Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет2/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1), 1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
КІРІСПЕ 
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында негізгі орта және 
жалпы орта білім деңгейлерінде «География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша 
педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – 
Бағдарлама) аясында әзірленген «Мұғалімге арналған нұсқаулық» әдістемелік құралы 
(бұдан әрі – Нұсқаулық) мұғалімдер біліктілікті арттыру курсы барысында және одан кейін 
қолданатын негізгі оқу құралдарының бірі болып табылады. 
Нұсқаулықта жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі қырлары туралы мәлімет 
ұсынылып, өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге, пәннің оқулықтары мен оқу-әдістемелік 
кешенін пайдалануға,критериалды бағалау жүйесін қолдануға, жүйелік-әдістемелік 
кешенмен жұмыс істеуге көмектесетін ресурстар қамтылған. 
Бағдарламаның мақсаты:
пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жаңарту және 
критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық 
шеберлігін жетілдіру.
 
 
Бағдарламаның міндеттері: 
1) мұғалімдердің пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын білуін 
қамтамасыз ету; 
2) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу 
материалдарын қолдануды үйрету; 
3) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу 
үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету. 
 
Оқу нәтижелері: 
1) мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мақсаттарын, міндеттерін, 
құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді; 
2) мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық 
тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі; 
3) мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол 
жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі. 
Мұғалімдердің жұмыстарын бағамдау
үшін «География» және «Жаратылыстану» 
пәндерін оқыту үшін талап етілетін белгілі бір дағдылармен байланысты салалар бойынша 
құралған рубрикалар пайдаланылады. Әр сала төрт деңгей бойынша бағамдалады: бастапқы 
деңгей, қалыптасу деңгейі, қалыптасқан деңгей, жетілген деңгей. Дескрипторларға қарап 
мұғалімнің кәсіби дамудың қандай деңгейінде екенін анықтау қиынға түспейді. 
Дескрипторларда мұғалімнің нақты кезеңдегі біліктілік деңгейін сипаттауға арналған толық 
ақпарат ұсынылған және олар мұғалімнің кәсіби дамуының келесі қадамын анықтайды. 
Курс барысында бағамдау қалай жүргізілетіні түсіндіріліп, мұғалімдерге ол аспектілерді 
меңгеруде қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшамсабақ арқылы 
Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, 
рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу 
мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет