Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет2/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2
 
 


КІРІСПЕ 
«Тыңдаушыға арналған нұсқаулық» (бұдан әрі – Нұсқаулық) Мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – 
Бағдарлама) аясында әзірленген. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер мектепке дейінгі 
ұйымдарда балалардың бойында қажетті білік-дағдыларды қалыптастыру арқылы 
олардың ұжымда бірлесе жұмыс істеуге, құрдастарымен және ересектермен қарым-
қатынас орнатуға қабілетті, сын тұрғысынан ойлайтын, жауапкершілікті сезіне білетін 
және өзіне сенімді тұлға ретінде қалыптасуына оң ықпал ету бағыттарын зерделеу болып 
табылады. 
Мектепке дейінгі білім беру балаларды үздіксіз тәрбиелеу мен ерте 
әлеуметтендірудегі бастапқы сатының әлемдік моделі болып табылады. Англиядағы 
мектепке дейінгі ұйымдардың (ЕРРЕ) тиімді жұмысын зерделеу нәтижелері көрсеткендей, 
мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жоғары сапалық деңгейде болуын қамтамасыз 
ететін негіздер:
- біліктілік санаты жоғары педагогтер;
- көшбасшылық дағдылары және мол жұмыс тәжірибесі бар педагогтер; 
- бірлесе жұмыс істеп, біліктілігі төменірек әріптестеріне қолдау көрсететін 
педагогтер; 
- баланың дамуы мен білім алу үдерісін жақсы түсінетін педагогтер (Сираж-
Блачфорд И., Силва В. және т.б. 2010). 
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқытудағы қазіргі қалыптасқан 
жағдайға талдау жасау теориялық және әдіснамалық базаның әлсіздігін, мұның бәрі 
мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың мектепке даярлығы әртүрлі деңгейде болуына 
алып келетінін көрсетеді. «Балаларды оқыту» деген тұжырымның өзі замануи талаптарға 
сәйкес келе бермейді. Сонымен қатар орта білім беру жүйесінде білім мазмұнын жаңарту 
кең көлемде енгізіліп, колледждер мен жоғары оқу орындарында ішінара енгізілуде. Бұл 
қазіргідей өзгермелі қоғамдағы заманауи өзгерістерге тез бейімделе алатын жан-жақты 
тұлғаны дамыту үшін, білім беру саласының барлық сатыларының сабақтастығы мен 
үздіксіздігі қадағалануы тиіс екендігін білдіреді. 
Сонымен қатар Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды 
дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген 
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі міндеттері:
- мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту;
- балаларды мектепке сапалы даярлауға бағдарланған инновациялық әдістер мен 
технологияларды енгізу; 
- мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын 
қадағалайтын индикаторлар жүйесін енгізу (ББҒДМБ, 2016).
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын дамыту балаларды мектеп қабырғасында 
оқытуға және келешекте ересек өмірде табысты тұлға болуға дайындауға бағдарланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет