Білім беру бағдарламасы мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы



бет6/28
Дата29.03.2017
өлшемі5,72 Mb.
#12735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Модуль 13. Нәтижелі аудирлеу
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Өзінің аудирлеу дағдыларын бейімдеу, ұғып-түсіну үшін зер салып тыңдау, ынтығып және қысылмай жауап беру.


Модуль тапсырмалары:

13.1. Мектепте немесе жұмыста аудирлеу дағдыларының нәтижелілігін шектеген факторларды анықтау

13.2. Өзгертіп айту арқылы түсінуді нығайту

13.3. Нақты түсіну үшін сауалнама тәсілдерін қолдану

13.3. Аудирлеудің белсенді дағдыларын көрсету

13.4. Нәтижелі аудирлеудің үш негізгі қағидаттарының көмегімен жұмыс орнында мәселені талдау


Модуль 14. Эмоцияларды бақылау

Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Өзінің көзқарасын білдіру алдында басқалардың эмоцияларын бақылау.


Модуль тапсырмалары:

    1. Қабылдауды жете түсінудің ағымдағы деңгейін талдау

    2. Қабылдаудың жеткіліксіз нақтылығының және үлгілерінің салдарын талқылау

    3. Сіздің жұмыс байланыстарыңызды қабылдауды тексеру процесін енгізу үшін стратегияны әзірлеу

    4. Басқаларды алдын ала бағалауға қатысты бағалау жүйесін қарастыру

    5. Мүмкіндік және ықтималдық туралы хабарлау немесе мәлімдеу бойынша әдістерді әзірлеу


Модуль 15. Қайтарылатын жауап реакциясы
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Оң немесе теріс пікірді талап ететін кәсіби реакцияны айтып білдіру.


Модуль тапсырмалары:

15.1. Жұмыс кезіндегі пікірлердің рөлін сипаттау

15.2. Сіз туралы оң немесе теріс пікірлерді талдау

15.3. Сіз пайдаланған қорғау реакциясын анықтау

15.4. Қорғамайтын реакцияларды әзірлеу

15.5. Қорғамайтын реакцияларды жеделдететін мінез-құлық түрлерін әзірлеу

15.6. Нәтижелі пікір айту үшін шаралар қолдану

15.7. Көлемді теріс пікірдегі кейбір мағыналарды анықтау


Модуль 16. Сіздің Жолдау хатыңызды Дайындау және Құрылымдау
Оқудың нәтижесі:

Көзбе-көз жұмыс кездесуі үшін идеялар әзірлеу


Модуль тапсырмалары:

    1. Көзбе-көз жұмыс кездесуі үшін байланыстың тактикалық тәсілдерін қолдану

    2. Жұмыс кездесуін көзбе-көз өткізу

    3. Көзбе-көз жұмыс кездесуін бағалау


Модуль 17. Кездесу тактикасы
Оқудың нәтижесі:

Шағын топтық пікіріталастардағы/кездесулердегі стратегияны тұжырымдау.


Модуль тапсырмалары:

    1. Егжей-тегжейлі ақпаратты баяндау

    2. Аталған пікір бойынша қосымша дәлелдер дайындау

    3. Қоғамдағы сөз сөйлеулер үшін стратегияны әзірлеу

    4. Әңгімелесу үшін стратегияны әзірлеу

    5. Аталған мәселенің өзара нәтижесі бойынша келісімге келу

    6. Топтық пікірталастардың функционалдық тілін жетілдіру

    7. Топтық пікірталастарда пікір білдіру үшін функционалдық тілді қолдану

    8. Басқалардың пікірлерінде орынды реакцияны көрсету


Модуль 18. Презентациялар
Оқудың нәтижесі:

Презентацияларды жасау және ұсыну үшін байланыс қағидаттарын біріктіру.


Модуль тапсырмалары:

    1. Презентацияны MicrosoftPowerPoint-те жасау

    2. Сурып салынған және дайын презентацияны ұсыну

    3. Үлкен топтың формальдік алғысөзін шақырылған шешеннің формальдік алғысөзімен нысаналау

    4. Орташа қиын техникалық тапсырмаларға және техникалық емес тапсырмаларға қатысты нұсқаулықтарды айқындау

    5. Мәселені тікелей шешудің көлемді ұсыныстарын айқындау

    6. Тиісті көру байланысын, вербалдық емес байланысты, дауыс екпінін және киім стилін көрсету

    7. Студенттердің тиісті киіну маңыздылығын түсіндіру

    8. Презентацияның өтетін орнын, ұсыну әдістерін және мазмұнын нысаналау


Модуль 19. Аудирлеу және тез жазу
Оқудың нәтижесі:

Ерекше деректі детальдарды аудио және видео презентациялардан ажырату.


Модуль тапсырмалары:

    1. Тақырып бойынша негізделген баяндалу затын сипаттау

    2. Жалпы/негізгі идеяны анықтау

    3. Қосымша идеяларды анықтау

    4. Ерекше детальдарды белгілеу

    5. Қарапайым техникалық және техникалық емес нұсқаулықтарды ұғып-түсіну

    6. Сұрақтарға жауап беру

    7. Жазбалар жасау

    8. Негізгі сәттерді біріктіру


Модуль 20. Жүйелілік

Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Оқиғалардың жүйелілігін жазу.


Модуль тапсырмалары:

    1. Аса танымал оқиғалардың логикалық жүйелілігін құру

    2. Сөйлем құрамының деңгейінде оқиғаларды біріктіру

    3. Әртүрлі өтпелі сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдерді біріктіру

    4. Ұқсас идеяларды дәрежелері бойынша тиісті тармақтарға үлестіру

    5. Жүйелілік бойынша әрбір тармақтағы сөйлемдердің тақырыптарын анықтау


Модуль 21. Орналасқан жерді сипаттау
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Осы орналасқан жерді объективтік және субъективтік тұрғыдан талдау.


Модуль тапсырмалары:

    1. Орналасқан жерді жалпылай сипаттау

    2. Орналасқан жерді үлкен өңірге қатысты сипаттау

    3. Оналасу жері шеңберінде арнайы пунктердің орналасуын сипаттау

    4. Орналасу жері шеңберіндегі арнайы пунктерді бір-біріне қатысты сипаттау

    5. Орналасу жеріндегі пунктердің өлшеміне, пішініне, салмағына, көлеміне, қарқыныа және тығыздығына қатысты деректі нақтылықты баяндау

    6. Бір аймақтың орналасқан жерін басқасына қатысты салыстыру және салғастыру

    7. Орналасқан жер туралы жеке пікірді тиянақты тұжырымдау


Модуль 22. Процестер
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Үлкен естелік түрінде процесс жайлы жазу.


Модуль тапсырмалары:

    1. Бүкіл процесті көрсетіп, суреттері бар әңгіме ретінде жазбалар жасау

    2. Бүкіл процесті көрсете отырып, видео жасау

    3. Хронологиялық түрде процесс бойынша жазбалар ұйымдастыру

    4. Логикалық түрде процесс бойынша жазбалар ұйымдастыру

    5. MicrosoftWord-та бағаналарды, қалың белгілерді, сандық көрсетулерді және көпдеңгейлі тізімдерді пайдалану

    6. Бүкіл процесті көрсете отырып, видеоға жазу


Модуль 23. Электрондық пошта арқылы хабарламалар
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Формальді электрондық хабарламалар жазу.


Модуль тапсырмалары:

    1. Амандасу мен е-mail жазуды бастай білу

    2. Іскерлік/оқу қағидаттарына сәйкес e-mail жасау

    3. Е-mail-дің мазмұнына қатысты алғашқы ақпарат ұсынуды қамтамасыз ету

    4. Е-mail-дің мақсаттарын ресімдеу

    5. Е-mail жазуды аяқтай білу

    6. Е-mail қолтаңбаларын жасау


Модуль 24. Формалар
Оқудың нәтижесі:

Жұмысқа қабылдау өтінішінің біршама күрделі формасын жасау.



Модуль тапсырмалары:

    1. Компанияның жұмысқа қабылдау өтінішінің формасын интернеттен іздеу

    2. Өтініш формасында әдетте пайдаланылатын лексиканы түсіндіру

    3. Өтініш формасын толтыру

    4. Мемлекеттердегі жұмысқа қабылдау өтініштерінің ақпаратын бір-бірімен салыстыру

    5. Е-mail арқылы толтырылған форманы жіберу


Модуль 25. Тез жазу
Оқудың нәтижесі:

Ауызша хабарлама жіберу кезінде түзетілген қысқаша мазмұнды жасау


Модуль тапсырмалары:

    1. Қалалық коммуналдық кәсіпорындармен әдетте сұралатын сұрақтарды жазу

    2. Растау және түсіну үшін келесі сұрақтарды жазу

    3. Қалалық коммуналдық кәсіпорындармен ұсынылатын қызметтер бойынша ақпаратты жинау

    4. Естеліктерді тарифтерді, ұсынылатын қызметтер мен шарттарды қамтитын қызметтердің қысқаша мазмұнына түрлендіру

Модуль 26. Ақпаратты шығарып алу
Оқудың нәтижесі:

Компанияның бағдарламалық құжаттарынан деректі ақпаратты шығарып алу.


Модуль тапсырмалары:

    1. Жұмыс орнының сценарийін қысқаша тұжырымдау

    2. Жұмыс орнының сценариіндегі мүмкін болатын бағдарламалық күрделі орындарын анықтау

    3. Берілген іс бойынша компанияның саясатын анықтау

    4. Компанияның саясатымен қатар мүмкін болатын бағдарламалық күрделі мәселелерді нысаналау

    5. Саясат іс-әрекетінің қабілеттілігі немесе әрекет етуін жалғастыруы туралы жазбаша түрде шарт жасау


Модуль 27.Редакциялау бойынша жұмыс
Оқудың нәтижесі:

Біршама күрделі оқылатын үзінділердегі ақпараттың іріктелген материалдарынан редакцияланған тізімдер жасау.


Модуль тапсырмалары:

    1. Оқылатын үзіндіден негізгі идеяны шығарып алу

    2. Оқылатын үзіндіден қосымша нақтылықтарды шығарып алу

    3. Редакция формасында негізгі және қосымша идеяны жасау

    4. Жазбаларды жасау үшін MicrosoftWord параграфтарының функцияларын пайдалану


Модуль 28. Ақпаратты орналастыру

Оқудың нәтижесі:

Диаграммалардағы, графиктердегі немесе график қисықтарындағы деректерді бағалау.


Модуль тапсырмалары:

    1. Оnline режимінде диаграммаларды, графиктерді және қисықтарды табу үшін негізгі сөздерді анықтау

    2. Берілген тақырып бойынша іздеулерді тарылту үшін интернетте іздеу техникасын қолдану

    3. Берілген диаграммалардан, графиктерден және қисықтардан деректерді шығарып алу

    4. Диаграммалардағы, графиктердегі және қисықтардағы тиісті және тиісті емес мәліметтер базасын талқылау

    5. Дәлелді бекіту мақсатымен, диаграммаларда, графиктерде және қисықтарда ашық деректерді пайдалану

    6. Диаграммалардан, графиктерден және қисықтардан мағыналар шығару

    7. Топтағы әріптестермен табылған затпен бөлісу үшін e-mail-ді пайдалану


Модуль 29.Функционалдық тіл
Оқудың нәтижесі:

Барлық жазбаша тапсырмаларда тіл ережелерін қолдану.


Модуль тапсырмалары:

    1. Өтпелі сөздер мен сөз тіркестерін біріктіру

    2. Грамматикалық құрылымдар мен шақтардың әралуандығын пайдалану

    3. Параллельдік құрылымдар жасау

    4. Сөйлемдердің құрылымдары мен грамматикасын түзету үшін дағдыларды өңдеуді және редакциялауды көрнекті түрде көрсету


3. Оқыту әдістері:

  • Сыныптағы белсенді қызмет

  • Сыныптағы пікірталас

  • Біріккен топтық жұмыстар

  • Талдау

  • Топтық пікірталастар

  • Оқу бойынша нұсқаулық

  • Дәріс/пікірталас

  • Дәріс/зертханалық жұмыс

  • Оқу бойынша тапсырмалар


4. Оқыту ресурстары:

  • Электрондық оқулықтар

  • Үлестірме материалдар

  • Құлаққап

  • USB флеш-жинақтаушы




  1. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

5.1. Анық сөз сөйлеу.Компакт-дискісі бар студенттік кітап. J.Gilbert, Нью-Йорк, Кэмбридж. 2008.

5.2. P.Sarosy и K.Sherak . Дайын кітап – аудирлеу, тез жазу және пікірталас бойынша стратегия. Нью-Йорк, Оксфорд. 2006

5.3. Troyka, LynnQ. иD. Hesse. Тез ұлықсат: Жазушыларға арналған анықтамалық. Pearson Education Канада. 2011.


  1. Курсты бағалау жүйесі

Дәрісханалық тапсырмалар

25 %

Сыныптан тыс тапсырмалар

30 %

Тесттер

35 %

Кәсіпқойлылық

10 %

Барлығы

100 %


Бағалар шкаласы


Пайыздық баға

Әріптік баға

Балдық баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0

Ең төмен өту балы



0-49

F

0.0



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА

Математика
Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы
Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог

Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог

Астана 2012ж.

Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.

№____хаттама2012ж. «___» _____


ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков

Мазмұны











1.

Түсіндірме жазба

74

2.

Курстың мазмұны

75

3.

Оқыту әдістері

79

4.

Оқыту ресурстары

79

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

79

6.

Курсты бағалау жүйесі

79




  1. Түсіндірме жазба

Осы эксперименттік білім беру бағдарламасы техникалық және кәсіби білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы) сәйкес әзірленді.

«Математика» пәні алгебраның, сандық жүйелердің, өлшемдердің, тригонометрияның, қатынастар мен функциялардың, логарифмдердің негізгі ұғымдарынан тұрады.

Модульдердің жалпы саны: 11

Сағаттар саны: 240

Кредиттер саны: 6.0

«Математика» пәнінің бағдарламасы білім ұйымының жұмыс бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Жұмыс білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде білім ұйымы, жұмыс берушілердің және жергілікті жағдайлардың талаптарын ескеретін, аймақтық компонентті жүргізу бөліміндегі бағдарламалық материалды оқу жүйелігіне негізделген өзгерістерді енгізуге құқығы бар.

Жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру кезінде оқытудың жаңа технологияларын, электрондық оқу құралдарын, аудио және видео материалдарды, әдістемелік көрнекті құралдарды қолдану, сондай-ақ әртүрлі формаларды, оқу процесінің ұйымдастыру және бақылау әдістерін таңдау ұсынылады.

Арнайы пәндермен пәнаралық бірлесу студенттердің оқып үйренетін пәнін мамандық, келешек еңбек қызметі масштабтарында толық қабылдауын қалыптастырады, әртүрлі оқу бағдарламаларының өзара байланыстарын түсінуге көмектеседі.



  1. Курстың мазмұны


Модуль 1. Цифрлармен жұмыс істеу дағдылары
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Негізгі математикалық операцияларды және олардың дұрыс ретін түсініп көрсету.


Модуль тапсырмалары:

    1. Нақты, графикалық және символикалық тұрғыдағы, ұқсас және әртүрлі бөлімдермен бірге бөлшектердің және аралас сандардың қосылуы мен алынуын түсініп көрсету

    2. Нақты, графикалық және символикалық тұрғыдағы бөлшектердің және аралас сандардың көбейтілуін және азайтылуын түсініп көрсету

    3. Әдістемені қолданып және қолданбай, дәрежелермен жұмысты қосып, операциялардың тәртібін түсіндіру және қолдану

    4. Әріптік айнымалылармен бірге теңдеулерді қолданып, сандық қатынастарда пайда болатын жинақтауды ұсыну

    5. Берілген мәселені әріптік айнымалы белгісіз теңдеуі арқылы көрсету

    6. Ғылыми сипаттауды қолданып, негізгі математикалық операцияларды есептеу


Модуль 2. Алгебра және сандар
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Жай бөлгішті, ең көп ортақ бөлгішті, ең аз ортақ бөлгішті, ең аз ортақ көбейткішті, шаршы түбірді және текше түбірді анықтау жолдары арқылы, бүтін сандар үшін бөлгіштерді түсініп көрсету.


Модуль тапсырмалары:

    1. Бүтін санның жай бөлгішін анықтау

    2. 0 және 1 цифрларының жай көбейткіштерінің жоқтығын түсіндіру

    3. Бірнеше стратегияларды пайдаланып, жай сандар қатары үшін ең көп ортақ бөлгішті немесе ең аз ортақ көбейткішті анықтау және осы процесті түсіндіру

    4. Берілген санның толық шаршы, толық текше екендігін немесе толық шаршы да емес, толық текше де емес екендігін нақты анықтау

    5. Бірнеше стратегияларды пайдаланып, толық шаршының шаршы түбірін анықтау және осы процесті түсіндіру

    6. Бірнеше стратегияларды пайдаланып, толық текшенің текше түбірін анықтау және осы процесті түсіндіру

    7. Жай бөлгіш, ең көп ортақ бөлгіш, ең аз ортақ көбейткіш, шаршы түбір немесе текше түбір қажетті есептерді шешу


Модуль 3. Өлшемдер

Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Бірліктерді бағалау стратегияларын және өлшеу стратегияларын қолданып, сызықты өлшемі бар есептің шешімін табу.


Модуль тапсырмалары:

    1. Миллиметрлерді, сантиметрлерді, метрлерді, километрлерді,

дюймдарды, футтарды, ярдтарды және миляларды ескеріп, өлшеу өлшемдерін таңдау және таңдауды түсіндіру

    1. Өлшемді қолданып, бірлік өлшемдерін салыстыру

    2. Өлшемді қолданып, сыздықты өлшемді бағалау және қолдану процесін

түсіндіру

    1. Есептерді шешу мәнмәтініндегі өлшемді анықтау үшін, қолданылған

бірліктер таңдауын негіздеу

    1. Сызғыш, кронциркуль немесе өлшеуіш сияқты құралдарды пайдаланып сызықты өлшем жүргізілетін есептерді шешу

    2. Сызықты өлшем үшін пайдаланылған жеке стратегияны сипаттау және

түсіндіру, мысалы, бөтелкені құлаштау, қисықтың ұзындығы, симметриялы емес үш өлшемді объект негізінің периметрі
Модуль 4. Қатынастар мен функциялар
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Мәліметтер, графиктер мен жағдайлар арасындағы байланысты түсіндіру және ұғындыру.


Модуль тапсырмалары:

    1. Калькуляторды пайдаланып немесе пайдаланбай мәліметтер жинағын сызу және қолдану саласындағы шектеулерді анықтау

    2. Белгілі жағдайларда мәліметтер нүктелері графикте қашан қосылу керектігін түсіндіру

    3. Берілген графикке мүмкін болатын жағдайларды сипаттау

    4. Берілген жағдайға мүмкін болатын графиктерді сызу

    5. Әртүрлі нұсқалармен график қатарын және қолдану саласын, белгілі жұптардың жинағын және мағыналар кестесін анықтап, айтып білдіру


Модуль 5. Алгебра және сандар
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):

Рационалдық формулалардың баламалы формаларын анықтау (алымдар мен бөлімдерге дейін шектелген бірмүшелер, екімүшелер және үшмүшелер).


Модуль тапсырмалары:

5.1. Рационалдық формулалардың баламалы формаларын жазу стратегияларын рационалдық сандардың баламалы формаларын жазу стратегияларымен салыстыру

5.2. Берілген мағынаның неліктен берілген рационалдық формулаға жарамайтынын түсіндіру

5.3. Берілген рационалдық формулаға жарамайтын мағынаны анықтау

5.4. Бірдей көбейткішке алым мен бөлімді көбейту (шектелген бірмүше немесе көпмүше) арқылы берілген рационалдық формулаға баламалы рационалдық формуланы анықтау және рационалдық формуланың жарамайтын балама мағыналарын белгілеу

5.5. Рационалдық формуланы жеңілдету

5.6. Берілген рационалдық формуланың жарамайтын мағыналары мен оның жеңілдетілген нұсқасы неліктен бірдей екендігін түсіндіру


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет