Білім беру бағдарламасы мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы



бет21/28
Дата29.03.2017
өлшемі5,72 Mb.
#12735
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28

Түсіндірме жазба

Оқытудың эксперименталдық бағдарламасы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған. (ҚР Үкіметінің 2012ж 23 тамыздағы № 1080 қаулысы)

«Мұнай өндіру технологиясы ІІ» пәні мазмұнында статика, векторлар, кері итеруші күш, кернеу, деформация, материалдардың қарсы әсері, әр түрлі механикалық жүктемелердің құбырлар мен құбыржолдарға әсері және экстремалдық температура мен бұқтырып уыттаудың әсері қарастырылады. Құбырлар мен құбыржолдар жүйесі үшін болат конструкцияларды дұрыс таңдап алу үшін қажетті білім қорын береді.

Модульдердің жалпы саны: 17.

Сағат саны: 180.

Кредиттер саны: 6.0

«Мұнай өндіру технологиясы ІІ» эксперименталдi бiлiм беретiн пәннiң бағдарламасы кәсіптік білім беру бағдарламасының негізін құрайды.

Кәсіптік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымы бағдарламаға жергілікті жағдайды, аумақтық компонентті ескере отырып, орындалу кезегіне негізделген өзгертулерді енгізе алады.

Жұмыстық бағдарламаны орындау кезінде сыныпта талқылауын, бағалауын, лекциясын, демонстрациясын, компьютердегі презентациясын, тәуелсіз оқытуын, басқару нұсқауын тиімді пайдаланып, оқу үрдісін ұйымдастыруда және бақылауда әр түрлі әдістерді қолдану ұсынылады.

Бағдарламаны дұрыс меңгерілуі үшін теориялық (лекциялар) сабақтар мен зертханалық- практикалық сабақтар, семинарлар кезектестірілуі керек.

«Мұнай өндіру технологиясы І» пәнімен пәнаралық байланыс студенттердің әр түрлі пәндер бойынша бағдарламалардың өзара байланысын түсіну болашақ мамандықтарына қажетті білім мен біліктілікті меңгеруге көмектеседі.
2. Курстың мазмұны
Модуль 1. Статика, тепе-теңдік, күштер мен векторлар
Оқудың нәтижесі:

Вектор компоненттерін қолдану арқылы параллеь күштер жүйесіндегі белгісіз күшті есептеу.


Модуль тапсырмалары:

1.1 Күш пен оның өлшем бірлігін анықтау.

1.2 Векторлық және скаляр шамаларды айыру.

1.3 Тепе-теңдікті анықтау.

1.4 Екі өлшемдегі вектордың модулін анықтау.

1.5 Бір жазыққтықта жатқан параллель векторлар жүйесінің тең әсерлісін және қорытынды шаманы анықтау.

1.6 Еркін денеге әсер ететін күштер сызбасының (схемасаның) шамасын анықтау.

1.7 Бір жазықтықта жатқан еркін денеге әсер ететін параллель күштердің күштер сызбасын салу.

1.8 Белгiсiз күштердiң анықтауы үшiн күштердiң тепе-теңдiгiнiң тұжырымдамасын қолдану.
Модуль 2. Күш моменттері, күштер және тепе-теңдiк
Оқудың нәтижесі:

Күштер, олардың моменттері және тепе-теңдік шарттарына есептер шығару.


Модуль тапсырмалары:

2.1 Күш моментін анықтау.

2.2 Моменттің магнитудасы мен бағытын анықтау.

2.3 Еркін денеге қиылыспайтын күштер әсер еткенде екі өлшемді құрылым үшін күштік сызбаны сызу.

2.4 Қиылыспайтын күштер жүйесі үшін тепе-теңдік шартын орнату.

2.5 Сыртқы тіреу реакциялары мен белгісіз күштерді табу үшін тепе-теңдік шартын қолдану.


Модуль 3. Ішкі күштер немесе реакциялар
Оқудың нәтижесі:

Қарапайым құрылымдарда осьтік жүктеме, ауытқулар мен ығысулар тудыратын ішкі жүктемені анықтау.


Модуль тапсырмалары:

3.1 Еркін дененің бөліктері үшін екі өлшемдік құрылымдағы күштік сызбаны салу.

3.2 Құрылымның кез келген нүктесіндегі ішкі жүктеме мен моменттерді анықтау үшін тепе-теңдік шартын қолдан.
Модуль 4. Кернеу және деформация
Оқудың нәтижесі:

Тіреу бөліктерінде кездесетін кернеудің түрлерін анықтап, есептеу.


Модуль тапсырмалары:

4.1 Кернеуді анықтау.

4.2 Жарушы және нормал кернеулерді анықтау.

4.3 Деформацияны анықтау.

4.4 Салыстырмалы және ығысу деформацияларын анықтау.

4.5 Ось бойымен әсерден пайда болатын нормал кернеуді есептеу.

4.6 Жарушы әсерлердің әрекетінен пайда болатын жарушы кернеуді есептеу.

4.7 Ось бойымен әсерден пайда болатын деформацияны есептеу.


Модуль 5. Материалдардың механикалық қасиеттері
Оқудың нәтижесі:

Созылу диаграммасын қолдана отырып, материалдың механикалық қасиеттерін анықтау: беріктікті, морттықты, серпінділік пен пластикалықты.


Модуль тапсырмалары:

5.1 Материалдардың беріктігі мен морттығын, пластикалық деформациясы мен серпінділігін анықтау.

5.2 Деформацияның кернеуге тәуелділігінің механикалық қисығынан шектік кері әсер шамасын анықтау.

5.3 Деформацияның кернеуге тәуелділігінің механикалық қисығынан серпінділік облысын табу.

5.4 Серпінділік модулін анықтау.

5.5 Деформацияның кернеуге тәуелділігінің механикалық қисығынан серпінділік модулін анықтау.

5.6 Деформацияның кернеуге тәуелділігінің механикалық қисығынан мортт және пластикалық материалдардың айырмашылықтарын көрсету.

5.7 Шартты аққыштықтың шегін анықтау үшін қалдық деформация әдісін түсіндіру.

5.8 Шартты аққыштықтың шегін анықтау үшін қалдық деформация әдісін қолдану.

5.9 Мұнай өндіру өндірісінде қолданылатын болаттың маркаларын анықтау.


Модуль 6. Ось бойымен әсер арқасындағы деформация
Оқудың нәтижесі:

Ось бойымен әсер арқасында ұзындықтың өзгеруін (деформациясын) есептеу.


Модуль тапсырмалары:

6.1 Ось бойымен әсер арқасында ұзындықтың өзгеруін есептейтін формуланы қорытып шығару.

6.2 Бір типті ось бойымен әсер арқасында ұзындықтың өзгеруін есептеу.

6.3 Әр түрлі материалдар және стандартты емес көлденең қималардың ауданы үшін ұзындықтың өзгеруін есептеу.

6.4 Вертикал элементтердің салмағының әсерінен болатын ұзындықтың өзгерулерін есептеу.
Модуль 7. Берiктiк коэффициентi
Оқудың нәтижесі:

Беріктік коэффициентін материалдық беріктігін есептеу үшін қолдану.


Модуль тапсырмалары:

7.1 Өзінің конструкциясы бойынша беріктік коэффициентіне әсер ететін факторларды атау.

7.2 Беріктік және аққыштық шеттерінде материалдың беріктік коэффициентін есептеу.

7.3 Берілген беріктік коэффициенті мен берілген кері күш шамасында мүмкін болатын кернеуді есептеу.

7.4 Берілген беріктік коэффициентіне жету үшін конструкцияның қажетті өлшемдерді есептеу.

7.5 Беріктік коэффициентін қанағаттандыратын шектік мүмкін болатын жүктемені есептеу.


Модуль 8. Аудандардың айырмашылық ерекшелiктері
Оқудың нәтижесі:

Тіреу элементтерінің көлденен қималарының аудандарының айырмашылық ерекшелiктерін анықтау.


Модуль тапсырмалары:

8.1 Ауырлық центрі мен центроидты анықтау.

8.2 Моменттік аудан тәсілімен центроидтың орналасуын анықтау.

8.3 Инерция моментін анықтау.

8.4 Центроидттар осі маңындағы инерция моментін есептеу.

8.5 Параллель осьтер жайлы теореманы қолданып, центроидтық емес осьтер маңындағы инерция моментін анықтау.

8.6 Полярлық инерция моменттерін анықтау.
Модуль 9. Иілдіруші кернеу
Оқудың нәтижесі:

Иілдіруші кернеудің әсерінен пайда болатын иілген дененің қимасындағы кернеуді есептеу.


Модуль тапсырмалары:

9.1 Иілуге қатысқан дененің көлденең қимасында нейтрал осьті анықтау және орналастыру.

9.2 Иілуге қатысқан дененің көлденең қимасындағы кернеу бейнесін салу.

9.3 Иілуге қатысқан дененің созылу немесе кез келген нүктедегі сығылу кернеуін есептеу.

9.4 Иілу әсерінен пайда болатын созылу кернеуі немесе сығылу кернеуі әсерінен болатын максимал нормал кернеудің орынын анықтап, есептеу.
Модуль 10. Бұралу әсерінен пайда болатын кернеу немесе бұралу жүктемесі
Оқудың нәтижесі:

Көлденен қимасы дөңгелек болып келетін іші қуыс қатты денелердегі бұралу әсерінен пайда болатын кернеуді есептеу және бұралу әсерінен пайда болатын жүктемелердің шарттарын анықтау.


Модуль тапсырмалары:

10.1 Бұраушы моментті анықтау.

10.2 Бұралу немесе бұрау кезіндегі деформация әсерінен пайда болатын кернеудің таралуын қысқаша баяндау.

10.3 Бұралу немесе бұрау кезіндегі көлденең қимасы дөңгелек болатын элементтегі жарылу кернеуін есептеу.

10.4 Бұрылу бұрышын анықтау.

10.5 Серпінділік немесе қатаңдылық модулін анықтау.

10.6 Бұралу немесе бұрау кезіндегі көлденең қимасы дөңгелек болатын элементтегі бұрылу бұрышын анықтау.
Модуль 11. Күрделі жүктеу және кернеу
Оқудың нәтижесі:

Экстремалдық температура мен циклдік жүктеудің тіреу элементтеріне әсерін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

11.1 Элементтердегі кернеу мәніне үйлескен жүктемелердің қалай әсер ететінін түсіндіру.


12 Модуль. Циклдік жүктеулер мен температураның әсері
Оқудың нәтижесі:

Экстремалдық температура мен циклдік жүктеудің тіреу элементтеріне әсерін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

12.1 Экстремалдық температураның болаттың қасиеттеріне әсерін сипаттау.

12.2 Жеткiлiксiз шыдамдылық мәселесін тудыратын конструкцияның қажуы мен жүктемелер шартын сипаттау.

12.3 Қажу әсерінен істен шығу механизмін сипаттау.

12.4 Қажуды тудыратын жүктеме жағдайындағы кернеудің таңбасын өзгертудің әсерін сипаттау.

12.5 Циклдік жүктеуге ұшырайтын элементтерде қажуды тудыратын жүктемені қарастыруды түсіндіру.


Модуль 13. Кері итеруші күш
Оқудың нәтижесі:

Кері итеруші күш ұғымын қолданып, есептер шығару.


Модуль тапсырмалары:

13.1 Толық немесе жартылай қалқитын нысандар үшін кері итеруші күшті есептеу.

13.2 Кері итеруші күштерге берілген есептерде статикалық тепе-теңдік принципін қолданып, белгісіз вертикаль күшті табу.
Модуль 14. Зертханалық жұмыстар
Оқудың нәтижесі:

Зертханалық жұмыстарды орындау.


Модуль тапсырмалары:

14.1 Оқытудың мақсатына сай міндеттерді шешуге арналған сабақтар түрі.

14.2 Зертханадағы жұмыс: созу жүктемесі кезінде беріктік жіне аққыштық шектерінде деформацияға қарсы кернеуді өлшеуді протоколдау (хаттамалау) тәжірибелері.

14.3 Зертханадағы жұмыс: болатты бұраудағы күйреуге әкелетін тәжірибелер.




  1. Оқыту әдістері:

  • Сыныпта талқылау

  • Басқару нұсқау

  • Тәуелсіз оқытуы

  • Лекция

  • Зертханалық жұмыстар




  1. Оқыту ресурстары:

- Материалдардың зартханалық сынаулар В138


  1. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1. Сұйықтар мен газдардың қолданбалы механикасы, 6-і басылым, Роберт Мотт.


  1. Курстың бағалау жүйесі

Тесттер 30%

Аралық емтихан 30%

Қорытынды емтихан 30%

Зертханалық жұмыстар 5%

Үй тапсырмалары 5%

Барлығы 100%


Бағалау шкаласы


Пайыздық баға

Әріптік баға

Балдық баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0 Ең төменгі өту балы

0-49

F

0.0



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА

Кен орнын өңдеу технологияларының негіздері
Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы
Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог

Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог

Астана 2012

Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.
№____хаттама 2012 ж. «___» _____
ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков
Мазмұны

бет











1.

Түсіндірме жазба

302

2.

Курстың мазмұны

303

3.

Оқыту әдістері

307

4.

Оқыту ресурстары

307

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

308

6.

Курсты бағалау жүйесі

308



  1. Түсіндірме жазба

Оқытудың эксперименталдық бағдарламасы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған. (ҚР Үкіметінің 2012ж 23 тамыздағы № 1080 қаулысы)

«Кен орынын өңдеу технологияларының негіздері» пәні мазмұнында жыныстар мен флюидтердің қасиеттерін, фазалық күйлерін, көлемдерді өлшеуді, материалдық балансты, өндіру тәсілдерін, флюидтер динамикасын және тасбағандық сараптаманы қамтиды.

Модульдердің жалпы саны: 10.

Сағат саны: 75.

Кредиттер саны: 3.0

«Кен орынын өңдеу технологияларының негіздері» эксперименталдi бiлiм беретiн пәннiң бағдарламасы кәсіптік білім беру бағдарламасының негізін құрайды.

Кәсіптік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымы бағдарламаға жергілікті жағдайды, аумақтық компонентті ескере отырып, орындалу кезегіне негізделген өзгертулерді енгізе алады.

Жұмыстық бағдарламаны орындау кезінде сыныпта талқылауын, бағалауын, лекциясын, демонстрациясын, компьютердегі презентациясын, тәуелсіз оқытуын, басқару нұсқауын тиімді пайдаланып, оқу үрдісін ұйымдастыруда және бақылауда әр түрлі әдістерді қолдану ұсынылады.

Бағдарламаны дұрыс меңгерілуі үшін теориялық (лекциялар) сабақтар мен зертханалық- практикалық сабақтар, семинарлар кезектестірілуі керек.

«Техникалық математика І» пәнімен пәнаралық байланыс студенттердің әр түрлі пәндер бойынша бағдарламалардың өзара байланысын түсіну болашақ мамандықтарына қажетті білім мен біліктілікті меңгеруге көмектеседі.
2. Курстың мазмұны
Модуль 1. Кен орынын өңдеу технологиясы
Оқудың нәтижесі:

Технологтың кен орнын өңдеуде атқаратын жұмысы.


Модуль тапсырмалары:

1.1 Мұнай өндіру өнеркәсібінің кен орнын өңдеуде технологтың лауазымдық міндеттерін түсіндіру.

1.2 Кен орнын өңдеуде технологтың қызметі мен міндеттерін түсіндіру.
Модуль 2. Өлшеу жүйелері және конвертация
Оқудың нәтижесі:

Деректерді метрлік бірліктер жүйесінде, Британдық жүйеде және аралас өлшеу жүйелерінде сараптау және есептеу.


Модуль тапсырмалары:

2.1 Кен орынын өңдеуде шығарылатын есептерде деректерді метрлік бірліктер жүйесінде, Британдық жүйеде және аралас өлшеу жүйелерінде есептеу.

2.2 Ауданды метрлік бірліктер жүйесінде, Британдық жүйеде және аралас өлшеу жүйелерінде қолдану және конвертациялау.

2.3 Көлемді метрлік бірліктер жүйесінде, Британдық жүйеде және аралас өлшеу жүйелерінде қолдану және конвертациялау.

2.4 Қысымды метрлік бірліктер жүйесінде, Британдық жүйеде және аралас өлшеу жүйелерінде қолдану және конвертациялау.

2.5 Ұңғыманың дебитін метрлік бірліктер жүйесінде, Британдық жүйеде және аралас өлшеу жүйелерінде қолдану және конвертациялау.


Модуль 3. Кен орындары
Оқудың нәтижесі:

Коллектордың кеуектік кеңістігіндегі мұнайдың шоғырланған жерлерін табу және мұнай көздерін сипаттау.


Модуль тапсырмалары:

3.1 Мұнай көздерінің шоғарланған жерлерін табу.

3.2 Мұнайдың жинақталуына қажетті алғышарттарды табу.

3.3 Мұнайды табудың негізгі механизмдерін түсіндіру.

3.4 Әр түрлі зертханалық тәсілдермен тасбағандық үлгінің кеуектілігін анықтау.

3.5 Сұрыптау мен герметикалаудың кеуектілікке әсерін түсіндіру.

3.6 Тасбағандық үлгідегі көмірсутек көлемі мен кеуек кеңістіктің көлемінің қосындысын есептеу.
Модуль 4. Жер қойнауындағы мұнай мен газдың қоры
Оқудың нәтижесі:

Планиметрлік және волюметрлік (көлемдік) әдістермен мұнай мен газдың жер асты қорын анықтау.


Модуль тапсырмалары:

4.1 Картадағы кен орнындағы ұңғымадағы бастапқы сутегінің көлемін, кеуектілікті және көлемді есептеу.

4.2 Ұңғымадағы: жалпы қалыңдық, ең аз қалыңдық, эффективті қалыңдық, кеуектілік- қалындық және концентрация, концентрация және кеуектілік – қалындық сияқты сипаттамаларды есептеу.

4.3 Планиметрді картаның жабық бөліктерінің ауданын өлшеу үшін қолдану.

4.4 Планиметрлік әдіспен – аудандар мен қисықтардан жасалған көлемдер – мұнай мен газдың бастапқы көлемін, массасын және кеуектілікті анықтау.

4.5 Кәсiпорындар мен біріккен серіктестіктердің мұнайы бар телімдерді жалдау жайлы келiсiмшарттың тікелей үлестiк қатысуын есептеу үшін жалдауды қолдану.


Модуль 5. Идеал газ күйінің теңдеуі
Оқудың нәтижесі:

Идеал мұнай-газ қоспасының қысымын, көлемін және температурасын есептеу үшін газдың негізгі теңдеуін қолдану.


Модуль тапсырмалары:

5.1 Біркомпонентті газ-сұйықтық фаза үшін жасалған диаграмманы берілген темперетура мен қысымдағы фазаны анықтау үшін қолдану.

5.2 Көлем, қысым және температураны қарапайым есептерде анықтау үшін Бойль, Чарльз заңдарын және идеал газ күйінің теңдеуін қолдану.

5.3 Газдың сығылу коэффициентін есептеу үшін идеал газ күйінің теңдеуін қолдану.

5.4 Идеал газдар қоспасының қасиеттерін (молярлық массасын, кризистік температура мен қысымды, газдың сығылу коэффициентін, жоғарғы жылу жасау) есептеу.
Модуль 6. Табиғи газдың қысымы, көлемі, температурасы
Оқудың нәтижесі:

Табиғи күкірттен тазартылған газ және құрамында күкірті өте көп газдан тұратын қоспаның негізгі параметрлерін қысым-көлем-температураны анықтау және бір фазалық газоконденсаттық қордың таусылуын фазалық сипаттама мен құрам тұрғысынан баяндау.


Модуль тапсырмалары:

6.1 Стандартты карталарды және псевдокризистік шамаларды, көпкомпонентті газ тәріздес қоспа үшін берілген қысым мен температурадағы Z факторды сәйкес күй заңдарын қолдана отырып есептеу.

6.2 Газ қоспаларының қысымы мен орнаған псевдокризистік температурасын (графиктік және салыстырмалы түрде) анықтау үшін кәдімгі жоғары күкіртті газдың реттеу әдісін қолдану.

6.3 Газ қоспаларының қысымы мен орнаған псевдокризистік температурасын анықтау үшін кәдімгі жоғары күкіртті газдың Z факторын қолдану.

6.4 Жоғары күкіртті және төмен күкіртті газдардың қоспасының молярлық массасын, тығыздығын, псевдокризистік температурасын, қабатты газдың көлем коэффициентін, газдың ұлғаю коэффициентін және түтқырлығығн анықтау.
Модуль 7. Газдың материалдық балансы және алынатын газ
Оқудың нәтижесі:

Жер астынан алынатын газды, жер астындағы газ қорын есептеу және материалдық баланстың негізгі принциптері.


Модуль тапсырмалары:

7.1 Материалдық баланс ұғымынан P/Z сараптаманы (газ қысымының Z факторға қатынасы) бөлу.

7.2 Графиктік және есептік түрде P/Z сараптаманы барлық газ өндіру сараптамасына тәуелді табу.

7.3 Барлық газ өндіру сараптамасына тәуелді P/Z сараптамасын қолданып, жер астындағы бастапқы газ бен бастапқы қысымды анықтау.

7.4 Бастапқы газдың резервтерi, қалдық қорлар және ұңғымақтың жою/жабу кезінде алынатын газ шамасын анықтау үшін барлық газ өндіру сараптамасына тәуелді P/Z сараптамасын қолдану және оның қарапайым экономикалық моделін жасау.

7.5 Қарапайым экономикалық моделдегі өзгерістерді ескеріп, резервтегі өзгерістерді есептеу.

7.6 Материалдық баланс сараптамасының нәтижелерін планиметрика және волюметрика әдістерімен салыстыру.

7.7 Барлық газ өндіру негізінде ағымдағы қабаттық қысымды анықтау.

7.8 Барлық газ өндіруге P/Z сараптамасын жүргізіп, нәтижесі бойынша қордың азаюының ерекше түрлерін анықтау ( қысымның төмендеуі, агрессивті кебу, судың басуы).
Модуль 8. Мұнайдың қысымы – көлемі – температурасы мұнайдың қасиеттерін

Оқудың нәтижесі:

Мұнайдың қасиеттерін диаграммалар (p,V,T) көмегімен және қысым – көлем – температура есептеулері бойынша түсіндіру.


Модуль тапсырмалары:

8.1 Бірінші көпіршіктің пайда болу температурасын, шық нүктесіне сай температураны, крикодентерманы ескере отырып,көмірсутек қоспасының (мұнай, газ) кез келген температура мен қысымдағы қасиеттері мен фазасын түсіндіру үшін (p,V,T) диаграммаларын қолдану.

8.2 Мұнайдың а) (өлі және тірі) тұтқырлығын; ә) мұнайдың құрамындағы газ шамасын; б) мұнайдың шөгу коэффициентін; в) тірі мұнайдың қабаттық көлемінің коэффициентін; г) газдалмаған (өлі) мұнайдың тығыздығын анықтау үшін негізгі теңдеулерді қолдану.

8.3 Тірі мұнайдың қабаттық көлемінің коэффициентінің, мұнайдың құрамындағы газ шамасының , тірі мұнайдың тұтқырлығының қысымға және бірінші көпіршіктің пайда болу температурасынан төмен және жоғары температураларға.


Модуль 9. Идеал қазбадағы флюидтарман танысу
Оқудың нәтижесі:

Флюидтар ағынының негізгі принциптерін ұңғыма дебитін, қысымдардың өзгерулерін, қарапайым « идеал» шоғырлардың өтімділігін есептеуде қолдану.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет