12
мазмұны бар ақпаратты қабылдау біліктіліктеріне ие болу;
-
зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын
тұрғысынан ойлау қабілетін
қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты
қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
-
күнделікті
өмірде
тіршілік
қауіпсіздігін
қамтамасыз
ету,
заманауи
технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін
жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.
Жалпы орта білім беру деңгейінде 10-11-сыныптарға арналған «Жаратылыстану»
пәнінің мақсаты: әлемдегі жаратылыстану ғылымы бейнесіндегі заманауи білімді және
жаратылыстану ғылымының
танымдық әдістемелерін меңгеру; жаратылыстанудың
жетістіктері мен аса маңызды идеяларымен таныс болу, табиғатқа әсер ететін белгілерді
айқындау, техника және технологиялардың дамуына, экологиялық проблемаларды
шешудегі технологиялардың рөлін бағалау. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін
төмендегі
міндеттерді шешу көзделеді:
-
табиғат туралы білім жүйесін, табиғи және жасанды жүйелерді қалыптастыру;
-
күнделікті адам өміріне қажетті интеллектуалдық және эксперименталдық білік
пен дағдыларды қалыптастыру;
-
оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік жұмыстарының тәжірибелерін
қалыптастыру;
-
сын тұрғысынан ойлау және эмоционалдық құндылық қатынастар негізінде
ғылыми түсініктер жүйесін дамыту;
-
функционалдық сауаттылықты, оқу және практикалық тапсырмаларды шешу
үшін базалық және пәндік біліктілікті қалыптастыру.
«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша
оқу бағдарламалары білім
құндылықтарының және нақты пәнді оқыту нәтижелерінің өзара байланысы мен өзара
шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын іске асыруға
мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларының ерекшелігі ретінде олардың тек пәндік білім мен
білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғанын
атауға болады. Оқу мақсаттарының жүйесі білімді функционалдық және шығармашылық
қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін
қолдану, топпен
және жеке дара жұмыс істей алу, проблемаларды шешу және шешім
қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар
оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейінгіде
жетістігінің кепілі болып табылады.
«География» пәні бойынша оқу мақсаттары негізгі орта білім деңгейінде – алты
бөлімге, ал жалпы орта білім беру деңгейінде жеті бөлімге бөлінеді, ал «Жаратылыстану»
пәні бойынша оқу мақсаттары негізгі орта білім деңгейінде – жеті бөлімге, жалпы орта білім
деңгейінде сегіз бөлімге бөлінеді. Бұл бөлімдер меңгерілетін білік пен дағды, тақырып,
білім мен түсінік деңгейіне қарай бөлімшелерге бөлінеді. Оқу мақсаттары осы бөлімшелер
аясында топтастырылған. Оқу мақсаты әр бөлімшенің аясында оқушылардың қаншалықты
алға ілгерілегенін көрсетеді, бұл мұғалімдерге жұмысын жоспарлап, оқушыларды бағалап
және алдағы уақытта олардың қандай шешім қабылдауы қажеттігін анықтап, оны
оқушыларға жеткізуге негіз болады. Сонымен қатар, осы пәндер бойынша әзірленген оқу
бағдарламаларына негіз болған маңызды қағидат оқу бағдарламасының спиральділік
қағидаты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: