Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет4/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2
 


БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ЖОСПАРЛАУ
 
Біліктілікті арттыру бағдарламасының өзекті идеялары
Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттыру 
курсында педагогтерді оқыту тәжірибесін жетілдіруде тренерге көмек көрсетуге 
бағытталған. 
Бағдарлама А. Байтұрсынов, Н. Құлжанова, Ф. Фребель, М. Монтессори, 
Р.Эмилия, В. Штайнер, Л. Выготский, С. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев және т.б. 
философиялық ілімдеріне негізделген. Бұл философиялық ілімдердің негізгі бағыттары 
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: теория және тәжірибе» атты әдістемелік құралда 
қарастырылған. Бұл құрал педагогтерге Бағдарламаның негізгі идеяларын түсіну және өз 
тәжірибесін жетілдіру үшін қолдана алатын қосымша құрал ретінде ұсынылады.
Мектепке дейінгі білім беруге арналған үздік жүйелердің тәжірибесі мектеп 
жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда төмендегі мәселелердің шешуші рөл 
атқаратынын көрсетеді: 
1)
үйде және мектепке дейінгі мекемеде күн тәртібін сақтау;
2)
өзі үшін қызықты ойындармен және істермен айналысу;
3)
қажетті мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру
4)
отбасылық дәстүрлерді қалыптастыру және сақтау;
5)
тұлғаны тәрбиелеудегі біртұтастық (креативтілікті, сыни ойлауды дамыту, 
коммуникативтілік және командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту);
6)
баланың денсаулығын сақтау, эмоционалдық сезімталдығы мен әсерленгіштігін 
қадағалау; 
7)
темперамент типі; 
8)
заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны тиімді пайдалану
9)
топтағы балалар саны; 
10)
мектепке 
дейінгі 
ұйым 
педагогінің 
балалардың 
психологиялық 
ерекшеліктеріне және ата-аналармен қарым-қатынасқа байланысты мәселелерде 
құзыреттілігі. 
Бұл Бағдарлама аясында жоғары келтірілген 5, 8, 10-тармақтар қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет