Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет9/40
Дата12.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#185118
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

 
2-сурет.
Бағалауға арналған тапсырмаларды анықтау 
Гилберттің үлестіру теориясына сәйкес, бағалауға арналған тапсырма мазмұнын 
әзірлеу талаптарының 
бірінші кезеңі
субъективті көзқарас пен тосын анықтамаларға (жоғары 
талап, орташа талап және төмен талап) негізделеді. Мұғалім бұл деңгейде жұмыс істей 
отырып, өзіне «Әзірленген тапсырманың деңгейі қандай?» деген сұрақ қояды. 
Бағалауға арналған тапсырманың күрделілік деңгейі тапсырманы әзірлеушінің өзіндік 
тәжірибесіне байланысты. Санаттарға жіктеу дәлдігін үлгілік тапсырмаларды пайдалану 
арқылы арттыруға болады. Әрбір деңгейдегі тапсырма үлгісі әзірленген бағалау 
тапсырмасының деңгейін анықтауға негіз болады. 
Екінші кезеңде тапсырманың сипаттамалары анықталады, яғни әзірленген бағалау 
тапсырмаларының компоненттері (мазмұны, кодтау, нұсқау, жауабы пен дистракторлар) мен 
тапсырманың белгіленген деңгейге сәйкестігі талданады. Бұл кезең мақсатты түрде, 
байыппен күш жұмылдыруды талап етеді. 
Санаттарға жіктеу

Сипаттамаларды анықтау 
 
Түзету
 


11 
1-кесте. 
Сипаттамалардың құрылымы 
Талаптар 
Төмен 
Орташа 
Жоғары 
Мазмұны
 
Тақырыпқа, пәнге 
қатысты базалық 
білім
 
Оқу 
бағдарламасының 
мақсат-міндеттеріне 
сәйкес талаптар
 
Жоғары және терең 
зерделеу мен түсіну үшін 
қажет білім 
Кодтау 
Оқу мақсатын 
есепке ала отырып, 
ақпаратты түсіну 
Оқу мақсатына 
сәйкес ақпаратты 
таңдай білу қабілеті
Оқу мақсатына сәйкес 
ақпаратты мұқият 
техникалық талдау, 
ұйымдастыру және өңдеу
Нұсқау
Әрекеттерді 
қадамдап орындау, 
базалық деңгей 
дағдыларын жүзеге 
асыру білігі 
Күтілетін нәтижеге 
қол жеткізуге 
бағытталған қатесіз 
әрекеттерді 
орындау, талдау 
және қолдану білігі 
Сұранысқа байланысты 
әрекет ету, жоғары деңгей 
дағдыларын қолдану 
қабілеті, жинақтау және 
жаңадан жасау
Дұрыс 
жауабы 
мен 
дистракторлар 
Болжалды 
жауаптардың 
әртүрлі үлгілері 
Күтілетін нәтижеге 
сәйкес келетін 
үлгілер 
Сындарлы, берілген 
тапсырманың 
талаптарына сәйкес 
келетін үлгілер 
Үшінші кезең – бағалауға арналған тапсырманың мазмұнына түзету жасап, өзгертулер 
енгізу кезеңі. Бұл кезеңде, қажеттілік болған жағдайда, тапсырманы санатқа жіктеу кезеңінен 
бастап қайта қарауға және қажетті түзетулер енгізуге болады. Тапсырманы әзірлеуші 
әзірленген бағалау тапсырмасының мазмұнын талдап, талаптардың деңгейлерімен (жоғары, 
орташа, төмен) және сипаттамаларымен салыстырады, өзінің әрекетін бағамдап ойланады, 
тапсырмаға енгізілген өзгерістердің нақты дәлелдемесі туралы рефлексия жасайды. 
Осы бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау моделін жалпы білім 
беретін мектеп мұғалімдері бөлім, тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу 
үшін пайдалануы мүмкін.
Әзірленген бағалауға арналған тапсырмалардың сәйкестігі (жарамдылығы) жиынтық 
бағалау өткізген кезде белгілі болады, бұл жағдайда негізі жоқ тапсырмалар мен 
қатал/орынсыз бағалау критерийлері анықталуы мүмкін.
Бағалауға арналған тапсырманың жарамдылығын тест спецификациясының 
талаптарына сәйкестігін тексеру арқылы сарапшы бағамдайды. Ол тапсырмаларды бағамдау 
барысында тапсырмаларды түзетуге қатысты ұсыныстар беруі мүмкін, мысалы: 
-
тапсырмада тым күрделі сұрақтардың кездесуі; 
-
бағалау критерийлеріне сәйкес келмейтін сұрақтардың болуы; 
- тапсырманың оқу мақсаты мен күтілетін нәтижелерге сәйкес келмеуі. 
Сарапшы бағалауға арналған тапсырмаларды сараптау нәтижесі бойынша бағалау 
талаптары мен оқу мақсаттарына сәйкестігі жөнінде қорытынды жасайды.
Бағалауды жоспарлау кезінде ескерілуі тиіс факторлар:

Кімді бағалаймыз? 

Бағалау қашан өткізіледі? 

Бағалау қалай өтеді? 

Қандай ресурстар қажет? 


12 

Бағалау қандай түрде өткізіледі? 

Бағалауға қанша уақыт керек? 

Нені бағалау қажет? 

Қандай бағалау әдісін қолданған жөн? 

Таңдалған әдіске қандай тапсырма сәйкес келеді? 

Бағалау әдістері біркелкі үлестірілген бе? 

Тапсырмалар тест спецификациясына сәйкес пе? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет