Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



Pdf көрінісі
бет42/104
Дата28.05.2020
өлшемі1,59 Mb.
#71417
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   104
Критериалды 
бағалау 
оқушылардың  оқу  жетістіктерін  білім  беру  мақсаттары  мен 
мазмұнына  сәйкес,  ұжым  талқысынан  өткен,  оқушыға,  ата-анаға 
және  мұғалімге  түсінікті,  нақты  анықталған  критерийлерге 
негізделген бағалау үдерісі.  
Қалыптастырушы 
бағалау 
мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да 
қатысушыларын  оқуды  жетілдіру  үшін  қажет  ақпаратпен 
қамтамасыз  ететін  оқудың  ағымдағы  бағалануы  (нәтижесі  баға 
ретінде  тіркелмейді).  Қалыптастырушы  бағалау  сыныптағы 
күнделікті  жұмыс  барысында  жүзеге  асырылып,  оқушының 
ағымдағы  оқу  үлгерімінің  көрсеткіші  болып  табылады.  Оқушы 
мен  мұғалім  арасында  кері  байланысты  қамтамасыз  етіп,  оқу 
үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді. 
Құндылықтар 
баянды,  мызғымас  негізгі  ішкі  қағидаттар  мен  стандарттар. 
Түйінді  құндылықтар  өте  тұрақты  болып  келеді,  ал  өзгерсе  өте 
баяу,  әрі  ұзақ  уақыт  бойы  өзгереді.  Түйінді  құндылықтар  біздің 
өмір,  өзіміз  және  бізді  қоршаған  адамдар,  жалпы  адамдардың 
әлеуеті 
және 
қоршаған 
адамдардың 
әлеуеті 
туралы 
көзқарасымыздың  қалыптасуына  негіз  болады.  Сондай-ақ 
құндылықтар  дегеніміз  біздің  сенетін  дүниеміз,  олар  біздің 
қоршаған  ортаға  деген  қарым-қатынасымызды  және  мінез-
құлқымызды анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   104




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет