тигізетіні сөзсіз. Практика мерзімі созылған уақытта болашақ мұғалімдердің бойында сенімділік күші артып, мамандық бойынша жұмыс жасау мәселесін жояр еді деп ойлаймын.

  • Педагогикалық практиканы ұйымдастырушы оқытушыларға және мектеп ұжымына, әсіресе сынып жетекшіме алғысымды білдіргім келеді. Машықкердің жанған отын сөндірмей, сенімсіздік туған жағдайда көмек көрсетіп, қолдау көрсеткеніне алғысым шексіз.

  • 12. Педагогикалық практиканың қорытындысы.

  • Педагогикалық практиканы қорытындылай келе, ЖОО алған барлық білім мен тәжірибені мектепте толықтай қолдана алдым. Өзімнің болашақ педагог ретінде іскерлік және педагогикалық дағдыларымды жақсарта түстім деп толық сеніммен айта аламын. Әлі де жинақтайтын тәжірибелер көп екенін білемін. Расыменде, педагогикалық практика менің мұғалім ретінде жаңаша қырларымды ашты. Оқушылармен қармын-қатынасқа түсу арқылы, бала психологиясының алғышартын білдім. Олармен қалай жұмыс жасау қажет, қалай ақпаратты жеткізген тиімді деген сұрақтарға жауап ала білдім. Ең бастысы – мұғалім үлкен жауапкершілікті талап ететін, жауапты жұмыс екенін сезіндім. Мен өзімді болашақта бастауыш сынып мұғалімі ретінде елестете алдым. Мамандық таңдауда қателеспедім – деп нық сеніммен айта аламын!

    Сабақ бердім 31.01.2022-10.02.2022 дейін. (дүниетану, қазақ тілі, математика, сыныптан тыс сабақ )


    Қатыстым 31.01.2022-0.02.2022 дейін. 3 «Б» сынып Камалова А.М. 20 сабағына қатыстым (қазақ тілі, математика, жаратылыстану, әдебиеттік оқу, дүниетану,). 2 «Ә» сынып Калдаманова З.А. 4 сабағына қатыстым (математика, қазақ тілі, дүниетану, әдебиеттік оқу, жаратылыстану). Пән мұғалімдері жүргізген музыка, ағылшын, орыс тілі, көркем еңбек сабақтарына қатыстым.
    Студент-әріптестерімнің сабақтарына қатыстым. 3 «Ә» сынып Аманбаева Мерей (қазақ тілі, математика), 2 «А» Кахарова Муножат (қазақ тілі), 1 «Ә» Саипназарова Мадина (ана тілі, математика), 2 «Б» Ерубаева Алина (дүниетану, математика, қазақ тілі).
    Сыныптан тыс іс-шараны жүргіздім (3 «Б» сыныбында «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» атты іс-шараны жүргіздім. Іс-шараға сынып жетекшім Камалова А.М , ЖОО орнынан бекітілген әдіскер Султанбекова А.Ж қатысты.
    Студент-әріптесімнің сыныптан тыс шарасына қатыстым (Кахарова Муножат 2 «А» сыныбында «Әдептілік - тәрбие бастауы » атты іс-шара.
    Саипназарова Мадина 1«Ә» сыныбында «Кім тапқыр» атты іс-шара ).

    Оқу жұмысы бойынша баға:


    Тәрбие жұмысы бойынша баға:
    Педагогикалық практика бойынша жалпы баға:

    Толтыру уақыты: 12.02.2022ж.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет